Четверг , 1 октября 2026

Елдің тұрақты даму КЕПІЛІ – ТОҚАЕВ, – дейді экс-премьер

Жуыр­да елі­міз­де­гі өзек­ті мәсе­ле­лер­ді ашық сәу­ле­лен­діріп, сая­сат, эко­но­ми­ка, халы­қа­ра­лық қаты­на­стар жөнін­де таны­мал сая­си тұлға­лар мен сарап­шы­лар­дан сұх­бат ала­тын, жемқор­лық схе­ма­лар мен мем­ле­кет­тік басқа­ру­дағы былы­қтар жай­ын­да репор­таж­дар беретін қаза­қстан­дық тәу­ел­сіз қоғам­дық-сая­си медиа жоба – Elmedia­ның ютуб-арна­сын­да әріп­тесі­міз Аян Шәрі­п­ба­ев Қаза­қстан­ның экс-пре­мьер-мини­стрі, 30 жылға жуық шетел­де тұра­тын Әке­жан Қажы­гел­дин­мен сұх­бат­та­сып, отан­дық энер­ге­ти­ка­дағы күр­делі жағ­дай, бүгін­гі сая­си өзгерістер және мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­евқа «ескі Қаза­қстан» тара­пы­нан көр­сетіліп жатқан қар­сы­лы­қтар жөнін­де әңгімелесті.

Әрине, отан­дық энер­ге­ти­ка­дағы қиын­ды­қтар, оның жүй­елі күй­реу алдын­да тұрған­ды­ғы жөнін­де аз айты­лып жатқан жоқ. Бірақ бұрын Қаза­қстан Үкі­метінің басын­да тұрған, елі­міздің нары­қтық эко­но­ми­каға өту, жеке­ше­лен­ді­ру үдерісінің баста­луы кезін­де оған тіке­лей ықпал еткен әрі эко­но­ми­ка­ны жақ­сы білетін маман ретін­де, «Сегіз ұлым бір бөлек, Ер Төсті­гім бір бөлек» деген­дей, Әке­жан Мағ­жанұлы­ның пікірі бір бөлек. Оны эко­но­ми­ка­ны түсі­нетін, азды-көп­ті тал­дай ала­тын сарап­шы­лар қоға­мы, халы­қтың да біраз бөлі­гі құр­мет­тей­ді, пікіріне құлақ аса­ды, тіп­ті елге қай­та­рып, білі­мін, білі­гін, тәжіри­бесін ел игілі­гі үшін пай­да­ла­ну керек, Ота­ны­ма қыз­мет етсем дей­тін адал ниетін жүзе­ге асы­руға мүм­кін­дік беру керек деп санай­тын аза­мат­тар да бар екенін ескеріп, бір жарым сағат­тық сұх­бат­тың қысқа­ша маз­мұ­нын «Дат» меди­ажо­ба­сы­ның оқыр­ман­да­ры­на ұсы­нған­ды жөн көрдік.

Аян Шәрі­п­ба­ев кел­тір­ген мәлі­мет­ке сәй­кес, елі­міздің энер­гия өндірісі желісінің тозуы кей жер­лер­де 80 пай­ы­зға жете­ді. Бүгін­гі билік­тің түсін­діруін­ше, бұған жабайы капи­та­лизм кінәлі. Жеке­ше­лен­ді­ру кезін­де жеке мен­шік­ке өткен соң олар­ды су тегін­ге ием­деніп алған иелері бұл стан­ци­я­лар­дың бар «шыры­нын» әлдеқа­шан сығып алды.

 –Мұның бәрі сіз үкі­мет­ті басқарған кез­де бастал­ды. Сон­ды­қтан бүгін­гі, қыста тоң­дап қалып жатқан қала­ларға қарап, кей­ін қара­пай­ым, уақыт­ша жан­дар болып шыққан сол адам­дарға сіз өзіңіздің сол база­лық қуат көз­дерін кім­ге және қан­дай шар­ттар­мен бер­гініңіз үшін тари­хи жау­ап­кер­шілі­гіңізді сезі­несіз бе? – деген сұх­бат алушы­ның ауыр сұрағы­на Қажы­гел­дин аспай-сас­пай, бай­ып­ты да бай­сал­ды, ең басты­сы нақты дерек, қисын­ды дәй­ек­тер­мен дәлел­дей оты­рып, тыңғы­лы­қты жау­ап берді.

