Суббота , 10 мая 2025

Ермұрат Бапи:

Маған сенім артқан халықтан басқа

ЕШІМНІҢ АЛДЫНДА

жауап беруге міндетті емеспін!

– Соны­мен, Ермұрат аға, Қаза­қстан Пар­ла­мен­тіне депу­тат­ты­ғы­ңыз құт­ты бол­сын! Енді не істейсіз?

– Рақ­мет!.. Енді не істей­міз? Әрине жұмыс істей­міз! Бұған дей­ін­гі сая­си көзқа­рас­пен, бұры­нғы аза­мат­тық ұста­ным­мен, халы­қтық-қоғам­дық бета­лы­стан тай­май жұмыс істей­міз. Менің алдым­да бұдан басқа жол жоқ. Кері бұры­луға – қалып­тасқан қаси­етім, тәр­би­ем дей­ін бе, әсте көн­бей­тінін білем. Оның үстіне, жаңа жол іздей­тін уақыт­тан өтіп кеттім…

29 сай­лау окру­гі бой­ын­ша өзін-өзі үміт­кер­лік­ке ұсы­нып, кеше ғана тәу­ел­сіз депу­тат болып сай­ланған әріп­те­стері­ме «Халық бло­гы» фрак­ци­я­сын құру жөнін­де Фейс­бук парақ­шам­да үндеу жари­я­ла­дым. Біз – егер 29 депу­тат­тың тәу­ел­сіз екені рас бол­са, халы­қтың мұң-мұқтаж мәсе­лесіне сай жұмыс істе­уі­міз керек.

– «Бұры­нғы бағыт­та» дей­сіз… Оны­ңыз сіздің оппо­зи­ци­я­лық бағы­ты­ңыз емес пе, солай ғой? Енде­ше, оған билік мүм­кін­дік береді деп ойлай­сыз ба?

– Бірін­ші­ден, менің қалай жұмыс істей­тінім­ді билік шешпей­ді. Маған ман­дат бер­ген билік емес – халық, менің сай­ла­у­шы­ла­рым. Сон­ды­қтан, билік­тен рұқ­сат сұрай­тын құлқым да, қақым да жоқ. Мен өзім­нің сай­ла­у­шы­ла­рым­ның алдын­да ғана есеп берем!

Екін­ші­ден, бүгін­гі сая­си жағ­дай­да билік­тің қоғам­мен, оппо­зи­ци­я­мен мәмілелі жұмыс істе­у­ге, ашық бол­ма­са да, бүй­ре­гінің астын­да терең жатқан ықы­ла­сы бар деп ойлай­мын. Енді­гі теке-тіре­стен түк шық­пай­ты­нын билік­тің түсі­нетін кезі кел­ді. Бұл түсінік қоғам­ның да сана­сы­на сіңуі керек шығар… Тай-таласпен «Жаңа Қаза­қстан» құрыл­май­ды. Оны билік тек қана қоғам­ның тіке­лей және қоян-қол­тық ара­ла­суы­мен ғана құра ала­ды. Әйт­пе­се, Тоқа­ев мыр­за­ның «Жаңа Қаза­қстан» иде­я­сы дал­ба­са декла­ра­ция болып қала­ды. Менің ойым­ша, билік осы­ны түсініп отыр.

Үшін­ші­ден, шыным­ды айт­сам, маған сенім артқан халы­қтың алдын­дағы жаңа жау­ап­кер­шілік­тің сал­мағы­нан қорқа­мын. Бұрын билік­пен алы­сып жүр­ген­де, мен­де мұн­дай сезім бол­маған. Ал енді халы­қтың сені­мін арқа­лау жау­ап­кер­шілі­гі – мен үшін тіп­тен басқа сезім болып тұр…

– Ермұрат аға, билік «түсініп отыр­са», мынау сай­ла­уды неге қарақұры­қта­тып жібер­ді, неге халық қол­даған тәу­ел­сіз кан­ди­дат­тар­ды өткіз­бей тастады?

– Рас айта­сың, Нұр­гел­ді! Бұл жағ­дай қоғам­ды қопа­рып тастай­тын­дай дүр­бе­лең­ге айна­лып кет­ті. Сай­лау учас­ке­лері ұзақ уақы­тқа созбай, хат­та­ма­ны бақы­ла­у­шы­ларға дер уақы­тын­да бер­ген­де, дәл осын­дай дау-дамай туар ма еді? Бар­лық ырың-жырың осы­дан шығып тұр ғой. Яғни, билік дауыс беру про­цес­сін бақы­ла­уда ұстап тұрғы­сы кел­ді, бірақ сце­на­рий бұзы­лып бара жатқа­ны­нан секем алып, назар­ба­ев­тық «қол­мен басқа­руға» көшті. Бірақ оның өзін өгіз соқа­мен жер жыр­тқан­дай етті.

Егер бар­лық үміт­кер­ге про­то­кол­дар дер уақы­тын­да беріл­ген­де, дәл осын­дай даб­ы­ра тумас еді. Бәл­кім, ондай жағ­дай­да бүгін нара­зы­лық таны­тып жүр­ген әріп­те­стерім­нің біра­зы шу көтер­мес пе еді, кім біл­сін? Сай­лау ісіне ебдей­сіз ара­ла­су­мен билік бәрін былы­қтыр­ды. Гәп осын­да жатыр деп ойлаймын.

Мен енді «судан өтіп алған соң», анау-мынау деп, «өзен­нің арғы бетін­де қалған» әріп­те­стері­ме не дей­ін? Сот­тан да үміт бол­ма­сын бұрын­нан біле­міз. Оның үстіне, өзінің өтпей қалған кан­ди­дат­та­рын қол­дап, нара­зы­лық алаңы­на жиналған халы­қты да көріп тұрған жоқ­пын. «Пато­вая ситуация»!

– Әйт­се де, сіздің бір бақта­ла­сы­ңыз Инга Иман­бай ар-ожда­ны­ңы­зға тиер­дей біраз сөз айтып жатыр, оған да жау­ап бермедіңіз…

– Мен оған не дей­мін? Тап-таза исте­ри­ка! Қазақ айта­ды «жеңіл­ген адам­ның сөзі құры­сын» деп. Инга­ның жала­у­ла­тып жүр­гені – өзі жеңіс­ке жет­кен 5–6 учас­ке­ден алы­нған про­то­кол. Ал менің қолым­да бақы­ла­у­шы­ла­рым мен сенім­ді өкіл­дерім сағат таңғы бес­ке дей­ін учас­ке­лер­ден алған, біра­зы «тірі» мөр басы­лған, көп­шілі­гі – фото­кө­шір­ме, 60 про­то­кол бар. Бұл біздің округ­те­гі 184 учас­кенің үштен бірі­нен алы­нған құжат.

«ДАТ»-тың осы бей­сен­бі күні шыға­тын саны­на сол 60 қат­та­ма­ның газет беті­нен оқуға жарамдыс­ын басып шыға­ра­мыз. Әділет­ті салы­стар­ма­лы түр­де айту үшін, мен газет­тің тең жар­ты­сын осы про­то­кол­дар­ды басуға арнадым.

Айт­пақ­шы, Инга Иман­бай жең­ген учас­ке­лер­дің де хат­та­ма­сын да жари­я­лай­мыз. Ақиқат үшін аянуға бол­май­ды. Интер­нет­тің вир­ту­аль әле­мін­де емес, газет бетіне басы­лып, архив­тер­де қал­сын. Менің сай­ла­удағы жеңісі­ме күмәні бар адам бол­са, сол хат­та­ма­лар­ды салы­сты­рып, өзіне тоқе­тер жұжы­рым жасап ала­ды деген ойдамын.

– Деген­мен, сіз айтқан­дай «исте­ри­ка­мен» интер­нет­ті шула­тып жатқан Ингаға бір жау­ап беруіңіз керек еді ғой?..

– Нұр­гел­ді, мен өзі­ме сенім артқан халы­қтан басқа ешкім­нің алдын­да жау­ап беру­ге мін­дет­ті емес­пін! Менің 25 жыл­дық «ДАТ»-ым мен үшін жау­ап береді. 

– Ере­ке, деген­мен кеше ғана Жан­бо­лат Мамай­мен бір оппо­зи­ци­я­лық май­дан­да бір­ге жүр­ген едіңіз, оны қол­дап-қорғап, «ДАТ»-тың әр саны­на дер­лік жари­я­ла­ным жаса­ды­ңыз. Кезін­де Жан­бо­лат­ты ЖСДП-ға төраға ете­мін деп, сиез­ге алып барған жеріңіз­де пар­ти­я­лық төң­керіс­ке тап болып едіңіз. Ал енді оның өз келін­ше­гіне кера­уыз сөз айтуы­на тый­ым жаса­маға­нын қалай түсіндіңіз?

– Бұл енді жалғыз Жан­бо­лат­тың ғана про­бле­ма­сы емес деп ойлай­мын. Дем­пар­ти­яда дана­гөй «Аятол­ла Хомей­ни» болып оты­рған Төле­ген Жүке­ев­тің «тек!» деу­ге жөні бар еді ғой! Яғни, иман­сыз «исте­ри­каға» оның да үлесі бар деген сөз!

Оның үстіне, Жан­бо­лат пен Инга еке­уінің артын­да мені өзінің жауы санай­тын Бер­гей Рысқа­ли­ев тұр. Жаңаө­зен­нің жанай­қай­ы­на қаты­сы бар экс-әкім пар­ти­я­ны ғана емес, Жан­бо­лат­тың отба­сын, бала­ла­ры­ның «Тамос» мек­тебін­де­гі жыл­дық ақы­сы мил­ли­он­даған тең­гелік оқуын қар­жы­лан­ды­ра­тын болған соң, «музы­каға заказ беру­ге» қақым бар деп ойлай­тын шығар. Бірақ бұл енді басқа тақы­рып­тың әңгі­месі. Мен әзір­ге ондай әңгі­менің дең­гей­іне түсе алмаймын.

Нұр­гел­ді ӘБДІҒАНИ,

Abai.kz

Бақы­ла­у­шы­лар Ала­тау ауданы
Бақы­ла­у­шы­лар Ауе­зов ауданы
Про­то­кол­дар­дың жалғасы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн