Воскресенье , 19 июля 2026

ТҰРАҚТЫЛЫҚЕҢ ҮЛКЕН ҚҰНДЫЛЫҚ

Ел ара­сын­да соңғы уақыт­та түр­лі әңгі­ме­лер мен болжам­дар жиі айты­лып жүр. Әсіре­се Ресей мен Қаза­қстан ара­сын­дағы қазір­гі гео­са­я­си жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты халы­қтың жап­пай көші-қоны тура­лы пікір­лер қызу талқылануда.

Кей­бір деректер­де Ресей­дің Сібір, Повол­жье және Орал өңір­лері­нен алдағы уақыт­та Қаза­қстанға орас­ан көп тұрғын­дар­дың қоныс ауда­руы мүм­кін деген болжам айты­лып жатыр. Әрине, бұл қазір­гі Ресей эко­но­ми­ка­сы­ның тығы­ры­ққа тіреліп, халық тұр­мысы­ның күй­зелісті жағ­дай­ға жетуі, күн­көрістің құл­ды­рап, күн­делік­ті дастар­ханға нан табу­дың қиын­шы­лы­ққа түсуі осын­дай жағ­дай­ға жет­кі­зу­де. Тағы бір айта­ры­мыз – неге Ресей Қаза­қстан­мен шека­ра­лас облы­ста­ры­ның малын ауру табыл­ды деп өтірік қырып таста­ды. Тұрғын­да­рын аш қал­ды­рып, біздің елге қоныс аудар­ту емес пе? Ал енді мұн­дай сце­на­рий орын алса, Қаза­қстан қан­дай шешім­дер қабыл­да­уы тиіс?

Бұл про­бле­ма тек көші-қон неме­се демо­гра­фия тақы­ры­бы ғана емес, ол – ұлт­тық қауіп­сіздік, эко­но­ми­ка және әле­умет­тік тұрақты­лы­қ­пен тіке­лей бай­ла­ны­сты күр­делі сұрақ.

Қау­е­сет қай­дан шықты 

Әлем­дік дең­гей­де­гі сая­си және эко­но­ми­ка­лық тұрақ­сыздық әрдай­ым көші-қон про­це­стерін күшей­те­ді. Ресей­ге қаты­сты санк­ци­я­лар, эко­но­ми­ка­лық қысым, әске­ри әре­кет­тер­дің ұза­ққа созы­луы – мұның бәрі халы­қтың тұр­мыс дең­гей­іне әсер ететіні анық. Осын­дай жағ­дай­да аза­мат­тар­дың басқа елдер­ге көшу­ге ұмты­луы – табиғи құбылыс.

2022 жыл­дан бері Ресей аза­мат­та­ры­ның Қаза­қстанға уақыт­ша келуі айтар­лы­қтай артқа­ны бел­гілі. Осы құбы­лыс негізі­нен моби­ли­за­ци­ядан қашу, биз­несін көші­ру неме­се уақыт­ша тұрақ табу мақ­са­тын­да бол­ды. Оны өздіріңіз көріп те жүрсіздер.

Сон­ды­қтан қазір­гі «көп адам­дар келеді» деген пікір көбіне нақты ста­ти­сти­каға емес, болжам мен қау­е­сет­ке негіз­дел­ген деу­ге бола­ды. Мұн­дай өзгеріс қысқа мерзім­де орын алуы үшін, Ресей­де өте ауыр гума­ни­тар­лық және эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс орын алуы, Қаза­қстан­ның шека­ра­сын­да көші-қонға еш шек­теу қой­ыл­мауы сияқты бір­не­ше шарт қажет.

Деген­мен, қазір­гі жағ­дай­да бұл фак­тор­лар­дың бір мез­гіл­де сәй­кес келуі екіта­лай. Қаза­қстан­ның көші-қон сая­са­ты да рет­тел­ген, ал еңбек нары­ғы шек­те­улі. Егер көші-қон шыны­мен күрт өссе, оның әсері әртүр­лі болуы мүм­кін. Мыса­лы, тұрғын үй баға­сы қым­бат­тай­ды, әле­умет­тік инфрақұры­лы­мға (мек­теп, ауру­ха­на) қысым арта­ды, жұмыс­сыздық дең­гейі өсуі мүм­кін, тіл және мәде­ни­ет жағ­дайы ушы­ғуы ықти­мал. Әсіре­се Қаза­қстан­ның сол­түстік және шығыс аймақта­рын­да демо­гра­фи­я­лық баланс про­бле­ма­сы әрдай­ым сезім­тал тақы­рып болып келген.

