Четверг , 30 октября 2025

Кіші қылмыс — үлкен қатер

Жасөс­пірім­дер ара­сын­дағы құқы­қбұ­зу­шы­лы­қтар­дың тамы­ры қай­да жатыр және ол ұлты­мы­здың бола­шақ қауіп­сізді­гіне қан­ша­лы­қты қауіпті?

Соңғы жыл­да­ры жасөс­пірім­дер ара­сын­дағы құқы­қбұ­зу­шы­лы­қтар, нақты­лап айтқан­да төбе­лес, ұрлық, бул­линг жиілеп кет­ті. Әрине, бұл мәсе­лер­дің алдын алу үшін түр­лі шара­лар жаса­лу­да. Мек­теп­тер­де пси­хо­лог­тар міндеттелуде,буллингке қар­сы ұйым­дар жүр­гізілу­де, тіп­ті поли­ция қыз­мет­кер­лерінің мек­теп­тер­де үгіт наси­хат жүр­гізіліп те жатыр. Алай­да мұн­дай заңбұ­зу­шы­лы­қтар нелік­тен азай­мауда? Себебі оның тамы­ры терең­де жатыр және ол ертең­гі қоға­мы­м­ы­здың тұрақты­лы­ғы­на әсер етеді.Сондықтан осы себеп­тер­ді шешу елі­міздің жарқын бола­шағы мен қауіп­сізді­гін қам­та­ма­сыз ету өте маңызды.

Мәсе­ле тамы­ры — тәр­бие мен орта

Бала өмір­ге кел­ген­де қыл­мыс жасау тіп­ті ойын­да да болмайды.Оның мінезін қалыптастырып,осындай іс әре­кет­тер­ге әке­летін ата-ана үлгісі мен қор­шаған орта.Себебі бала ата-ана­сы­на қарап өседі.Ата-анасы мей­ірім­ді жан­дар бол­са бала да ата-ана­сы­ның істе­генін істеп,жанындағыларға мерей­ін шаша­ды. Соны­мен қатар адам қол­дау мен қабыл­дау үшін қор­шаған ортаға ұқсағы­сы келіп тұрады.Мысалға ала­тын бол­сақ бір адам жанын­дағы­лар темекі шексе,сол орта­ның бір бөлі­гі болуға тыры­су үшін және жалғы­зды­қтан қоры­ққан­ды­қтан өзі қала­ма­са да осын­дай іске, яғни темекі шегу­ге барады.Оған қоса әле­умет­тік желі­де­гі атыс ойын­да­ры секіл­ді зор­лы­қтық кон­тент­тің көп­ті­гі бала­лар­дың қатал­ды­ғы­на себеп болады.Бұның бар­лы­ғы яғни отба­сын­дағы қате тәрбие,қоғам қысы­мы және әле­умет­тік желінің әсері бала­лар­дың сана­сыз түр­де жаса­лы­нған қыл­мыста­ры­на әке­леді және оны ешқан­дай пси­хо­лог та,полиция қыз­мет­керінің кеңесі де шеше алмайды.Мәселенің сал­да­ры­мен емес себебі­мен жұмыс жасау маңызды.

Мәсе­лені шешу маңызы

Бала­лар қыл­мысы ол тек отба­сын­дағы мәсе­ле емес, бүкіл мем­ле­кет­тің мәселесі.Себебі әрбір құқық бұзған жасөспірм,болашақта қоға­мға қауіп­ті аза­мат болып өсуі мүмкін.Бірақ олар­ды да кінәлай алмаймыз.Себебі жас бала­лар қан­дай бола­тын­да­рын таң­даған жоқ.Оған жаңа айтып кет­кен­дей отба­сы мен қоғам­ның әсері ықпал етті.Сондықтан жәй жаза­мен мәсе­ле­ден құты­ла салу қате.Одан қыл­мыс­кер­лер саны азаймайды.Мәселені шешу керек, ал ол үшін жас ұрпақты дұрыс тәр­би­е­леп қоғам ықпа­лы­нан қорғай білу, не қоғам­ды түбе­гей­лі өзгер­ту қажет.

Мәсе­лені шешу жолдары

Жаңа айты­лған­дай бұл мәсе­лені жаза­мен емес тәр­би­е­мен шешу керек.Себебі қыл­мыстың алдын алу­да кіш­ке­тай­ы­нан өсіріп, баққан ата-ана маңы­зды рөл ойнайды.Бала ата-ана­сы­ның не істеп, не қылға­нын қайталағандықтан,отбасындағы дұрыс үлгі мен қарым-қаты­нас оның бола­шақ мінезінің және тәр­тібінің іргетасы.Егер ата-ана өз ісі­мен әділ­дік­ті көрсетсе,бала да оны өзінің өмір­лік ұста­ны­мы­на айналдырады.Сонымен қатар қоғам мен әле­умет­тік желілер­дің ықпа­лын шек­теу, тіп­ті жақ­сысы оны толы­қтай өзгер­ту қажет.Ал қоғам­ды өзгер­ту үшін жаңа айты­лған тәр­би­е­ден бастау керек.Оған қоса интер­нет­те­гі зор­лық-зомбы­лы­қты мей­ірім мен дана­лы­ққа толы кон­тенткке өзгерт­пей­ін­ше, бала­лар сана­сын­дағы қатыг­ездік жой­ыл­май­ды. Осы­ның бәрі ескеріліп әрбір бала дұрыс тәр­бие мен ықпал алса,қауіпсіз қоғам­ды қам­та­ма­сыз етеміз.

Жұма­бек Нұр­сұл­тан , Жал­бағай Айқын

Республиканский еженедельник онлайн