Понедельник , 14 сентября 2026

Мұғалімдер сағат үшін ДИРЕКТОРҒА ТӘУЕЛДІ болмауы керек

Оқу-ағар­ту мини­стр­лі­гі мек­теп­тер­де мұғалім­дер­дің сабақ жүк­те­месін бөлу үдерісін цифр­лан­ды­ру­ды жос­пар­лап отыр. Ведом­ство бас­шы­сы Жұл­дыз Сүлей­ме­но­ва­ның айтуын­ша, жаңа жүйе педа­гог­тер­ге сағат бөлу кезін­де әділет­сіздік­ке жол бер­ме­у­ге және олар­дың мек­теп бас­шы­лы­ғы­на тәу­ел­ділі­гін азай­туға мүм­кін­дік береді.

Министр бұл мәсе­лені цифр­лық тех­но­ло­ги­я­лар мен жасан­ды интел­лек­тінің көме­гі­мен шешу көз­деліп оты­рға­нын айтты.

– Бір­де-бір мұғалім сабақ саға­ты үшін дирек­торға мәж­бүр­лі түр­де тәу­ел­ді бол­мауы керек. Бұл – менің прин­ципті ұста­ны­мым. Сон­ды­қтан мәсе­лені цифр­лық тех­но­ло­ги­я­лар мен жасан­ды интел­лект арқы­лы шешу қажет деп есеп­тей­міз, – деді Жұл­дыз Сүлейменова.

Қазір­гі уақыт­та мини­стр­лік қол­да­ны­стағы LMS плат­фор­ма­ла­ры­мен қатар, «Орта білім» жүй­есін іске қосып, білім беру сала­сын кезең-кезеңі­мен цифр­лан­ды­рып жатыр. Жаңа тетік әр педа­гог­тің орта­ша жүк­те­месін есеп­теп, сабақ сағат­та­рын бөлу үдерісін жүй­е­ле­у­ге тиіс.

Жоба Оқу-ағар­ту мини­стр­лі­гі мен Қар­жы депар­та­мен­тінің бір­ле­суі­мен жүзе­ге асы­ры­лып жатыр. Мини­стр­дің сөзін­ше, жоба­ның нақты тетік­тері бір жыл ішін­де айқын­да­луы мүмкін.

– Цифр­лық шешім енгізіл­ген­нен кей­ін сабақ саға­тын бөлу­ге қаты­сты дау, бір мұғалім­ге көп, екін­шісіне аз сағат беру секіл­ді мәсе­ле­лер шешіледі деп ойлай­мыз, – деді ведом­ство басшысы.

Соны­мен қатар Жұл­дыз Сүлей­ме­но­ва мек­теп­тер мен оқу­шы­лар саны көп өңір­лер­мен жеке жұмыс жүр­гізілуі мүм­кін екенін айт­ты. Мәсе­лен, Түр­кістан облы­сын­да мың­нан астам мек­теп жұмыс істей­ді және 500 мыңға жуық оқу­шы білім алады.

 Диа­на ОРЫНБАСАР

Республиканский еженедельник онлайн