Четверг , 23 июля 2026

ПАРТИЯ БАСШЫЛАРЫ ТІЗІМДЕРДІ ҚАЙТА ҚАРАСА

Соңғы кез­де көп айты­лып жүр­ген мәсе­ле­лер­дің бірі – кім­нің Құры­л­тай­ға сай­ла­на­ты­ны. Кеше­гі пар­ти­я­лар тара­пы­нан ұсы­ны­лған тізім­дер асы­ғыс жасалған. Бірін­ші­ден, Пар­ла­мент­тің функ­ци­я­сы – Үкі­мет­пен жұмыс істеу, себебі заң жоба­ла­ры сол жақтан келеді, үкі­мет­тік сағат­тар­да жұмысын тал­дап-талқы­лап, кез кел­ген шеші­міне баға беру және өз тара­пы­нан ұсы­ныс беру болып сана­ла­ды. Мен Мәжіліс депу­тат­та­ры­мен ІV шақы­ры­лым­нан бастап жұмыс жасап кел­дім. Басын­да мини­стр­лік­тен заң жоба­сы­ның баста­ма­шы­сы болып жүр­дім, ол кез­де үлкен кісілер көп бол­ды, абы­рой-атақта­ры жер жара­ды, бір-екі рет «сені­мен сөй­ле­с­пей­міз, мини­стріңді шақыр» деген кез­дер де болған.

Біздің заң­дарға, 2008 жыл болуы керек, қат­ты мән беріп, үлкен дау-дамай көтер­ген депу­тат Алтай Абы­лай­ұ­лы Тіле­убер­дин бол­ды, мини­стрің кел­сін деді. Арты­нан мен мини­стр­ді ертіп келіп, мәсе­ле­міз тез шешілді!

Бұл тек бір мысал. Тіле­убер­дин министр де бол­ды, Үкі­мет­те де бас­шы­лық қыз­мет­те бол­ды. Сон­ды­қтан эко­но­ми­ка­лық сала­ны өте жақ­сы білетін. Оны айтып оты­рға­ным, депу­тат­тар бірін­ші орын­да эко­но­ми­ка­лық мәсе­ле­лер­ді жетік білу­лері керек, бюд­жет өте көп қара­ла­ды, бар­лық мәсе­ле түбін­де осы бюд­жет­ке келіп тіре­леді. Бұл сала бой­ын­ша тиісті заң­дар да бар, олар­дың бәрін депу­тат білу­ге тиіс. Одан бөлек салық сая­са­ты, инве­сти­ция, өндірістер­ді дамы­ту сала­ла­ры бар, басқа­ла­рын айт­паған­да. Бұл тек эко­но­ми­ка сала­сы, ал әле­умет­тік сала – өзін­ше ең көп мәсе­лесі бар сала­лар­дың бірі.

Енді бұры­нғы депу­тат­тарға келетін бол­сақ, мына үш депу­тат­тың фото­сын бекер қой­ып оты­рған жоқ­пын, ең күр­делі мәсе­ле­лер­ді Базар­бек, Бапи, Жаң­быр­шин­дер көтеріп жүр­ді. Бұлар­дан бөлек Перу­а­шев бастаған, Қазы­бек Иса аға­мыз қоштаған «Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның депу­тат­та­ры да көп мәсе­лені қозғап жүр­ді. Әле­умет­тік салаға келетін бол­сақ, Аймағам­бе­тов, Заи­тов, Толы­қ­бай, Сәр­сенға­ли­ев­тар­ды айтар едім.

Пре­зи­ден­ті­міз біз­ге ықпал­ды пар­ла­мент керек дей­ді. Ондай бол­са, пар­тия бас­шы­ла­ры тізім­дер­ді қай­та қара­са, 23 тамы­зға дей­ін уақыт жет­кілік­ті, оң өзгерістер керек. Біздің елге керек осы өзгерістер­ді жасап жат­саңы­здар, ешкім кінә тағып, сын пікір айт­пай­ты­ны анық, халық қол­дай­ды деп ойлай­мын! Мем­ле­кет бас­шы­сы айтқан­дай, «Халық үніне құлақ аса­тын мем­ле­кет» боламыз!

Ғалым ӘМІРЕЕВ

Республиканский еженедельник онлайн