Среда , 18 ноября 2026

ЗАМАНАУИ СОТ ТӨРЕЛІГІ: ЦИФРЛАНДЫРУ, ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ЖӘНЕ ҚОҒАМ СЕНІМІ

Сот жүй­есін­де­гі жаңа­шыл­ды­қтар, цифр­лан­ды­ру мен кас­са­ци­я­лық рефор­ма­ның нәти­же­лері жай­ын­да Алма­ты қала­сы Медеу аудан­дық соты­ның судья­сы Әсет Әзім­ба­ев Datnews-қа бер­ген сұх­ба­тын­да тарқа­тып айтты.

- Әсет Абайұлы,соңғы уақыт­та елі­міз­де сот жүй­есін жетіл­ді­ру мәсе­ле­лері қызу талқы­ла­ну­да. Аза­мат­тар­дың құқы­қта­рын қорғау тұрғы­сы­нан бұл бағыт­тағы жұмыстар­ды қалай баға­лар едіңіз?

- Менің пай­ы­мым­ша, бүгін­де сот жүй­есінің дамуын ең алды­мен аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры мен заң­ды мүд­де­лерін нақты қорғау тұрғы­сы­нан қарас­ты­рған жөн. Мұн­да адам­ның сотқа тек фор­мал­ды түр­де қол жет­кі­зуін қам­та­ма­сыз ету ғана емес, соны­мен қатар оның шағы­мы уақты­лы, объ­ек­тив­ті қара­лып, заң­ды әрі негізді шешім шыға­ры­ла­тын­дай қолай­лы жағ­дай жасау аса маңызды.

Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның 2026 жылғы 27 қазан­да Жоғарғы Сот Төраға­сы­мен өткіз­ген кез­де­суін­де сот төрелі­гінің сапа­сы мен сот жүй­есін одан әрі жаңғыр­ту мәсе­ле­леріне айры­қ­ша назар ауда­ры­лға­ны кез­дей­соқ емес. Кез­де­су бары­сын­да аза­мат­тық істер саны­ның өскені атап өтіл­ді: биы­лғы тоғыз айдың өзін­де сот­тар 605 мың­нан астам осын­дай істі қараған, бұл өткен жыл­дың сәй­кес кезеңі­мен салы­сты­рған­да 28,4 пай­ы­зға артық. Өсім­нің едәуір бөлі­гі жеке тұлға­лар­дың банк­рот­ты­ғы­на, сон­дай-ақ тұрғын үй, жер және шар­ттық дау­ларға қаты­сты туын­дап отыр.

Бұл көр­сет­кі­ш­тер сот­тарға түсетін жүк­те­менің артқа­нын ғана емес, қоғам­дық қаты­на­стар мен құқы­қтық қай­шы­лы­қтар­дың қары­шты түр­де күр­де­леніп жатқа­нын аңғар­та­ды. Демек, сот жүй­есі сот­тың тәу­ел­сізді­гі, тарап­тар­дың теңді­гі және сот талқы­ла­у­ы­ның әділ­ді­гі сияқты іргелі қағи­дат­тар­ды берік ұста­на оты­рып, заман тала­бы­на үне­мі бей­ім­деліп оты­руға тиіс.

- Рефор­ма­лау үдерісін­де­гі көз­ге көрі­нер­лік маңы­зды бағыт­тар­дың бірі – цифр­лан­ды­ру. Бұл фак­тор сот­тар­дың күн­делік­ті жұмысын қан­ша­лы­қты өзгер­те алады?

- Цифр­лан­ды­ру қазір­гі заманғы сот төрелі­гінің ажы­ра­мас бөлі­гіне айнал­ды. Талап ары­здар­ды элек­трон­ды түр­де жол­дау, сот оты­ры­ста­ры­на қашы­қтан қаты­су, элек­трон­ды құжат айна­лы­мы мен цифр­лық мұрағат­тар аза­мат­тар­дың сот орган­да­ры­мен өза­ра іс-қимы­лын айтар­лы­қтай жеңілдетті.

Қол­да бар деректер­ге сүй­ен­сек, талап ары­здар­дың шама­мен 95 пай­ы­зы сот­тарға элек­трон­ды фор­мат­та түседі. Бұл уақыт шығы­нын азай­тып, құжат тап­сы­ру­ды оңтай­лан­ды­руға және про­цес­ке қаты­су­шы­ның қай өңір­де тұра­ты­ны­на қара­ма­стан сот рәсі­мін барын­ша қол­жетім­ді ету­ге жол ашады.

Алай­да цифр­лан­ды­ру тек қағаз құжат­тар­ды элек­трон­ды нұсқаға көшіру­мен шек­тел­ме­уі тиіс. Оның түп­кі мәні – жинақталған деректер­ді сот қыз­метінің сапа­сын арт­ты­ру үшін тиім­ді пай­да­ла­на білу­де. Атап айтқан­да, цифр­лық сот ана­ли­ти­ка­сын дамы­ту сот актілерін жүй­е­ле­у­ге, ұқсас істер­ді жедел ізде­у­ге, ұқсас дау­лар­ды шешу тәсіл­дерін­де­гі өзге­шелік­тер­ді аны­қта­уға және сот тәжіри­бесінің үрдістерін сарап­та­уға мүм­кін­дік береді.

Бұл рет­те жасан­ды интел­лект тех­но­ло­ги­я­ла­рын қол­да­ну­дың маңы­зы орас­ан. Мұн­дай құрал­дар ақпа­рат­тың ауқым­ды мас­сив­терін өңде­у­ге, про­це­стік құжат­тар­дың жоба­ла­рын әзір­ле­у­ге, құқы­қтық ұста­ным­дар­ды табуға және сот тәжіри­бесіне тал­дау жаса­уға сеп­ті­гін тигі­зеді. Бола­шақта аза­мат­тық істер­дің жеке­ле­ген сана­ты бой­ын­ша ықти­мал нәти­же­лер­ді болжау мақ­са­тын­да ана­ли­ти­ка­лық модель­дер­ді кеңірек қол­да­ну да игі нәти­же беруі мүмкін.

Деген­мен мына бір түбе­гей­лі қағи­дат­ты қатаң ұста­ну қажет: жасан­ды интел­лект ешқа­шан судья­ның орнын баса алмай­ды. Ол тек қосым­ша ақпа­рат пен сарап­та­ма­лық құрал­дар­ды ұсы­на ала­ды, ал дәлел­де­ме­лер­ге баға беру, іс үшін маңы­зы бар мән-жай­лар­ды аны­қтау және түп­кілік­ті шешім қабыл­дау тек судья­ның айры­қ­ша құзы­реті мен жау­ап­кер­шілі­гін­де қалуға тиіс.

- Осы орай­да сот шешім­дерін қай­та қарау жүй­есін жетіл­дірудің рөлі қандай?

- Бұл — аза­мат­тар­дың сот арқы­лы қорға­лу құқы­ғын толы­ққан­ды қам­та­ма­сыз ететін түй­ін­ді буын­дар­дың бірі. Дер­бес кас­са­ци­я­лық саты­ның құры­луы, оған тіке­лей қол жет­кі­зудің қам­та­ма­сыз етілуі және кас­са­ци­я­лық шағым­дар­ды қарау тәсіл­дерінің қай­та қара­луы сот актілерінің сапа­сын арт­ты­рып, аза­мат­тар­дың құқы­қтық кепіл­дік­терін нығай­туға бағытталған.

Жоғарғы Сот Төраға­сы­ның «Кедер­гісіз әділ­дік: сот рефор­ма­сы және 2025 жылғы сот төрелі­гін жүзе­ге асы­ру» атты мақа­ла­сын­да жаңар­ты­лған кас­са­ци­я­лық модель­дің алға­шқы жұмыс нәти­же­лері кел­тіріл­ген еді. Мәсе­лен, бес айдың ішін­де 14 мың­нан астам өтініш түс­кен. Бұл рет­те аза­мат­тық істер бой­ын­ша кас­са­ци­я­лық тәр­тіп­пен күші жой­ы­лған және өзгер­тіл­ген сот актілерінің үлесі 3 пай­ы­здан 18,5 пай­ы­зға дей­ін өскен.

Ал 2026 жыл­дың тоғыз айы­ның қоры­тындысы бой­ын­ша 18 мың­нан астам кас­са­ци­я­лық шағым келіп түсті. Апел­ля­ци­я­лық саты­ның қателік­тері түзетіл­ген сот актілерінің саны 934-тен 1 704-ке көбейді.

Бұл көр­сет­кі­ш­тер­ді тек сан­дық тұрғы­дан ғана баға­ла­у­ға бол­май­ды. Қай­та қара­удың тиім­ді теті­гінің болуы­ның өзі жіберіл­ген қате­лер­ді дер кезін­де түзе­ту­ге, бірізді тәжіри­бе қалып­та­сты­руға және қабыл­да­на­тын шешім­дер үшін сот­тар­дың жау­ап­кер­шілі­гін есе­лей түсу­ге мүм­кін­дік береді.

- Жал­пы алған­да, қоғам­ның сот жүй­есіне деген сені­мі артып келеді деп айта ала­мыз ба?

- Сотқа деген сенім ең алды­мен өз құқы­ғын қорғау үшін есік аттаған аза­мат­тың жеке өмір­лік тәжіри­бесі арқы­лы қалып­та­са­ды. Адам үшін тек істің кім­нің пай­да­сы­на шешіл­гені ғана емес, соны­мен бір­ге сот­тың іс мән-жай­ла­рын қан­ша­лы­қты жан-жақты зерт­те­гені, тарап­тар­дың уәж­дерін мұқи­ят тың­даға­ны және өз шеші­мінің әділ­ді­гін қалай түсін­ді­ре алға­ны маңызды.

Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның 2026 жылғы 27 қазан­да Жоғарғы Сот Төраға­сы­мен өткіз­ген кез­де­суін­де жари­я­ланған деректер­ге сүй­ен­сек, сот жүй­есіне деген абсо­лют­ті сенім көр­сет­кі­ші 2023 жылғы 55,2 пай­ы­здан қазір­гі таң­да 69,7 пай­ы­зға көтерілген.

