Біз аптығып жүрген аңғал, албырт шағымызда қателеспедік деп айта алмаймыз. Бірақ қатемізді сол кезде түзеп, одан сабақ алуды артықшылық санадық. Ақылымыз соған жеткен соң, мемлекет ісіне кірісіп, сол кезеңдегі саясаттың мән-мағынасын, нәтижесін зерделей бастадық.
Бәріне дайын болу керектігін де іштей сездік.
Отбасы – киелі нәрсе.
– Балаларымыздың болашақ өмірін көбірек ойлауға тиіспіз.
– Қандай қызметте жүрсек те, бірінші кезекте сырқатқа, ауырған адамға қол ұшын беруге тырысайық! – деп уағдаластық.
– 2011 жылы Вашингтондағы Дүние жүзілік сауда үйін жарғанда, ол сонда болған еді. Кейін Мәскеудегі кешен апаты кезінде сонда елші болды. Алған әсерімен бөлісті. Сол оқиғалар оның өмірге, мемлекетке деген көзқарасын өзгертті.
Ол тәуелсіз мемлекет құру жолында саяси бәсекенің құрбаны болды. Жанболат аға жазғандай – шейіт.
Ол өз принципіне адалдық танытты.
«Сұңқар желдің бағытымен емес, желге қарсы ұшқан кезде биікке көтеріледі» деген екен бір кездері көрнекті әлемдік саясаткер Уинстон Черчилль.
Оның биігіне жете алмай, бұл дүниеден өтетіндер өз өтірігіне шашалып қалар еді. Қазір Ол туралы оның көзі тірісінде айта алмағанын жазатын бір-екі шибөрі пайда болды.
«Адамдар ақылынан ақшасы асқан кезде адасады».
Ескерткіш қою – соншалықты қиын, үлкен шаруа емес. Ең маңыздысы – оның мақалаларындағы, сұхбаттарындағы ой-тұжырымдарын жүректерге жеткізу. Бұрмаламай насихаттау қажет.
Күтпеген өлім оның өмірін тағдырға айналдырды.
Қайталанбайтын тағдыр тағылымын жастар меңгере берсін!
Дархан МЫҢБАЙ