Суббота , 19 сентября 2026

МЕНІҢ ҰСТАЗЫМКЕМЕЛ ТОҚАЕВ

Талғар қала­сын­да тұра­тын Бақты­ға­ли Айжі­гітов – жасы 70-ке жуы­қтаға­ны­на қара­ма­стан, аудан­ның әле­умет­тік-мәде­ни өміріне өте бел­сен­ді ара­ла­сып жүр­ген қоғам қай­рат­кері. Оның баста­ма­сы­мен Екін­ші дүни­е­жүзілік соғыс кезін­де ерлік­тің өшпес үлгісін көр­сет­кен қаһар­ман ата-әке­лері­міздің есім­дерін мәң­гілік­ке есте қал­ды­ру бой­ын­ша зерт­теу, ізде­сті­ру, ескерт­кі­ш­тер қою, кезін­де Үйсін мем­ле­кетінің орта­лы­ғы болған тарихы терең, ортаға­сыр­лық Тал­хиз көне шаһа­ры­ның қазақ халқы­ның дамуын­дағы орны мен маңы­зын кеңірек оқып-үйре­ну үшін тари­хи-өлке­та­ну музей­ін ашу, сол арқы­лы өске­лең ұрпақты отан­сүй­гі­штік рухын­да тәр­би­е­леу мақ­са­тын­да Д.Қонаев атын­дағы «Жастар саябағы», өңір­дің бір­не­ше мек­тебін­де «Кемел­та­ну­шы­лар клу­бы» ашы­лып, көр­ме, таным­дық іс-шара­лар ұйым­да­сты­ры­лып, үлкен үгіт-наси­хат жұмыста­ры жүр­гізіліп келеді. Ақсақал Қараған­ды коопе­ра­тив­тік инсти­ту­тын­да оқып жүріп, сол кез­дері көтеріл­ген «Неміс авто­но­ми­я­сын құру» баста­ма­сы­на қар­сы­лық көр­се­ту үшін сту­дент­тер­дің «Жас қазақ» ұйы­мын құру жөнін­де­гі біраз жұмыстар­дың басы-қасын­да болыпты.

Бүгін­гі жас ұрпақтың, тіп­ті жаса­мыс жан­дар­дың да адам­гер­шілік, әділет­тілік, еркін­дік, отан­шыл­дық тұрғы­дағы ой-пікір­леріне, іс-әре­кет­теріне ұнам­ды әсер ете­ді деген ниет­пен бел­сен­ді аға­мы­з­бен бүк­пе­сіз әңгі­ме-дүкен құрдық.

– Бақты­ға­ли аға, халқы­мы­зда «Жүздің жүзін біл­ген­ше, бір­дің атын біл» деген жақ­сы қағи­дат бар. Оқыр­ман кеңірек танып-білуі үшін, алды­мен өзіңіз жай­лы айта кет­сеңіз. Қай­да туды­ңыз, қай­да оқы­ды­ңыз, ата-анаңыз кім?

– Мен Алма­ты облы­сы, Балқаш ауда­ны, Бақа­нас ауы­лын­да 1957 жылы, 17 қыр­күй­ек­те дүни­е­ге кел­дім. Әкем Сағы­мқо­жа – ауыл­да жүр­гі­зу­ші, анам Айна­гүл – мем­ле­кет­тік қам­сыздан­ды­ру меке­месін­де есеп­ші болып істе­ген қара­пай­ым адам­дар. Сол ауыл­дағы бұры­нғы Юрий Гага­рин, қазір­гі Кеңес Одағы­ның баты­ры, 28 пан­фи­лов­шы­лар қата­рын­да Мәс­ке­удің Воло­ко­ламск тас жолын­дағы шай­қа­ста асқан ерлі­гі­мен көз­ге түс­кен Мұса­бек Сең­гір­ба­ев атын­дағы орта мек­теп­ті бітір­дім. Одан соң Қараған­ды коопе­ра­тив­тік инсти­ту­ты­ның эко­но­ми­ка бөлі­мін­де жоға­ры білім алдым. Кур­с­та­ста­рым, сабақ бер­ген ұста­зда­рым менің есі­мі­ме қарап, баты­стың жігіті деп ойлай­ды екен. Сон­да біл­дік, адам­ның есі­міне, тегіне қарап, оның қай облы­ста, қай өңір­де туға­нын аны­қта­уға бола­ты­нын. Сон­дай сұрақ туын­даған­нан кей­ін кани­кулға кел­ген кезім­де шешем­нен: «Жұрт­тың көбі менің Бақты­ға­ли деген аты­ма қарап, баты­ста – Ақтау, Аты­рау жақта туған жігіт деп ойлай­ды екен. Менің есі­мім­ді кім қой­ды?» – деп сұра­дым. Бұл бір жағы­нан қызық та бол­ды, өйт­кені бұрын есім­нің қалай қой­ы­ла­ты­ны­на мән бер­ме­ген екенмін.

Сон­да шешем: «Сенің есі­міңді қой­ған Кемел аға. Негізі шіл­де­ха­на кезін­де сенің аты­ң­ды Иманқұл дей­тін неме­ре аға­мыз қоюы керек еді. Сол кез­де «дидар – ғай­ып, несіп – ғай­ып» деген­дей, аудан­да өтетін бір шараға пар­тия-кеңес қыз­мет­кері болып істей­тін Кемел аға келіп, шіл­де­ха­на­ның үсті­нен түсті. Иманқұл аға: «Той­дың үсті­нен түстің, құт­ты қонақ­сың, бала­ның есі­мін сен қой», – деп жолын бер­ді. Сөй­тіп, сенің есі­міңді ойлан­ба­стан Бақты­ға­ли деп сол ағаң қой­ды. Мүм­кін, еліне-халқы­на қыз­мет етіп, өмірі бақы­тқа бөлен­ген аза­мат бол­сын деп ырым­даған шығар», – деді. Ол кісі Бақа­на­сқа кел­ген­де, Иманқұл аға­мы­зға неме­се біздің үйге түседі екен.

Бірақ мені жұрт­тың бәрі мек­теп­те, инсти­тут­та оқып жүр­ген кезім­де, әскер­де де ылғи Бақыт деп атай­тын. Тіп­ті Бақты­ға­ли деп өзі қой­са да, Кемел ағам­ның өзі кей­де Бақыт дейтін.

Мен есім­ді біл­гелі біле­мін, ол кісі біздің ауы­лға жиі келетін. Өйт­кені «Түн­де аты­лған оқ» деген кіта­бы­ның біраз бөлі­гі Бақа­на­ста жазыл­ды. Апа­ла­ры­мыз айтып оты­ра­тын, Іленің жаға­сы­на киіз үй тігіп, сол жер­де жаз­ды деп. Сол кез­де аға­мы­здың ас-суын дай­ын­дап, шай-тамағын бер­ген, қыз­мет еткен апа­ла­ры­мы­здың біра­зы­ның көзі тірі. Солар­дың бірі кезін­де аупарт­ком­да есеп­ші болып істе­ген, қазір­гі Жеті­су облы­сы­ның әкі­мі Бей­біт Иса­ба­ев­тың шеше­сі Рәт­күл апай. Ол Кемел аға­мы­зды қара­пай­ым, кіші­пей­іл, адам­гер­шілі­гі жоға­ры, өте ақыл­ды адам деп жиі еске алып отырады.

Менің және мен сияқты біраз жігіт­тер­дің елін, жерін сүй­етін отан­шыл аза­мат болып қалып­та­суы­мы­зда Кемел аға­мы­здан алған өне­генің орны үлкен деп ойлай­мын. Қолы­ма қару алып, ешқан­дай соғы­сқа, шай­қасқа қаты­спа­сам да, мен де елім­ді, жерім­ді өзім­ше сүй­дім, қорға­дым деп айта ала­мын. Құдай бетін аулық қыл­сын, «Ел басы­на күн туса, ер етік­пен су кешер» деген­дей, егер қазір де қару ұстап, Отан­ды қорғау қажет­ті­гі туып жат­са, сапқа тұруға дай­ы­н­мын. Оны талай жер­де айтып та жүр­мін. Өйт­кені Кемел ағам өзінің бол­мыс-біті­мі, өмір­лік ұста­ны­мы, үлгі-өне­гесі, айтқан ақыл-кеңесі арқы­лы бәрі­міз­ге бағыт-бағ­дар көр­сет­ті, отан­сүй­гі­штік­ке тәр­би­е­леді деп есеп­тей­мін. Тіп­ті өмір­де, адам­гер­шілік қаси­ет­терім­нің қалып­та­суын­да менің ұста­зым болған – Кемел Тоқа­ев деп санаймын. 

– Кемел ата­мыз қазір­гі Пре­зи­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың әкесі емес пе? Сон­да сіз­дер­ге туы­стық жақын­ды­ғы бар ма?

– Біз бесін­ші ата­дан қосы­ла­тын, қыз алы­спай­тын жақын ағай­ын болып шыға­мыз. Кемел аға­мы­здың біздің ауы­лға жиі келіп, аунап-қунап жатып, біраз шығар­ма­ла­рын осын­да жазуы­ның да бір сыры «Ағай­ы­ның бар кез­де басы­ң­да тұрар әру­ағың» деген­дей, осы ағай­ын­ды­қта жат­са керек.

 Кемел аға өте бауыр­мал, бала­жан адам еді. Ауы­лға кел­ген­де жазу­шы­лық жұмыста­ры­мен аудан­дық ішкі істер бөлі­міне барып, тер­ге­ушілер­мен тіке­лей жұмыс істей­тін. Мыса­лы, Жам­был ауда­ны­на жиі бара­тын, сөй­тіп жүріп алтын ұрла­у­шы­лар тура­лы «Сарға­бан­да болған оқиға» дей­тін кіта­бын жаз­ды. Оны жазу үшін үш ай бойы Алма­ты қала­сы, Сей­фул­лин көше­сін­де­гі түр­ме­де солар­мен бір­ге оты­рған. Сөй­тіп, қыл­мыс­кер­лер­дің айла-тәсіл­дерін, мінез-құлқын, пси­хо­ло­ги­я­сын зерт­те­ген. Ол кісі детек­тив шығар­ма­лар­дың өзін нақты оқиға­ның негізін­де және тек шын­ды­қты жазған.

Ағы­л­шын жазу­шы­сы Артур Конан Дойл, оры­стың біраз жазу­шы­ла­ры детек­тив жазған­да­рын білесіз. Бірақ олар фан­та­сти­ка­лық негіз­де жазған, сол үшін де олар­дың шығар­ма­ла­рын еңбек­те­ген бала­дан еңкей­ген кәрі­ге дей­ін оқуға құмар. Ал Кемел Тоқа­ев аға­мыз тек болған оқиға­лар­дың негізін­де деректі детек­тив шығар­ма­ла­рын өмір­ге әкел­ді. Олар фан­та­сти­ка­дан да құн­ды әрі оқы­лым­ды. Өйт­кені бәрі – өмір­де болған, орын алған қыл­мыстық не басқа оқиға­лар­дың негізін­де жазы­лған. Сол үшін ол тиісті меке­ме­лер, құқық қорғау ұйым­да­ры­ның бас­шы­ла­ры­мен келісіп, рұқ­сат­та­рын алып, түр­ме­де оты­рған қыл­мыс­кер­лер­мен бір­ге бір ауа­ны жұтып, бір суды ішіп, бір тағам­ды жеген. Не үшін? Кітап сөзінің бірін­ші кезек­те шын, содан соң барып қызы­қты, қисын­ды, тар­тым­ды болуы үшін! Онда әдет­те кәсі­би жазу­шы­лар қол­да­на­тын ойдан шыға­ру, ойдан қосу деген­деріңіз дер­лік бол­маған. Сол себеп­ті де Кемел Тоқа­ев­тың шығар­ма­ла­ры өте оқы­лым­ды, өте тар­тым­ды, 120–130 мың тара­лым­мен басылған.

– Демек біз Кемел Тоқа­ев ата­мы­зды жай ғана детек­тив жан­ры­ның емес, деректі детек­тив жан­ры­ның ата­сы деп ата­уы­мыз керек шығар? Өйт­кені детек­тив, менің ойым­ша, кей­іп­кері өмір­де болған­мен, көбіне ойдан шыға­ры­лған оқиға­лар­дың негізін­де жазы­ла­ды. Ал Кемел ата­мыз керісін­ше, болған оқиға­ны негіз­ге ала­ды. Бұл ойы­ма не дейсіз?

– Дұрыс айта­сың! Бауы­р­жан Момы­шұ­лы ата­мыз оны «Детек­тив жан­ры­ның ата­сы» деп ата­ды. Ал Қасым Қай­се­нов: «Көр­кем сөздің шебері» деді. Қаза­қта бұл жанр­дың шыңы­на шыққан жалғыз жазу­шы – Кемел Тоқа­ев. Ал біз оны тек қазақ емес, бүкіл түр­кі әле­мін­де­гі детек­тив жан­ры­ның дара­бо­зы ретін­де дәлел­дедік. Мен бүкіл Өзбек­стан, Қырғыз­стан, Түр­кі­мен­стан, Москваға барған­да, ылғи жазу­шы­лар­мен кез­де­се­мін. Сон­да олар­дан: «Сіз­дер­де детек­тив жаза­тын жазу­шы­лар бар ма?» – деп сұрай­мын. Олар: «Бар, бірен-саран, бірақ шын мәнін­де­гі детек­тив деу­ге кел­мес», – деп жау­ап береді.

Мыса­лы, «Түн­де аты­лған оқты» жазған­да, ол үш күн бойы айып­та­лушы­лар­мен бір­ге абақты­да жат­ты. Сон­дай-ақ «Ата­ман­ның ақы­ры» дей­тін фильм­ді күл­лі қазақ біледі, бірақ осы фильм­нің Кемел Тоқа­ев жазған «Соңғы соққы» деген роман­ның негізін­де түсіріл­генін көп адам біле бермейді.

– Иә, ол кере­мет кино­туын­ды ғой, атақты әртістері­міз, көзінің тірісін­де аңыз адам атанған, марқұм Асанәлі Әші­мов, Ната­лия Орын­ба­са­ро­ва, Нұр­мұ­хан Жан­төрин, Нұр­жұ­ман Ықтым­ба­ев сияқты өнер саңлақта­ры ойнайды…

– Оны да детек­тив­ті фильм деп баға­ла­у­ы­мыз керек. Әңгі­ме­міздің басын­да ол кісінің бала­жан­ды­ғын айтып кет­тім. Кемел аға жұмысқа қан­ша асы­ғып бара жат­са да, тоқтай қалып, бес-алты бала­ны жинап, соғыс, шека­ра бұзу­шы­лар неме­се ұры­лар жай­ын­да әңгі­ме айтып беретін. Ең қызық тұсы­на кел­ген­де: «Ал сен­дер сабақта­ры­ң­ды жақ­сы оқы­ң­дар, ата-ана­ла­ры­ңа көмек­тесің­дер, қалға­нын келесі кез­дескен­де айтып бере­мін», – деп кетіп қала­ды. Содан доста­рым: «Ағаң кел­ді ме, қашан келеді?» – деп күн­де сұрап, асы­ға күтетінбіз. 

Жал­пы, менің түсіні­гім­де детек­тив жан­ры дегені­міз – оқиға барған сай­ын шие­ленісіп, оқу­шы­ны әрі қарай не болар екен деп қызы­қты­рып, ақы­ры­на дей­ін оқуға ынта­лан­ды­ра­тын шығарма.

Біз таңер­тең­нен кеш­ке дей­ін суда жүре­міз, Іле өзені ауыл­дан 500–600 метр жер­де ағып жатыр, қазір­гі­дей тар­ты­лып кет­пе­ген кез. Балқаш пен Іле стан­ци­я­сы­ның, қазір­гі Қона­ев қала­сы, орта­сын­да бар­жы­лар қаты­най­ды. Таңғы сағат 5‑те Іле стан­ци­я­сы­на қарай, тура кеш­кі сағат 5‑те кері қарай Бақа­на­стың жаны­нан өте­ді. Сол кез­де біз күтіп оты­рып, кеменің толқы­ны­на қарай суға секіре­міз. Толқын ұрған кез­де есің­нен тан­ды­рып жібе­реді, талай бала сөй­тіп суға кет­ті. Бес бала болып секір­сек, көз алды­мы­зда бір не екі бала жоқ болып кет­кен жағ­дай­лар бол­ды. Сон­да да қоймаймыз.

Сол да себеп болуы керек, бір күні мына­дай оқиға бол­ды. Ауы­лға кел­ген Кемел аға «кеш­кі сағат 5‑терде доста­ры­ң­ды жинап, ішкі істер бөлі­міне кел» деді. Ол кез­де оның басты­ғы балу­ан денелі, бойы 2 метр­дей, пол­ков­ник Сай­ын Әділ­шы­нов деген кісі еді. Біз айтқан уақыт­тан да ерте­рек бар­дық. Кемел аға мен Сай­ын аға сырт­та әңгі­ме­лесіп отыр екен. Содан «жүрің­дер, бала­лар» деп, бізді ІІБ сыр­тын­дағы шағын бір бөл­ме­ге алып кел­ді. Кір­сек, бір жал­пақ үстел тұр. «Мына­ның не екенін білесің­дер ме? Бұл – тен­нис үстелі», – деді. Әділ­шы­нов кезек­ші қыз­мет­кер­ді шақы­рып, тор мен ракет­ка­лар­ды алып келуді бұй­ыр­ды. Кемел аға: «Осы­ны күн­де кеш­кі сағат 4–5‑тен 7‑ге дей­ін кезек­тесіп ойнай­сы­ң­дар. Күн­де кел­ме­сең­дер де, күна­ра келің­дер», – деді.

Сөй­тіп біз тен­нис ойна­уды үйрен­дік, өзен­ге бару­ды қой­дық. Кей­ін сол тен­нис үстелі біздің мек­теп­ке беріл­ді. Оқу­шы­лар ара­сын­да жарыс ұйым­да­сты­ры­лып, жеңім­паз­дар аудан­дық, облы­стық жары­старға қаты­сып, талайы чем­пи­он атанды.

Мұның мәнісі, жоға­ры­да айтқа­ным­дай, Кемел аға өте бала­жан адам еді, осы­лай бізді бос уақыт­ты құр өткіз­бе­у­ге, спорт­пен айна­лы­суға ықпал етті, суға секіріп, мерт болу­дан сақтан­дыр­ды. Оның үстіне ол кісінің кітап­та­рын қызы­ға оқи­тын­быз. Осы­ның бәрі тәр­бие, үлгі-өне­ге емес пе!

Кезін­де Әзіл­хан Нұр­шай­ы­қов аға­мыз оның оқыр­ма­ны ең көп жазу­шы екенін айтқан, кітап­та­ры­ның ең аз тара­лы­мы – 85 мың дана. Ол кітап­тар­ды оқып, қан­ша­ма пол­ков­ник, гене­рал­дар шықты.

– Осы­лай Кемел ата­мыз тек бала­лар, жасөс­пірім­дер емес, құқық қорғау ұйым­да­ры­ның да қан­ша­ма қыз­мет­керін тәр­би­е­леді, үлгі-өне­ге бол­ды дей­сіз ғой?

– Дәл солай! Сол себеп­ті де мен көп жер­де ішкі істер ұйым­да­рын­да Кемел Тоқа­ев атын­дағы бұрыш ашыл­са деп айтып жүр­мін. Ол кісі шын­ды­қты жаз­ды. Тер­ге­удің қалай жүр­гізілетінін көр­сетіп бер­ді. Мыса­лы, Бауы­р­жан Момы­шұлы­ның соғы­стағы әдіс-тәсіл­дері шетел­дер­дің әске­ри ака­де­ми­я­ла­рын­да оқы­ты­ла­ды. Кемел аға­мыз оқиға орны­на өзі барып, тер­ге­ушілер­мен қоян-қол­тық жұмыс істе­ген, әрқа­шан қыл­мыстың ашы­луы­на қыз­мет етіп, тек қана шын­ды­қты жазуға ұмты­лған. Осы­ның өзі кей­ін­гілер үлгі ала­тын, оны ұстаз тұтып үйре­нетін дүние емес пе?! Ол кісі сурет­те­ген тер­геу жөнін­де­гі әдістер­ді бүгін­гі және келе­шек тер­ге­ушілер оқып-үйреніп, тәжіри­бе­де қол­да­нуы керек қой! Егер поли­ция бөлім­дерін­де арнайы бұрыш ашы­лып, кітап­та­рын қой­са, әрбір қыз­мет­кер ол баса мән бер­ген мәсе­ле­лер­ді, әсіре­се әділ­дік, эти­ка, тәр­тіп мәсе­ле­лерін қатаң сақта­уды үйре­нер еді.

– Сіздің Кемел ата­ны ұстаз санай­ты­ны­ңы­здың бір қыры осы екен ғой?!

– Бұл – бір. Екін­ші­ден, ол кісі өте ақыл­ды адам бола­тын. Мек­теп бітіретін жылы бір күні үйге кел­сем, Кемел аға әкем­мен әңгі­ме­лесіп отыр. Әкем ылғи: «Сен мен сияқты май-май болып жүр­ме­уің керек, бар дүни­ем­ді сат­сам да оқы­там, бірақ ешқа­шан мили­ци­я­ның оқуын оқы­май­сың!» – дей­тін. «Асса­ла­у­маға­лей­күм!» – деп сәлем­де­стім де, оты­ра қал­дым. Сөйт­сем, Кемел аға: «Бақыт мили­ци­я­ның оқуы­на түседі», – десе, әкем: «Жоқ, ол мұғалім­нің оқуы­на түседі», – деп отыр екен. 

