Адам өзін қауіпсіз сезінетін қоғамда ғана білім дамиды,кәсіп өркендейді,мәдениет гүлденеді, ал балалар ертеңгі күніне сеніммен қарайды.Сондықтан қауіпсіздік пен денсаулық азаматтың бірінші орында тұратын байлығы және ол жауапкершілігіне негізделеді.Терроризм, экстремизм, сыбайлас жемқорлық және есірткі бизнесі – қоғамның тұрақтылығына, заң үстемдігіне және адамдар арасындағы өзара сенімге қауіп төндіретін ең күрделі құбылыстардың бірі.Бұл қылмыстардың сипаты әртүрлі болғанымен, олардың салдары ортақ. Олар қоғамдық тұрақтылықты әлсіретеді, азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді және мемлекетке деген сенімді төмендетеді. Сондықтан мұндай қатерлермен күрес тек құқық бұзушыларды жауапкершілікке тартумен шектелмеуі тиіс. Әлдеқайда маңыздыс олардың пайда болуына әсер ететін себептердің алдын алу үшін әрекеттену, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жастардың саналы дүниетанымын дамытуымыз тиіс.
Заң үстемдігі – қауіп-қатерге қарсы ең берік қалқан
Қазақстанда бұл бағыттағы мемлекеттік саясат нақты құқықтық негізге сүйенеді. «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы терроризмнің алдын алу, анықтау және жолын кесу шараларын белгілесе, «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заң қоғамдық келісім мен конституциялық құрылысты қорғауға бағытталған. Ал «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қоғамда адалдық пен әділдік қағидаттарын нығайтуды көздейді. Бұл заңдардың барлығының түпкі мақсаты бір азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, қауіпсіз әрі тұрақты мемлекет қалыптастыру.
Саналы азамат – қауіпсіз қоғамның тірегі
Қауіпсіз қоғам ең алдымен адамның санасында қалыптасады. Заңдарды қабылдау маңызды болғанымен, оларды құрметтеу мәдениеті қалыптаспайынша, күткен нәтижеге толық қол жеткізу қиын. жастардың сапалы білім алуы, ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай білуі, түрлі арандатушы идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастырумен экстремизмге қарсы тұра аламыз.Білімді әрі ойлай алатын азамат қоғамның ең сенімді қорғаны.Ал азамат білімді болса,қоғамда тәрбие алады.Қазақстанда жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мен радикалды идеологиялардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Білім беру ұйымдарында құқықтық тәрбиеге арналған кездесулер, ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары мен пікірталастар ұйымдастырылып, жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.Мұндай бастамалардың ең үлкен нәтижесін жастардың білім мен саналы таңдау жасағанда көреміз.
Адалдық мәдениеті жемқорлыққа қарсы ең тиімді құрал
Сыбайлас жемқорлық та мемлекет дамуына елеулі кедергі келтіретін қауіптердің бірі. Ол экономикалық шығын ғана емес, адамдардың әділдікке деген сенімін әлсірететін құбылыс.Сенім әлсіресе ертеңгі бірлігімізге де күмән түсуі мүмкін.Егер заң бәріне бірдей қолданылмаса, қоғамда теңдік қағидаты бұзылады. Сондықтан жемқорлықпен күрес мемлекеттік органдардың қызметінен бұрын әр адамның жеке адалдығынан басталады. Адал еңбекке құрмет, заң талаптарын сақтау және қоғамдық жауапкершілік жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негізгі тіректері.Соңғы жылдары Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған цифрлық мемлекеттік қызметтердің дамуы, ашықтық қағидаттарын күшейту және қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіру сияқты маңызды өзгерістер жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қызметтердің едәуір бөлігінің электрондық форматқа көшуі адам факторын азайтып,қызмет көрсету үдерісінің ашықтығын арттыруға ықпал етті. Жемқорлықпен күрестің ең тиімді жолы жазаға бармайтындай әділ әрі ашық жүйе қалыптастыру.
Болашақты қорғау – жастарды қорғаудан басталады
Есірткі бизнесінің ең қауіпті тұсы оның болашақ ұрпаққа әсер етуінде.Синтетикалық есірткінің таралуы жастардың денсаулығына ғана емес, олардың арманына, біліміне және өмірлік мақсатына да қауіп төндіреді.Сондықтан бұл мәселеге тек құқықтық тұрғыдан қарау жеткіліксіз.Жастарға дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік беретін орта қалыптастыру есірткімен күрестегі ең қуатты қару. Спорт, ғылым, өнер және сапалы білім жастарды зиянды әдеттерден қорғайтын ең сенімді жолдардың бірі.Ұлт денсаулығы мен болашағын сақтап қалу әрбіреуіміздін қолында.Сондықтан мұндай қауіппен күресте жазалау шараларымен қатар алдын алу жұмыстарының маңызы зор.Жастардың спортпен айналысуына, шығармашылықпен айналысуына және сапалы білім алуына жағдай жасау қауіптің салдарымен емес,оның себептерімен күресудің ең тиімді жолы.
Бүгінгі таңда қоғамға ықпалын тигізетін қасиеттердің бірі бейжай қарамау секілді.Заң бұзушылықты көріп үндемеу, жалған ақпаратқа көз жұма қарау немесе қоғамдық мәселелерге немқұрайлы қарау қауіптердің күшеюіне алып келеді. Керісінше,әр азамат заңды құрметтеп, қоғамдық тәртіпке жауапкершілікпен қараса, мемлекет әлдеқайда берік әрі қауіпсіз болады деп сенеміз.
Қауіпсіз Қазақстан – әр азаматтың ортақ мақсаты
Қорытындылай келе, терроризмге, экстремизмге, сыбайлас жемқорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл – құқық қорғау органдарымен қоса,бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі.Қауіпсіз қоғам құқық қорғау органдарының көптігімен емес, заңды құрметтейтін, әділдікті қолдайтын және өз елінің болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың көптігімен қалыптасады.Өйткені мемлекет қауіпсіздігі ең алдымен адамдардың санасынан басталады.Заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершілік берік орныққан жерде ғана қоғам тұрақты дамып, елдің болашағы сенімді болады.
Жұмабек Нұрсұлтан, Жалбағай Айқын