Четверг , 22 октября 2026

Отандастарымыз өз елін ЛАЙЫҚТЫ ТАНЫСТЫРДЫ

Поль­ша елінің аста­на­сы Вар­ша­ва­да 5–15 қазан ара­лы­ғын­да ЕҚЫҰ-ның Ада­ми өлшем жөнін­де­гі кон­фе­рен­ци­я­сы (Warsaw Human Dimension Conference, WHDC) өтті. Жиы­нға мем­ле­кет­тер мен халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың өкіл­дері, құқық қорға­у­шы­лар, жур­на­ли­стер және аза­мат­тық қоғам мүше­лерін қоса алған­да, 57 елден 1 800-ден астам адам қаты­сып, сөз бостан­ды­ғы­ның жай-күйі, кем­сіту­шілік­ке қар­сы күрес, сот жүй­есінің тәу­ел­сізді­гі және басқа да өзек­ті мәсе­ле­лер талқыланды.

Бұл халы­қа­ра­лық жиы­нға ЕҚЫҰ-ға мүше мем­ле­кет ретін­де Қаза­қстан­нан да бір­не­ше бел­сен­ді аза­мат қаты­сып, күн тәр­тібіне бай­ла­ны­сты өз ойла­рын ортаға сал­ды. Олар­дың ара­сын­да ҚР жаңа Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның негізін­де жаңа­дан құры­лған мем­ле­кет­тік-кон­суль­та­тив­тік орган ­– Халық Кеңесінің мүше­сі, бұры­нғы Мәжіліс депу­та­ты, таны­мал жур­на­лист Ермұрат Бапи да бар. Оның бұл жаңа инсти­тут қан­дай мақ­сат­та құры­лға­ны және биы­лғы жылы елі­міз­де неге едел-жедел екі бір­дей элек­то­рал­ды науқан – Кон­сти­ту­ци­яға өзгерістер енгі­зу жөнін­де жал­пы­ха­лы­қтық рефе­рен­дум және Құры­л­тай сай­ла­уы өткені тура­лы баян­да­ма­сы газет­тің бұры­нғы нөмірін­де жарияланды.

Бүгін біз өз оқыр­ман­да­ры­мы­зды Қаза­қстан­нан тағы кім­дер қаты­сқа­ны және олар қан­дай мәсе­ле­лер көтер­гені тура­лы хабар­дар еткен­ді жөн көр­дік. Атап айтқан­да, таны­мал құқық қорға­у­шы Бақыт­жан Төреғо­жи­на көлем­ді баян­да­ма жасап, қыз­метіне бай­ла­ны­сты қыл­мыстық қуда­ла­у­ға ұшы­раған бел­сен­ділер мен жур­на­ли­стер­дің жағ­дай­ы­на назар ауда­руға шақырды.

Ол 2026 жыл­дың науры­зы­нан бері қоғам бел­сен­дісі Сан­жар Боқа­ев­тың қамауда оты­рға­нын мәлім­деді. Ал жуыр­да дін қыз­мет­кері Яков Ворон­цов төрт жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­рыл­ды. Жур­на­лист Думан Мұха­мед­кәрім­нің де жаза өтеп жатқа­ны­на үш жыл бол­ды. Ол қашқын оппо­зи­ци­о­нер Мұх­тар Әбі­ля­зо­втан сұх­бат алған­нан кей­ін экс­тре­мизмді қар­жы­лан­дыр­ды және тый­ым салы­нған ұйым­ның қыз­метіне қаты­сты деп айып­талған еді.

Бұдан бөлек, құқық қорға­у­шы әйгілі мара­фон­шы Марат Жылан­ба­ев­тың ісіне де тоқтал­ды. Төреғо­жи­на­ның сөзін­ше, оған адво­кат­тар­ды кір­гіз­бей жүр­геніне бір жыл болған.

– Бұл оқиға­лар әртүр­лі болға­ны­мен, бәріне ортақ бір маңы­зды сұрақ бар. Сая­си неме­се діни көзқа­ра­сы тәу­ел­сіз адам үшін Қаза­қстан­да өмір сүру қан­ша­лы­қты қауіп­сіз? Егер адам өз ұста­ны­мы үшін қуда­ла­у­ға ұшы­ра­удан қоры­қ­са, бұл сөз бостан­ды­ғы мен бей­біт жина­лу құқы­ғы­на ғана қаты­сты мәсе­ле емес. Бұл – толе­рант­ты­лық пен кем­сіт­пеу қағи­дат­та­ры­ның да сынға түсуі. Шын мәнін­де, толе­рант­ты­лық пен кем­сіт­пеу адам­ның билік­пен пікірі бір жер­ден шыққан­да емес, өзге­ше ойлаған кез­де сына­ла­ды, – деді ол.

 «Демос» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің жетек­шісі Тұрар­бек Құсай­ы­нов та маңы­зды мәсе­ле көтер­ді. Ол халы­қа­ра­лық ауди­то­ри­яға Ресей­ге жұмыс іздеп барған ондаған қаза­қстан­ды­қтың алдау жолы­мен Ресей арми­я­сы­ның құра­мын­да Укра­и­на­дағы соғы­сқа қаты­суға мәж­бүр болға­нын айт­ты, сон­дай-ақ Ресей­дің өзі де мүшелік ететін ЕҚЫҰ-ны қаза­қстан­ды­қтар­дың елге ора­луы­на және олар­дың құқы­қта­рын қорға­уға жәр­дем­де­су­ге шақырды.

– Қаза­қстан­нан Ресей­ге жұмыс істе­у­ге барған бір топ жас аза­мат­ты алдап, Укра­и­наға қар­сы соғы­сқа тар­тқан. Қазір олар май­дан шебін­де жүр. Біз ЕҚЫҰ-дан олар­дың Қаза­қстанға ора­луы­на, құқы­қта­ры мен қауіп­сізді­гін қорға­уға көмек­те­суін сұрай­мыз, – деді ол.

 Бұл­ха­лы­қа­ра­лық жиы­нға елі­міз­ден барға­нең жас спи­кер – Human Rights Consulting Group қоғам­дық қоры­ның дирек­то­ры Арсен Әубәкіров. 26 жастағы аста­на­лық құқық қорға­у­шы цифр­лық тех­но­ло­ги­я­лар кеңі­нен таралған заман­да бел­сен­ділер мен жур­на­ли­стер­ге төн­ген қауіп­тер­ге тоқтал­ды. Атап айтқан­да, әле­умет­тік желілер­де БАҚ пен қоғам бел­сен­ділерінің акка­унт­та­ры жап­пай әрі негіз­сіз шағым­дар­дан кей­ін бұғат­талған жағ­дай­лар тура­лы баяндады.

– Жур­на­ли­стер, бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры, бел­сен­ділер мен құқық қорға­у­шы­лар­дың акка­унт­та­ры бұғат­та­лып, жари­я­ла­ным­да­ры өшіріл­ген. Автор­лық құқы­ққа қаты­сты күмән­ді шағым­дар түсіп, кибер­ша­буыл­дар жасалған, акка­унт­тар бұзы­лған. Сон­дай-ақ адам­дар­дың жеке деректерін жария ету, олар­дың беделіне нұқ­сан кел­тіріп, қоқан-лоққы көр­се­ту мақ­са­тын­да ано­ним­ді хабар­ла­ма­лар­ды нақты бір ада­мға бағыт­тап, жап­пай тара­ту оқиға­ла­ры тір­кел­ді. Кас­пий­де­гі әске­ри оқу-жат­ты­ғу кезін­де болған қай­ғы­лы оқиға­дан кей­ін сын мате­ри­ал­да­рын жари­я­лаған автор­ларға да қысым жасал­ды, – деді Әубәкіров.

 Вар­ша­ва­дағы кон­фе­рен­ци­яда Қаза­қстан­ның құқық қорғау сала­сын­дағы оң тәжіри­бесі мен мем­ле­кет­тің өзіне төнетін қатер­лер тура­лы да сөз болды.

Қоғам бел­сен­дісі, дін мәсе­ле­лері жөнін­де­гі сарап­шы Дмит­рий Пол­та­рен­ко «Жусан» опе­ра­ци­я­сы тура­лы баян­да­ды. Осы опе­ра­ция аясын­да Қаза­қстан Сири­ядан 200-ге жуық әйел мен 500-ден астам бала­ны елге қай­тарған. Ол ради­ка­лизм­ге қаты­сты бап­тар­мен сот­талған аза­мат­тар­дың азапта­уға ұшы­рай­ты­ны тура­лы мәлім­де­ме­лер­ді шын­ды­ққа жана­спай­тын жора­мал деп атады.

– Сири­ядан қай­та­ры­лған 191 әйел­дің тек 18‑і ғана сот­тал­ды. Олар­дың әрқай­сысы­мен жұмыс жалға­сып жатыр, соның ішін­де бас бостан­ды­ғы­нан айы­ру орын­да­рын­да да тиісті шара­лар жүр­гізіледі. Елге 572 бала қай­та­рыл­ды. Қазір олар қоға­мға бей­ім­дел­ді. Бала­лар­дың қоғам­ның толы­ққан­ды мүше­сіне айна­луы үшін жұмыс жүр­гізілу­де. Діни және ради­ка­лизм­ге қаты­сты бап­тар бой­ын­ша сот­талған­дар­дың бар­лы­ғы азапта­уға ұшы­рай­ды деген мәлім­де­ме­лер шын­ды­ққа сәй­кес кел­мей­ді. Қаза­қстан тер­ро­ризм­ге қар­сы тұрақты күрес ең алды­мен оның алдын алу­дан баста­ла­ды деп есептейді.

Кәме­лет­ке тол­маған­дар ара­сын­да ради­кал­да­ну­дың алдын алуға арналған жоба жұмыс істеп тұр. Биыл­дың өзін­де оған 500-ден астам бала қаты­сты. Бала­ларға арналған оқы­ту шара­ла­ры өткізіліп, сыни ойлау мен цифр­лық қауіп­сіздік дағ­ды­ла­ры қалып­та­сты­ры­лып келеді.

Мем­ле­кет­тік сая­сат адам­ның сені­мі мен көзқа­ра­сы­на қар­сы бағыт­тал­маған. Ол нақты заң­сыз әре­кет­тер мен қоғам­дық қауіп­сіздік­ке төнетін қатер­лер­дің алдын алуға бағыт­талған. Қаза­қстан заң талап­та­ры­ның сақта­луы және қабыл­данған шара­лар­дың жасалған әре­кет­ке сай болуы үшін көп жұмыс атқар­ды, – деді ол.

 Поль­ша­дағы кон­фе­рен­ци­яда судья, Еуро­па­лық құқық инсти­ту­ты­ның өкілі Айым Шаях­ме­то­ва сөз сөй­леді. Ол Қаза­қстан­да Кон­сти­ту­ци­я­лық сот пен кас­са­ци­я­лық сот­тар­ды құру мәсе­лесіне тоқталды.

– Егер аза­мат­тар Кон­сти­ту­ци­яда бекітіл­ген құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­ры бұзыл­ды деп есеп­те­се, Кон­сти­ту­ци­я­лық сотқа жүгіне ала­ды. 2025 жыл­дың шіл­десін­де сот жүй­есін рефор­ма­лау аясын­да жаңа кас­са­ци­я­лық сот­тар құрыл­ды. Онда сот шешім­дері қай­та қара­лып, жіберіл­ген қате­лер түзетіледі.

