Пятница , 24 октября 2025

Еңбек – маңызды құндылық

Алма­ты облы­сы әкім­ді­гінің ұйым­да­сты­руы­мен Талғар ауда­ны­ның Мәде­ни­ет үйін­де «Еңбек күні» және «Жұмыс­шы маман­ды­қта­ры жылы­на» орай­ла­сты­ры­лған «Керу­ен» атты ауқым­ды іс-шара өтті. Оған аймақтың бар­лық аудан­да­ры­нан өкіл­дер, еңбек ұжым­да­ры, еңбек арда­гер­лері, «Еңбек жолы» және «Парыз» бай­қа­у­ла­ры­ның өңір­лік кезең­дерінің жеңім­паз­да­ры мен жүл­де­гер­лері қатысты.

 Шара кезін­де өткен көр­ме­де 10 аудан­нан кел­ген, өз  ісін жаңа бастаған 42 кәсіп­кер, 23 мем­ле­кет­тік грант иегері қаты­су­шы­лар наза­ры­на өз өнім­дері мен бұй­ым­да­рын ұсын­ды. Сон­дай-ақ бос жұмыс орын­да­ры жәр­мең­кесі ұйым­да­сты­ры­лып, бірқа­тар кәсі­по­рын  өкіл­дері жұмыс­шы маман­дық иелерін өз меке­ме­леріне жұмыс істе­у­ге шақырды. 

Қара­сай ауда­нын­дағы Батан ауы­лын­да орна­ласқан «NUR-DIM» ғылы­ми-өндірістік орта­лы­ғы» ЖШС электр тау­ар­ла­рын шыға­ра­тын зауыт. 2016 жыл­дан бастап жұмыс істей­тін бұл кәсі­по­рын­да қазір­дің өзін­де 100-ден аса адам еңбек ете­ді.  Зауыт­тың өні­міне деген сұра­ныс жоға­ры болған­ды­қтан, оны ары қарай дамы­ту үшін тұрақты жұмыс істей­тін тех­но­лог­тар мен  опе­ра­тор­лар қажет.

Ал Жам­был ауда­ны­ның Қарға­лы ауы­лын­дағы «Жол» ЖШС жол­дар мен авто­ма­ги­страль­дар салу үшін осы бағыт­тағы маман­дар­ды жұмысқа шақыр­ды. «PepsiCo» ком­па­ни­я­сы бол­са, Ала­тау қала­сын­да ашы­ла­тын «LayS» кар­топ чип­сілерін шыға­ра­тын жаңа зауы­тқа жұмыс­шы­лар қабыл­дай­ты­нын  жариялады.

Басқа­ша айтқан­да, көр­ме­ге кел­ген­дер­дің бар­лы­ғы­на жұмыс беру­шілер ұсы­нған бос орын­дар бой­ын­ша өздеріне лай­ы­қты жұмыс табу мүм­кін­ді­гі туды.   Осы­ған орай маман жұмыс­шы­лар шара қаты­су­шы­ла­рын өз маман­ды­қта­ры­ның негіз­дері­мен таныстырды.

Іс-шара­ның ресми бөлі­гі ғима­рат­тың көре­рмен­дер залын­да өтті. Оны ашқан облы­стық мәс­ли­хат­тың төраға­сы Қуат Бай­ғо­жа­ев  Жұмыс­шы маман­ды­қта­ры  жылын­да өткізіліп жатқан бұл шара­ның маңы­зды­лы­ғын айры­қ­ша атап өтті.

– Бүгін осы маңы­зды іс-шараға кел­ген бар­шаңы­зға қош кел­діңіз­дер дей­мін. Еңбек – әрбір адам­ның өмірін­де­гі маңы­зды құн­ды­лы­қтар­дың бірі. Ел эко­но­ми­ка­сы­ның дамуы, халы­қтың әл-ауқа­ты, қоғам­дағы тұрақты­лық – бұл еңбекқор аза­мат­тар­дың қажыр­лы еңбе­гінің нәти­же­сі. Соны­мен қатар, Мем­ле­кет бас­шы­сы биы­лғы жыл­ды «Жұмыс­шы маман­ды­қта­ры жылы» деп жари­я­ла­ды. Бұл – жұмыс­шы маман­ды­қта­ры­ның маңы­зды­лы­ғын арт­ты­ру, жастар­ды жұмысқа тар­ту және еңбек нары­ғын­да сұра­ны­сқа ие маман­ды­қтар үшін білік­ті кадр­лар даяр­лау жолын­дағы нақты қадам. Жастарға еңбек ету,  адал еңбек­тің құн­ды­лы­ғын түсін­ді­ру, жас ұрпақты Отанға және еңбек­ке деген сүй­іспен­шілік рухын­да тәр­би­е­леу – біздің басты мін­деті­міз. Осы  мере­ке күні бар­лық қаты­су­шы­ларға алғы­сы­мы­зды біл­діре­міз және ел игілі­гі үшін   жаңа жетістік­тер, толай­ым табыс  тілей­міз, – деді ол.

Шараға аудан әкі­мінің орын­ба­са­ры Айбек Бида­ев, «Ата­ме­кен» Кәсіп­кер­лер пала­та­сы аудан­дық фили­а­лы­ның өкіл­дері қаты­сты. Облы­стық мәс­ли­хат төраға­сы Қуат Бай­ғо­жа­ев бастап кел­ген деле­га­ция аймақтың түр­лі аудан­да­ры­нан кел­ген кәсіп­кер­лер мен олар­дың көр­ме­ге қой­ған өнім­дері­мен   таны­сты. Іс-шара бары­сын­да «Еңбек жолы» және «Парыз» өңір­лік бай­қа­у­ла­ры­на қаты­сқан еңбек ұжым­да­ры мара­пат­тал­ды. Сер­ти­фи­кат­тар­ды тап­сы­рған Қуат Бай­ғо­жа­ев еңбек ұжым­да­ры мен биз­не­стің өза­ра іс-қимы­лы өңір­дің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық дамуы үшін аса маңы­зды екенін атап өтті. Шара мере­келік кон­церт­пен аяқталды.

Құт­мағам­бет ҚОНЫСБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн