Бизнестегі көптілді ЖИ-сатушылар неге сән емес, қажеттілік?
Қазіргі тоқтамай дамып келе жатқан заманда технологиялар мен жасанды интеллект алгоритмдері кең қолданысқа енуде. Бүгінде бизнестегі цифрландыру мен жасанды интеллект технологиялары жай ған сән мен тренд емес, қажеттілік пен тұрақты дамудың кепілі. Осы инновация өзгерістерді еңгізудегі ең өзекті әрі қызықты өзгерістердің бірі ол бизнестегі ЖИ агенттер. ЖИ агенттерге жататын нарықта төңкеріс жасап жатқан көптілді ЖИ сатушылар тұтынушымен тікелей байланыс орнатып, табыс әкелуде. Сонымен қатар Орталық Азия және оның ішінде Қазақстан нарығындағы аталмыш құралдар өзіндік ерекшелікке ие. Нақтырақ айтқанда тұтынушылар ЖИ сатушымен бірден қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлесе алады. Сол себепті үш тілде бірден сөйлеп, клиенттің көңілін табатын ЖИ менеджерлер бизнестегі ең өзекті мәселе әрі ең үлкен мүмкіндік.
Адам ресурсының шектеулігі және тілдік кедергілер
Кез келген бизнес үшін бас ауыртарлық мәселе ол кадрлар тапшылығы, жұмыстан қажу мен адами факторлар.
- Тілдік барьер: Жылдан жылға Қазақстан нарығында қазақ тілді аудиторияның үлесі қарқынмен артуда. Одан бөлек, шетелдік және халықаралық серіктестермен жұмыс жасау үшін ағылшын тілі, ал нарықтың біраз бөлігі үшін орыс тілі әлі де маңызды болып табылады. Соның салдарынан 3 тілді де жетік меңгеру қажеттілігі пайда болады. Алайда нарықта мұндай мамандар өте аз, болған күннің өзінде жалақысы қымбат. Ал ЖИ менеджер үш тілде де жетік жауап береді және шығынына да көп қаражат кетпейді.
- Жылдамдық пен қолжетімділік: Адам демалыс алуды талап етеді немесе ауырады. Сол себепті бірнеше аусымды жұмыс пен бірнеше жұмысшылар қажет болады. Бұл қаржылай өте тиімсіз. Ал ЖИ менеджер арқылы клиент жауапты бірден алып, түнде де қалаған қызметін ала алады.
- Эмоция және шаршау: Сатушы күніне 100 қоңырауға жауап бергеннен кейін шаршайды, дауыс ырғағы өзгереді. Күрделі мәселелерден кейін стресс жиналып нәтижесінде клиентке дөрекілік танытуы мүмкін. ЖИ пен мұндай адами факторлардың алдын алынады.
Атап айтсақ Зерттеулерге сәйкес, клиенттердің 78%-ы өзіне бірінші болып жауап берген және өз ана тілінде қызмет көрсеткен компаниядан тауар сатып алуды жөн көреді. Сол себепті ЖИ еңгізілуі көптеген бизнестер үшін үлкен мүмкіндік.
Көптілді ЖИ менеджер қалай жұмыс істейді?
Заманауи жасанды интеллект (мысалы, LLM — үлкен тілдік модельдер негізінде жасалған ЖИ агенттер) тек мәтінмен ғана емес, дауыспен де адамнан айнымайтындай деңгейде сөйлесе алады. Ол жай ғана робот-автожауап беруші емес, ол саналы диалог жүргізуші.
- Тілді лезде ауыстыру: ЖИ сатушы клиенттің қай тілде бастағанын бірден ұғынып, қажет тілде жауап береді. Ал егер клиент диалог барысында тілін өзгертсе не аралас тілде сөйлессе, ЖИ алдыңғы әңгімені ұмытпай, бастапқы контекстті жоғалтпай қажет тілге ауысып не аралас жауап қайырады.
- Эмоция мен интонация: Қазіргі дауыстық ЖИ модельдері дем алысын, күлкісін, сөйлеу жылдамдығын адамға сәйкестендіріп, бейімдей алады. Нәтижесінде клиент өзінің жасанды интелектпен сөйлесіп тұрғанын байқамай да қалуы мүмкін.
- CRM жүйесімен байланыс: ЖИ менеджер сөйлесіп қана қоймайды, ол клиенттің деректерін бірден CRM жүйеге енгізеді, шот ұсынады, кездесу белгілейді. Яғни ЖИ менеджерлер қазіргі менеджерлердің және сауда жүйесінің міндеттерін толықтай орындайды.
ЖИ сатушыны енгізудің бизнеске беретін пайдасы
Жаңадан өзгерістер еңгізу ол шығын емес, бұл болашаққа деген, ұлттық бизнесті масштабтауға деген инвестиция. Көптілді ЖИ агентті орнатудың бірнеше артықшылықтары бар:
- Масштабтау: Адам бір уақытта бір клиентпен ғана сөйлесе алса, ЖИ менеджердің мүмкіндігінде шек жоқ. Ол бірден мыңдаған клиенттермен сөйлесе алады. Бұл көптеген менеджерлерге кететін шығынның алдын алып үлкен тарифті сапалы өндеуге мүмкіндік береді.
- Шығындарды оңтайландыру: Байланыс орталығын ұстау, мамандарды оқыту және жалақы төлеу, салықтар мен бонустар төлеу үлкен қаражат талап етеді. ЖИ агент ауырмайды, демалыс сұрамайды және 24⁄7 режимінде жұмыс істейді. Бұл сату бөлімінің операциялық шығындарын 50–70%-ға дейін азайтады.
- Сату конверсиясының артуы: ЖИ ешқандай лидті ұмытпайды. Ол ұсынылған сценарий бойынша дәл жұмыс істейді, клиенттің қарсылықтарына алдын ала дайындалған база негізінде сыпайы әрі дәлелді жауап береді. Нәтижесінде сатылым көлемі артады.
Болашаққа көзқарас: Адам мен AI симбиозы
ЖИ сатушыларды енгізу «адамдар жұмыссыз қалады» дегенді білдірмейді. Бұл жәй ғана жұмыс істеу форматының өзгеруі. ЖИ күнделікті қайталанатын жұмыстарды, алғашқы қоңырауларды, тапсырыс қабылдауды өзіне алады. Ал басты жұмыс күші стратегиялық келіссөздерге, ірі VIP-клиенттермен жұмыс істеуге және ЖИ жүйесін басқаруға ауысып, өнімділік еселенеді.
Қорытынды
Цифрландыру мен жасанды интеллект ол бүгінгі күннің шындығы. Үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) кедергісіз сөйлейтін ЖИ сатушыны бизнесіне алғашқылардың бірі болып енгізген компаниялар нарықта көшбасшы атанады. Бұл технология уақытты үнемдейді, шығынды азайтады және ең бастысы тұтынушыға ыңғайлы тілде, сапалы қызмет көрсету арқылы бизнестің табысын жаңа деңгейге көтереді. Инновация мен өзгерістерден қашу шешім емес, оны қабылдап жаңа масштабта даму табыстың жалғыз жолы.
Жұмабек Нұрсұлтан, Жалбағай Айқын