Воскресенье , 8 ноября 2026

КІНДІКТІДЕН ТАБЫЛҒАН ҚҰЛПЫТАС

XIX-XX ғасыр­дың басын­да Аягөз өңірін­де ислам­дық білім беру жүй­есінің қалып­та­суы мен қазақ жаңа­шыл мек­теп­терінің дамуын­да Серік­бай қажы­ның баста­ма­сы­мен ашы­лған Кін­дік­ті мед­ре­сесінің ықпа­лы үлкен. Сон­дай-ақ ол бұл мед­ре­се­ге 1870 жылы Бұха­ра­дан муда­рис Ғали­ақ­пар Мұха­мет­жанұлын шақы­ра­ды. Ал мед­ре­се­де қалып­тасқан білім беру дәстүрінің Әбдірах­ман қари мен оның шәкірт­тері арқы­лы жалға­сып, Әбілға­зы Иман­бекұлы­ның Сер­гио­поль­де тұңғыш қазақ мек­тебін ашуы­на негіз болған. Демек, Семіз-Най­ман елінің биі Серік­бай қажы­ны ағар­ту­шы­лық баста­ма­лар­дың жарқын өкілі деу­ге толық негіз бар.

Қазір­гі уақыт­та Кін­дік­ті мешіті мен мед­ре­сесінің тари­хи орны сақталған. Бұл нысан XIX ғасыр­дағы Семей облы­сын­дағы ислам­дық білім беру жүй­есінің қалып­та­суы мен қыз­метін зер­де­ле­у­ге мүм­кін­дік беретін маңы­зды тари­хи-мәде­ни мұра саналады.

XIX ғасыр­дың екін­ші жар­ты­сын­да қазақ қоға­мын­дағы білім беру үдерісі дәстүр­лі діни оқу орын­да­ры мен жаңа­шыл мек­теп­тер­дің өза­ра сабақ­та­сты­ғы негізін­де дамы­ды. Алай­да осы сабақ­та­сты­қтың өңір­лік дең­гей­де қалай жүзе­ге асқа­ны, әсіре­се Аягөз өңірін­де­гі жер­гілік­ті қазақ эли­та­сы­ның діни білім беру ісін ұйым­да­сты­ру­дағы рөлі ғылы­ми әде­би­ет­те жет­кілік­ті қарас­ты­рыл­маған. Соның ішін­де Серік­бай қажы­ның ағар­ту­шы­лық қыз­меті, Кін­дік­ті мед­ре­сесінің қалып­та­су тарихы және оның түлек­тері арқы­лы Аягөз өңірін­де­гі қазақ жаңа­шыл мек­теп­терінің пай­да болуы­на ықпа­лы арнайы тари­хи зерт­теу ныса­ны­на айна­ла қой­ған жоқ. Сон­ды­қтан Серік­бай қажы­ның ағар­ту­шы­лық қыз­метін, Кін­дік­ті мед­ре­сесінің өңір­лік білім беру жүй­есін­де­гі орнын және оның кей­ін­гі қазақ мек­теп­терінің қалып­та­суы­на ықпа­лын жаңа архив­тік, эпи­гра­фи­ка­лық, дала­лық және ауыз­ша тари­хи деректер негізін­де қарас­ты­ру өте өзекті.

Серік­бай қажы тура­лы қысқа­ша мәлі­мет «Абай. Энцик­ло­пе­дия» еңбе­гін­де беріл­ген. Онда Серік­бай бидің Най­ман елінің биі әрі баты­ры болға­ны, Абай Құнан­бай­ұ­лы­мен құдан­да­лық қаты­нас орнатқа­ны, мешіт-мед­ре­се сал­ды­рып, бала­лар­дың білім алуы­на жағ­дай жасаған көзі ашық, ағар­ту­шы­лы­ққа жақын тұлға ретін­де сипатталған (Нұрға­ли, 1995: 518). Энцик­ло­пе­ди­я­лық деректе оның ұлы Құдай­бер­ген­нің Абай­дың қызы Рай­ханға үйлен­гені, кей­ін Рай­хан қай­тыс болған соң Абай­дың ұсы­ны­сы­мен Ақбер­дінің қызы Қарын­да­шқа үйлен­гені көр­сетіледі. Бұл мәлі­мет­тер Серік­бай қажы­ның XIX ғасыр­дың екін­ші жар­ты­сын­дағы қазақ қоға­мын­дағы әле­умет­тік беделі және Абай әулеті­мен ара­дағы тығыз қарым-қаты­на­сын айғақтайды.

Соған қара­ма­стан, Серік­бай қажы­ның тари­хи тұлға­сы мен оның ағар­ту­шы­лық қыз­меті абай­та­ну және өңір­лік тарих мәсе­ле­лерін зерт­те­ген еңбек­тер­де арнайы қарас­ты­рыл­маған. «Абай жолы» роман-эпо­пе­я­сын­да оның есі­мі кез­дес­пей­ді. Ал жазу­шы Тала­с­бек Әсе­мқұ­лов өзінің «Шым­дан» повесін­де Серік­бай болы­стың бей­несін айшы­қтап, оның ел ара­сын­дағы беделі, шешен­ді­гі, әділ­ді­гі және батыр­лық қаси­ет­терін көр­кем­дік тұрғы­дан бей­не­лей­ді (Әсе­мқұ­лов, 2020: https://otuken.kz/shymdan/). Соны­мен бір­ге шығар­ма­да Серік­бай қажы­ның әкесінің есі­мі Әбдірах­ман ретін­де беріл­ген. Алай­да қол­да бар шежірелік және тари­хи деректер бой­ын­ша оның әкесі – Садыр­бай. Ал Әбдірах­ман Серік­бай­дың ұлы. Демек, аталған повесть тари­хи дерек ретін­де емес, халық жадын­да сақталған мәлі­мет­тер­ді көр­кем­дік тұрғы­дан бей­не­лей­тін әде­би шығар­ма ретін­де баға­ла­нуы тиіс.

Серік­бай қажы Семіз-Най­ман­ның Әнет (Орыс) тар­мағы­нан шыққан. Шежірелік деректер бой­ын­ша Семіз-Най­ман баты­ры Жәні­бек — Серік­бай қажы­ның төр­тін­ші ата­сы. Әулет шежіресі Жәні­бек­тен – Әнет, Әнет­тен – Бек­шой­ын, Бек­шой­ын­нан – Жаман­ба­ла мен Садыр­бай, ал Садыр­бай­дан Серік­бай мен Ахмет­жан тарай­ты­нын көр­се­те­ді (Кен­же­ха­нов, 2012: 396). Шежірелік мәлі­мет­тер Серік­бай қажы­ның шыққан тегін ғана емес, оның қалып­тасқан әле­умет­тік орта­сын да айқын­да­уға мүм­кін­дік береді.

Жаман­ба­ла мен Садыр­бай­дың есім­дері XIX ғасыр­дағы қазақ ауыз әде­би­етінің маңы­зды ескерт­кі­ш­терінің бірі – Әріп Тәңір­бер­генұлы­ның нұсқа­сын­дағы «Бір­жан мен Сара айты­сын­да» да кездеседі.

Жаман­ба­ла мен Садыр­бай ХІХ ғасыр­дың орта­сын­да дүни­е­ден оза­ды. Серік­бай қажы 1860–1870 жыл­да­ры Жаман­ба­ла мен Садыр­бай­ға арнайы кесене тұрғы­зған. Қазір­гі уақыт­та кесене маңы өңір­дің дәстүр­лі қорым­да­ры­ның біріне айналған. Дала­лық бақы­лау нәти­же­сін­де оның айна­ла­сын­да шама­мен жет­піс­ке жуық жер­леу орны аны­қтал­ды. Бұл жағ­дай кесе­ненің тек әулет­тік ескерт­кіш қана емес, жер­гілік­ті қауым үшін қаси­ет­ті тари­хи-мәде­ни кеңістік ретін­де қалып­тасқа­нын көрсетеді.

1898 жылы Ақша­та­удағы Көш­би­ке қоны­сын­да өткен Қоңыр­көк­ше болы­сы­ның сай­ла­уы кезін­де Абай­ға қар­сы жасалған күш көр­се­ту оқиға­сы­нан кей­ін кінәлілер­ге билік айтып, құн кес­кен бедел­ді билер­дің қата­рын­да Серік­бай қажы да болған. Осы оқиғаға қаты­сты деректер­де ақын Уәй­істің Абай­ды денесі­мен жауып қорғаға­ны, ал Серік­бай қажы­ның дау-жан­жал­дың құқы­қтық тұрғы­дан шешілуіне қаты­сқа­ны баян­да­ла­ды. Бұл мәлі­мет­тер Серік­бай қажы­ның XIX ғасыр­дың соңын­дағы Шыңғы­стау-Аягөз өңірін­де­гі бедел­ді би әрі қоғам­дық мәсе­ле­лер­ді шешу­ге ықпал еткен тұлға болға­нын көрсетеді.

Серік­бай қажы­ның әділ билі­гіне қаты­сты Уәй­іс ақын­ның мына өлең жол­да­ры халық жадын­да сақталған:

«Абай­дың қасы­на айт­тың әділ билік,
Қаже­ке, бір ісің жоқ бұған жетер…». 

Соңғы кез­дері жүр­гізіл­ген Дала­лық зерт­теу бары­сын­да Серік­бай қажы әулетіне тиесілі қорым аны­қтал­ды. Қорым Серік­бай қажы сал­ды­рған мешіт-мед­ре­се орна­ласқан Кін­дік­ті төбесінің оңтүстік бет­кей­ін­де орна­ласқан. Сон­дай-ақ қорым аумағын­да Серік­бай қажы әулетіне жата­тын шама­мен 20–30 жер­леу орны тір­кел­ді. Қорым­ның орна­ла­суы мен жер­ле­улер­дің шоғыр­ла­нуы бұл аумақтың әулет­тік пан­те­он қыз­метін атқарға­нын көрсетеді.

Бұл зерт­те­удің маңы­зды нәти­же­лерінің бірі – осы уақы­тқа дей­ін ғылы­ми әде­би­ет­те қарас­ты­рыл­маған Серік­бай қажы­ның құл­пы­та­сы аны­қтал­ды. Құл­пы­тас қорым­ның орта­лық бөлі­гін­де орна­ласқан және жақ­сы сақталған.

Эпи­гра­фи­ка­лық мәтін­ді оқу нәти­же­сін­де онда мына­дай жазу­дың қашалға­ны анықталды:

«Әғу­зу­бил­ләһ

Бисмил­лаһ

Кул­лу нәф­син зәи­кәтул әл маут

Хаж[ил]-хамра­ин

Серік­бай ибн Садырбай

Дүни­ядан кешді 63 жасында

Алла қабірін жән­нәт қылғай әумин

1905 жыл­да, 14 декабр­де опат» – деп көрсетілген.

Құл­пы­та­стағы эпи­та­фи­я­лық мәтін­нің ғылы­ми айна­лы­мға енгізілуі Серік­бай қажы­ның өмір­ба­я­нын нақты­ла­у­ға мүм­кін­дік бер­ді. Бұрын бел­гісіз болып кел­ген деректер­дің орны­на оның 1842 жылы дүни­е­ге келіп, 1905 жылғы 14 жел­тоқ­сан­да қай­тыс болға­ны эпи­гра­фи­ка­лық дерек арқы­лы нақты­лан­ды. Осы­лай­ша, құл­пы­тас мәлі­мет­тері Серік­бай қажы­ның өмір сүр­ген кезеңін ғылы­ми тұрғы­дан дәл аны­қта­уға және оның қыз­метіне қаты­сты оқиға­лар­дың хро­но­ло­ги­я­сын нақты­ла­у­ға негіз болды.

Эпи­гра­фи­ка­лық мәтін­де­гі «Хажил-Хамра­ин» ата­уы Серік­бай­дың Мек­ке мен Мәди­наға қажы­лық сапар жасаға­нын біл­діреді. Бұл дерек оның өңір­де­гі жай ғана би емес, ислам­дық орта­да беделі мой­ын­далған, қажы мәр­те­бесіне ие болған тұлға екенін көр­се­те­ді. Соны­мен қатар құл­пы­та­ста әкесінің есі­мі «ибн Садыр­бай» деп берілуі шежірелік мәлі­мет­тер­дің сенім­ділі­гін де растайды.

Мик­ро­та­рих тұжы­рым­да­ма­сы тұрғы­сы­нан қарас­ты­рған­да, Серік­бай қажы­ның құл­пы­та­сы бір адам­ның өмір­ба­я­нын нақты­лай­тын ескерт­кіш қана емес, сон­дай-ақ XIX ғасыр­дың екін­ші жар­ты­сы мен XX ғасыр­дың басын­дағы Аягөз өңірінің діни, әле­умет­тік және мәде­ни тарихын рекон­струк­ци­я­ла­у­ға мүм­кін­дік беретін біре­гей дереккөз сана­ла­ды. Соны­мен бір­ге эпи­гра­фи­ка­лық деректер­ді шежірелік және ауыз­ша тари­хи мәлі­мет­тер­мен салы­сты­ра тал­дау жер­гілік­ті тари­хи жад­тың жаз­ба және мате­ри­ал­дық деректер­мен сабақ­та­сты­ғын аны­қта­уға жағ­дай жасайды.

Шежірелік және ауыз­ша тари­хи деректер­ге сәй­кес, Серік­бай қажы жиыр­ма жасы­нан асқан шағын­да ел басқа­ру ісіне ара­ла­сып, болыс қыз­метін атқарған. Бұл кезең әкесі Садыр­бай­дың жасы ұлғай­ып, шару­а­шы­лық пен қоғам­дық мін­дет­тер­дің бір­тін­деп ұлы­на жүк­те­ле бастаған уақы­ты­мен сәй­кес келеді. Серік­бай болы­стық қыз­мет­ке дей­ін әкесі Садыр­бай ұйым­да­сты­рған сауда керу­ен­дерінің жұмысы­на қаты­сып, аға­сы Жаман­ба­ла­мен бір­ге Бұха­ра, Шәу­е­шек және Сібір бағы­тын­дағы сауда қаты­на­ста­рын ұйым­да­сты­ру тәжіри­бесін жинақтаға­ны жөнін­де өңір­лік деректер сақталған. 

XIX ғасыр­дың екін­ші жар­ты­сын­да Жаман­ба­ла мен Садыр­бай­дың қай­тыс болуы­нан кей­ін Серік­бай қажы әулет­тің ғана емес, Семіз-Най­ман ішін­де­гі қоғам­дық істер­дің де негіз­гі ұйым­да­сты­ру­шы­сы­на айнал­ды. Оның қыз­меті әкім­шілік басқа­ру­мен шек­тел­мей, діни-ағар­ту­шы­лық бағыт­та да жалға­сын тап­ты. Осы мақ­сат­та 1870 жылы Кін­дік­ті қыста­уын­да мешіт пен мед­ре­се сал­ды­рып, өңір­де­гі ислам­дық білім беру жүй­есінің дамуы­на негіз қала­ды, сөй­тіп бұл мед­ре­се өңір­де­гі ислам­дық білім беру жүй­есінің маңы­зды орта­лы­қта­ры­ның біріне айналды.

Кін­дік­ті төбесін­де­гі мешіт пен мед­ре­сенің орны бүгін­гі күн­ге дей­ін сақталған. Жер­гілік­ті халық бұл тари­хи нысан­ды «Қажы мешіті» неме­се «Кін­дік­ті мешіті» деп атай­ды. Дала­лық зерт­теу бары­сын­да мешіт-мед­ре­сенің орны аны­қта­лып, оның орна­ла­су ерекшелік­тері тір­кел­ді. Бұл нысан өңір тұрғын­да­ры­ның тари­хи жадын­да сақта­лып қана қой­май, бүгін­гі күн­ге дей­ін қаси­ет­ті орын ретін­де құр­мет­теліп келеді.

Ауыз­ша тари­хи деректер­ге сәй­кес, Серік­бай қажы Елқон­ды-Қаржау болы­сын тоғыз рет басқарған. Ресей импе­ри­я­сы кезеңін­де болы­стық басқа­ру мерзі­мі негізі­нен үш жыл­дық сай­лау кезеңі­мен бай­ла­ны­сты болға­нын ескер­сек, Серік­бай қажы­ның әкім­шілік қыз­меті шама­мен жиыр­ма жеті жылға созы­лған деп пай­ым­да­уға болады.

Осы хро­но­ло­ги­я­лық рекон­струк­ция мен құл­пы­та­стағы «Хажил-Хамра­ин» ата­уын негіз­ге ала оты­рып, Серік­бай қажы­ның Мек­ке мен Мәди­наға жасаған қажы­лық сапа­ры 1889–1890 жыл­дар шама­сын­да жүзе­ге асқан болуы мүмкін.

Бір сөз­бен айтқан­да, Серік­бай қажы Садыр­бай­ұлын –­ ел басқарған, ағар­ту­шы­лы­қ­пен айна­лы­сқан таны­мал тұлға, ал Кін­дік­ті мед­ре­сесінің тарихы –­ өңір­лік дең­гей­де­гі діни білім беру ғана емес, Қаза­қстан­дағы ұлт­тық білім беру жүй­есінің қалып­та­су эво­лю­ци­я­сын зер­де­ле­уде­гі маңы­зды ғылы­ми мәсе­ле­лер­дің бірі деп қарас­ты­рған жөн!

Сұл­тан­бей­ба­рыс НҰРТӨЛЕУОВ, Тарих және археология

ғылы­ми орта­лы­ғы­ның кіші ғылы­ми қыз­мет­кері

Республиканский еженедельник онлайн