Пятница , 21 августа 2026

БҰЛ БҰЙРЫҚТЫҢ МАҚСАТЫТОҚАЕВТАН СТАЛИН ЖАСАУ СЕКІЛДІ

– Ауыт Мұқи­бекұ­лы, көші-қон мәсе­лесі Қаза­қстан үшін өте өзек­ті. Сіз бұл тақы­ра­пқа үне­мі жазып, өткір пікір­леріңізді батыл айтып жүр­сіз. Олар­ды оқып оты­рып түй­гені­міз – үш мини­стр­лік шығарған бір­лес­кен бұй­рық неме­се пилот­тық жоба арқы­лы Үкі­мет шет­те­гі қан­даста­ры­мы­здың Ата­жұр­ты­на ағы­лып жатқан көшін тоқтатқы­сы келе ме, әлде басқа бір мақ­сат бар ма? Осы мәсе­ле­мен тұрақты айна­лы­сып жүр­ген аза­мат ретін­де не айтар едіңіз?

–Бір­ден кесіп айтай­ын, қан­даста­ры­мы­здың Ата­жұр­ты­на ағы­лып жатқан Ұлы көшін ешкім ешқа­шан тоқта­та алмай­ды! Осы­ған дей­ін он мәр­те айтып, жазып келе жатыр­мын, Қаза­қстан өз Тәу­ел­сізді­гін жари­я­лаған­да, шека­ра сыр­тын­да қалған, қазір­гі күн­де әлем­нің қыры­қтан астам елін­де өмір сүріп жатқан алты-жеті мил­ли­он қаза­қтың Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­ты­ғын алу құқы­ғы Тәу­ел­сіздік­тің бірін­ші күні, нақты­лап айт­сам, 1991 жылы 16 жел­тоқ­сан­да «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тiк тәу­ел­сiздi­гi тура­лы» ҚР Кон­сти­ту­ци­я­лық заңы­ның 7‑бабымен бекітіліп қойылған!

Өзіңіз жақ­сы білесіз, аталған заң­ның 18-бабын­да: «Осы Заң Қазақ КСР Мем­ле­кет­тік еге­мен­ді­гі тура­лы Декла­ра­ци­я­мен бір­ге Рес­пуб­ли­ка­ның жаңа Кон­сти­ту­ци­я­сын әзір­ле­у­ге негіз бола­ды. Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­сы мен өзге де заң актілерінің нор­ма­ла­ры аталған Заңға қай­шы кел­мей­тін бол­са ғана қол­да­ны­ла­ды», – деп жазу­лы тұр.

Демек, көр­діңіз бе, Қаза­қстан­ның жаңа Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның өзі осы Кон­сти­ту­ци­я­лық заң­ның негізін­де жаса­ла­ды екен. Сон­ды­қтан бұл Кон­сти­ту­ци­я­лық заң – Қаза­қстан заң­да­ры­ның ең ұлы­сы. Тіп­ті Құран­нан кей­ін­гі қаси­ет­ті құжат! Ол Тәу­ел­сіздік­ті ұстап тұр. Оның бір бабы тұр­мақ, бір әрібін өзгер­ту­ге және құқы­қтық актілер­дің нор­ма­ла­рын оған қай­шы жаса­уға болмайды!

Егер Үкі­мет қан­даста­ры­мы­здың Ата­жұр­ты­на ағы­лған Ұлы көшін тоқта­та­мын десе, онда алды­мен осы «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тiк тәу­ел­сiздi­гi тура­лы» ҚР Кон­сти­ту­ци­я­лық заңы­ның 7‑ші және 8‑баптарын алып таста­уы керек. Бірақ, жоға­ры­да айт­тым ғой, бұл Кон­сти­ту­ци­я­лық заң өзгер­мей­ді! Сон­ды­қтан қан­даста­ры­мы­здың шет­тен келетін Ұлы көші тоқта­май­ды. Мәң­гілік елі­міз­бен бір­ге, мәң­гілік жалға­са береді…

Ел тұрғын­да­ры­ның көбі, әсіре­се сырт­тан келетін қан­дастар Кон­сти­ту­ци­я­ны біле бер­мей­ді. Сол себеп­ті 7–8‑баптарда не жазы­лға­ны жөнін­де кеңірек айта кетсеңіз.

– Түсінік­ті болу үшін толы­ғы­рақ айта кетей­ін, 7‑бапта тағы: «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы көшi-қон про­це­стерiн рет­теп оты­ра­ды» және «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы жап­пай қуғын-сүр­гiн, күш­теп ұжым­да­сты­ру кезең­дерiн­де, адам­гер­шiлiк­ке жат өзге де сая­си шара­лар нәти­же­сін­де Рес­пуб­ли­ка тер­ри­то­ри­я­сы­нан кету­ге мәж­бүр болған адам­дар мен олар­дың ұрпақта­ры­ның, сон­дай-ақ бұры­нғы одақ­тас рес­пуб­ли­ка­лар тер­ри­то­ри­я­сын­да тұра­тын қаза­қтар­дың өз тер­ри­то­ри­я­сы­на қай­тып ора­луы үшiн жағ­дай жасай­ды», – деген екі нор­ма бар.

Ал 8‑бапта: «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Рес­пуб­ли­ка шегi­нен тыс жер­лер­де тұра­тын қаза­қтар­дың ұлт­тық-мәде­ни, руха­ни және тiл­дiк қажет­терін қанағат­тан­ды­руға қамқор­лық жасай­ды, олар аза­ма­ты болып оты­рған мем­ле­кет­тер­мен жасалған шар­ттар негiзiн­де бұл аза­мат­тар­дың мүд­де­лерiн қорғай­ды», – деп жазылған.

Сон­дай-ақ «Қан­дастар мен олар­дың отба­сы мүше­лерінің 1) жеңіл­детіл­ген (тір­кел­ген) тәр­тіп­пен Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­ты­ғын алуға құқы­ғы бар», – деп, «Халы­қтың көші-қоны тура­лы» Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2011 жылғы 22 шіл­де­де­гі №477-IV Заңы­ның 26-бабын­да да жазу­лы тұр…

Өкініш­ке қарай, Үкі­мет «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тiк тәу­ел­сiздi­гi тура­лы» ҚР Кон­сти­ту­ци­я­лық заңы­ның да, «Халы­қтың көші-қоны тура­лы» заңы­ның да осы нор­ма­ла­рын мүл­де ескеріп оты­рған жоқ. Керісін­ше, қан­даста­ры­мы­здың Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алуын уақыт­ша тоқта­тып, құқы­ғын шек­теп, антиқан­дас сая­са­тын жүр­гізіп отыр.

– Өзіңіз айтып отыр­сыз, «…қан­даста­ры­мы­здың Қаза­қстан аза­мат­ты­ғын алу тура­лы құқы­ғы Тәу­ел­сіздік­тің бірін­ші күні «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тiк тәу­ел­сiздi­гi тура­лы» ҚР Кон­сти­ту­ци­я­лық заңы­мен бекітіліп қой­ған», – деп. Үкі­мет бұл заң­ды нор­ма­ның орын­да­луын уақыт­ша тоқта­тып тас­та­са, онда олар­дың Ата заң­да көр­сетіл­ген құқы­ғы бұзыл­май ма?

– О, соны айт­пай­сыз ба?!. Сорақы­лы­қтың көкесі осы жер­де тұр. Бұл сорақы­лы­қты мен сіз­ге басы­нан бастап айтып берейін.

Мыса­лы, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 34-бабын­да: «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның бей­бiт жина­лы­сқа құқы­ғы бар», – деп жазы­лған. Соны­мен бір­ге тура осы бап­та тағы: «Бұл құқы­қты пай­да­ла­ну кон­сти­ту­ци­я­лық құры­лыс негіз­дерін, адам­ның және аза­мат­тың құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­рын қорғау, ұлт­тық қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз ету, қоғам­дық тәр­тіп­ті, аза­мат­тар­дың ден­са­улы­ғы мен қоғам­ның адам­гер­шілік бол­мысын сақтау мақ­са­тын­да заң­мен шек­те­луі мүм­кін», – деп көрсетілген.

