Среда , 8 июля 2026

Цифрлық эволюция

Бизнестегі көптілді ЖИ-сатушылар неге сән емес, қажеттілік?

Қазір­гі тоқта­май дамып келе жатқан заман­да тех­но­ло­ги­я­лар мен жасан­ды интел­лект алго­ритмдері кең қол­да­ны­сқа ену­де. Бүгін­де биз­не­сте­гі цифр­лан­ды­ру мен жасан­ды интел­лект тех­но­ло­ги­я­ла­ры жай ған сән мен тренд емес, қажет­тілік пен тұрақты даму­дың кепілі. Осы инно­ва­ция өзгерістер­ді еңгі­зу­де­гі ең өзек­ті әрі қызы­қты өзгерістер­дің бірі ол биз­не­сте­гі ЖИ агент­тер. ЖИ агент­тер­ге жата­тын нары­қта төң­керіс жасап жатқан көп­тіл­ді ЖИ сату­шы­лар тұты­ну­шы­мен тіке­лей бай­ла­ныс орна­тып, табыс әке­лу­де. Соны­мен қатар Орта­лық Азия және оның ішін­де Қаза­қстан нары­ғын­дағы атал­мыш құрал­дар өзін­дік ерекшелік­ке ие. Нақты­рақ айтқан­да тұты­ну­шы­лар ЖИ сату­шы­мен бір­ден қазақ, орыс, ағы­л­шын тіл­дерін­де сөй­ле­се ала­ды. Сол себеп­ті үш тіл­де бір­ден сөй­леп, кли­ент­тің көңілін таба­тын ЖИ мене­джер­лер биз­не­сте­гі ең өзек­ті мәсе­ле әрі ең үлкен мүмкіндік.

Адам ресурсының шектеулігі және тілдік кедергілер

Кез кел­ген биз­нес үшін бас ауыр­тар­лық мәсе­ле ол кадр­лар тап­шы­лы­ғы, жұмыстан қажу мен ада­ми факторлар.

  • Тіл­дік барьер: Жыл­дан жылға Қаза­қстан нары­ғын­да қазақ тіл­ді ауди­то­ри­я­ның үлесі қарқы­н­мен арту­да. Одан бөлек, шетел­дік және халы­қа­ра­лық серік­те­стер­мен жұмыс жасау үшін ағы­л­шын тілі, ал нары­қтың біраз бөлі­гі үшін орыс тілі әлі де маңы­зды болып табы­ла­ды. Соның сал­да­ры­нан 3 тіл­ді де жетік мең­ге­ру қажет­тілі­гі пай­да бола­ды. Алай­да нары­қта мұн­дай маман­дар өте аз, болған күн­нің өзін­де жалақы­сы қым­бат. Ал ЖИ мене­джер үш тіл­де де жетік жау­ап береді және шығы­ны­на да көп қара­жат кетпейді. 
  • Жыл­дам­дық пен қол­жетім­ділік: Адам дема­лыс алу­ды талап ете­ді неме­се ауы­ра­ды. Сол себеп­ті бір­не­ше аусым­ды жұмыс пен бір­не­ше жұмыс­шы­лар қажет бола­ды. Бұл қар­жы­лай өте тиім­сіз. Ал ЖИ мене­джер арқы­лы кли­ент жау­ап­ты бір­ден алып, түн­де де қалаған қыз­метін ала алады.
  • Эмо­ция және шар­шау: Сату­шы күніне 100 қоңы­ра­уға жау­ап бер­ген­нен кей­ін шар­шай­ды, дауыс ырғағы өзге­реді. Күр­делі мәсе­ле­лер­ден кей­ін стресс жина­лып нәти­же­сін­де кли­ент­ке дөрекілік таны­туы мүм­кін. ЖИ пен мұн­дай ада­ми фак­тор­лар­дың алдын алынады.

Атап айт­сақ Зерт­те­улер­ге сәй­кес, кли­ент­тер­дің 78%-ы өзіне бірін­ші болып жау­ап бер­ген және өз ана тілін­де қыз­мет көр­сет­кен ком­па­ни­ядан тау­ар сатып алу­ды жөн көреді. Сол себеп­ті ЖИ еңгізілуі көп­те­ген биз­не­стер үшін үлкен мүмкіндік.

 

Көптілді ЖИ менеджер қалай жұмыс істейді?

Зама­на­уи жасан­ды интел­лект (мыса­лы, LLM — үлкен тіл­дік модель­дер негізін­де жасалған ЖИ агент­тер) тек мәтін­мен ғана емес, дауы­спен де адам­нан айны­май­тын­дай дең­гей­де сөй­ле­се ала­ды. Ол жай ғана робот-авто­жа­у­ап беру­ші емес, ол сана­лы диа­лог жүргізуші.