Кемел аға осы­ны айтып: «Бақыт, сен өзің не дей­сің?» – деді. Мен ол кісі­ге қарап тұр­дым да: «Мен мили­ци­о­нер де, мұғалім де бол­май­мын. Мен – ұшқыш бола­мын!» – дедім. Кемел аға маған сәл қарап отыр­ды да: «Өте тама­ша! Сен өз пікіріңді айт­тың. Балам, әрқа­шан осын­дай бол!» – деді. Ағам­ның сол сөзі әлі күн­ге құлағым­да, ешқа­шан ұмыт­пай­мын. Егер ол басқа бір­деңе айтқан­да, менің бол­мысым бұлай қалып­тас­па­уы мүм­кін еді. Осы­дан кей­ін мен ешкім­нен қай­мы­қ­пай, ылғи өз ойым­ды, шын­ды­қты ашық айта­тын жігіт болып қалып­та­стым деп ойлай­мын. Мен әкім­дер­дің жұмысы­на көңілім тол­май, Ақор­да­ның алды­на да барған адам­мын. Егер сол кез­де Кемел ағам­ның әлгі сөзі­нен қуат алма­сам, рух­тан­ба­сам, ол кісі дұрыс бағыт көр­сет­пе­ген­де, менің мінезім мұн­дай бол­мас еді. «Менің ұста­зым – Кемел Тоқа­ев!» – дей­тін басты себеп сол!

– Сөй­тіп ұшқыш болу­ды армандадыңыз?

– Иә, сол арманға жету үшін, мек­теп­ті бітір­ген соң, кезін­де Юрий Гага­рин оқы­ған ұшқы­штар даяр­лай­тын Орын­бор жоға­ры әске­ри учи­ли­ще­сіне оқуға түстім. Бірақ орыс тілі­нен қат­ты қинал­дым. Фор­му­ла­лар­ды жақ­сы білем, есеп­тер­ді шыға­рам, бірақ өз сөзім­мен түсін­діріп бере алмай­мын. Бес жасым­нан мыл­тық атып үйреніп, әкем­мен бір­ге аңға шығып, мал бағып, қара жұмыс істеп өскен­дік­тен, физи­ка­лық дай­ын­ды­ғым да өте жақ­сы. Алай­да күз­де өз еркім­мен әскер­ге кет­тім. Бал­тық теңізін­де теңіз жаяу әскерін­де снай­пер болып қыз­мет еттім. Қыз­метім аяқта­луға тақаған­да, әкем қай­тыс болып, мерзі­мі­нен бұрын ауы­лға қайт­тым. Ары қарай әске­ри учи­ли­ще­де­гі оқу­ды жалға­сты­рғым кел­меді. Сөй­тіп Қараған­ды коопе­ра­тив­тік инсти­ту­ты­на оқуға түстім.

– Сон­да әскер­де снай­пер болуға бала күніңіз­ден мыл­тық атып, аңшы­лы­ққа қаты­сқа­ны­ңы­здың да себі тиген сияқты?

– Дұрыс айта­сың. Әкем де, Кемел аға да кере­мет аңшы еді. Үйде бір аңшы иті­міз де бол­ды. Бір­де Сай­ын аға, Кемел аға, әкем, мен және екі адам аңға шыға­тын бол­дық. Ол кез­де мен 7–8 жаста­мын, қазір­гі­дей дай­ын оқ жоқ, әртүр­лі аңға: мынау – қоянға, мынау – қырға­уы­лға, мынау – қабанға деп, дәрісін, быты­ра мөл­шерін өлшеп, бәрін қол­дан жасай­мыз, соны бала бол­сам да мен істей­мін. Өзім­нің мыл­ты­ғым бар. Аңға шыққан­да, әлгі иті­міз біз­ден бұрын маши­наға шығып ала­ды. Менің де дай­ын­да­лып жатқа­ным­ды көріп, бұрын әкем­мен талай аңға шыққа­ным­ды қай­дан біл­сін, Кемел аға: «Бақыт та бара ма, тоңып қал­май ма? Қап, про­жек­тор ұстай­тын бір жігіт ертіп алмап­пыз», – деді. Сон­да әкем: «Тоң­бай­ды, ол үйрен­ген, про­жек­тор­ды да өзі ұстай­ды», – деді. Бәрі аң-таң.

Сөй­тіп, мен про­жек­тор ұста­дым, үлкен­дер оның жары­ғы­мен көп қоян атты. Бар­лық қоян 7–8‑ден бес ада­мға бөлін­ді. Сон­да Кемел аға: «Бақыт­тың үлесі қай­да?» – деді. Әкем: «Ол – менің балам, оның үлесі мен­де ғой», – деді. Кемел аға: «Жоқ, бұлай бол­май­ды. Оның үлесі біз­ден де көп болуы керек. Егер Бақыт про­жек­тор ұста­маған­да, біз осын­ша қоян алмас едік», – деп, бәрін қай­та бөл­гізді. Содан бастап әр аңға шыққан­да, аға бол­сын-бол­ма­сын – мен басқа­лар­мен тең­дей үлес ала­тын болдым.