Қаза­қстан­да орыс тілі кеңі­нен қол­да­ны­ла­ты­ны бел­гілі. Осы тіл жағ­дайы елі­мізді үне­мі Ресей­ге тәу­ел­ділік жағ­дай­да ұстай­ды. Шынын айтқан­да, тәу­ел­сізді­гі­міз­ге тұсау болып тұрған да – осы тіл про­бле­ма­сы. Осы фак­тор көр­ші ел аза­мат­та­ры үшін бей­ім­де­луді жеңіл­де­туі мүм­кін. Соны­мен қатар бұл ұзақ мерзім­ді пер­спек­ти­ва­да мем­ле­кет­тік тіл­дің дамуы­на кері әсер етуі мүм­кін деген алаң­да­у­шы­лық тұғы­зу­да. Сон­ды­қтан көші-қон сая­са­ты тек эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан ғана емес, мәде­ни және тіл­дік аспек­тілер­ді де еске­руі тиіс.

Қоғам­да көтеріліп жатқан кей­бір сұрақтар­дың бірі – екі ел ара­сын­дағы жола­у­шы тасы­ма­лын уақыт­ша тоқта­ту мүм­кін­ді­гі. Тео­ри­я­лық тұрғы­дан алған­да, кез кел­ген мем­ле­кет өз шека­ра­сын бақы­ла­у­ға және қажет жағ­дай­да шек­теу қоюға құқы­лы. Бұл халы­қа­ра­лық тәжіри­бе­де бар: пан­де­мия кезін­де көп­те­ген елдер шека­ра­сын жап­ты, қауіп­сіздік мақ­са­тын­да виза­лық режим­дер енгізіл­ді, көші-қон ағын­да­рын рет­теу үшін кво­та­лар қолданылды.

Алай­да Қаза­қстан мен Ресей ара­сын­дағы қарым-қаты­нас ерекше. Екі ел Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық одаққа мүше, шека­ра­сы әлем­де­гі ең ұзын құр­лы­қтық шека­ра­лар­дың бірі, тари­хи, эко­но­ми­ка­лық және мәде­ни бай­ла­ны­ста­ры тығыз. Сон­ды­қтан жола­у­шы тасы­ма­лын толық тоқта­ту – тек төтен­ше жағ­дай­да ғана қарас­ты­ры­ла­тын қадам.

Толық шек­теу қою­дың орны­на, Қаза­қстан үшін неғұр­лым тиім­ді жол­дар бар. Нақты айтар бол­сақ, арнайы кво­та­лар енгі­зу, уақыт­ша тір­кеу жүй­есін күшей­ту, шетел­дік жұмыс­шы­ларға рұқ­сат беру талап­та­рын нақты­лау, келу­шілер­ді халық тығыз орна­ласқан өңір­лер­ге жолат­пау, тіл үйре­ту, заң­дар­ды түсін­ді­ру, әле­умет­тік бей­ім­деу шара­ла­рын ұйымдастыру.

Қаза­қстанға Ресей­ден жап­пай көші-қон бола­ды деген пікір толы­қтай негіз­сіз деу­ге бол­май­ды, деген­мен оның көле­мі мен ауқы­мы әсіре­леніп айты­лып жатыр. Алай­да көші-қон про­бле­ма­сы стра­те­ги­я­лық тұрғы­дан маңызды.

Жола­у­шы тасы­ма­лын толық тоқта­ту – тым ради­кал­ды шара. Оның орны­на ақыл­ды рет­теу, тиім­ді басқа­ру және ашық ақпа­рат сая­са­ты әлдеқай­да нәти­желі болмақ.

Ең негіз­гісі – түсіністік пен салқы­нқан­ды­лық болуы қажет. Себебі кез кел­ген мем­ле­кет үшін тұрақты­лық – ең үлкен құндылық.

Бей­сенға­зы ҰЛЫҚБЕК,

Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның мүшесі

Республиканский еженедельник онлайн