  • Тіл­ді лез­де ауы­сты­ру: ЖИ сату­шы кли­ент­тің қай тіл­де бастаға­нын бір­ден ұғы­нып, қажет тіл­де жау­ап береді. Ал егер кли­ент диа­лог бары­сын­да тілін өзгерт­се не ара­лас тіл­де сөй­лес­се, ЖИ алды­ңғы әңгі­мені ұмыт­пай, баста­пқы кон­текст­ті жоғалт­пай қажет тіл­ге ауы­сып не ара­лас жау­ап қайырады.
  • Эмо­ция мен инто­на­ция: Қазір­гі дауы­стық ЖИ модель­дері  дем алы­сын, күл­кісін, сөй­леу жыл­дам­ды­ғын ада­мға сәй­кестен­діріп, бей­ім­дей ала­ды. Нәти­же­сін­де кли­ент өзінің жасан­ды инте­лект­пен сөй­лесіп тұрға­нын бай­қа­май да қалуы мүмкін.
  • CRM жүй­есі­мен бай­ла­ныс: ЖИ мене­джер сөй­лесіп қана қой­май­ды, ол кли­ент­тің деректерін бір­ден CRM жүй­е­ге енгі­зеді, шот ұсы­на­ды, кез­де­су бел­гілей­ді. Яғни ЖИ мене­джер­лер қазір­гі мене­джер­лер­дің және сауда жүй­есінің мін­дет­терін толы­қтай орындайды.

ЖИ сатушыны енгізудің бизнеске беретін пайдасы

Жаңа­дан өзгерістер еңгі­зу ол шығын емес, бұл бола­шаққа деген, ұлт­тық биз­не­сті мас­шта­б­та­уға деген инве­сти­ция. Көп­тіл­ді ЖИ агент­ті орна­ту­дың бір­не­ше арты­қ­шы­лы­қта­ры бар:

  1. Мас­шта­б­тау: Адам бір уақыт­та бір кли­ент­пен ғана сөй­ле­се алса, ЖИ мене­джер­дің мүм­кін­ді­гін­де шек жоқ. Ол бір­ден мың­даған кли­ент­тер­мен сөй­ле­се ала­ды. Бұл көп­те­ген мене­джер­лер­ге кететін шығын­ның алдын алып үлкен тариф­ті сапа­лы өнде­у­ге мүм­кін­дік береді.
  2. Шығын­дар­ды оңтай­лан­ды­ру: Бай­ла­ныс орта­лы­ғын ұстау, маман­дар­ды оқы­ту және жалақы төлеу, салы­қтар мен бону­стар төлеу үлкен қара­жат талап ете­ді. ЖИ агент ауыр­май­ды, дема­лыс сұра­май­ды және 247 режи­мін­де жұмыс істей­ді. Бұл сату бөлі­мінің опе­ра­ци­я­лық шығын­да­рын  50–70%-ға дей­ін азайтады.
  3. Сату кон­вер­си­я­сы­ның артуы: ЖИ ешқан­дай лид­ті ұмыт­пай­ды. Ол ұсы­ны­лған сце­на­рий бой­ын­ша дәл жұмыс істей­ді, кли­ент­тің қар­сы­лы­қта­ры­на алдын ала дай­ын­далған база негізін­де сыпайы әрі дәлел­ді жау­ап береді. Нәти­же­сін­де саты­лым көле­мі артады.

Болашаққа көзқарас: Адам мен AI симбиозы

ЖИ сату­шы­лар­ды енгі­зу «адам­дар жұмыс­сыз қала­ды» деген­ді біл­дір­мей­ді. Бұл жәй ғана жұмыс істеу фор­ма­ты­ның өзге­руі. ЖИ күн­делік­ті қай­та­ла­на­тын  жұмыстар­ды, алға­шқы қоңы­ра­у­лар­ды, тап­сы­рыс қабыл­да­уды өзіне ала­ды. Ал басты жұмыс күші стра­те­ги­я­лық келіс­сөз­дер­ге, ірі VIP-кли­ент­тер­мен жұмыс істе­у­ге және ЖИ жүй­есін басқа­руға ауы­сып, өнім­ділік еселенеді.

Қорытынды

Цифр­лан­ды­ру мен жасан­ды интел­лект ол бүгін­гі күн­нің шын­ды­ғы. Үш тіл­де (қазақ, орыс, ағы­л­шын) кедер­гісіз сөй­лей­тін ЖИ сату­шы­ны биз­несіне алға­шқы­лар­дың бірі болып енгіз­ген ком­па­ни­я­лар нары­қта көш­бас­шы ата­на­ды. Бұл тех­но­ло­гия уақыт­ты үнем­дей­ді, шығын­ды азай­та­ды және ең басты­сы тұты­ну­шы­ға ыңғай­лы тіл­де, сапа­лы қыз­мет көр­се­ту арқы­лы биз­не­стің табысын жаңа дең­гей­ге көте­реді. Инно­ва­ция мен өзгерістер­ден қашу шешім емес, оны қабыл­дап жаңа мас­шта­б­та даму табыст­ың жалғыз жолы.

Жұма­бек Нұр­сұл­тан, Жал­бағай Айқын

Республиканский еженедельник онлайн