Әрине, бұл — қуан­тар­лық үрдіс. Алай­да сенім дегені­міз – бір­жо­ла қол жет­кізіліп қой­ған тұрақты нәти­же емес. Ол сот актілерінің сапа­сын жақ­сар­ту, про­це­стік кепіл­дік­тер­ді қатаң сақтау, сот қыз­метінің ашы­қты­ғын қам­та­ма­сыз ету және әрбір про­цесс қаты­су­шы­сы­на құр­мет­пен қарау бағы­тын­дағы күн­делік­ті табан­ды жұмысты талап етеді.

- Тату­ла­сты­ру рәсім­деріне де қазір ерекше мән беріліп жүр. Аза­мат­тық-құқы­қтық дау­лар­ды шешу­де бұл құрал­дың сұра­ны­сқа ие болуы қан­ша­лы­қты байқалады?

- Тату­ла­сты­ру рәсім­дерінің маңы­зы айры­қ­ша, себебі олар жан­жал­ды сот шеші­міне дей­ін жет­кіз­бей, бей­біт жол­мен шешу­ге жол аша­ды. Бұл әсіре­се шар­ттық мін­дет­те­ме­лер­ге, отба­сы­лық, тұрғын үй және мүлік­тік қаты­на­старға қаты­сты дау­лар кезін­де өте тиімді.

2025 жыл­дың қоры­тындысы бой­ын­ша тату­ла­суға мүм­кін­дік беретін 276 мың аза­мат­тық істің 46,3 пай­ы­зы тарап­тар­дың өза­ра келісі­мі­мен аяқтал­ды. Ал 2026 жылы осын­дай жол­мен рет­тел­ген дау­лар­дың үлесі 47,5 пай­ы­зға жетіп, 90 мыңға жуық бітім­гер­шілік келісі­мі жасалды.

Бұл көр­сет­кі­ш­тер тату­ла­су­дың сот арқы­лы қорға­удың толы­ққан­ды әрі тиім­ді инсти­ту­ты­на айна­лып келе жатқа­нын айғақтай­ды. Мұн­дағы басты шарт – бітім­гер­шілік қара­ла­тын істер санын фор­мал­ды түр­де азай­туға бағыт­тал­мауы тиіс, ол тек тарап­тар­дың өз еркі­мен қабыл­даған шеші­міне негіз­де­луі қажет. Сот дауды рет­те­удің жол­да­рын түсін­діріп, бағыт көр­се­те ала­ды, бірақ про­цесс қаты­су­шы­ла­ры­ның еркін таң­да­уы­на қысым жаса­уға хақы­сы жоқ.

- Жал­пы, аза­мат­тық сот ісін жүр­гі­зудің бола­шағын қалай елестетесіз?

- Менің пай­ы­мым­да, алдағы даму бағыт­та­ры өза­ра сабақ­тас үш мін­дет­ке келіп сая­ды: сот шешім­дерінің сапа­сын түбе­гей­лі арт­ты­ру, сот төрелі­гінің қол­жетім­ділі­гін кеңей­ту және цифр­лық тех­но­ло­ги­я­лар­ды пара­сат­ты түр­де енгізу.

Цифр­лан­ды­ру істер­ді қарау шығын­да­ры мен уақы­тын қысқар­туға, ана­ли­ти­ка­лық құрал­дар сот тәжіри­бесінің бірізділі­гін қам­та­ма­сыз ету­ге, ал про­це­стік тетік­тер бұзы­лған құқы­қтар­ды тиім­ді қал­пы­на кел­тіру­ге қыз­мет етуі тиіс.

Алай­да қан­дай тех­но­ло­ги­я­лық өзгерістер орын алса да, судья­ның шешу­ші рөлі өзгеріс­сіз қалуы тиіс. Сот шеші­мі дегені­міз — тек құжат­тар­ды авто­мат­ты түр­де өңдеу неме­се бағ­дар­ла­ма­лық алго­ритмді қол­да­ну емес. Әрбір аза­мат­тық істің артын­да нақты тағ­дыр­лар, адам­дар­дың мүл­кі, бас­па­на­сы, мін­дет­те­ме­лері мен шынайы өмір­лік жағ­дай­ла­ры тұр.

Сон­ды­қтан зама­на­уи сот төрелі­гі озық тех­но­ло­ги­я­лы әрі жедел болуы­мен қатар, ең басты­сы — заң­ды, сал­мақты және әділ болуға тиіс. Цифр­лық мүм­кін­дік­тер­дің, судья­лар­дың кәсі­би пара­са­ты­ның және про­цесс қаты­су­шы­ла­ры­ның құқы­қта­ры­на деген терең құр­мет­тің үйлесі­мі ғана қоғам­ның сот жүй­есіне деген шынайы сені­мін нығай­та алады.

- Маз­мұн­ды да терең сұх­ба­ты­ңыз үшін рахмет!

Айгүл Қал­кенқы­зы, Datnews

Республиканский еженедельник онлайн