Четверг , 19 ноября 2026

Беу, дүние!

Бүгін әкем­нің досы, бала кез­ден бой түзеп өскен биік өлше­мім – Аман­гел­ді Керім­та­ев­ты ақтық сапарға шыға­рып салдық.

Аман аға­ны бір жаз­баға сый­ғы­зу мүм­кін емес. Тек өз әулетінің емес, бүкіл елдің аға­сы еді. Абай­мен заман­дас Серік­бай қажы­ның тек­ті ұрпағы – энцик­ло­пе­ди­я­лық білі­мі, кез кел­ген орта­ны үйіріп әке­тетін хариз­ма­сы, тек өзіне ғана жара­са­тын кесек юмо­ры бөлек бола­тын. Сөй­ле­ген­де ұйып тың­дау біз үшін қалып­ты жағ­дай еді, талай сөзі ел ішін­де афо­ризм­ге айна­лып кетті.

Обком­да қыз­мет етті, Аягөз ауда­нын басқар­ды. Шене­унік­тің шең­берін­де қал­май, елдік мүд­дені биік қой­ған мем­ле­кет­шіл сая­сат­кер, сөзі сүй­ек­тен өтетін ора­тор еді.

Сырқат­та­нып жүр­генін естіп, артық маза­ла­май­ын деп баруға бат­па­дым, іштей ғана аман­ды­ғын тілеп жүр­дім. Амал не, тағ­ды­рға шара жоқ.

Аман аға­мен бір­ге ірілік пен сөз­ге тоқта­удың тұтас бір дәуірі алы­стап кет­кен­дей сезім­де отырмын…

61 жыл отасқан жары Күляй­хан көке­ге, ұлы Алматқа, қызда­ры: Архат, Гуль­да­на, Айда­наға, Абай облы­сы­ның халқы­на және дүй­ім елге қай­ғы­рып көңіл айтамын.

Қош болы­ңыз, Аман аға!

Өзіңіз үйрет­кен ада­ми биік пен елдік мүд­де­ге адал болып өту – енді­гі біздің парыз. Арты­ңы­зда өшпес із, өлмес өне­ге қалды…

Ләз­зат РАЗБЕКОВА

Республиканский еженедельник онлайн