Вторник , 7 июля 2026

Құқық бұзушылық профилактикасы

Заңға құрмет – елге құрмет

Әрбір мем­ле­кет­тің ең басты бай­лы­ғы – оның табиғи ресур­ста­ры неме­се эко­но­ми­ка­лық әле­уеті ғана десек, алды­мен ел ішін­де­гі тыны­штық пен қоғам­дық тұрақты­лық бола­ды. Аза­мат өзін қауіп­сіз сезі­нетін қоғам­да ғана сенім қалып­та­сып, мем­ле­кет тұрақты дамуға қадам баса­ды. Сон­ды­қтан ұлт­тық қауіп­сіздік мәсе­лесі бүгін­гі таң­да тек құқық қорғау орган­да­ры­ның қыз­меті­мен ғана шек­тел­мей­тіні рас. Ашық қоғам­ның түп негізі – заң­ның үстем­ді­гі. Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша мем­ле­кет пен оның ең басты бай­лы­ғы сана­ла­тын аза­мат – заң мен құқы­ққа негіз­дел­ген тірек. Ұлт­тық қауіп­сіздік тек мем­ле­кет­тің шека­ра­сын қорға­у­мен шек­тел­мей­ді, ол – әрбір аза­мат­тың бей­біт өмір сүруіне кепіл­дік беретін кешен­ді жүйе. Қауіп-қатер­дің жаңа түрі мен туын­да­уы­на жол бер­меу үшін қоғам­да құқы­қтық мәде­ни­ет қалып­та­суы керек, ал қыл­мыстың алдын алу тек жаза­лау емес, заң нор­ма­ла­рын құр­мет­те­уден басталады.