Негізі, Кон­сти­ту­ци­я­ның 15-бабы­ның 2‑тармағына сай, адам құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­ры әркiм­ге тумысы­нан тиесілі, олар ажы­ра­туға және айы­руға бол­май­тын деп таны­ла­ды, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның қол­да­ны­стағы құқы­ғы­ның маз­мұ­ны мен қол­да­ны­луы осы­ған қарай айқындалады.

Бірақ соған қара­ма­стан, Ата заң­ның 34-бабын­да анық көр­сетіліп тұрған соң, Қаза­қстан аза­мат­та­ры­ның бей­бiт жина­лы­сқа қаты­сты сол тумысы­нан тиесілі, ажы­ра­туға және айы­руға бол­май­тын құқы­ғын «кон­сти­ту­ци­я­лық құры­лыс негіз­дерін, адам­ның және аза­мат­тың құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­рын қорғау, ұлт­тық қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз ету, қоғам­дық тәр­тіп­ті, аза­мат­тар­дың ден­са­улы­ғы мен қоғам­ның адам­гер­шілік бол­мысын сақтау мақ­са­тын­да» деген желе­умен біздің мем­ле­кет емін-еркін шек­тей беруіне бола­ды деген сөз.

Өзіңіз де бай­қап оты­рған болар­сыз, қан­даста­ры­мы­здың Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­ты­ғын алу құқы­ғы­на қаты­сты осы екі бір­дей заң­ның екі бір­дей бабын­да да, Кон­сти­ту­ци­я­ның 34-бабын­дағы­дай: «Бұл құқы­қты пай­да­ла­ну кон­сти­ту­ци­я­лық құры­лыс негіз­дерін, адам­ның және аза­мат­тың құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­рын қорғау, ұлт­тық қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз ету, қоғам­дық тәр­тіп­ті, аза­мат­тар­дың ден­са­улы­ғы мен қоғам­ның адам­гер­шілік бол­мысын сақтау мақ­са­тын­да заң­мен шек­те­луі мүм­кін», – деген секіл­ді ескер­ту мүл­де жоқ!

Соған қара­ма­стан, Ішкі істер мини­стр­лі­гі 2026 жыл­дың 10 сәуірі­нен бастап қан­даста­ры­мы­здың жеңiл­детiл­ген тәр­тiп­пен (тiр­кеу тәр­тiбi­мен) Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­ты­ғын алу құқы­ғын уақыт­ша шек­теп тастаған. Ең сорақы­сы мынау – жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ның 41-бабын­да, «Адам­ның және аза­мат­тың құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­ры кон­сти­ту­ци­я­лық құры­лыс негіз­дерін, адам­ның және аза­мат­тың құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­рын қорғау, ұлт­тық қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз ету, қоғам­дық тәр­тiп­тi, аза­мат­тар­дың ден­са­улы­ғы мен қоғам­ның адам­гер­шілік бол­мысын сақтау мақ­са­тын­да тек заң­мен және қажет­ті шама­да ғана шек­те­луi мүм­кiн», – деп көрсетілген.

Көр­діңіз бе, «тек заң­мен» деп жазу­лы тұр. Ал Ішкі істер мини­стр­лі­гі қан­даста­ры­мы­здың «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тiк тәу­ел­сiздi­гi тура­лы» ҚР Кон­сти­ту­ци­я­лық заңы­мен бекітіл­ген Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­ты­ғын алу құқы­ғын жай ғана нұсқа­улы­қ­пен уақыт­ша тоқта­та салған!

Күлесің бе, жылай­сың ба?!

– Есесіне көр­ші елден ағы­лған өзге ұлт­тың қан­ша­ма өкілі ҚР аза­мат­ты­ғын іркініш­сіз және өте қысқа мерзім­де алып жатыр. Бұрын мұн­дай жағ­дай бол­ды ма?

– Жоға­ры­да айт­тым ғой дей­мін, ҚР аза­мат­ты­ғын алу – Ата­жұр­ты­на шека­ра аттап кел­ген қан­даста­ры­мы­зға ғана емес, әлем­нің қыры­қтан астам елін­де тұра­тын 6–7 мил­ли­он этни­ка­лық қаза­ққа беріл­ген құқық!

Қоры­тып айтқан­да, бір­лес­кен бұй­рық қол­да­ны­сқа енген күн­нен бастап, көші-қон үрдісін рет­те­у­ге қаты­сты заң­дар жұмыс істе­уден қал­ды. Заң­дар мен Кон­сти­ту­ци­я­лық заң­дар­ды қой­ып, Кон­сти­ту­ци­я­ның өзі дәр­мен­сіз күй­ге түсті. Үкі­мет көші-қон сала­сын тек пилот­тық жоба­мен басқа­ру­да. Ащы да бол­са айтай­ын, 6 мил­ли­он­нан астам қаза­қтың құқы­ғын бұлай шек­теу – Тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның отыз бес жыл­дық тарихын­да мүл­де бол­маған өте келеңсіз оқиға!

Өзіңіз өте жақ­сы білесіз, заң­ды қай­ы­рып қой­ып, адам құқы­ғын шек­тей­тін мұн­дай жағ­дай – тек Ста­лин зама­нын­да болған. Сон­да Пре­зи­ден­ті­міздің Әділет­ті Қаза­қстан иде­я­сы мен Заң мен Тәр­тіп қағи­да­ты қай­да қал­ды?! Ақор­да мен Үкі­мет жазған хат­та­рым­ды бетін ашпас­тан мини­стр­лік­тер­ге лақты­ра сала­ды, мем­ле­кет­тік БАҚ үнсіз жатыр…

Пре­зи­дент әкім­шілі­гі мен Үкі­мет аппа­ра­ты­ның әре­кет­сізді­гіне қара­сам, бір­лес­кен бұй­ры­қты шығар­туға ықпал еткен тұлға­лар­дың мақ­са­ты – Тоқа­ев­тан Ста­лин жасау секіл­ді. Қасым-Жомарт Кемелұлы­нан ұят бол­са да, осы­лай айт­пасқа ама­лым жоқ. Үкі­мет­тің қан­дастарға қаты­сты жасап жатқан бұл әре­кетін басқа­ша түсін­ді­ру мүм­кін емес!

– Ақор­да мен Үкі­мет­ке тын­бай хат жазып жүр­геніңізді көріп отыр­мыз. Оған қан­дай жау­ап алдыңыз?

– Арғы­сын айт­пай-ақ қояй­ын, қазір менің қолым­да осы бір­лес­кен бұй­рық пен Сәде­но­втың нұсқа­улы­ғы­ның кесірі­нен құжат­та­на алмай қалған 430-дан астам отба­сы­ның тізі­мі тұр. Бұл – менің қолы­ма түс­кен­дері ғана. Бірақ мұн­дай отба­сы­лар­дың саны тізім­де­гі­ден әлдеқай­да көп.

Осы жақын­да Ішкі істер мини­стрінің аты­на хат жазып, тізім­ді қоса жіберіп: «Мына­лар­ды не құжат­тан­ды­ры­ңыз, не кел­ген еліне кері қай­та­ры­ңыз!» – дедім.

Қан­дастарға аза­мат­тық беретін және сол бір­лес­кен бұй­ры­ққа қол қой­ған үш мини­стр­дің біре­уі – осы Ержан Сәде­нов мыр­за. Оған жібер­ген хатым Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стр­лі­гі­нен бір-ақ шықты. Мен «eOtinish» сер­висі арқы­лы көріп отыр­мын, олар оны ІІМ-ге қай­та жіберді.

Ал Пре­мьер-министр Олжас Бек­те­нов пен Пре­зи­дент әкім­шілі­гінің бас­шы­сы Роман Склярға қата­ры­нан хат жазып, «Үкі­мет­тің алдын­да екі таң­дау тұр: не заң, не пилот­тық жоба. Еке­уінің бірін таң­даңы­здар!» – дедім.

Пре­зи­дент әкім­шілі­гі бетін де ашқан жоқ, Еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стр­лі­гіне лақты­ра сал­ды. Үкі­мет үйі де осы мини­стр­лік­ке жол­дай салған соң, Пре­мьер-мини­стр­дің орын­ба­са­ры – Үкі­мет аппа­ра­ты­ның бас­шы­сы Ғалым­жан Тель­манұ­лы Қой­шы­ба­евқа хат жазып, аталған хатым­ды Үкі­мет­ба­сы­на жет­кі­зуді өтініп, тағы екі мәр­те қай­та­лап жібер­дім. Ешқай­сысын қараған жоқ, мини­стр­лік­тер­ге бағыт­тай сал­ды. Менің үнім­ді естиін, мұңым­ды тың­дай­ын деп тұрған Үкі­мет те, Пре­зи­дент әкім­шілі­гі де жоқ!..

– Иә, мем­ле­кет бас­шы­сы айту­дан жалы­қ­пай­тын Әділет­тілік, Заң мен Тәр­тіп қағи­дат­та­ры бұл­жыт­пай орын­да­лып, қан­дастар мәсе­лесіне осын­дай жаны ашы­ма­стық, бюро­кра­ти­я­лық қаты­нас бол­маған­да, алыс-жақын елдер­ден Ата­жұр­тқа қарай ағы­лған көш баяғы­да-ақ ұлғая түсер еді. Бұған әлем­де­гі гео­са­я­си, қаза­қтар тұра­тын елдер­де­гі ішкі жағ­дай да сеп бола­ры сөз­сіз. Осы­ны тиім­ді пай­да­ла­нып, қан­даста­ры­мы­зды Көк Тудың асты­на мей­лін­ше көбірек шоғыр­лан­ды­ру­дың орны­на біздің Үкі­мет керісін­ше, жасан­ды кедер­гіні өзі көбей­тіп оты­рға­ны өкіні­шті! Десек те, даты­ңы­зды айта, ойы­ңы­зды қоры­тын­ды­лай келе, жал­пы елі­міздің көші-қон сая­са­ты жөнін­де не айтар едіңіз?

– Сөз соңын­да айта­рым, өзіңіз жақ­сы білесіз, мен екі пре­зи­дент­тің де осы көші-қон сая­са­тын барым­ды салып қол­дап келе жатқан аза­мат­пын. Қасым-Жомарт Тоқа­ев пре­зи­дент болып кел­гелі, көші-қон сая­са­ты­мен қоса, Әділет­ті Қаза­қстан иде­я­сы мен Заң мен Тәр­тіп қағи­да­ты үшін күре­су­де­мін. Бүгін­гі Ұлы көштің маңай­ын­да туын­дап оты­рған мәсе­ле тіке­лей осы идея мен қағи­датқа келіп тіре­леді. Қазір Үкі­мет­тің алдын­да екі таң­дау тұр: не заң, не пилот­тық жоба!

Үкі­мет заң­ды таң­да­са, онда Әділет­ті Қаза­қстан иде­я­сы мен Заң мен Тәр­тіп қағи­да­ты­ның шын мәнін­де орындалғаны!

Жоқ, пилот­тық жоба­ны таң­да­са, онда бұл еке­уінің де бос сөз болғаны!

Қасым-Жомарт Кемелұ­лы өте тағ­дыр­лы әулет­тен шыққан тұлға. Ата­сы Тоқа – Ста­лин зама­нын­дағы қол­дан жасалған нәу­бет­тің аза­бын әбден тар­тқан, тіп­ті туған жерін тастап, Қырғыз­стан асуға мәж­бүр болған, бауыр еті бала­ла­ры­нан айы­ры­лған кісі. Сон­ды­қтан ол қан­даста­рын далаға тастай­ды, қол­дан босқын жасай­ды деген­ге өз басым мүл­де сен­бей­мін! Керісін­ше, «Дүние жүзін­де­гі қан­даста­ры­мы­здың басын туған жер­де бірік­ті­ру – біздің қаси­ет­ті пары­зы­мыз!» – деген жігіт­тік сөзін­де тұрып, бәрін рет­ке кел­тіреді деген сенімдемін!

– Ләй­ім, солай болғай! Қан­дастарға деген шын жана­шыр­лық пен заң­на­ма негізін­де бер­ген маз­мұн­ды сұх­ба­ты­ңыз үшін көп-көп рахмет!

Сұх­бат­тасқан Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн