«Общественная позиция»
(проект «DAT» №3 (367) от 26 января 2017 г.
Ойдан-қырдан
Контратенор. Мінсіз фальцеті альтиномен шектесіп жатыр. Төменді тұнық алады, жоғарыны ашық шырқайды. Шырылдамайды, шарылдамайды, шыңғырмайды. Әдемі әуезді әнші. Түрі келісті жігіт. Сахнаны сезуі, залмен байланысы ғаламат әртіс. Шіркін, бір көзі ашық продюсер пайда болып, runs & riffs техникасын жетілдіре түсіріп, АҚШ-тағы, я Ұлыбританиядағы додаға салар ма еді?! Шын мәнінде бір-ақ түнде дүние жүзіне танылар еді. Әйтпесе Қытай деген халық саны ғана көп демесеңіз, мандарин деген тілі мен Байду деген желісі Қытай қорғаны құсап, тас бітеп қоршап жатқан жабық мәдени кеңістік қой. Жас әншіміздің жолы ашық, маңдайы жарық, жұлдызы биік болсын!
Ғалым БоҚаштың ФБ-парақшасынан
Қытай елінің сыншылары ерекше дарынды қазақ баласын жоғары бағалап, оған «Тәңір өзі назарына алған әнші» деп баға берді, деп хабарлайды Stan.kz. Қытай басылымдары қазақтың Димашы туралы жарыса жазып жатыр. Тіпті жоба мамандары мен қатысушылары оған «Тәңір өзі назарына алған жас әнші, ондай дауыс менде де болса деп армандаудың қажеті жоқ, ол оған Құдайдың берген сыйы» деп бағасын берген.
Димаш ең алғаш рет спектакльде ойнауымен таныла бастады. Бес жасында музыкалық колледж сахнасында алғаш әнші ретінде ән салған. Алты жасында «Айналайын» республикалық байқауының «Фортепиано» номинациясында жеңімпаз атанған.
2010 жылы «Байқонырдың Әсем дауыстары» Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды. 2012 жылы «Жас қанат» Республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болып, осы жылы «Восточный базар» Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атанды. 2013 жылы Димаш Құдайберген «Мейкин Азия» І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болды. 2015 жылы 28 қазан күні Ыстанбұлда Димаш Құдайберген «Abu TV» Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінде Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.
Димаш Құдайберген 5 жасынан бастап фортепианода ойнауды үйренген. Балалар хорында ән айтқан. 2014 жылы Димаш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдап, Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Эстрада өнері» факультетіне түсті.
Димаш серб, итальян, француз, ағылшын, орыс, т.б. тілдерде ән орындайды.
Stan.kz