Четверг , 15 октября 2026

ПӘН АТАУЫН ӨЗГЕРТУДІ ҰСЫНДЫ

Әнші Димаш Құдай­бер­ген­нің әкесі, таны­мал про­дю­сер Қанат Айт­ба­ев мек­теп­тер­де­гі «Қазақ тілі» пәнінің ата­уын өзгер­туді ұсын­ды. Ол бұл баста­ма өске­лең ұрпақтың мем­ле­кет­тік тіл­ге деген құр­метін арт­ты­руға ықпал ете­ді деп есептейді.

«Елі­міздің мек­теп­терін­де­гі оқу кестесін­де қазақ тілі сабағын жай ғана «Қазақ тілі» демей, «Мем­ле­кет­тік тіл сабағы» деп атаған жөн. Бұлай атау – мек­теп қабы­рға­сы­нан бастап қазақ тілінің мем­ле­кет­тік тіл екенін, оның аса маңы­зды­лы­ғын күн­делік­ті өске­лең ұрпақтың сана­сы­на сіңіреді», – деп жаз­ды ол Facebook-парақ­ша­сын­да.

Қанат Айт­ба­ев мем­ле­кет­тік тіл пәніне деген жау­ап­кер­шілік­ті де күшей­ту қажет деп санайды. 

«Кітап­тың мұқа­ба­сын­да «Қазақ тілі» деп жазы­лған мем­ле­кет­тік тіл сабағы­на немқұрай­лы қара­удың неме­се жөн­ді қаты­спай, нашар баға алу­дың қан­дай бола­ты­нын ойлап көріңіз? Бұл – мем­ле­кет­ке, мем­ле­кет­тік тіл­ге құр­мет­сіздік және сау­ат­сыздық бола­ды емес пе? Қай бала ондай қатар­да жүр­гісі келеді?» – дей­ді продюсер.

Сон­дай-ақ ол мем­ле­кет­тік тіл­ден тап­сы­ры­ла­тын емти­хан нәти­же­сінің жоға­ры оқу орны­на түсу кезін­де маңы­зды көр­сет­кі­ш­тер­дің бірі болуы кере­гін айтты.

«Мем­ле­кет­тік тіл сабағы­нан тап­сы­ры­ла­тын емти­ханда қой­ы­ла­тын баға оқу­шы­ның жоға­ры оқуға түсуі үшін қажет ең маңы­зды көр­сет­кі­ш­тер­дің бірі болуға тиіс. Осы бағыт­пен жүр­сек, әнұран­ды бала­бақ­ша кезі­нен жат­тап өскен­дей, бала­лар мем­ле­кет­тік тіл­ге де үлкен құр­мет­пен қара­уды үйре­неді», – деп атап өтті Айтбаев.

Про­дю­сер­дің бұл жаз­ба­сы­на шетел­дік қол­да­ну­шы­лар да пікір жазған.

«Бала­лар­дың өз мәде­ни­еті тура­лы толық білім алу құқы­ғы­на әрқа­шан басым­дық берілуі керек, Мек­си­ка­да ана тіл­дерінің жоғал­мауын қам­та­ма­сыз ету­ге тыры­са­мыз, бұл – күн­делік­ті күрес», «Қазақ халқы­ның өз бол­мысын, тілін, мәде­ни­етін қал­пы­на кел­ті­ру үшін алаң­да­у­шы­лық пен күресін ашып көр­се­ту өте асыл көрініс. Бөліс­кеніңіз­ге рах­мет, Қанат мыр­за!», «Өте дұрыс, олар шынайы бол­мысын, тамы­рын жоғалт­пай­ды», – дей­ді олар. 

Ал кей­бірі Қанат Айт­ба­евқа қар­сы шығып, бұл пікірін сынап жатыр. «Қазақ тілі», «Қазақ әде­би­еті» деген ата­уды өзгер­ту дұрыс емес. Керісін­ше, пән мұғалім­дерінің жау­ап­кер­шілі­гі арт­ты­рыл­сын! Оры­стіл­ді мек­теп­тер­де қазақ тілін оқы­ту көбіне көз­бо­я­у­шы­лы­қ­пен баға қою­мен шек­те­леді. Осы тек­серіл­сін!», «Дұрыс емес, ойла­ны­ң­дар! «Қазақ тілі», «Қазақ әде­би­еті» деген оқулы­қтар­ды да «Мем­ле­кет­тік тіл» дей­міз бе? «Қазақ тілі» сабағын «Мем­ле­кет­тік тіл» сабағы деу, ілгерілеу емес, кері кету. «Қазақ тілі» деген ұлы сөз­ден өз еркің­мен бас тар­ту», – делін­ген желі­де­гі жазбаларда. 

Еске салай­ық, жаңа Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша қазақ тілі Қаза­қстан­дағы жалғыз мем­ле­кет­тік тіл болып қала береді. 9‑баптың 2‑тармағында бұры­нғы «тең» сөзінің орны­на «қатар» сөзі қол­да­ны­лған. Яғни, мем­ле­кет­тік ұйым­дар­да және жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру орган­да­рын­да қазақ тілі­мен қатар орыс тілі ресми түр­де қолданылады.

Сырым ҚАРЖАС

Республиканский еженедельник онлайн