Четверг , 3 сентября 2026

«ЕЛДЕГІ ЕКІНШІ АДАМ»

Елде­гі «екін­ші адам» атанған аза­матқа мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев жүк­те­ген сенім­нің сал­мағы орас­ан зор, жау­ап­кер­шілік одан да жой­қын! Төрт жыл­дың төңіре­гін­де төр­ге шыға­рар абы­рой мен бедел жинай жүру, сал­мағы бат­пан мем­ле­кет­шіл мін­дет­тер үддесі­нен шыға білу бұл елдік­ке еткен ерен еңбек­тің нәти­же­сі бол­са керек!

Сая­си истеб­лиш­мент­те екі жаққа бір­дей мін­деті болуы тиіс «сенім» деген жалғыз ауыз ата­удан біраз сөз суырт­пақта­уға бола­ды. Қаңтарға дей­ін­гі екіұ­дай жыл­дар­ды есеп­ке алмаған­да, билі­гі бекем­ден­ген бер­гі төрт жыл­да ел Пре­зи­ден­ті біраз аза­матқа сенім арт­ты: некен-саяқ біре­улері суы­ры­лып шыға біл­ді; енді біре­улері өгіз бен арба­ның аман­ды­ғы арқа­сын­да ғана бораз­да­ны бұз­бай жүр; сенім жүгін қыз­мет-қары­мы­на өңге­ре алмаған біра­зы биік-биік лау­а­зым­нан кету­ге мәж­бүр болды.

Ал енді­гі жер­де сая­си иерар­хи­ядағы «екін­ші адам» атанған Ерлан Карин – Қаңтарға дей­ін де, одан кей­ін де пре­зи­дент­тік сенім­нің жете­гі­мен тек қана өрлеу үстін­де келе жатқан тұлға. Әрине, елдің басты идео­ло­гы болған соң, ескі билік бөл­шек­теп тастаған ала-құла қоғам­ның «неге өйт­пей­ді, неге бүйт­пей­ді» деген сияқты «қаза­қы сарап­шы­лық» сөз­дері естіліп жата­ды. Әсіре­се онлайн-орта­ның аузы­на қақ­пақ бола алмайсың…

Бірақ мем­ле­кет­тік ішкі сая­сат алып-қашпа пікір­де­гі «өйтіп-бүй­ту­мен» жасал­май­ды. Бұл сая­сат әдет­те даб­ы­ра­шыл қоғам­ның алдын­да ғана емес, тұтас елдің, мем­ле­кет­тің және тәу­ел­сіздік талап­та­ры алдын­да жау­ап­ты. Сон­ды­қтан Қаза­қстан халқын бір­тұ­тас елдік даму идео­ло­ги­я­сы­на жұмыл­ды­ра білу – «май­дан қыл суы­рған­дай» сыр­баз қадам­ды қажет ете­ді. Және бұл салиқа­лы қажет­тілік едел-жедел емес, уақыт­пен бір­ге мысқал­да­нып қалыптасады.

Міне, менің­ше, кеше­гі мем­ле­кет­тік кеңес­ші, бүгін­гі вице-пре­зи­дент Ерлан Карин – ел бас­шы­сы артқан осын­дай сенім­ді арқа­лай алған аза­мат. Діл­мәр­сіз сөз бен құт­ты­қта­удың бүгін­гі тобы­қтай түй­іні – басталған өте маңы­зды мем­ле­кет­тік ісіңе Жаратқан жар бол­сын, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның вице-пре­зи­ден­ті Ерлан мырза!

Арқаң­ды айбын­ды еліңе сүйе, аяғы­ң­ды тәу­ел­сіз жеріңе тіре! Осы еке­уіне қал­тқы­сыз қыз­мет қыла біл­сең, тұғыр­дан түс­пе­сің кәміл! Іске сәт!

PS. Айт­пақ­шы, тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жыл­да­рын­да біз­де вице-пре­зи­дент­тік лау­а­зым болға­ны жаңа тарих­тан мәлім. Бірақ ол лау­а­зым кей­ін­гі жеке-дара билік­ті қалып­та­сты­ру қамы­ның құр­ба­ны бол­ды. Ал енді­гі вице-пре­зи­дент тәу­ел­сіздік тұғы­рын бекіту жолын­дағы халық пен қоғам­ның дәне­кер тұлға­сы­на айна­ла­ды деген сенім зор!

Ермұрат БАПИ

Республиканский еженедельник онлайн