Четверг , 18 июня 2026

СТУДЕНТ жатақханаға МҰҚТАЖ

  • «Жоға­ры ауди­тор­лық пала­та­ның есебіне сәй­кес, «Қар­жы орта­лы­ғы» акци­о­нер­лік қоға­мы­ның деректері бой­ын­ша, жатақ­ха­на­лар­дағы орын тап­шы­лы­ғы 33 мың оры­нға жетеді.

ҚР Пре­мьер-мини­стрі О.А.Бектеновке!

  • Мем­ле­кет бас­шы­сы жастарға қолай­лы жағ­дай жасау, білім инфрақұры­лы­мын дамы­ту және ада­ми капи­тал сапа­сын арт­ты­ру мәсе­лесіне ерекше мән беріп келеді. Сту­дент­тер­дің қауіп­сіз әрі сапа­лы орта­да білім алуы – мем­ле­кет­тің стра­те­ги­я­лық мін­дет­терінің біріне айна­лып отыр.

Ұлттық ста­ти­сти­ка бюро­сы­ның деректері бой­ын­ша, 2025–2026 оқу жылы­ның басын­да Қаза­қстан­да 678 мың сту­дент білім алған. Олар­дың 364 мыңы – аймақтар­дан кел­ген сту­дент­тер. 115 мың сту­дент ресми түр­де жатақ­ха­наға мұқтаж, ал олар­дың тек 95 мыңы ғана нақты түр­де жатақ­ха­на­лар­мен қам­та­ма­сыз етіл­ген. Бұл ресми деректер кемін­де 20 мың сту­дент­тің бас­па­наға мұқтаж екен­ді­гін біл­діреді. Демек, сту­дент­тер­дің жатақ­ха­на­лар­мен ресми қам­та­ма­сыз еті­лу дең­гейі – шама­мен 80 пай­ыз. Бұл көр­сет­кіш жаман емес. 

Алай­да, Жоға­ры ауди­тор­лық пала­та­ның есебіне сәй­кес, «Қар­жы орта­лы­ғы» акци­о­нер­лік қоға­мы­ның деректері бой­ын­ша, жатақ­ха­на­лар­дағы орын тап­шы­лы­ғы 33 мыңо­ры­нға жетеді.

Сту­дент­тер­ді жатақ­хан­амен қам­та­ма­сыз ету – білім беру сала­сы­ның ғана емес, мем­ле­кет­тік жастар сая­са­ты­ның, өңір­лік даму­дың және еңбек нары­ғы­ның маңы­зды мәсе­лесі. Айта кету керек, соңғы жыл­да­ры бұл бағыт­та бір­ша­ма жұмыстар­да атқа­рыл­ды, жаңа жатақ­ха­на­лар салын­ды, орын тап­шы­лы­ғы қысқарды. 

Ғылым және жоға­ры білім мини­стр­лі­гі де, жоға­ры оқу орын­да­ры да жағ­дай­ды жақ­сар­туға мүд­делі және тиісті жұмыстар жүр­гі­зу­де. Алай­да мәсе­лені түбе­гей­лі шешу үшін Үкі­мет дең­гей­ін­де оңтай­лы үйле­сті­ру, тұрақты бақы­лау және бір­не­ше мем­ле­кет­тік орган­ның күшін бірік­тіретін жүй­елі тәсіл қажет деп санаймыз.

Осы­ған бай­ла­ны­сты Үкі­мет дең­гей­ін­де келесі шара­лар­ды қарас­ты­ру­ды ұсынамыз:

1. Мем­ле­кет­тік және жеке­мен­шік жоға­ры оқу орын­да­рын қам­ти­тын сту­дент­тік тұрғын үйдің біры­ңғай ұлт­тық цифр­лық плат­фор­ма­сын әзір­леу мәсе­лесін пысы­қтау. Плат­фор­ма­да өтінім беру, элек­трон­ды кезек, онлайн бронь­дау, цифр­лық келісім­шарт және жатақ­ха­на орын­да­ры­ның нақты уақыт­тағы есебі көз­де­луі тиіс.

2. Жоға­ры оқу орын­да­ры­ның қыз­мет тиім­ділі­гін баға­лау жүй­есіне сту­дент­тер­ді тұрғын үймен қам­та­ма­сыз ету көр­сет­кі­ш­терін енгі­зу мүм­кін­ді­гін қарастыру.

3. Жатақ­ха­на салуға, рекон­струк­ци­я­ла­у­ға және күр­делі жөн­де­у­ге инве­сти­ция сала­тын жоға­ры оқу орын­да­ры мен инве­стор­лар үшін ынта­лан­ды­ру тетік­терін, оның ішін­де салы­қтық жеңіл­дік­тер­ді қарастыру.

4. Сту­дент­тік жатақ­ха­на­лар салу бағы­тын­дағы мем­ле­кет­тік-жеке­шелік әріп­те­стік тетік­терінің тиім­ділі­гіне тал­дау жүр­гізіп, инве­стор­лар үшін тар­тым­ды жаңа ынта­лан­ды­ру шара­ла­рын әзірлеу.

5. Әкім­дік­тер­дің қыз­метін баға­лау көр­сет­кі­ш­теріне сту­дент­тік жатақ­ха­на құры­лы­сы­на арналған жер учас­ке­лерін бөлу мәсе­лесін енгі­зу және жоға­ры сұра­ныс бар өңір­лер бой­ын­ша арнайы жос­пар әзірлеу.

6. Сту­дент­тік тұрғын үйді жеке инве­сти­ци­я­лық бағыт ретін­де дамы­ту үшін халы­қа­ра­лық тәжіри­бені еске­ре оты­рып, тиісті нор­ма­тив­тік-құқы­қтық база­ны әзір­леу мәсе­лесін қарастыру.

7. Сту­дент­тік жатақ­ха­на­лар­дың қауіп­сізді­гі мен өмір сүру сапа­сы­на қаты­сты ұлт­тық ең төмен­гі стан­дарт­тар­ды бекіту және олар­дың сақта­луы­на тұрақты мони­то­ринг жүр­гі­зу тетік­терін енгізу.

Қаза­қта «Бір жыл­ды­ғын ойлаған адам егін егеді, жүз жыл­ды­ғын ойлаған ел ұрпақ тәр­би­е­лей­ді» деген сөз бар. Сту­дент­тік жатақ­ха­на – мәсе­лесі дәл осын­дай стра­те­ги­я­лық сипаттағы мәселе. 

Ұсы­ны­лған шара­лар рево­лю­ци­я­лық өзгерістер­ді қажет етпей­ді. Олар сая­си ерік пен үйле­стіруді талап ете­ді. Олар­дың әрқай­сысы әлем­дік тәжіри­бе­ден өткен. Олар­дың әрқай­сысын Қаза­қстан жағ­дай­ын­да қол­да­нуға бола­ды және ешқай­сысы жыл сай­ын мил­ли­ард­таған қосым­ша бюд­жет қара­жа­тын талап етпейді.

Сон­ды­қтан осы мәсе­ле бой­ын­ша Үкі­мет дең­гей­ін­де мүд­делі мем­ле­кет­тік орган­дар­дың қаты­суы­мен әзір­ле­нетін кешен­ді жос­пар және қабыл­да­на­тын шара­лар тура­лы нақты жау­ап күтеміз.

ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісін­де­гі «Respublica» пар­ти­я­сы фрак­ци­я­сы­ның депу­тат­та­ры аты­нан – Нұр­гүл ТАУ

Республиканский еженедельник онлайн