Четверг , 15 октября 2026

Тәуелсіздіктің тұрақтылығы БІЗ ҮШІН БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

Қазан айы­ның 5‑інен бері Вар­ша­ва қала­сын­да (Поль­ша) ОБСЕ-нің жыл сай­ы­нғы дәстүр­лі кон­фе­рен­ци­я­сы өту­де. Қаза­қстан Халық Кеңесінің мүше­сі Ермұрат Бапи сол кон­фе­рен­ци­я­ның Демо­кра­ти­я­лық инсти­тут­тар мәсе­лесі жөнін­де өткен сес­си­я­сы­на қаты­сып, сөз сөй­ле­ген еді. Біз төмен­де сая­сат­кер аза­мат­тың сол баян­да­ма­сын толық нұсқа­да жари­я­лап отырмыз.

2000-жыл­дар­дан бері ОБСЕ-нің бір­не­ше кон­фе­рен­ци­я­сын­да, Еуро­пар­ла­мент пен АҚШ кон­гресін­де өткен депу­тат­тық тың­да­у­лар­да, жоға­ры дәре­желі халы­қа­ра­лық жиын­дарға қаты­сып, сөз сөй­леу мен үшін таң­сық емес. Бірақ мен ол кез­дер­де демо­кра­ти­я­лық роман­тиз­мнің жете­гі­мен тек қана про­те­стік ұста­ным­да болған, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың жеке-дара билі­гіне қар­сы күрес­кен сыңаржақ оппо­зи­ци­я­лық күрес­кер едім.

Ал Қаза­қстан­ның қазір­гі әлем­де­гі ішкі-сыр­тқы жағ­дай­ы­ның күрт өзге­руіне бай­ла­ны­сты мен ел тағ­ды­ры­на жана­шыр мем­ле­кет­шіл сая­сат­кер­дің пози­ци­я­сын­да жүр­ген аза­мат ретін­де сөз алдым. Мен ең алды­мен екі мәсе­ле­ге тоқталғым келеді.

Бірін­ші­ден, мен осы жылғы наурыз айын­да қабыл­данған Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның жаңа Кон­сти­ту­ци­я­сы негізін­де жаңа­дан құры­лған мем­ле­кет­тік-кон­суль­та­тив­тік орган – Халық Кеңесінің мүше­сі­мін. Бұл жаңа инсти­тут ұлт­тық (этни­ка­лық тұрғы­да түсін­бе­уді сұрай­мын) сая­сат­ты жүзе­ге асы­ру бары­сын­да мем­ле­кет пен қоғам ара­сын­дағы жал­пы­диа­лог­тық ынты­мақ пен бір­лік про­цесін қалып­та­сты­ру алаңы ретін­де құрыл­ды. Сон­ды­қтан мен сұра­нып сөз алған бұл спич қос тарап­тың орта­сын­дағы тәу­ел­сіз пікір ретін­де қабыл­да­нуы қажет деген ұсы­ны­сым бар.

Екін­ші­ден және ең алды­мен, кон­фе­рен­ци­яға қаты­су­шы­лар тара­пы­нан Қаза­қстан­да бір жыл­да едел-жедел екі бір­дей сай­лау өткі­зу қан­дай қажет­тілік­тен туын­да­ды деген сұрақ болуы мүм­кін. Иә, Қаза­қстан­да биыл екі бір­дей сай­лау өтті: бірі – Кон­сти­ту­ци­яға өзгерістер енгі­зу жөнін­де­гі жал­пы­ха­лы­қтық рефе­рен­дум; екін­шісі – Қаза­қстан­дағы өкілет­ті билік орга­ны – Құры­л­тай (Пар­ла­мент) сайлауы.

Ескер­те кетей­ін, Қаза­қстан­дағы бұры­нғы сая­си режим кезін­де­гі­дей емес, бүгін­де Кон­сти­ту­ци­яға өзгеріс енгі­зу жал­пы­ха­лы­қтық дауыс беру – рефе­рен­дум арқы­лы ғана жүзе­ге аса­ды. Ел пре­зи­ден­ті де, пар­ла­мент те Кон­сти­ту­ци­яға өзгеріс енгізу­ге құзыр­лы емес, бұл тек жал­пы­ха­лы­қтық ерік-жігері­мен ғана жүзе­ге аса­тын шешім!

Әрине, евро­па­лық жеке­ле­ген елдер­де бір жыл­дың ішін­де бір­не­ше сай­лау өтуі қалып­ты жағ­дай. Бірақ бұл кеше ғана авто­кра­ти­я­лық режим­нің құр­са­уын­да болған Қаза­қстан сияқты ази­я­лық ел үшін ерекше үрдіс. Себебі бүгін­де Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы – өзгерістер мен рефор­ма­лар­ды жедел жүр­гізу­ге мүд­делі тран­зит­тік даму үстін­де­гі ел. Сон­ды­қтан біздің алды­мы­зда әлем­нің дамы­ған елдері бұдан бір­не­ше ондаған жыл­дар бұрын өтіп кет­кен демо­кра­ти­я­лық қаты­на­стар мен про­це­стер­ді қуып жету, құрып кет­кен­де сол өрке­ни­ет көшіне іле­су мін­деті тұр. Бұл мін­дет­тің жау­ап­кер­шілі­гі мен жал­пы нобайы тура­лы Қаза­қстан Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев жуы­қта ғана Гер­ма­ни­яға жасаған ресми сапа­ры кезін­де бір­сы­пы­ра сөз еткенін халы­қа­ра­лық қаты­на­старға құлағы түрік сая­сат­кер­лер біл­се керек. Қаза­қстан­ның жаһан­дық көш үдерісін­де­гі дамуы мен бүгін­гі аума­лы-төк­пе­лі гео­са­я­си кезең­де­гі оры­ны тура­лы Тоқа­ев мыр­за тыңғы­лы­қты пікір­лер айтқан еді.

Бүгін­гі бүкіләлем­дік қарым-қаты­на­стар тәр­тібі күрт өзгеріп, халы­қа­ра­лық гло­бал­ды жағ­дай шие­ленісіп тұрған жағ­дай­да Қаза­қстан осы тәу­е­кел­дер­ге іштей дай­ын болу­дың өзгерістері қамын күйт­те­уде. Оның үстіне бұған дей­ін­гі 30 жыл­дық авто­ри­тар­лық билік­тен кей­ін, Қаза­қстанға төнуі мүм­кін тәу­е­кел­дер­ге төтеп беретін жаңа ұлт­тық эли­та­ның сая­сат аре­на­сы­на шығуы­на еркін мүм­кін­дік жасалды!

Әлем­де қалып­та­сып жатқан жаңа қаты­на­стар тәр­тібі ұзақ кезеңді қам­туы мүм­кін. Бұған Қаза­қстан­ның бүгін­гі халқы ғана емес, келе­шек ұрпағы да дай­ын болуы тиіс. Сон­ды­қтан сыр­тқы тәу­е­кел­дер толқып тұрған өтпе­лі кезең­де (тран­зит­тік) Қаза­қстан шұғыл түр­де екі бір­дей сай­лау өткізу­ге мүд­делі болған себебі осы.

Иә, бүгін­гі дамы­ған өрке­ни­ет әле­мін­де­гі сияқты Қаза­қстан­дағы демо­кра­ти­я­лық про­це­стер де елде­гі аза­мат­тар­дың еркін ерік-жігері негізін­де тіке­лей сай­лау меха­низмдері арқы­лы жүзе­ге аса­ды. Осы үрдісті жетіл­ді­ру және күн сай­ын өзгеріп жатқан халы­қа­ра­лық қаты­на­старға лай­ы­қты мас­шта­б­ты мүм­кін­дік­тер қалып­та­сты­ру мақ­са­тын­да биы­лғы 2026 жыл­дың 15 науры­зын­да жаңа Кон­сти­ту­ция қабыл­да­нып, елдің ең басты заңы 1‑шілдеден бастап күшіне енді. Бұл Кон­сти­ту­ция аза­мат­тық құқы­қтың басым­ды­лы­ғын (вер­хо­вен­ство), қоғам­дық диа­лог­тың дамуын және билік орган­да­ры­ның халық алдын­дағы жау­ап­кер­шілік прин­циптерін бекітті.

Ал тамыз айын­да осы жаңа кон­сти­ту­ци­я­лық негіз­де және про­пор­ци­о­нал­ды-пар­ти­я­лық жүйе бой­ын­ша бір­па­ла­та­лы пар­ла­мент – Құры­л­тай сай­ла­уы өтті. Бес жыл­дық құзірет­ті мерзім­ге бел­гі­лен­ген 145 депу­та­тат­тық ман­дат­тан құралған бұл Құры­л­тай елде­гі заң билі­гін жүзе­ге асы­ра­тын жоғарғы өкілет­ті орган сана­ла­ды. Соны­мен бір­ге сол жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ның негізін­де халық мүд­десін қорғай­тын, қоғам мен билік ара­сын­дағы жал­пы­ха­лы­қтық диа­лог­ты қалып­та­сты­ра­тын жоғарғы кон­суль­та­тив­тік орган – Халық Кеңесі құрыл­ды. Бұл Кеңес елдің ішкі сая­са­ты­на қаты­сты негіз­гі бағыт­тар­ды айқын­дау, заң­шы­ға­ру­шы­лық және жал­пы­ха­лы­қтық рефе­рен­дум тағай­ын­дау жөнін­де­гі баста­ма­шы­лық құзірет­ке ие болды.

Тағы да сол жаңа Кон­сти­ту­ция тала­бы бой­ын­ша, Пре­зи­дент­тің жар­лы­ғы­мен бекітілетін вице-пре­зи­дент лау­а­зы­мы тағай­ын­дал­ды. Елде­гі күштік құры­лым­дар­ды мүм­кін болар­лық тәу­е­кел­дер­ге төтеп беру мүм­кін­дік­терін жұмыл­ды­ру­шы орган – Пре­зи­дент­ке тіке­лей бағы­на­тын Қауіп­сіздік кеңесі мен оның аппа­ра­ты құрылды.

Міне, осын­дай кон­сти­ту­ци­я­лық рефор­ма­лар­дың нәти­же­сін­де мем­ле­кет­тік өкі­мет иерар­хи­я­сы­ның жаңа архи­тек­ту­ра­сы жасақтал­ды. Қоры­та кел­ген­де, менің ойым­ша, мұның бар­лы­ғы әлем­дік тәр­тіп­тің (миро­по­ря­док) күрт өзге­руі мен Қаза­қстан­ның ішкі-сыр­тқы даму жағ­дай­ы­на әсер етуі мүм­кін халы­қа­ра­лық қаты­на­стар­дың жаңа век­то­ры­на дай­ын­ды­қтың қам-қаре­кеті деп айта аламын.

Бір­па­ла­та­лы Құры­л­тай­ды құрған пар­ла­мент­тік сай­лау кезін­де мен бір топ қоғам­шыл аза­мат­тар­дың баста­ма­сы бой­ын­ша құры­лған «Халық үні» бақы­ла­у­шы­лар тобы­на өз қала­у­ым­мен кіріп, сай­лау бары­сын бай­қау про­цесіне қаты­стым. Жал­пы, сай­ла­уда дауыс беру про­цесін 51 мың ұлт­тық, 777 халы­қа­ра­лық бай­қа­у­шы­лар бақылады.

Дауыс беру кезін­де (23.08.2026) Алма­ты қала­сын­дағы бір­не­ше сай­лау учас­ке­лерін ара­лап, тәу­ел­сіз ұйым­дар мен пар­ти­я­лар­дың бақы­ла­у­шы­ла­ры­мен кез­десіп, заң бұзу­шы­лы­қтар жөнін­де сұра­с­тыр­дым. Олар­дың бір­де-бірі ешқан­дай оғаш заң­сызды­қтар бол­маға­нын айтты.

Иә, сай­ла­уды бақы­ла­у­ға ОБСЕ тара­пы­нан кел­ген деле­га­ци­я­ның жеке­ле­ген сын-ескерт­пе­лері бол­ды. Бірақ сай­лау бары­сын­да орын алған бірен-сараң локаль­ды қай­шы­лы­қтар сай­ла­удың соңғы нәти­же­сіне әсер етпе­генін аза­мат­тық тұрғы­да жау­ап­кер­шілік­пен мәлім­дей аламын.

Кон­фе­рен­ци­яға қаты­су­шы­лар­дың наза­ры­на бір фак­тіні айтқым келеді. Рефе­рен­дум кам­па­ни­я­сы кезін­де «ҚР Сай­лау тура­лы заңын» бұз­ды деген айып­пен қоғам бел­сен­дісі Ора­за­лы Ержа­нов қыл­мыстық жау­а­пқа тар­тыл­ды. Бұл қоғам­шыл бел­сен­ді аза­мат­ты жақ­сы тани­тын­ды­қтан және 2023 жылға дей­ін бір қоғам­дық ұйым­да мүше болған­ды­қтан, Пар­ла­мент депу­та­ты ретін­де мен оған ара­ша түсу үшін, Қаза­қстан­ның Бас про­ку­ро­ры­на дей­ін бардым.

Бірақ Ержа­нов мыр­за­ға қаты­сты қозғалған іспен таны­су бары­сын­да оның заң бұзға­ны­на (вос­пре­пят­ство­ва­ние изби­ра­тель­но­му пра­ву граж­дан с уча­сти­ем ино­стран­ных ресур­сов) көзім жет­ті. Ол шетел­дер­дің бірін­де ашы­лған онлайн акка­унт арқы­лы сай­ла­у­шы­лар­ды бой­кот жаса­уға шақы­рған екен. Сай­ла­у­шы­ның сай­ла­у­ға қаты­су және дауыс беру ерік-жігеріне кедер­гі жасау – Қаза­қстан заңы бой­ын­ша қыл­мыстық жау­а­пқа тар­ты­ла­тын жағ­дай екенін Бас про­ку­рор маған жан-жақты (обсто­я­тель­но) түсін­діріп бер­ді. Кей­ін­нен О.Ержановқа қаты­сты сот болып, оған шар­тты түр­де жаза тағай­ын­дал­ды. Оны түр­ме­ге қама­май, әлдеқай­да жеңіл жаза­мен құты­луы­на депу­тат ретін­де ара­ласқа­ным­ды осы жер­де бірін­ші рет айтып тұрмын.

Жал­пы, әлем елдерін­де­гі сай­лау про­це­стеріне әлдебір сыр­тқы күш­тер­дің заң­сыз ара­ла­су жағ­дайы соңғы жыл­да­ры етек алып бара жатқа­ны осын­дағы бар­лық қаты­су­шы­ларға бел­гілі жәйт деп білем. АҚШ-тағы соңғы пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға интер­нет ресур­стар арқы­лы қай елдің ара­ласқа­ны ашық ақпа­рат көз­дерін­де жари­я­ланған жәйт. Сол сияқты Евро­па­дағы Гер­ма­ния, Вен­грия, Румы­ния және Мол­до­ва мем­ле­кет­терін­де­гі пар­ла­мент­тік сай­ла­у­лар мен ол сай­ла­у­лар­дың нәти­же­сіне қай мем­ле­кет ықпал ету­ге тыры­сқа­ны тағы да бел­гілі. Бра­зи­ли­ядағы сай­ла­у­ға қай елдің сырт­тан заң­сыз ара­ласқа­ны бір апта бұрын ғана жария болған жағдай!

Сол сияқты гло­бал­ды ақпа­рат­тық қауіп-қатер­лер күшей­ген жағ­дай­да Евра­зия кон­ти­нен­тін­де­гі тыны­штық пен тұрақты­лық ара­лы­на айналған Қаза­қстанға және оның өкі­метіне ықпал ету­ге мүд­делі күш­тер бар екенін мен жақ­сы біле­мін. Бұл енді жаһан­да­ну зама­нын­да әлдебір мем­ле­кет жеке­лей шеше ала­тын мәсе­ле бол­ма­са керек.

Бүгін­де жаһан­дық үрей­лі үрдіс­ке айна­лып бара жатқан мұн­дай ақпа­рат­тық агрес­сия мен онлайн интер­вен­ция про­бле­ма­сын ООН мен ОБСЕ сияқты халы­қа­ра­лық бедел­ді ұйым­дар­дың шең­берін­де талқы­лау керек шығар. Қазір­гі әлем­нің сая­си тұрақты­лы­ғы жеке ұлт­тық мем­ле­кет­тер­дің дер­бес және тыны­штық жағ­дай­ын­да дамуы­на бай­ла­ны­сты екені айт­па­са да түсінік­ті болуы тиіс!

Вар­ша­ва (Поль­ша),

12 қазан, 2026 жыл

Республиканский еженедельник онлайн