Қазақстан үшін жақсы жаңалық, мұнай экономикасы саласындағы күрт бетбұрыстың белгісі (орыс тіліндегі скринге зер салыңыз).
Егер Президент Тоқаевтың өкіметі ТШО-дағы Қазақстанның үлесін қайтарып алатын болса, бұл елдің кезінде кеткен есесін қайтарудың, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің қомақты үлгісі деп бағаланары сөзсіз.
Иә, 90-жылдарғы апалас-төпелес заманда Теңіз мұнайын игеруге Қазақстанның өз мүмкіндігі: техникасы, технологиясы және білікті кадры болмады. Сондықтан америкалық компанияның дегеніне көнуге мәжбүр болдық.
Оның үстіне, ең негізгісі, атышулы «Қазақгейт» шырғалаңы (скандал) бойынша Назарбаев-Гиффен-Балғымбаев «үштігі» Қазақстанның мүддесін парақорлық құрбаны еткені мәлім. Ғасыр басында АҚШ-та өткен соттың шешімі бойынша, ТШО «үштікке» параға берген 98 млн доллар Қазақстанға қайтарылды. Бірақ әлемдегі ең ірі ондыққа кіретін Қашаған мұнай көзін емін-еркін игеру мүмкіндігі ТШО-ның иелігінде қалған еді.
Біз енді Қазақстан үшін «кабальный контракт» саналған Теңіз мұнайының 35% үлесін сұрап отырмыз. Отыз жылға жуық игерілген уақыт өткеннен кейін Қашағанда қанша мұнай қалуы мүмкін? Бәлкім, 35% емес, 50%-ын талап етуіміз керек шығар?
Бірақ нешетүрлі халықаралық конвенциялық заңдармен қорғалатын бұл келісімшартты біз қаншалықты бұза аламыз? Бұған президент Трамп билеген АҚШ үкіметі не дейді? Әлемдік тәртіп күрт өзгеріп, дабылды дүрбелең ушығып тұрған қазіргі геосаяси жағдайда біздің талап Қазақстан – АҚШ қарым-қатынасына қалай әсер етуі мүмкін?
Шынымды айтсам, мен бұл тұрғыдағы сұрақтарға жауап бере алмаймын! Бұл енді Президент Тоқаевтың переговоршылары мен сыртқы саяси-экономика мамандарының үлесіндегі мәселе болса керек.
Қалай болғанда да, бұл реттегі қазақ өкіметінің соңғы 2–3 жылдағы табанды талабы қоғам тарапынан құптарлық қажыр-қайрат болуы тиіс! Іске сәт!
Ермұрат БАПИ
Казахстан требует $10 млрд и долю не менее 35 % за продление контракта
По данным Bloomberg, Правительство Казахстана добивается от партнеров «Тенгизшевройл» единовременной выплаты около $10 млрд и увеличения доли государства в Тенгизе с 20 % до не менее чем 35 %. Взамен речь идёт о продлении лицензии, которая сейчас истекает в 2033 году.
@NRG_monitor