Ұлт­тық қауіп­сіздік ұғы­мы кең мағы­наға ие. Ол мем­ле­кет­тің тәу­ел­сізді­гі мен аумақтық тұта­сты­ғын сақта­у­мен қатар, қоғам­дық тәр­тіп­ті нығай­ту, ақпа­рат­тық қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз ету, жастар­дың құқы­қтық мәде­ни­етін қалып­та­сты­ру және аза­мат­тар­дың өмір сүру сапа­сын жақ­сар­ту сияқты маңы­зды бағыт­тар­ды қам­ти­ды. Ұлт­тық қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз етудің мақ­са­ты – Қаза­қстан­ның ұлт­тық мүд­де­лерін нақты және ықти­мал қауіп­тер­ден қорғау болып аны­қталған. Заң­дар мызғы­мас бол­са, әр аза­мат өз құқы­қта­ры қорға­ла­ты­ны­на сенеді. Мыса­лы, ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы «мем­ле­кет өзінің ең қым­бат қазы­на­сы – адам және адам­ның өмірі, құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­ры» деген ұста­ным­ды бас­шы­лы­ққа ала­ды. Заң үстем­ді­гі орнаған елде ғана сенім мен тұрақты­лық орнап, аза­мат­тар ертең­гі күн­ге сенім­мен қарай­ды. Қыл­мыс – қоғам­ды әлсіре­тетін зұлым­дық. Қыл­мыспен күрес тек жаза­лау шара­сы­мен шек­тел­мей, оның себебін жоюға бағыт­та­луы қажет. Мыса­лы, 2025 жылы қабыл­данған «Құқық бұзу­шы­лық про­фи­лак­ти­ка­сы тура­лы» заң құқық бұзу­шы­лы­қтың алдын алу­дың жүй­елік негізін бекіт­ті. Заң­да мем­ле­кет­тік орган­дар ғана емес, аза­мат­тар­дың өзі де қоғам қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету­де­гі бел­сен­ді субъ­ект ретін­де қарас­ты­ры­лған. Мұн­дай тәсіл арқы­лы жаңа заң­дар­ды тиім­ді іске асы­рып, құқық бұзу­дың түбе­гей­лі себеп­терін жоюға бола­ды. Қыл­мыс – жеке адам­ның ғана тағ­ды­ры­мен қоса,тұтас мем­ле­кет­тің тұрақты­лы­ғы­на әсер ете­ді. Әсіре­се интер­нет­тің кеңі­нен дамуы­на бай­ла­ны­сты оның теріс жағы­нан: киберқыл­мыс, қар­жы­лық ала­яқтық және ақпа­рат­тық қауіп­сіздік­ке қаты­сты құқық бұзу­шы­лы­қтар көбей­іп келеді.Сонымен қатар тұр­мыстық зор­лық-зомбы­лық, сыбай­лас жемқор­лық және жасөс­пірім­дер ара­сын­дағы құқық бұзу­шы­лы­қтар да қоғам наза­ры­нан тыс қал­мауы тиіс. Мұн­дай мәсе­ле­лер­мен күрес тек заң бұзу­шы­лар­ды жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту­мен шек­тел­ме­уі керек. Ең тиім­ді жол ол олар­дың туын­да­уы­на себеп бола­тын жағ­дай­лар­дың алдын алу.Бұл бағыт­та құқы­қтық мәде­ни­ет қалып­та­сты­ру маңы­зды рөл ойнай­ды. Заңға құр­мет көр­се­ту мек­теп қабы­рға­сы­нан баста­лып, отба­сын­дағы тәр­би­е­мен ұшта­суы қажет. Бала­лар мен жастар өз құқы­қта­рын ғана емес, өз мін­дет­терін де жақ­сы түсін­ген­де, қоғам­да жау­ап­кер­шілік өрке­ни­еті қалыптасады.Әділдікке негіз­дел­ген тәр­бие аза­мат­тық сана­ның ныға­юы­на ықпал етіп, құқық бұзу­шы­лы­қтың аза­юы­на оң әсер етеді.Қазіргі таң­да Қаза­қстан­да қоғам­дық қауіп­сіздік­ті арт­ты­ру мақ­са­тын­да көп­те­ген маңы­зды баста­ма­лар жүзе­ге асырылуда,және даму жолын­да. Цифр­лық тех­но­ло­ги­я­лар­дың енгізілуі құқық қорғау орган­да­ры­ның жұмысын жетіл­діріп, қыл­мыстың алдын алуға мүм­кін­дік беру­де. Бей­не­бақы­лау жүй­е­лері орна­ты­лу­да, элек­трон­дық қыз­мет­тер және ақпа­рат­тық жүй­е­лер құқық бұзу­шы­лы­қтар­ды жедел аны­қта­уға ықпал ете­ді. Деген­мен қауіп­сіз қоғам құру тек мем­ле­кет­тік орган­дар­дың мін­деті емес екенін түсі­ну қажет. Әрбір аза­мат заң талап­та­рын сақтап, қоғам­дық тәр­тіп­ке жау­ап­кер­шілік­пен қараған­да ғана бұл жұмыстар өз жемісін береді.Заң үстем­ді­гі – демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет­тің басты қағи­да­ла­ры­ның бір деп таны­ла­дыі. Заң бәріне бір­дей болған жағ­дай­да ғана әділет­тілік орнап, қоғам­да өза­ра сенім қалып­та­са­ды. Ал сенім бар жер­де бір­лік күшей­іп, мем­ле­кет даму­дың жаңа беле­стеріне көтеріледі. Сон­ды­қтан ұлт­тық қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз ету бүкіл қоғам­ның ортақ міндеті.Әрбір аза­мат­тың ықпа­лы тие оты­ра ‚сана­лы ұрпақ қалып­та­сты­ру мүм­кін­ді­гі ашылады.

Қоры­тын­ды­лай келе, ұлт­тық қауіп­сіздік пен қыл­мысқа қар­сы күрес өза­ра тығыз бай­ла­ны­сты ұғым­дар екені анық. Қауіп­сіз қоғам қалып­та­сты­ру үшін заң­ның үстем­ді­гін нығай­ту, құқы­қтық мәде­ни­ет­ті дамы­ту және әрбір аза­мат­тың жау­ап­кер­шілі­гін арт­ты­ру қажет. Заңға құр­мет көр­сетіл­ген жер­де тәр­тіп орны­ғып, тұрақты­лық ныға­я­ды. Ал тұрақты­лық мем­ле­кет­тің өркен­де­уі мен халы­қтың жарқын бола­шағы­ның берік кепілі.

Жұма­бек Нұр­сұл­тан, Жал­бағай Айқын

Республиканский еженедельник онлайн