Өткен аптада Қазақстанның саяси-эконо микалық кеңістігінде бұрын-соңды болмаған, ашық күнде күн күркіреген оқиға орын алды. 11 қараша күні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи мыл қызметі елдің ең ірі стратегиялық ак тив терін басқаратын «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұр лан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отыншиевті сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұстады.
Аспаннан ақша жауған күн…
Қылмыстық-про цес тік ко дексінің 201- ба бына сәй кес, тергеу құпия сы сақтал ға нымен, ресми мә лімде ме лер мен ақпарат құ ралдары ның деректері істің ауқымы қан дай екенін бірша ма аң ғар тады. Өйткені осы оқи ға ның аясында қордың са тып алу департаментінің өкілдері мен өзге де тұлғалар ұстал ғаны хабарланды.
Бұл оқиғаға Астанадағы «Атлант» тұрғын үй кешенінің ауласында түсірілген бейнежазба ерекше сипат берді. Тінту және ұстау шаралары кезінде элиталық пәтердің те резесінен лақтырылған сөм ке лерден АҚШ долларының бумалары желге ұшып, аула ға шашылған сәт әлеуметтік желілерге лезде тарады. Мұн дағы кейбір деректерге қара ғанда, лақтырылған шабада нның әрқайсысына 7 млн АҚШ доллары сыяды, олардың саны – 8. Қарапайым арифмети калық әдіспен көбейтсек, 56 млн көк қағазға тең. Бұл де геніңіз, қазіргі бағаммен есептегенде, шамамен 25,65 млрд теңге деген сөз! Осындай қыруар қаржы аулада шашылып жатса, 11 қараша – шынымен де аспаннан ақша жау ған күн емес пе?!.
Бұл тек үйде сақталған ақ ша, сондай-ақ олардың ел ішіндегі, шетелдердегі есеп-шоттарында да қыруар қар жы болуы мүмкін ғой! Оған жылжитын, жылжымайтын мү лік терін, басқа да активтерін қоссаңыз қанша болады?!.
Әрине, бұдан қарапайым халыққа көк тиын пайда жоқ! Есесіне бұл оқиға квазимем лекеттік сектордағы көлеңкелі қаржы ағындарының айқын сим волына айналды және қо ғамды жегі құрттай кеміріп бара жатқан сыбайлас жем қорлық тың жемсауы әлі те толмағанын тағы бір рет анық көрсетті.
Енді «әр жамандықтың бір жақсылығы болады» демекші, ел басшылығы, құқық қорғау ұйымдары бұдан дұрыс қоры тынды шығарып, қазынаны ти імді жұмсау, ұлттық экономиканы ұйымдастыру және бас қару жөнінде көпшіліктің пікі рін ескере отырып, заң негі зінде тиісті саяси және құқық тық шешім қабылдайтын болса, халық үшін оның пайдасы сол болмақ!
Атышулы оқиғаның алғышарты неде?
Одан дәл бір апта бұрын, 4 қараша күні премьер-министр Олжас Бектенов «Самұ рық-Қазына» директорлар ке ң есінің отырысында қор бас шылығын ірі инвестициялық жо балардың мерзімін созып алғаны үшін қатты сынға алған еді. Сол сыннан кейін Алматы дағы ЖЭО‑3 нысанын жаңғыр туды бақыламағаны үшін «Са мұрық-Энерго» басшысы Қай рат Мақсұтов қызметінен бо сатылған болатын.
Десек те, БАҚ пен әлеумет тік желілерді жарған осындай атышулы қылмыстық оқиғаға қа рамастан, «Самұрық-Қазы на» мен ҚТЖ баспасөз қызмет тері құқық қорғау ұйымдарына жан-жақты жәрдем көрсетіліп жатқанын, ал холдинг пен ен шілес компаниялардың штат тық режимде жұмыс істеп, инвесторлар алдындағы барлық міндеттемелерін орындай беретінін мәлімдеді. Бұған да шүкір дейміз!
Арада екі күн өткенде, 13 қараша күні Мемлекет басшысы Қасым-Жо март Тоқаев Қауіпсіздік кеңе сінің шұғыл оты рысын өткізіп, бұл іске қа тысты қатаң саяси бағасын берді.
«Самұрық-Қазына» қандай мақсатта құрылды?
Алдымен 2006 жылы бұрын ғы президент Нұрсұлтан На зар баевтың бастамасымен «Самұрық» холдингі, 2008 жылы сингапурлық әйгілі Temasek компаниясының үлгісінде «Са мұрық-Қазына» қоры пайда болды. Алайда сингапур лық қор – дербес корпоратив тік басқаруы, айқын ереже лері мен инвестиция нәтиже лері бойынша жария есептілігі бар кәсіби инвестициялық ком пания. Ал бізде қалай?
Біз еліміздегі ең ірі ұлттық компанияларды топтастырып, бір қордың иелегіне бердік. Мұнай, газ, теміржол, энергетика, байланыс және тағы бас қа салалардың бәрін бас қаруды соған тапсырып, турасын айтсақ, ұлттық экономиканы басқаратын алып орталық – мемлекет ішінде та ғы бір мемлекет құрдық. Мына сан дардың өзі оны дәлел дей ді.
Өткен жылы «Самұрық-Қа зына» тобының шоғырлан ды рылған түсімі 19,1 триллион, ал республикалық бюджеттің барлық кірісі 21,4 триллион теңге болды! Қор активтерінің жалпы құны 46 триллион теңге. Бұл дегеніңіз – Қазақстанда қаржы көлемі тұрғысынан мем лекеттік бюджетпен шамалас, бірақ мүлде бөлек ба қылау тетіктерімен жұмыс іс тейтін орасан зор экономи калық орталық бар деген сөз!
Ең қиыны – біз ең ірі мем лекеттік активтерді басқару ісін салалық жауапкершіліктің үйреншікті жүйесінен бөліп алып, жеке холдингке бердік. Қазір салалардағы негізгі кә сіпорындар басқа орталық тың басқаруында болған дық тан, министрлер өздерінің жау апкершілігін сезінбейді. Бұл еліміздің дамуына кері әс ер етіп отыр!
Ұлттық холдинг ұлтқа қызмет етті ме?
2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысы кезінде «Самұрық-Қазынаны» құрудың ресми мақ саты мінсіз еді. Елдің стра тегиялық активтерін бір жұды рыққа жинау, банктер мен жүйе құраушы кәсіпорын дар ды жедел құтқару, арзан ба тыстық кредиттерді тарту жә не корпоративтік басқарудың озық стандарттарын енгізу қажет болды.
Алайда бұл құрылымда тез арада көпшілік үшін жасырын басқа бір функция пайда болды. Елдің ірі ақша ағын да ры – мұнай, газ, уран, темір жол дар, энергетика және бай ланыс – министрліктер мен депутаттардың тікелей бақылауынан шығып, жүйе дәс түрлі мем лекеттік те же гіштер мен тепе-теңдіктен тыс орасан зор «сейф» құрды. Сонда ол кімге жұмыс істеді?
Ескі Қазақстан дәуірінде суперхолдинг іс жүзінде рента мен әкімшілік ресурстарды бөлудің тамаша құралына айналды. Оның ішінде өзінің ойын ережелері бар жабық эко жүйе қалыптасты. Ұзақ жылдар бойы қордағы және оның жүздеген еншілес құрылым дарындағы басқарушы ор ын тақтар ауыр өндірістік вахта ретінде емес, беделді «тыныш орын» немесе элита мен ол арға жақын басқару клан да рының өкілдері үшін трамплин ретінде қабылданды. Нағыз өндірісшілер – теміржол шы лар, энергетиктер, мұнайшы лар көбінесе «тиімді менеджерлерге» бағынышты, олар дың басты құзыреті – көп миллиардты бюджеттерді келісе білу ғана болатын.
Холдингтің сатып алу жүй е сі арқылы триллиондаған теңге құйылды. Жабық тендерлер мен делдалдардың күрделі тізбектері жағдай ын да дәл осы жерде «жақын»-үл естес немесе артықшылық ты мердігерлердің жағдайы туды, ал ұлттық компаниялар орасан зор қарызға батып, инфрақұрылымы әбден тоза берді.
Сөзіміз дәлелді болуы үшін мына деректерді келтірейік: 18 жыл ішінде Басқарманың жедел басқаруында стилі мен бэкграунды бойынша әртүрлі адамдар тұрды және әрбір жаңа төраға басқа ру шы директорлар құрамын то лығымен жаңарта отырып, жеке басқару командасын қа лып тастырды. Айталық, әр жыл дары қорды Қайрат Ке лімбетов, Тимур Құлыбаев, Ахметжан Есімов, Өмірзақ Шө кеев, Алмасадам Сәтқалиев және соңғы 3,5 жылда күні кеше тұтқындалған Нұрлан Жа қы пов басқарса, Директорлар кеңесіне 7 премьер-министр – Кәрім Мәсімов (екі рет), Серік Ахметов, Бақытжан Сағынтаев, Асқар Мамин, Әли хан Смайылов және соң ғы жылдары Олжас Бектенов (әлі күнге) жетекшілік етті. Өйт кені «Самұрық-Қазынаның» жалғыз акционері – Қазақстан үкіметі. Бірақ қай-қайсысының тұсында да іргелі қо рытынды өзгеріссіз қалды.
Жоғары ау диторлық пала та ның дерек тері бойынша 2025 жылдың аяғында топ 326 ком панияға дейін өсті, оның ішін де 41‑і жылды шығынмен аяқ тады, 23‑і мүлде жұмыс іс темеген, ал тиімсіз пайдала ныл ған және жоспарланған қа ражат көле мі 122,2 миллиард теңгеге ба ғаланды. Хол дингтің активтері 46 триллион теңге ден асса да, еліміз ЖЭО-ның әбден тозуы, жүк вагонда ры ның тапшы лығы және аза мат тардың мо нополистердің ба залық қызметтерінің сапасына үнемі шағымдануын бас тан кешіріп жатыр. Алты түрлі басшылық пен Директорлар кеңесінің жеті құрамы кезінде де жүйе тек бір нәтижені – керемет бонус тар мен дүркін-дүркін сыбайлас жемқорлық жанжалдары кезінде созылмалы тиімсіздікті қайталады. Бюджет тапшылы ғын көп балалы аналарға тө ле нетін жәр демақыларды қыс қарту, мү гедектігі бар адам дарды күту бойынша төлемдерге арнал ған сүзгі лер ді қатайту, қарыз, салық немесе қатаң секвестрмен жабуға болады. Бірақ сенім тапшылығын жою өте қиын!
Бірінде – миллиондаған аза маттар қазынаның тұрақ ты лығы үшін белбеулерін тар туға мәжбүр. Екіншісінде – ква зимемлекеттік сектордың жабық қабаттарында триллиондармен операция жасалады, ал БАҚ пен әлеуметтік же лілерді бірінші басшылардың ұсталғаны және терезеден лақтырылған миллиондаған доллар салынған шабадандар туралы ақпарат жарып жатыр. Бұл – қоғамдық шартқа тікелей соққы!
Біз мұны 2022 жылдың қаң тарында бастан өткердік, ол кезде жылдар бойы жинақ талған әлеуметтік әділетсіздік пен демонстра циялық жікте лім әбден шар шаған адамдарды алаңға шығарды. Бұ дан шығатын қо рытынды – әлеуметтік жарылыс әрқашан барлығы үшін бір ыңғай ойын ережелеріне сену аяқталатын жерден бас талады!
Қарапайым халық не дейді?
Біз 1981–86 жылдары қазақ білімі мен ғылымының қара ша ң ырағы саналатын қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факульте тінде оқыған кезімізде 20 жыл ға жуық декан қызметін атқар ған, қазақ тарихында сатирадан тұңғыш докторлық дис сер тация қорғаған ұлы ұста зымыз, марқұм Темірбек Қо жакеев: «Күлкі – күштілердің қаруы», – деп үйреткен. Кешегі қылмыстық оқиға ақпарат ке ңістігін «жарған» кезде бұған артық рет көзіміз жетті.
Мысалы, «Күлкі базар» қа зақстандық танымал әзіл-сы қақ және сатиралық жоба сының «Ютуб» арнасында бір ақсақал: «Аспаннан ақша жауып жа тыр еді ғой, бір пачкасын алып келген шығарсың? Ол – арам болса, аналарға арам, халыққа адал еді бұл ақша. Қазына халықтыкі ғой. Ол ана пенсиясы көбеймей жат қан пен сионерлердің ақшасы, көп балалы аналардың төлен бей жатқан, кешегі алып қой ған по собиясының ақшасы. Бұл – жетім-жесірдің, кәріп-кә сірдің ақысы, 400 мыңға жа қын жабылып жатқан ИП, ТОО, жұ мыс сыздардың ақшасы», – деді.
QAZAQ ELI тобы
тағы бір же ліде:
«Отырғызған тақырға
Тірліктерің ақыл ма?
Пособиясы сәбидің
Чемоданда жатыр ма?
Тиын түссе халыққа,
Отчет керек салыққа.
Ал дөкейдің доллары
Атасынан қалып па?!
Самұрығым – қазынам,
ҚТЖ-ға жазып ән,
Қазағымды жеп жатыр,
Қанағаттың азынан.
Самұрығым – қазынам,
ҚТЖ-ға жазып ән,
Жемқорлықтың дертінен
Енді қалай жазылам?!» –
деп, сатирамен сын садағын қадап, күштілерге тән күлкімен зіл-батпан сұрақ қойды.
Ал бір ана: «Сіздер әлеу меттік осал топтағы халықтың тиын-тебеніне дейін лупамен са нағанша, халықтың қалта сы на кіргенше, оларға өзде рінің бейшаралығын дәлел деткенше, жоғарыда отырған, ақшадан өлген сорлыларды неге ұстамайсыңдар? Олар декларация тапсырмай ма? Сіздер қаншама ақша қайда кетіп жатқанын қарамай сыз дар ма?! – деген мағынада үн деу жасады.
Мұның бәрі қарапайым ха лық қоғамның аса асқынған дертін жақсы білетінін, соның өзінде қиындықтарға мойымай, оның ауыртпалығын күл кі мен жеңіп жатқанын, халық – қай кезде де өміршең, жасампаз екенін көрсетеді. Бір ақ шыдамның да, төзімнің де шегі бер екенін ұмытпауымыз керек!
Тұрғын үй кешенінің ауласында шашылып жатқан долларлар мен сегіз чемодан туралы бейнежазбалар халық тың ашу-ызасын тудырды. Аза маттар бұл көріністі қым батшылықпен, инфляциямен, салықтық өзгерістермен және теміржол билеттерінің тапшы лығымен, пойыздардың ескі руі мен салыстырып, өткір сын ға алды.
Президенттің
ұстанымы
13 қараша күні Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өт кізген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл оқи ғаны жай ғана қылмыстық іс емес, мемлекеттік басқару жүйесі үшін үлкен сынақ ре тін де бағалады. Сондай-ақ соң ғы үш жылдағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты статистиканы да жариялады.
– Тек кейінгі үш жылдың іш ін де, яғни 2023 және 2025 жылдар аралығында 3 168 сыбайлас жемқорлық бойынша құ қық бұзушылық анықталды, со ның ішінде 2 165 құқық бұзу шылықты мемлекеттік қызмет шілер жасаған, ал қалғанын басқа да тұлғалар, атап айт қанда, квазимемлекеттік сектор қызметшілері жасаған. Жалпы сомасы – 248,2 миллиард теңгеден асады, – деді Президент.
Ал биылғы жылдың он айында 751 сыбайлас жемқор лық құқық бұзушылығы тіркел ген. Оның 546-сын мемлекеттік қызметшілер, 205-ін басқа тұл ғалар, соның ішінде квази мем лекеттік сектор қызмет керлері жасаған.
Мемлекет басшысы бұл статистика елдегі жемқорлық ахуалының күрделілігін көр сететінін айтты.
Сонымен бір ге билік бұл мәселені жасырмайтынын, сыбайлас жемқор лықты жою үшін қабылданған және алдағы уақытта қабыл да натын шаралар туралы ха лыққа ашық ақпарат беретінін жеткізді. Тергеу барысында лау азымы мен бұрынғы еңбе гіне қарамастан, ешкімге же ңілдік жасалмайтынын да қа дап айтты.
«Біз басын құмға тық қан түйеқұстың кейпіне түс пейміз», – деп мәлімдеген ол ҰҚК мен Бас прокуратураға істі жіті тексеруді тапсырды. Сондай-ақ «15 наурызда жал пыұлттық референдумда қа был данып, 1 шілдеде күшіне ен ген Жаңа Конституцияда бекітілген «Заң мен Тәртіп» қа ғидатының іс жүзіндегі ал ғаш қы ірі көрінісі осы іс екенін атап өтті. «Конституцияны, он ың негізгі ережелерін елемеу халықты кемсітумен тең», – деді Президент.
Мемлекет басшысы Үкімет пен бақылаушы орган дарға 24 қарашаға дейін квазимем лекеттік сектор дағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты ұсыныс тар әзірлеуді жүктеді.
Сондай-ақ заңсыз ием денілген активтерден қайта рылған 1,3 трлн теңгеге салынып жатқан 466 әлеуметтік нысанның сапасын тексеруді және мемлекет қаржысының жұмсалуын қа да ға лайтын арнайы мемле кет тік комиссия құруды тапсырды.
Сарапшылар, қоғам қайраткерлері, белсенділер не дейді?
Саяси орта мен сарапшылар қауымдастығы бұл тұтқын дауларды ішкі элиталық кү рес, сатып алу жүйесіндегі аш ықтық және басқару аппа ратының жауапкершілігі тұр ғы сынан талқылауда.
Құрылтай депутаты Никита Шаталов бұл оқиға «Халықтық құрылыс» мемлекеттік бағдар ламасы аясында бөлінетін 6,5 трлн теңгені қаражат игеріл мей жатып мердігерлерге, әкім діктер мен ұлттық компания операторларына беріл ген қатаң ескерту десе, саясаттанушы Данияр Әшімба евтың пікірінше, елдің мұнай-газ, энергетика және көлік салаларын уысында ұстап от ыр ған қос құрылым басшысының бір мезетте қамалуы – мем лекеттің жемқорлыққа қарсы бітіспес бағытының және жа ңа Конституциядағы «Заң мен Тәртіп» нормасының нақты жұ мыс істей бастағанының дә лелі.
Ал саясаттанушы Талғат Ис мағамбетов басты қауіп халықтың наразылығында ем ес, бюрократиялық аппарат тың «жұмсақ саботажында» екенін ескертеді.
РҒА Орталық Азия секто рының меңгерушісі Станислав Притчин бұл оқиғаны ірі инфрақұрылымдық жобалар мен миллиардтаған бюджет қаржысын бақылау жолын дағы ел ішіндегі ықпалды топ тардың күресімен байланыстырса, заңгер, бұрынғы депутат Айтуар Қошмамбетовтің пікірінше, шағын бизнес салық төлеу үшін тиын санап отыр ғанда, мемлекеттік топ-ме нед жерлердің миллиондаған долларды чемоданмен ұс та уы қоғамда үлкен әділетсіздік сезімін тудырады. «Самұрық-Қазына» мен «Бәйтерек» хол дингтерін реструктуризациялап, бейінді емес активтерді жекешелендіру арқылы орасан зор қаражатты босатуға болады.
Салық және қаржы сарапшысы Максим Барышев егер ірі жымқырулар дәлелденсе, халық пен бизнеске салықты көтерудің орнына алдымен мем лекеттік корпорациялар дың шығынын қатаң тексеру керек. Қорды Норвегияның зей нетақы қоры үлгісімен аш ық ету қажет.
Energy Monitor қорының директоры Нұрлан Жұмағұлов Жақыпов тұсында жасалған – Түркістан облысындағы күкірт қышқылы зауытының 60% үле сін конкурссыз сату, Phys tech‑2 мұнай-газ компания сының 51% үлесін тендерсіз беру және «Богатырь Көмір» кәсіпорнындағы мемлекеттік үлесті 50%-дан 35%-ға дейін төмендетіп, катарлық инвес торға сату сияқты үш күмәнді мәмілені тексеруді талап етті. Экономист Рақым Ошақбаев бұл ұстауларды теміржол саласында бұрыннан басталған тазартудың жалғасы деп санайды. Бұған дейін ҚТЖ-ның бірнеше департамент директоры мен басқарушы директорлары қамауға алынған еді, енді жемқорлыққа қарсы кү рес ең жоғарғы деңгейге жет ті дейді.
Экономистер назар ау дар ған тағы бір маңызды дерек – ҚТЖ-ның 4 триллион тең геге жеткен қарыз жүктемесі. Жалпы, қоғамдық пікірде «Са мұрық-Қазына» қорын тиімсіз, делдал құрылым ретінде таратып, ұлттық компанияларды тікелей бейінді министр лік тердің немесе Парламент ба қылауындағы ашық басқаруға беру керек деген ұсыныстар қайта жанданды.
Бірқатар елге белгілі экономист, ғалымдар да осындай пікірде. Соның бірі академик Оразалы Сәбден. «Екі ірі компания басшыларының ұсталуы, бұл адам айтқысыз сенсациялық жаңалық. Елі мізд е сыбайлас жемқор лық тың қандай деңгейге көтеріл генінің белгісі. Меніңше, Президент тез арада, барлық са лаларға аудит жасатып, тү бегейлі кадр реформасына бару керек. Халық шаршады, қолдайды деп ойлаймын. Ал дағы екі онжылдықтың негізгі проблмасы – Мемлекетті тиім ді басқару мен жаңа технологиялар, жасанды интеллект дәуіріне сай кәсіби біліктілікте, жаңа кадр саясатында», – дейді ол.
Ал эконмист Мақсат Ха лық «Самұрық-Қазына» қорын таратып, оның құрамындағы активтерді тиісті бейінді ми нистрліктердің қарамағына беру қажет деп санайды. Тағы бір экономист Сапарбай Жұбаев жемқрлықты жеті бас ты айдаһарға теңеді.
Өз басым 2009 жылы 8 қа занда Ұлттық арнаның тікелей эфирде өткен «Дағдарыстан – дамуға» атты бағдар лама сында біздегі тек қана бюджет қаржысын жымқыру мақ сатында құрылған еншілес компания түріндегі аралық құрылымдардың бәрін жабу керек деген едім.
Кешегі оқиғадан кейін осы тақылеттегі пікірлер көбейді. Халық кеңесінің мүшесі, бұ рын ғы депутат Мұрат Әбенов «Самұрық-Қазынаны» біртұтас басқарушы холдинг ре тінде таратып, ұлттық компанияларды салалық қағидат бойынша тікелей мемлекеттік басқару жүйесіне қайтаруды ұсынды.
Қоғам қайраткері, сарапшы Ғалым Байтоқ та бұл қорды таратуды талап ететінін айтты. Елге белгілі бірқатар экономистер де, ғалымдар да ос ындай пікірде.
Тоқсан сөздің түйіні
Бұл атышулы қылмыстық оқи ға дан кейін Ұлттық қор бас қармасының жетінші төр ағасын тағайындап, оған хол дингті сауықтыру бойынша кезекті «жол картасын» ұсыну жеткіліксіз. Қоғам Мемлекет бас шысынан түбегейлі өзге ше қадам – «Самұрық-Қазы наның» барлық 18 жылдық тарихының әрбір басқарушы құрам тұсындағы бұрынғы абырой-атақ пен аппараттық салмаққа жеңілдіксіз толық аудитін күтеді.
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының тұтқын далуы Қазақстанның қазіргі саяси-экономикалық та ри хын дағы бетбұрысты кезеңге айналды. Бір жағынан, бұл – жаңа Конституциядағы «Заң мен Тәртіп» қағидатының жо ғары лауазымды шенеунік терге де қолданылатынын көр сеткен биліктің саяси ерік-жігері десек, екінші жағынан, квазимемлекеттік секторды басқару моделінің терең дағ дарысқа ұшырағанын айғақ тайды.
Үкіметтің 24 қарашаға де йін ұсынатын реформалық па кеті, жаңадан құрылатын мем лекеттік комиссияның жұмысы және сот процесінің ашықтығы осы істің шынайы тарихи ба ғасын айқындайтын басты өлшем болмақ. Халық пен сарапшылар қауымы енді тек «ұстау хроникасын» ғана ем ес, жүйелі тазару мен нақты институционалдық өзгеріс тер ді күтеді.
Біздің ойымызша, ең абзалы – бұл қорды жауып тыну! Өйт кені қасіретті Қаңтар оқи ғасынан кейін Президент Қа сым-Жомарт Тоқаев: «Бұл қор керек пе өзі?» – деген еді. Бү гін, міне, елдің әл-ауқатын жақ сарту мақсатында құрыл ған «Самұрық-Қазына» кері сінше, бүкіл халықтың қазына сына қол салып, қол салғанда да мол салып, тек бір топ бай-бағландардың ғана шалқып өмір сүруіне қызмет еткені анық дәлелденді. Сөйтіп, Пре зидентті сан соқтырды!
Енді осы шекспирлік сұ раққа «Жоқ!» деп жауап бе ретін сәт туған сыңайлы! Сөйт сек, халық та «ақыры жабыл ды-ау, үһ» деп, ел тұр ғын да ры ның әділетті қо ғам ға деген үміті оянар еді!
Құтмағамбет ТАЛАПБАЙҰЛЫ