Четверг , 26 февраля 2026

Самал Ибраеваға жасалған кибершабуыл: іс халықаралық деңгейде

Ulysmedia.kz бас редак­то­ры Самал Ибра­е­ваға қар­сы жасалған кибер­ша­буы­лға қаты­сты тер­ге­удің бары­сы жөнін­де ішкі істер вице-мини­стрі Сан­жар Әді­лов мәлімдеді.

Халы­қа­ра­лық деңгей

Мәжілістің пле­нар­лық оты­ры­сы кулу­а­рын­да Ulysmedia.kz тіл­шілері вице-мини­стр­ден бас редак­тор Самал Ибра­е­ва­ның ары­зы бой­ын­ша қозғалған істің қай саты­да екенін сұрады.

– Самал Ибра­е­ва­ның ары­зы тір­кел­ді, қазір бұл істі Аста­на қала­сы Поли­ция депар­та­мен­тінің тер­геу басқар­ма­сы қарап жатыр. Бірқа­тар халы­қа­ра­лық тер­геу тап­сыр­ма­ла­ры жол­дан­ды. Тер­геу жалға­су­да, қажет­ті тер­геу әре­кет­тері жүр­гізіліп жатыр, – деді Сан­жар Әділов.

Оның айтуын­ша, жақын ара­да тер­ге­уші Самал Ибра­е­ва­мен бай­ла­ны­сып, істің бары­сы тура­лы ақпа­рат береді.

Редак­ция өкіл­дері халы­қа­ра­лық тер­геу тап­сыр­ма­ла­ры жіберіл­геніне қарап, шабуыл Қаза­қстан аумағы­нан тыс жер­ден жасалған болуы мүм­кін бе деген сұрақ қой­ды. Әзір­ге жалған хабар­лан­ды­ру­лар­ды орна­ла­сты­рған адам­дар аны­қтал­маған. Ал шетел­ге сұра­у­лар Kyzdar.net сай­ты­ның иелері Қаза­қстан­нан тыс жер­де тұруы мүм­кін деген болжам­мен жолданған.

– Домен­нің тір­ке­луі тура­лы деректер бар, сайт Қаза­қстан аумағын­да орна­лас­паған. Осы­ған бай­ла­ны­сты Бас про­ку­ра­ту­ра арқы­лы басқа мем­ле­кет­тер­дің аумағын­да бірқа­тар тер­геу-жедел іс-шара­ла­рын жүр­гі­зу үшін халы­қа­ра­лық тер­геу тап­сыр­ма­ла­ры жол­дан­ды. Қазір сол сұра­у­ларға жау­ап күтіп отыр­мыз, – деп түсін­дір­ді ІІМ вице-министрі.

Бір жылға жуық нәти­же жоқ

Еске салай­ық, 2025 жыл­дың көк­те­мін­де бел­гісіз біре­улер «жезөк­ше­лер тура­лы хабар­лан­ды­ру­лар» жари­я­ла­на­тын сай­тқа Самал Ибра­е­ва­ның жалған фото­сын және оның нақты теле­фон нөмірін орна­ла­сты­рған. Алай­да содан бері кибер­ша­буы­лға жау­ап­ты тұлға­лар әлі аны­қталған жоқ. Дау­лы сайт та толы­қтай бұғат­талған жоқ. Бұл жағ­дай­дың не себеп­ті созы­лып кет­кені тура­лы Ulysmedia.kz бұған дей­ін жазған еді.

Сырым Қаржас

Республиканский еженедельник онлайн