Бұл – Кемел ағам­ның әділ­ді­гін, біре­удің ақы­сы­на қия­нат жаса­май­тын асыл қаси­етін, адам­гер­шілік бол­мысын көр­се­тетін оқиға! Мен соны бала бол­сам да, жақ­сы сезініп, есім­де мәң­гі сақтап қал­дым. Ол кісі рен­жі­ген кез­де айта­тын ең ауыр сөзі «күл-қоқы­стар» еді. Оны үкі­мет­те­гі аузың қай­да десе, мұр­нын көр­се­тетін, тамыр-таны­сты­қ­пен келіп қалған біліксіз шене­унік­тер­ге қаты­сты айта­тын. «Осы күл-қоқы­стар­дан арыл­маған­ша, біз­де ешқан­дай жақ­сы­лық бол­май­ды», – дейтін.

– Мынау бүгін­гі күні де, жал­пы ешқа­шан өзек­тілі­гін жой­май­тын кере­мет сөз екен!

– Үшін­ші­ден, Кемел Тоқа­ев аға­мыз – үлкен мәсе­ле­лер­дің шешілуіне ықпал еткен қоғам қай­рат­кері. Мыса­лы, 1967 жылға дей­ін Қаза­қстан халы­қа­ра­лық ЭКСПО көр­месіне қаты­спаған. Көбіне Кеңе­стер Одағы­нан Ресей, Укра­и­на, Бела­русь қаты­са­ды екен. Осы­ған бай­ла­ны­сты Кемел аға Қона­ев­тың аты­на хат жаза­ды. Онда: «Біз басқа­лар­мен тең – 15 одақ­тас рес­пуб­ли­ка­ның бірі­міз, оры­стар, укра­ин­дар, бела­русь­тар өздерінің салт-дәстүрін, мәде­ни­етін көр­сетіп жатыр, біз неге көр­сет­пей­міз? – деген мәсе­ле көте­реді. – Шетел­дік­тер бізді оры­стар­дың құлы деп есеп­тей­ді. Солар сияқты бізді де деле­га­ци­яға қос­сын, бар­лық 15 рес­пуб­ли­ка кезек-кезе­гі­мен бар­сын!» – дейді.

Қона­ев бұл хат­ты ҚазКСР Жоға­ры Кеңесінің төраға­сы Нияз­бе­ков­ке жол­дап, ол КСРО Жоғарғы Кеңесінің төраға­сы Под­гор­ный­ға, өзі Бреж­нев­ке бара­ды. Сөй­тіп, бұл ұсы­ны­сты Бреж­нев қол­дап, сол жылы Кана­да­да өткен ЭКСПО көр­месіне Қаза­қстан­нан 17 адам Нияз­бе­ко­втің бас­шы­лы­ғы­мен барып, халқы­мы­здың салт-дәстүрін көр­се­те­ді. Сон­да сол ЭКСПО дирек­то­ры­ның қызы сәу­ке­лені көріп, «тұр­мысқа шыққан­да кие­мін, сатып алып бер» деп кет­пей қояды.

Деле­га­ция бас­шы­сы: «Бұл жалғыз дана, оны сатуға бол­май­ды», – десе де, қиы­лып кет­пей қояды. Ақы­ры бол­маған соң, Мәс­ке­умен ақыл­да­сып, оны бір «Чай­ка» авто­көлі­гінің құнын­дай бағаға сата­ды. Көр­ме­ге кел­ген тури­стер біздің ұлт­тық тағам­да­ры­мы­зды да үлкен қызы­ғу­шы­лы­қ­пен тама­ша­лай­ды, әсіре­се ән-күй­і­мізді есті­ген­де, әбден таң-тама­ша бола­ды. Деле­га­ция үлкен табыспен қай­тып кел­ген кез­де Под­гор­ный Нияз­бе­ко­вті шақы­рып, Мәс­ке­уде Қаза­қстан­ның онкүн­ді­гі бола­ды, осы деле­га­ция түгел соған қатыс­сын деп, тағы он күн сон­да болады. 

Былай­ша айтқан­да, мем­ле­кет бас­шы­ла­ры ойла­уы тиіс мәсе­лені  қара­пай­ым жазу­шы көтеріп, ол іске асып, Одақ қана емес, әлем жұрт­шы­лы­ғы қазақ халқын, оның мәде­ни­етін, салт-дәстүрін, өнерін кеңірек тани бастай­ды. Бұл нағыз қай­рат­кер­лік емес пе?!

Кемел аға­мыз – үлкен тұлға, кезін­де Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бас­пасөз хат­шы­сы болған, 500-ден аса мақа­ла жазған жур­на­лист. Оның өмірін, адам­гер­шілік, қай­рат­кер­лік қаси­ет­терін жас ұрпаққа үлгі ету, шығар­ма­шы­лы­ғын наси­хат­тау мақ­са­тын­да мен Талғар ауда­ны­ның бір­не­ше мек­тебін­де «Кемел­та­ну­шы­лар клу­бын» ұйым­даста­рып, олар бірқа­тар шара­лар ұйым­да­стыр­ды, мүше­лерінің саны 100-ге жуы­қтап қалды.

Жал­пы, мен үлкен кісілер­дің, соның ішін­де Дін­мұ­ха­мед Қона­ев ата­мы­здың әкесі Ахмет, Бал­тағұл дей­тін ата­ла­ры­мы­здың, Кемел ағам­ның әңгі­ме­лерін көп тың­дап өстім. Ол кісілер біздің үйге қонаққа жиі келетін. Олар­дан есті­ген тәр­би­елік мәні зор әңгі­ме­лер­ді оқу­шы­лар­дың орта­сын­да, қоғам­дық іс-шара­лар­да үне­мі айтып жүремін.

– Қарағанды­дағы сту­дент­тік дәуіріңіз қалай өтті?

– Ол да бір үлкен тарих. Мен өзі қызу қан­ды, кей­біре­улер­дің астам­шыл­ды­ғын, әділет­сізді­гін көте­ре алмай­тын, басым­нан сөз асыр­май­тын адам­мын. Соны бай­қа­ды ма, Марат Шеге­нов дей­тін полит­эко­но­ми­ядан сабақ бер­ген ұста­зым Мәс­ке­уде­гі қазақ жаста­ры­ның «Жас тұл­пар» қоға­мын ұйым­да­сты­ру­шы­лар­дың бірі, мені шақы­рып алып: «Қазақ тілін­де қабы­рға газетін шыға­ру керек, ауыл­дан кел­ген бала­лар ата-ана­сын, туып өскен жерін, бауыр­ла­рын сағы­на­ды. Сол сезім­дерін жари­я­ла­у­ға, бір-біріңді тани түсу­ге, жақын ара­ла­суға себін тигі­зеді», – деді. Ол кез­де мен мұның түп­кі мақ­са­тын түсін­ген жоқ­пын. Сөй­тіп «Жас қазақ» қабы­рға газетін шыға­ра баста­дық. Сөйт­сек, оны біре­улер қай­та-қай­та жұлып алып тастай­ды, біз тағы шыға­ра­мыз. Оқы­ту­шы­лар­дың көбі орыс ұлты­ның өкіл­дері, газет­ті 5‑қабатта ілу керек деді. Оны шыға­руға қар­сы­лар да көп бол­ды, ұлты қазақ декан­да­ры­мы­здың өзі «парт­бю­ро­ның, кәсі­по­дақтың газеті бар ғой» деп, онша мақұл­да­ма­ды. Оған менің көн­гім келмеді.

Бір күні Марат аға маған рек­торға бар деді. Онда сіз келісіңіз, сосын барай­ын дедім. Павел Филип­по­вич Кот­ля­ров дей­тін рек­то­ры­мыз бар еді, қаза­қ­ша жақ­сы сөй­лей­тін, сөй­тіп бір күні сол кісі­ге кір­дім. Бар­сам, оның алдын­да пар­тия ұйы­мы хат­шы­сы­ның орын­ба­са­ры Телға­ри­на, кәсі­по­дақ төраға­сы Тас­те­ме­со­ва, эко­но­ми­ка бөлі­мінің дека­ны Көлі­ба­ев, біздің Марат ағай­ы­мыз, тағы да бір­не­ше декан отыр екен. Рек­то­ры­мыз қаза­қ­ша сөй­леп: «Бақты­ға­ли, осы­ның бәрін сен, өзің ұйм­да­сты­рып жүр­сің бе, әлде біре­улер көмек­те­се ме?» – деді.

Мен біз, сту­дент­тер, өзі­міз осы­лай ұйғар­дық. Осы оймен, міне, парт­бю­роға кел­дім дедім. Сол кез­де Көлі­ба­ев. «Мен қар­сы емес­пін!» – деді. Марат аға­мыз да орны­нан тұрып: «Мен Бақты­ға­лиға айтып жатыр­мын, қазақ теат­рын ашу, айты­стар ұйым­да­сты­ру керек», – деп өз ойын қосып жібер­ді. Кот­ля­ров: «Өте дұрыс, газет­ті қай жер­ге ілесің­дер?» – деді. Көлі­ба­ев тұр­ды да: «5‑қабатқа ілу керек», – деді.

Сол кез­де Лидия Тимо­фе­ев­на Телға­ри­на тұр­ды да, қаза­қ­ша сөй­леп: «Мен – қаза­қтың келіні­мін, қаза­қ­ша газет шығарған­да не тұр? Бұл – рек­торға келіп талқы­лай­тын нәр­се емес қой, жай ғана қабы­рға газеті. Оны 5‑қабатта емес, 2‑қабаттағы пар­тия ұйы­мы бұры­шы­ның жаны­на ілу керек», – деді.

Сөй­тіп, біздің баста­ма­мы­зды рек­тор мен пар­тия ұйы­мы қол­да­ды, газет­тің көле­мі үлкей­іп, ком­со­мол, кәсі­по­дақ ұйы­мы­ның жұмыста­рын, әртүр­лі шара­лар жай­ын­да жазып, хабар­лан­ды­ру­лар беретін бол­дық. Сөй­тіп жүріп қазақ теат­рын аштық. Оған Сәкен Сей­фул­лин атын­дағы Қараған­ды теат­ры­ның дирек­то­ры, режис­сері болған халық әртісі Қарғаш Сата­ев жұбай­ы­мен бір­ге жақ­сы көмек­те­сті. Оған да Марат аға­мыз жібер­ді, әйт­пе­се біз қай­дан біле­міз. Сахна­дағы бірін­ші қой­ы­лым – марқұм Дулат Иса­бе­ко­втің «Әпке» атты пье­са­сы бол­ды. Бір жыл­дың ішін­де халық теат­ры деген атақ алдық.

Бұл әңгі­ме обко­мға дей­ін жетіп, бір жау­ап­ты қыз­мет­кер келіп, мені­мен біраз әңгі­ме­ле­сті. Кей­ін­нен мен бұл істері­міздің маңы­зын түсіне баста­дым. Өйт­кені біз­дер ауыл шару­а­шы­лық жұмыста­ры­на барған кез­де Марат аға­мыз: «Біз – Қаза­қстан­да тұра­мыз, жер­гілік­ті тұрғын­дар соны білуі, сезі­нуі керек, ол үшін қаза­қ­ша кон­церт, айтыс, басқа да әде­би-мәде­ни шара­лар өткізіп, ұлт­тық салт-дәстүрі­мізді көр­се­туі­міз қажет», – деп, ақыл-кеңесін айтқан.

Бір күні Марат аға маған ертең сағат кеш­кі 5‑те вок­зал­дың жанын­дағы құй­мақ­ха­наға  кел деді. Еке­уміз сол жер­де біраз әңгі­ме­ле­стік. «Мен Москваға кетіп бара жатыр­мын, оншақты күн дема­ла­мын. Сен біл­мей­тін шығар­сың, Үкі­мет Неміс авто­но­ми­я­сын құру жөнін­де қау­лы қабыл­да­ды. Орта­лық Коми­тет­тің қан­дай шешім қабыл­дай­ты­нын біл­мей­міз. Осы­ған бай­ла­ны­сты әйгілі әншілер Роза Бағла­но­ва, Бибі­гүл Төле­ге­но­ва, Ескен­дір Хасанға­ли­ев, тағы басқа зия­лы қауым өкіл­дері Қараған­ды­ға келей­ін деп жатыр. Сен қала­дағы бар­лық инсти­тут­тар­дан «Жас қазақ» ұйы­мы­на кір­ген сту­дент­тер­ді бастап, мен айтқан кез­де бей­біт шеру­ге шығу қажет бола­ды. Мен болай­ын-бол­май­ын, осы­ны істеу қажет, бірақ ештеңе бүл­дір­мең­дер!» – деді.

Бұл – 1979 жыл­дың мау­сым айы еді, бес күн­нен кей­ін 500–600 адам болып шығу керек деген хабар кел­ді. Сон­да Фарид Жұма­жа­нов дей­тін сурет­ті кере­мет сала­тын жігіт бола­тын, сол қол­дан лозунг, транс­па­рант­тар жазып, біз 1000-нан аса адам алаңға шығып, «Менің Қаза­қста­ным», басқа да туған жер, ел тура­лы әндер­ді айтып, екі күн тап­жыл­май тұр­дық. Қызда­ры­мыз шай-су дай­ын­дап әкел­ді. Сол жылы күз­де Марат аға­ның ұсы­ны­сы­мен мен «Ата­ме­кен» сту­дент­тер құры­лыс отря­ды­ның коман­ди­рі бол­дым. Моло­деж­ный ауы­лын­да кон­церт қой­ып, Чай­ков­ский­дің «Лебе­ди­ное озе­ро­сын» сахна­да жігіт­тер ойнап, жер­гілік­ті жұрт­ты қыран-топан күл­кі­ге батыр­дық. Айтыс ұйым­да­стыр­дық. Сол сту­дент кезім­де Құдай маған мына Сәу­ле жеңе­шеңді кезіктірді.

– Инсти­тут­тан кей­ін­гі қыз­метіңіз жай­ын­да айт­саңыз, ұза­ққа созы­лып кетер. Негіз­гі әңгі­ме Кемел ата тура­лы болған­ды­қтан, соған ора­лай­ық. Сіз ол кісінің адам­гер­шілі­гі, әділет­сүй­гі­шті­гі, тек­тілі­гі жөнін­де көп айт­ты­ңыз. Осы­дан түй­генім, «Тек­ті­ден тек­ті туа­ды, тек­тілік тұқым қуа­ды» демек­ші, Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның «Әділет­ті Қаза­қстан» баста­ма­сы әке­ден алған тәр­би­енің, үлгі-өне­генің жемісі іспет­ті. Бұған не дейсіз? 

– Әрине, ұрпақтың бой­ын­дағы бар­лық жақ­сы қаси­ет ең алды­мен әкенің қаны, ана­ның сүті, отба­сын­дағы тәр­бие арқы­лы беріледі. Осы тұрғы­дан алған­да ойың өте дұрыс. Бұл тура­лы ХVІІІ ғасыр­да Абы­лай хан­ның бас кеңес­шісі болған атақты Бұқар жырау Қалқаманұлы: 

«Таудан аққан тас бұлақ

Тасы­са құяр теңізге.

Қан­ша малы көп болсын,

Бай қуа­нар егізге.

Жаман­нан жақ­сы туса да,

Жақ­сы­дан жаман туса да –

Тарт­пай қой­мас негіз­ге», – деп, тама­ша нақыл қалдырған. 

Шынын­да да, Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның бой­ын­дағы жоға­ры адам­гер­шілік қаси­ет­тер­дің бәрі әкенің қаны, ана­ның сүті, солар­дың бер­ген тәр­би­есі, көр­сет­кен үлгі-өне­гесі арқы­лы беріл­гені анық. Пре­зи­ден­ті­міздің ақы­рын жүріп, анық басып, әкесі арман­даған әділет­тілік, шын­шыл­дық үшін күресіп, айна­ла­мы­зды «күл-қоқы­стан» тазар­тып, бар білі­мін, қажыр-қай­ра­тын, мол тәжіри­бесін әділет­ті мем­ле­кет, таза қоғам құруға бағыт­тап оты­рға­ны да күмәнсіз!

– Салиқа­лы әңгі­меңіз үшін көп-көп рах­мет! Аман жүріңіз, аға!

Сұх­бат­тасқан Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ, «D»

Республиканский еженедельник онлайн