– Бірін­ші­ден, біздің Үкі­мет тарих қой­на­уы­на кет­пей тұрып, 1997 жыл­дың күзін­де «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 1998–2003 жыл­дарға арналған даму бағ­дар­ла­ма­сын» дай­ын­да­ды. Оны пре­зи­дент те, пар­ла­мент те мақұл­да­ды. Ел тарихын­да бірін­ші және соңғы рет біз Үкі­мет­ке деген сенім мәсе­лесін дауы­сқа қоюға мәж­бүр бол­дық. Бұл әлгі бағ­дар­ла­ма­ның негіз­гі эле­мен­ті – зей­нет­кер­лік рефор­ма­сы екен­ді­гіне бай­ла­ны­сты бол­ды. Біз ҚР Зей­не­тақы қоры арқы­лы рес­пуб­ли­ка аза­мат­та­ры тіке­лей бол­ма­са да, жана­ма түр­де ел бай­лы­ғы­ның иесі екенін түсі­нуі үшін, энер­ге­ти­ка сала­сын қоса алған­да, бар­лық ұлт­тық ком­па­ни­я­лар акци­я­ла­ры­ның 50 пай­ы­зы­на иелік ету мүм­кін­ді­гін беру­ге ұмтыл­дық. Бұл бағ­дар­ла­ма бекітіл­ді, бірақ кей­ін іске аспай қал­ды. Біз доға­ры­сқа кет­кен­де, актив­тер­дің 35–40 пай­ы­зы ғана бай­сал­ды жау­ап­кер­шілік негізін­де инве­стор­лар­дың иелі­гін­де еді, олар­дың ешқай­сысы бұл мін­дет­те­ме­лер­ді орын­даған жоқ. 10 пай­ы­зы еңбек ұжы­мы, 50 пай­ы­зы Мем­ле­кет­тік мен­шік коми­тетінің иеле­гін­де бол­ды. Сіздің сұрағы­ңыз мүл­де басқа.

Біздің ол кез­де­гі мін­деті­міз – мен­шік­ті қай­та фор­мат­тау, эко­но­ми­ка­ны құтқа­ру, оны кеңе­стік инду­стрия күй­ре­уі­нен кей­ін­гі шыңы­ра­удан шыға­ру еді. Біз оның үдесі­нен шыға біл­дік. Қазір эко­но­ми­ка­ның флаг­ма­ны болған бұл нысан­дар­дың бәрі – Екі­базтұз­дағы ГРЭС‑1, ГРЭС‑2, бар­лық ГЭС-тер тозып, күй­реп барады.

Айт­пақ­шы, алды­ңғы еке­уі ешқа­шан толық қуа­тын­да жұмыс істе­ген жоқ. Біз осын­дай жағ­дай­да өмір сүр­дік. Кей­ін отба­сы­ға жақын неме­се соның маңай­ын­да жүр­ген бай кәсіп­кер­лер бар­лық актив­тер бөл­шек­тел­генін көр­ген соң, энер­ге­ти­каға ауыз сала баста­ды. Өйт­кені инду­стрия жұмыс істеп тұр­ды, көп­те­ген инду­стри­я­лы аймақтар­да энер­гия өтім­ді еді, халық, үлкен-кіші ком­па­ни­я­лар, кәсі­по­рын­дар электр энер­ги­я­сы үшін ақы төлей ала­тын жағ­дай­да еді. Сон­ды­қтан олар осы нысан­дар­ды иелек­теріне алуға ұмтыл­ды. Айна­лып кел­ген­де, солар бізді қазір­гі апат­ты жағ­дай­ға әкел­ді. Сөйт­ті де, бәрі қашып кет­ті. Менің­ше, бұл өте өзек­ті мәсе­ле, бірақ кез кел­ген дағ­да­рыс ­– ­жаңа мүм­кін­дік! Сон­ды­қтан мен бір­не­ше рет айтқа­ным­ды тағы да қай­та­лап айта­мын, елі­міз инду­стри­я­ны, соның ішін­де оның негізі сана­ла­тын бүкіл энер­ге­ти­ка сала­сын жаңғыр­туы тиіс! – деді Әке­жан Мағжанұлы.

Көріп тұрған­да­ры­ңы­здай, сол кез­де­гі Үкі­мет­тің ниеті қан­дай түзу болған. Егер алдын ала келісіліп, соңы­нан бекітіл­ген бағ­дар­ла­ма негізін­де сол жыл­да­ры халық, Кон­сти­ту­ци­яда жазы­лған­дай, бүкіл ел бай­лы­ғы­ның 50 пай­ы­зы­на иелік еткен­де, бүгін ешкім қинал­мас еді, несие құр­са­уы­на да түс­пес еді, бала­ла­ла­рын оқы­тып, ұлт­тық бай­лы­қтың есебі­нен түс­кен қар­жы­ға өз кәсіп­терін ашып, инве­сти­ция салып, бүкіл эко­но­ми­ка әлдеқа­шан дамып кет­кен болар еді. Үлкен өкініш­ке қарай, олай болған жоқ!

Қажы­гел­дин­нің айтуын­ша, қазір мем­ле­кет «Тариф­ті инве­сти­ци­яға айыр­ба­стау» бағ­дар­ла­ма­сы­ның көме­гі­мен жағ­дай­ды жақ­сар­туға тал­пы­нып жатыр. Оның мәні: тұты­ну­шы­ның артық төле­уі есебі­нен энер­ге­ти­ка­лық ком­па­ния салған қар­жы­сын қай­та­руға мүм­кін­дік алып, есесіне инфрақұры­лым­ды жаңғыр­туы тиіс. Бірақ оның пікірін­ше, салық төле­ушілер­дің есебі­нен инду­стри­я­ны жаңғыр­ту және дамы­ту дұрыс емес, біздің жағ­дай­ы­мы­зға тіп­ті тура кел­мей­ді. Өйт­кені халы­қта ақша жоқ, қаза­қстан­ды­қтар­дың басым көп­шілі­гі талай­дан бері екін­ші дең­гей­лі банк­тер­ден алған неси­е­лер­дің құр­са­уын­да отыр.

Оның пікірін­ше, мем­ле­кет қазір үне­мі ара­ла­сып жүретін екі нәр­сені – эко­но­ми­ка­ны құтқа­ру және бұры­нғы қожай­ын­дар­дың жау­ап­кер­шілі­гін бөлек қара­уы тиіс. Егер мен­шік иесі пай­да­лы энер­ге­ти­ка­лық актив­ті алған бол­са, бірақ жет­кілік­ті амор­ти­за­ци­я­лық қор құрып, жаб­ды­қтар­ды жаңарт­пай, қары­зға батып қалған бол­са, ол мем­ле­кет мен­ші­гіне өткен соң, қан­ша­ма шығын бюд­жет­тен төле­нуі тиіс?! Оның айтуын­ша, энер­ге­ти­ка сала­сы – өтім­ділі­гі зор нарық, шын мәнін­де жақ­сы актив. Ол әрқа­шан да пай­да әке­леді. Қазір елі­міз­де 2 млрд кВт-сағат энер­гия тап­шы­лы­ғы сезіледі. Бұл тұрғы­да экс-пре­мьер атом энер­ги­я­сын дамы­ту қажет­ті­гін, ұзақ мерзім­ді келе­шек­те онсыз тым қиын бола­ты­нын айтады.

Әке­жан Мағ­жанұлы­ның пай­ым­да­уын­ша, ең басты­сы – мил­ли­ард­таған қай­та­рыл­маған актив­тер жағ­дай­ын­да 2029 жылға бел­гі­лен­ген билік тран­зи­ті үлкен сын-қатер­ге айна­ла­ды. Сон­ды­қтан мұн­дай жағ­дай­да Тоқа­евқа пре­зи­дент­тік­тен кету­ге мүл­де бол­май­ды! Өкілет­тік­тің жоға­ры дең­гей­де шоғыр­ла­нуы қазір­гі пре­зи­дент­ті өте көп қар­жы­лық және меди­а­лық ресур­сты сақтап қалған «ескі Қаза­қстан­ның» эли­та­сы үшін бір­ден-бір ныса­наға айнал­ды­ра­ды. Бри­тан­дық актив­тер­ді сот­сыз жылы­ста­туға қар­сы стра­те­гия 2029 жылға дей­ін бел­гі­лен­ген, клеп­то­крат­тар­дың шетел­де­гі есеп­шот­та­ры тым жай бұғат­та­лып жатыр. Ал Тоқа­ев үш жыл­дан кей­ін кететін бол­са, бұл оли­гар­хат­тың жап­пай реванш алуы­на жол аша­ды. Ол кет­се, қазір­гі алға қой­ған мақ­сат­тар, бел­гі­лен­ген жоба-жос­пар­лар орын­дал­май қала­ды. Сон­ды­қтан оған кету­ге бол­май­ды. Қазір­гі кез­де елдің бір­ден-бір тұрақты даму кепілі – Тоқа­ев, – дей­ді экс-премьер.

Бір сөз­бен айтқан­да, Әке­жан Қажы­гел­дин­нің бұл сұх­ба­тын Қаза­қстан­ның қазір­гі әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық, сая­си-қоғам­дық жағ­дай­ын жан-жақты тал­даған сал­мақты сарап­та­ма деу­ге болады.

Сар­баз ҚҰТ-МҰХАММЕД,«D»

Республиканский еженедельник онлайн