Четверг , 3 сентября 2026

ОРАМАЛ МЕН ОҚУШЫ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ

Жаңа оқу жылы­на қарай мек­теп­те­гі «ора­мал» мәсе­лесі қай­та өршіді… Жыл сай­ын қай­та­ла­на­тын құбылыс.

Енді «хиджап­ты арман­да­у­шы­лар» жұрт­ты алда­уға, аза­мат­тар­дың сана­сын шата­сты­руға көшіп­ті… Олар «Жоғарғы сот­тың «ора­мал таққан» деп оқу­шы қыздар­ды мек­теп­ке кір­гіз­бе­у­ге дирек­тор­дың құқы жоқ» деген шеші­мі бар деп, ата-ана­лар­ды мек­теп тәр­тібіне бағын­ба­уға шақы­рып жатыр.

Жоғарғы сот не айта­ды? Ол «Елі­міз­де қан­дай да бір себеп­тер­мен бала­ның білім алуы­на кедер­гі кел­тіру­ге бол­май­ды» дей­ді. Бұл шешім ҚР Кон­сти­ту­ци­я­сы­на сәй­кес келеді.

Алай­да Білім мини­стрінің бұй­ры­ғы арнайы мек­теп фор­ма­сын бекі­те­ді. Ол бой­ын­ша фор­маға сай емес киім­мен мек­теп­ке кіру­ге тый­ым салынған.

Бұл жер­де мек­теп Жоғарғы сот шеші­мін бұзып тұрған жоқ. Мек­теп ора­мал таққан қыздың білім алуы­на еш шек­теу қой­маған. Мек­теп одан тек біры­ңғай бекітіл­ген мек­теп фор­ма­сын киіп келуді талап етіп отыр. Мыса­лы, мек­теп сол сияқты жалаңаш кел­ген, не өте лас, не шоқ­пыт киім киіп кел­ген оқу­шы­лар­ды да мек­теп­ке кір­гіз­бе­у­ге міндетті.

Бұл жер­де жас бала­ның білім алу құқы бұзы­лып тұрған жоқ. Мек­теп тек эти­ка­лық, не сани­тар­лық нор­ма­лар­ды талап ете­ді, әрі біры­ңғай мек­теп фор­ма­сы талап етіледі. «Ора­мал» (негіз­гі мақ­сат хиджаб қой) киіп келу де – мек­теп­те қабыл­данған біры­ңғай фор­ма үлгісін бұзу.

Дін­ге кел­сек, онда – біз­де бар­лық дін­дер­дің ста­ту­сы тең. Енде­ше мек­теп­ке өзге бар­лық дін­дер мен сек­та­лар өз талап­та­рын қоюға құқы­лы, тек қана ислам діні емес…

Бірақ оқу­шы бала кәме­лет­ке тол­маған­ды­қтан, ере­сек аза­мат­тарға арналған заң­ның күші оларға жүр­мей­ді. Олай бол­са, «мек­теп­ке ора­мал тағып келу» – оқу­шы қыздың заң­ды құқы­на жат­пай­ды. Оны оған ата-ана­сы, не діни орта­сы жол көр­сетіп, оқу­шы қызды ора­мал тағуға мәж­бүр­леп отыр деп санау керек. Енде­ше дін­ді жамы­лып, мек­теп тәр­тібіне қар­сы шыққан ата-ана­лар «оқу­шы қызда­ры­ның білім алу құқы­на қар­сы әре­кет­ке барған» деп сана­лып, оларға көлем­ді айып­пұл­дар салы­нуы керек.

Егер олар бала­ны мек­теп­ке жібер­ме­се – бала­ның білім алу құқы­нан ажы­ратқан­да­ры үшін олар­ды ата-ана құқы­нан айы­руға да бола­ты­нын ескер­туі­міз керек. Сон­ды­қтан осы мәсе­ле­де шатаспайық…

Ескер­ту: Қазір ком­мент­тер­де «жалаңаш» және т.т. деген­дер шығуы мүм­кін. Оларға айта­ры­мыз: Сіз­дер мек­теп­те қыз балаға дұрыс тәр­бие бер­мей­ді деген ойдан арылыңыздар.

Мек­теп ресто­ран емес… Мек­теп­те Ұлт­тық тәр­бие негізі қала­на­ды. Ол сіз­дер ұсы­на­тын «діни тәр­би­е­ден» мың есе артық!

Әбдіра­шит БӘКІРҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн