Назарбаев қылқынып ҚАЛАР МА ЕКЕН: Мирзиёев Азияның «Жыл адамы» болды?!

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Азия журналистер қауымдастығының (AJA) нұсқасы бойынша, «саясат» аталымында 2018 жылы Азияның «Жыл адамы» болып танылды, деп хабарлады Өзбек телеграф агенттігі (ӨзТАГ). «Өзбекстан басшысы Орталық Азияда бейбітшілік орнату ісіндегі зор үлесі және көрші елдермен белсенді ынтымақтастықты дамытудағы еңбегі үшін «саясат» аталымында жеңімпаз болды», – делінген The Korea Times оңтүстік кореялық басылым хабарында.

Хабарда атап өтілгендей, Ш. Мирзиёев 2016 жылдың желтоқсанында президент болғаннан бері экономикаға жол ашу және саяси тұтқындарды босатып, адам құқығын жақсарту үшін саясатқа реформа жасады.

Марапаттау салтанаты 2019 жылдың көктемінде Бас ассамблея қауымдастығында өтеді. Сонымен қатар басқа жеңімпаздар арасында – LG Group төрағасы Ку Бон Му, мысырлық кардиохирург Магди Хабиб Якоб және футболдан Вьетнам құрамасының жаттықтырушысы Пак Хан Со бар.

ҚазТАГ

Республиканский еженедельник онлайн