Қаза­қстан­да әкім­шілік сот ісін жүр­гі­зу де аза­мат­тар­дың маңы­зды құқы­қта­ры­ның бірі сана­ла­ды. Жеке тұлға­лар мен кәсі­по­рын­дар­дың құқы­қта­ры Гер­ма­ни­я­ның үлгісіне негіз­дел­ген жүйе бой­ын­ша қорға­ла­ды. Істер­дің 60 пай­ы­зын­да шешім аза­мат­тар­дың пай­да­сы­на шыға­ры­лған, – деді ол.

 Осы жиын­да Адам құқы­қта­ры жөнін­де­гі уәкіл Артур Ласта­ев та баян­да­ма жаса­ды. Ол Қаза­қстан­дағы этно­стық алу­ан­ды­лы­ққа тоқта­лып, ел аза­мат­та­ры­ның шыққан тегіне неме­се діни сені­міне қара­ма­стан, құқы­қта­ры тең екенін атап өтті.

– Қаза­қстан аумағын­да 120-дан астам этнос өкілі тұра­ды. 2026 жылы жүр­гізіл­ген зерт­те­у­ге қаты­сқан­дар­дың 93 пай­ы­зы әртүр­лі топ­тар ара­сын­да жақ­сы қарым-қаты­нас қалып­тасқа­нын айтқан. Сау­ал­на­маға қаты­сқан­дар­дың 73 пай­ы­зы этно­стық неме­се діни ерекшелі­гіне бай­ла­ны­сты құқы­қта­ры­ның бұзы­лға­нын ешқа­шан сезін­бе­генін жет­кізді. Сон­дай-ақ респон­дент­тер­дің басым бөлі­гі мем­ле­кет этно­са­ра­лық және кон­фес­си­яа­ра­лық қарым-қаты­на­сты қол­дай­ты­нын атап өткен, – деді Ластаев.

Оның айтуын­ша, Қаза­қстан­да адам­ды діни сені­міне, шығу тегіне және басқа да бел­гілеріне қарай кем­сіту­ге тый­ым салы­нған. Омбуд­смен БАҚ пен онлайн-плат­фор­ма­лар да өшпен­ділік тілі деп ата­ла­тын құбы­лы­сты қол­дан­ба­уға және тарат­па­уға тиіс екенін еске салды.

– Біз­де қоғам­ның тұта­сты­ғы мен бір­лі­гін нығай­туға бағыт­талған кон­сти­ту­ци­я­лық кон­суль­та­тив­тік орган бар. Елі­міз­де ешбір дін­ге арнайы мәр­те­бе беріл­ме­ген. Бұл – дін ұста­ну­шы­лар­дың саны­на қара­ма­стан, бар­лық діни бір­ле­стік­ке бір­дей қарай­ты­ны­мы­здың көрінісі. Қаза­қстан­да 18 кон­фес­си­я­ны қам­ти­тын 4 мың діни бір­ле­стік бар, – деп толы­қтыр­ды ол.

Жал­пы, халы­қа­ра­лық кон­фе­рен­ци­яға қаты­сып, онда сөз алған отан­даста­ры­мыз өздерін аза­мат­тық қоғам­ның лай­ы­қты бел­сен­ділері ретін­де көр­сетіп, елі­мізді лай­ы­қты түр­де таныстырды.

Айта кетей­ік, атал­мыш кон­фе­рен­ция 2022 жыл­дан бері қазір­гі фор­мат­та өткізіліп келеді. Алай­да ЕҚЫҰ аясын­да Вар­ша­ва­да адам құқы­қта­рын талқы­лай­тын кез­де­су­лер­дің тарихы 1993 жыл­дан баста­ла­ды. Бұл алаң мем­ле­кет­тер, халы­қа­ра­лық инсти­тут­тар мен аза­мат­тық қоғам өкіл­деріне өз ұста­ным­да­рын ортаға салып, адам құқы­қта­ры, сөз бостан­ды­ғы, демо­кра­тия және заң үстем­ді­гі жөнін­де­гі түйт­кіл­ді мәсе­ле­лер­ді көте­ру­ге және ұсы­ны­стар­ды талқы­ла­у­ға мүм­кін­дік береді.

 Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн