Воскресенье , 19 июля 2026

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯСЫ

Қаза­қстан жуыр­да ғана жаңа Кон­сти­ту­ция қабыл­да­ды, халық тағы да қол­да­ды. 1993 жылы Жоғарғы Кеңес қабыл­даған ҚР бірін­ші Кон­сти­ту­ци­я­сы түбе­гей­лі жазы­лған еді. Бұл үшін­ші Кон­сти­ту­ция десек, алды­ңғы еке­уі де күр­делі өзгеріс­ке ұшы­ра­ды, бұл да өзге­руі мүм­кін. Өзгеріс­ке ұшы­ра­маған бір-ақ заң­на­ма – 1991 жылы 16 жел­тоқ­сан­да қабыл­данған ҚР Мем­ле­кет­тік тәу­ел­сізді­гі тура­лы Кон­сти­ту­ци­я­лық заң. Ол ­ – тәу­ел­сізді­гі­міздің орны­ғуы­ның және қалып­та­суы­ның негізін құраған алға­шқы құжат. Осы­ны ұмыт­пай­ық. Қазір­гі Кон­сти­ту­ция да соны негіз­ге алған.

Алай­да еге­мен ел болға­лы 36 жыл бол­са да, Қаза­қстан­ның арнайы қабыл­данған Ұлт­тық идео­ло­ги­я­лық док­три­на­сы бол­ма­ды. Сол себеп­ті Жаңа Кон­сти­ту­ция қабыл­данған соң кім, қалай, қан­дай идео­ло­ги­я­лық тетік­тер­мен Ата заң қағи­дат­та­рын іске асы­ра­ды деген ой туды! 

Бағ­дар­ла­ма­лық құжат неге қажет?

 Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың «Біз – Қаза­қстан халқы, өзге­лер­дің теріс ықпа­лы­на түс­пей­тін өз идео­ло­ги­я­мы­зға сүй­е­нуі­міз керек» деген пікіріне жүгін­сек, бұл – Қаза­қстан­ның ұлт­тық идео­ло­ги­я­сы­бо­луы керек деген сөз емес пе?! Идео­ло­ги­я­сыз мем­ле­кет бол­май­ды. Сон­ды­қтан Жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ны негіз­ге алып, өз ұлт­тық идео­ло­ги­я­мы­зды жаса­сақ, халқы­мы­здың руха­ни бір­лі­гі, ынты­мағы ныға­я­ты­ны сөзсіз.

Осын­дай бағ­дар­ла­ма­лық құжат­тың қажет екеніне бір ғана мысал кел­тірей­ін. Қазір әлем жаңа өрке­ни­ет­ке көшу­де, яғни өтпе­лі кезең­де тұр. Батыс бол­са мате­ри­а­ли­стік жүй­е­мен даму­да, тек баю, кіріс, капи­тал бол­са бол­ды, оны дрон­мен де, басқа қару-жарақ­пен де, үстем­дік жаса­у­мен де тауып отыр. Ал руха­ни құн­ды­лы­қтар арт­та қал­ды. Осы жер­де біздің ұста­ны­мы­м­ыз қан­дай бол­мақ? Ата тегі­міз­ден келе жатқан руха­ни, мәде­ни, тари­хи құн­ды­лы­қта­ры­мы­зды неге жаңғырт­пай­мыз? Біз­де ежел­ден ада­ми қаси­ет­тер, иман­ды­лық алда жүр­ген. Шығы­стың мораль фило­со­фи­я­сы бес мың жыл­дық Түр­кі тегі­мен бір­ге келе жатыр, оны жаңғыр­та­тын кез кел­ді. Бұл тұрғы­да біз қазір­гі жаһан­да­ну дәуірін­де екі сын-қатер­ді естен шығар­мауы­мыз керек.

 Бірін­ші – сыр­тқы кедер­гілер: гео­са­я­си, эко­но­ми­ка­лық бәсе­ке­ле­стік­тің күше­юі, жоға­ры тех­но­ло­ги­я­лар, жасан­ды интел­лект, кли­мат, ашар­шы­лық, соғыс, мигра­ция, ғары­штық про­бле­ма­лар, киберқа­уіп­сіздік, т.б.

Екін­ші – ішкі кедер­гілер: еге­мен­дік алға­лы қор­да­ланған келеңсіздік­тер, әле­умет­тік про­бле­ма­лар, кор­руп­ция, руха­ни-діни азғын­дық, ғылым мен білім­нің, кәсі­би білік­тілі­гі­міздің төмен­ді­гі, қай­та өңдеу өндірісінің нашар­лы­ғы, шикі­заттық эко­но­ми­ка, қым­бат­шы­лық, халы­қтың күн-көріс дең­гей­інің төмен­де­уі, т.б.

 Енді осы кедер­гі, кем­шілік­тер­дің бәрін Жаңа Кон­сти­ту­ци­яда жазы­лған басты қағи­дат­тарға идео­ло­ги­я­лық пәр­мен беріп, тия­нақты іске асы­руы­мыз керек. Ол үшін Ұлт­тық идео­ло­гия док­три­на­сын жасау қажет. Бұған мем­ле­кет құру­шы ұлт – қазақ халқы баста­ма­шы болуы  тиіс. Бұл мәсе­лені кешік­тіру­ге болмайды!

 Ұлт­тық идео­ло­ги­я­ның үш құрам­дас бөлігі

  1. Ұлт­тық мүд­де ­– тәу­ел­сізді­гі­мізді нығай­ту, ұлт­ты сақтау, ел болып қалу, тіл, жер, руха­ни құндылықтар.
  2. Қоғам­ды ізгі­лен­ді­ру – ұлт­тың руха­ни-мәде­ни құн­ды­лы­қта­рын жаңғыр­ту, сала­у­ат­ты өмір сал­ты, дәстүр, жаңа білім, ғылым,  инно­ва­ци­я­ны дамы­ту нәти­же­сін­де интел­лек­ту­ал адам, интел­лек­ту­ал ұлт болу.
  3. Ұлт­тық демо­кра­ти­я­лық қоғам.

Осы­лай, менің ойым­ша, Ұлт­тық идео­ло­ги­я­ның түп­кі мақ­са­ты – Қаза­қстанды­де­мо­кра­ти­я­лы, дамы­ған, өрке­ни­ет­ті елдер дең­гей­іне жет­кі­зу болуы тиіс. Ол үшін мына мәсе­ле­лер­ді шешу қажет:

  1. Демо­кра­ти­я­лық сая­си жүйе құру;
  2. Әр ада­мға жағ­дай жасау, халы­қтың өмір сүру дең­гей­ін көтеру;
  3. Руха­ни, мәде­ни-тари­хи құн­ды­лы­қта­ры­мы­зды, ұлт­тық рух­ты, пат­ри­о­тизмді көтеру;
  4. Келе­шек­те интел­лек­ту­ал ұлт, қоғам болып қалыптасу.

Бұл мақ­сатқа жету үшін, ұлт­тық идео­ло­ги­я­ның құрам­дас бөлік­терін сала-салаға арналған бағыт­тар бой­ын­ша іске асы­руы­мыз қажет. Бұл – кең көлем­ді, бүкіл мем­ле­кет­тік идео­ло­ги­я­лық сая­сат. Бір­тұ­тас бол­ма­са да, бұл мәсе­ле­лер біз­де қазір бар деп те айтуға бола­ды. Енді осы­ның бәрін бір бағы­тқа, бір мақ­сатқа, бір жүйе етіп тоғы­сты­ру қажет.

Талай жыл­дар бойы Ұлт­тық идео­ло­ги­я­ның қажет­тілі­гі тура­лы көп айты­лып келе жат­са да, бұл мәсе­ле­де арнайы мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­спен ғылы­ми ізденістер, толы­ққан­ды қоры­тын­ды жасалға­нын есті­ген емес­пін. Мұны билік­тің де, ғалым­дар­дың жібер­ген қателі­гі деу­ге бола­ды. Содан да болар, қан­дай идео­ло­гия болуы керек, біздің нақты ұлт­тық мүд­де­мізді қорғай­тын бағыт-бағ­да­ры­мыз қалай, кім­нің соңы­нан жүре­міз, жоқ әлде өзі­міздің сара жолы­мыз қай­сы деген сұрақтарға нақты жау­ап әлі жоқ. Айта­ты­ны­мыз – демо­кра­ти­я­лық, зай­ыр­лы құқы­қтық мем­ле­кет болу, ол – Кон­сти­ту­ци­я­ның тала­бы. Әңгі­ме соны қалай, қан­дай нақты тетік­тер­мен жасай­мыз – сон­да. Ел біздікі, жер біздікі бол­са – біз айт­па­сақ, кім айтады?!

Менің­ше, Кон­сти­ту­ци­я­ның қағи­дат­та­рын іске асы­ру үшін, Қаза­қстан­ның ком­пас сияқты идео­ло­ги­я­лық док­три­на­сы болуы керек. Осы­ған орай үш тұғыр­лы даму иде­я­сын ұсын­бақ­шы­мын. Ол – тең қабы­рға­лы үш бұрыш секіл­ді, оның ұста­ным­да­ры – руха­ни­ят, сая­сат және эко­но­ми­ка. Үше­уі бір­дей нығай­ған жағ­дай­да ғана өрлеу қам­та­ма­сыз етіледі. 

Бірін­ші – руха­ни­ят. Адам­гер­шілік, қазақ халқы­ның руха­ни-мәде­ни және тари­хи құн­ды­лы­қта­ры, сала­у­ат­ты өмір сал­ты, салт-дәстүр сабақ­та­сты­ғын сақтай­тын ұзақ мерзім­ді үрдістер «Ұлт­тық гума­ни­тар­лық идео­ло­ги­я­ны» қалып­та­сты­ру­дан баста­луы тиіс. Руха­ни­ят­ты жаңғыр­ту мен қоғам­ды ізгі­лен­дірудің тірек құрам­даста­ры: өткен – қазір­гі – бола­шақ тарихқа деген бір­тұ­тас көзқа­рас­ты орны­қты­ру; пси­хо­ло­ги­я­ны жаңар­ту; тұлға­ның жаңа­ша ойлау қабілетін шың­дау, руха­ни-мораль­дық құн­ды­лы­қтар­ды жүй­е­леу; әлем­дік дін­дер­ді (ислам, хри­сти­ан, буд­дизм, кон­фу­ций және т.б.) жаңа­ша түсін­ді­ру арқы­лы өза­ра түсіністік арна­сын кеңей­ту; кре­а­тив­ті адам капи­та­лы­мен үйле­сетін демо­гра­фия және қоғам­дық тең­герім­ді даму.

Егер біз өзі­міздің ұлт­тық ерекшелік­тері­мізді сақтау арқы­лы әлем­дік өрке­ни­ет­ке ену­ге ынта­лы халық бол­сақ, онда руха­ни құн­ды­лы­ғы­мыз алда тұруы керек. Егер біз бірін­ші эко­но­ми­ка, екін­ші сая­сат демей, халы­қты шата­стыр­май, ұлт­тық мүд­де­мізді уақы­тын­да аны­қтап, құн­ды­лы­қтар­ды нақты бел­гілеп, алды­мы­зға ұлт­тық идео­ло­гия арқы­лы айқын мақ­сат қой­ған­да, оған қоса Ұлы Абай­дың «Толық адам ілі­мін» ерте­рек игер­ген­де, мұн­дай алмағай­ып жағ­дай­ға түс­пе­ген болар едік.

Екін­ші – сая­сат, ол – мем­ле­кеті­міз­де­гі билік­тің үш тар­мағын басқа­ру­дың тепе-теңді­гін, әдіс-тәсіл­дерін іске асы­ру­дың құра­лы. Сая­сат­тың мақ­са­ты ­– мем­ле­кеті­міздің тұрақты дамуы үшін ел бір­лі­гін нығай­ту, халқы­мы­здың өмір сүру дең­гей­ін көте­ру, жал­пы қоғам­дық сая­си-кли­мат­тың бірқа­лып­ты­лы­ғын қам­та­ма­сыз ету. Бұл тура­лы 2025 жылы жари­я­ланған ҚР ішкі сая­са­ты­ның қағи­дат­та­ры мен бағыт­та­ры бар. Енді Жаңа Кон­сти­ту­ци­яға бай­ла­ны­сты өзгерістер енгі­зу керек.

Бүгін Қытай елі эко­но­ми­ка, ғылым, инно­ва­ция, тех­но­ло­ги­ядағы көр­сет­кі­ш­тері бой­ын­ша әлем­дік көш­бас­шы­ға айна­лып бара­ды. Қытай­дың фено­мені неде деген­де, мен оның идео­ло­ги­я­лық сая­са­тын­да дер едім. Си Цзинь­пин – Дэн Сяо­пин­нің рефор­ма­сын жалға­сты­рып, идео­ло­ги­я­лық көш­бас­шы ретін­де Қытай­ды әлем­де алға шығарды.

Шын мәнін­де біз­де сая­си рефор­ма 2022 жылғы Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін ҚР Пре­зи­ден­тінің баста­ма­сы­мен басталды.

Үшін­ші – эко­но­ми­ка, ол мем­ле­кеті­міздің күш-қуа­тын, әл-ауқа­тын, өндір­гіш күш­терінің әле­уетін, ЖІӨ-нің ада­мға шаққан­дағы бай­лы­ғын, бүкіл халы­қтың бай­лы­ғын көр­се­те­ді. Өкіні­штісі – жал­пы біз­де эко­но­ми­ка­лық аху­ал нашар, қым­бат­шы­лық, халы­қтың күн­көрісі төмен­де­уде, салық рефор­ма­сы нашар жүру­де, мем­ле­кет­ті басқа­ру тиім­сіз. Бір сөз­бен айт­сақ, біз эко­но­ми­ка­ны әрта­рап­тан­дыр­май, шикі­зат елі болып қалу­да­мыз. Жаңа эко­но­ми­ка­лық сая­сат керек!

Бұл мәсе­лені жаңа идео­ло­гия тұрғы­сы­нан өндірістік қаты­на­стар­ды жетіл­ді­ру және қоғам­дық сана­ны жаңғыр­ту­мен ұшта­сты­ра оты­рып, кешен­ді түр­де шешу қажет. Ұлт­тық идео­ло­гия Қаза­қстан­ның инду­стри­ал­ды-инно­ва­ци­я­лық даму бағы­тын көз­де­уі тиіс. Қаза­қстан гума­ни­тар­лы қоғам құрып, инно­ва­ци­я­лық эко­но­ми­ка жаса­са, осы­ған бар­лық ұлт пен ұлы­стар­ды бірік­тір­се – басқа­ларға қараған­да тезірек дамы­ған елдер қата­ры­на қосы­лар едік. Мұн­дай мақ­сатқа жету үшін, ұзақ мерзім­ге арналған ұлт­тық стра­те­ги­я­лық жоба­лар болуы тиіс. Ол бұры­нғы­дай жоба­мен ойнау емес, бола­шақты, алы­стан бол­са да межені көре білу­ге негіз­де­луі керек. Бұл тұрғы­да инно­ва­ци­я­лық дамуға бала­ма жоқ екенін де ескер­ген жөн. Оның арғы жағын­да келе­шек­те гума­ни­тар­лы қоғам құру тұр. Әрине, біз­де гума­ни­тар­лы қоғам жоқ, бірақ әлем­де бұл про­цесс жүріп жатыр. Бұл ұзақ жол­да әр мем­ле­кет­тің жүру жыл­дам­ды­ғы оның эко­но­ми­ка­лық қуа­ты­на бай­ла­ны­сты әртүр­лі болуы мүмкін.

Менің ойым­ша, Қаза­қстанға бәрі­міздің басы­мы­зды қоса­тын бір ғана идео­ло­гия қажет, ол – жал­пы­ха­лы­қтық бір­тұ­тас гума­ни­стік идео­ло­гия. Ол желілік үлгі ретін­де 8 тар­маққа бөлінеді. 

Бірін­ші – құқы­қтық мем­ле­кет. Кеше ғана халы­қтық рефе­рен­дум­да қабыл­данған Жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ны халқы­мыз жақ­сы біліп алуы қажет. Оны­мен қоса Кон­сти­ту­ци­я­лық заң­дар, сала­лық заң­дар, нор­ма­тив­ті құжат­тар­ды біл­ген дұрыс. Жал­пы елі­міз­де құқы­қтық сау­ат­ты­лы­қты көте­ру керек. Себебі заң­ды біл­ме­ген аза­мат­та­ры­мыз өз құқы­қта­рын қорғай алмайды.

Біздің нары­қтық қаты­на­стар зама­ны­на аяқ басқа­ны­мы­зға да көп болған жоқ. Сол себеп­тен нары­қтық эко­но­ми­ка­ны, оның заң­ды­лы­қта­рын, әсіре­се кіші, орта кәсіп­ті қалай дамы­ту­ды арнайы оқып біл­ген жөн. Эко­но­ми­ка­ны өрге дома­ла­та­тын – кіші кәсіп, ол – елге нәсіп деп бекер айтыл­маған. Халқы­мы­здың 75%-ы біліп-біл­мей несие құр­са­уын­да отыр. Егер нарық жүй­есін игер­се, неси­енің тетік­терін біл­се, мұн­дай бол­мас еді. Үкі­мет те бұған ара­ша түс­пей оты­рған­дай көрі­неді. Әйт­пе­се әр банк өз кең­сесінің жаны­нан неси­ені алу, алмау, оның қиын­ды­қта­рын айтып, несие алушы­ның көзін аша­тын, кеңес беретін кон­суль­та­ци­я­лық орта­лы­қтар неге ашпайды?!

Мем­ле­кет пен қоғам қаты­на­сы, халық пен билік ара­сын­дағы сенім, ішкі, сыр­тқы сая­сат, т.б. мем­ле­кеті­міздің тұрақты дамуы­на әсер ететін мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер кәсі­би дең­гей­де атқа­ры­луы тиіс. Маңы­здысы – мем­ле­кет­тің стра­те­ги­я­лық бағыт-бағ­да­ры болуы, халық оны білуі керек. Біз аза­мат­тық қоғам орна­ту арқы­лы тұрақты дами оты­рып, дамы­ған ел бола­мыз. Тәу­ел­сіздік­ті заң жүзін­де, әсіре­се іс жүзін­де нығай­та оты­рып, мақ­сатқа жетуі­міз керек. Ол үшін мем­ле­кет­ті тиім­ді басқа­ру қажет. Осы­лай ғана ата-баба­дан келе жатқан тек­тілік, руха­ни, мәде­ни, тари­хи құн­ды­лы­қта­ры­мыз бен қазір­гі нары­қтық эко­но­ми­ка ара­сы­на салы­на­тын көпір­ге жол ашылады.

Екін­ші – руха­ни, мәде­ни, тари­хи құн­ды­лы­қтар. Бұл жер­де алға шыға­тын біздің ұлт­тық мүд­де­міз, нақты­лап айт­сақ, тәу­ел­сізді­гі­міздің ныға­юы, мем­ле­кет­тік тіл – қазақ тілінің өз тұғы­ры­на көтерілуі, жері­міздің тұта­сты­ғы, жері­міз шетел­ге сатыл­май, жалға да беріл­мей, тек өз аза­мат­та­ры­мы­зға ғана жалға беріліп, ел игілі­гіне қыз­мет ету, діні­міздің Мұхам­мед пай­ғам­бар­дың бір мәз­ха­бы­мен сақта­луы, қаза­қтың ежел­ден келе жатқан салт-дәстүрінің жаңғы­руы, қоғам­ның сала­у­ат­ты өмір сал­ты. Бұлар – ұлты­мы­здың басты құн­ды­лы­қта­ры, мем­ле­кеті­міздің қалып­та­сып, ұлт болып бекуі­міздің маңы­зды кепілі. Халық сая­си сау­ат­ты бол­са ғана ол өзінің ұлт­тық руха­ни мүд­десін қорғай алады.

Мың­даған жыл­дан бері келе жатқан ұлт­тық тәр­би­е­мізді, Ұлы Науры­зды, басқа да  ұлт­тық мей­рам­дар­ды, қасаң тар­тқан сана­ны жаңғырт­сақ, ұлт­тық рух­ты көтеріп, зия­лы қауым­ның үнін шыға­рып, Абай ілі­мі арқы­лы қоғам­ды ізгі­лен­дір­сек, келе­шек­те интел­лек­ту­ал ұлт болып қалып­тас­сақ – ең биік дең­гей­ге жетер едік. Ол үшін халық үніне құлақ аса­тын мем­ле­кет­тен ойла­на­тын билік­ке, гума­ни­стік мем­ле­кет­ке айна­луы­мыз керек.

Үшін­ші – ұлт­тық тәр­бие, адам­гер­шілік. «Тәр­бие – тал бесік­тен» демек­ші, тәр­бие әр отба­сын­да бала­ны тілі шық­пай тұрып  тәр­би­е­ле­уден баста­ла­ды. Бала­бақ­ша­да, мек­теп­те оқу­мен қатар тәр­би­ені күшей­ту қажет. Оның ең абза­лы – сала­у­ат­ты өмір сал­тын қалып­та­сты­ру, оның дең­гейі, сапа­сы, сти­лі, қоғам­дық-сая­си жұмысқа ара­ла­суы. Сала­у­ат­ты өмір сал­ты­ның әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық сала­ларға ара­ла­суы, өнім шыға­ру, кәсіп­пен айна­лы­су және иман­ды­лық, руха­ни тәлім-тәр­бие, руха­ни мәде­ни­ет, адам­гер­шілік қаси­ет­ке бау­лу. Сала­у­ат­ты өмір сүру­ге бауыр­мал болу, ден­са­улы­қты жақ­сар­ту, білі­мін көте­ру, таза­лы­қты сақтау, тұр­мыс-тір­шілі­гіңді жақ­сар­ту, уақыт­ты баға­лау, руха­ни, мате­ри­ал­ды құн­ды­лы­қтар­ды тиім­ді түр­де пай­да­ла­ну, сапа­лы тамақта­ну да кіреді. Осы­ның бәрін қазір­гі өмір үрдісі­мен ұшта­сты­рып, өз бол­мысы­мы­зға тән жаңа ұлт­тық мәде­ни­еті­мізді қалып­та­сты­руы­мыз керек.

Қаза­қстан­ның тұрақты дамуы – қоғам­да өмір сүретін жеке адам­дар­дың сая­си сау­ат­ты­лы­ғы­на, еліне деген пат­ри­от­тық сезі­міне, иман­ды­лық тәр­би­есінің қан­дай дәре­же­де екеніне бай­ла­ны­сты. Олай бол­са, жеке адам­дар­ды білім­ге, руха­ни тәр­би­е­ле­у­ге, олар­дың сая­си тұрғы­да сау­ат­ты болуы­на аса мән берілуі керек. Қазақ халқын­да елін сүй­етін, адал, адам­гер­шілі­гі мол пат­ри­от ұлдар мен қыздар жет­кілік­ті, көп­шілі­гі шетел­де білім алып, қыз­мет етіп жүр. Олар­дың жүре­гі қаза­ғым деп, біздің жүрек­тен де қат­ты соға­тын сияқты. Бар­лы­ғы­ның басын бірік­тіретін, дұрыс жол көр­сетіп, не істеу керекті­гін айтып оты­ра­тын бағ­дар­шам – ұлт­тық идео­ло­гия болмақ.

Төр­тін­ші – білім, ғылым, тех­но­ло­гия. Кез кел­ген қиын­ды­қтан тек білім алып шыға­ды демек­ші, ХХІ ғасыр­да сапа­лы білім, ғылым, жаңа тех­но­ло­гия бәрін өзгер­ту­де. Біз әлем­де саны аз, бірақ ең бай елміз. Сон­ды­қтан бар­лық сала­да сапа алда тұруы керек. Бір жасан­ды интел­лект­тің өзі бұрын-соң­ды адам ойла­маған жаңа­лы­қтар­ды әке­лу­де, сұрақта­ры­ңа аузы­ң­ды ашып-жұмған­ша жыл­дам жау­ап беру­де. Егер мек­теп­те, кол­ле­дж­де, жоға­ры оқу орын­да­рын­да сапа­лы білім мен сана­лы тәр­бие бол­са, мұның бәрі бола­ды, әрине. Әсіре­се мек­теп­те стан­дарт­ты білім­мен қатар «Өмір­та­ну пәні» мен Абай­дың «Толық адам ілі­мі», шағын кәсіп, жасан­ды интел­лект, эко­ло­ги­я­лық, т.б. инно­ва­ци­я­лық ілім­дер үйретіл­се – Ұлт­тық иде­ло­ги­я­ны санаға сіңі­ру деген сол болар еді. 

Білім беру сала­сын әрбір жаңа­дан кел­ген үкі­мет, мини­стр­лер жеке­ле­ген түзе­ту­лер­мен емес, идео­ло­гия → мақ­сат → өлшеу → ресурс → кадр → мәде­ни­ет → цифр­лық басқа­ру арқы­лы бір­тұ­тас жүйе ретін­де қай­та құруы керек. Егер білім, ғылым күшті бол­ма­са, Кеңес Одағы кезін­де Юрий Гага­рин ғары­шқа ұшпас еді. Қоғам­ның дамуын­да ғылым­ның орны үлкен, келе­шек­ті жасай­тын ғылым, ғалым­дар болған­ды­қтан, іргелі ғылым мен қол­дан­ба­лы ғылы­мға қар­жы көп салы­нуы керек. Дамы­ған елдер­мен салы­сты­рған­да, біз ғылым­ды дамы­туға 20–30 есе аз қара­жат бөліп отыр­мыз. Осы­дан-ақ жағ­дай­ы­мы­здың қан­дай екенін білу­ге бола­ды. Қазір­ше ғылым­да озық ойлы ғалым болу, жаңа­лы­қтар ашу, көп­тің іші­нен ілу­де біреу бол­ма­са, арман болып қалу­да. Біз ғылы­ми-тех­но­ло­ги­я­лық рево­лю­ция алдын­да тұр­мыз. Ол үшін біз VI тех­но­ло­ги­я­лық укла­дқа, жасан­ды интел­лект­ке, цифр­лан­ды­руға, био­тех­но­ло­ги­яға, жал­пы инно­ва­ци­яға мүм­кін­ді­гін­ше үлкен инве­сти­ция салып, оны тез иге­руі­міз қажет.

Бесін­ші – еңбек­ке бау­лу. Ұлы Абай «… өз қай­ра­ты­ңа сүй­еніп, еңбе­гіңді сау­саң, еңбек қыл­саң, қара жер де береді, құр таста­май­ды» демек­ші, адам­ды адам еткен – еңбек. Қазір жұмыс­сыз жүре беретін адам­дар­дың саны да көбе­ю­де. Ең маңы­здысы – жастар­ды жұмысқа бау­лу, жаңа маман­ды­қтарға оқы­ту. Жастар­дың терең де жүй­елі білім, өне­гелі тәлім-тәр­бие алуы­на, адал еңбек етуіне айры­қ­ша көңіл бөлу – мем­ле­кет пен қоғам үшін стра­те­ги­я­лық мін­дет. Деген­мен, алғыр­лық, сезім­тал­дық және инно­ва­ци­яға құштар­лық тұрғы­сы­нан қазақ жаста­ры алды­ңғы қатар­дан көрі­неді деп нық сене­мін. Жаста­ры­мыз кре­а­тив­ті ойла­у­ға, жаңа­лы­қтарға жедел бей­ім­де­луі керек.

Біз әлем­де ең бай ел бола тұра, халық саны аз мем­ле­кет­піз. Ал еңбек­ті жасай­тын халық, ой еңбе­гі мен дене, қол күші еңбе­гінің ара­сын­дағы қай­шы­лы­қтар­ды жаңа тех­но­ло­ги­я­ның әсері­мен жоюға бола­ды. Деген­мен халқы­мы­здың санын тез ара­да көбей­тетін іс-шара­лар керек. Мыса­лы, өмір­ге кел­ген әр балаға 10 мың дол­лар беру, декрет және 3 жылға дей­ін балаға қарау кезін­де сол адам жұмыс істеп жүр­ген­де қан­ша жалақы алды, көмек дәл сол мөл­шер­де жалға­суы керек, т.б.

Еңбек­тің үлкен бөлі­гі шағын және орта кәсіп­те (ШОК) жатыр. Мыса­лы, дамы­ған елдер­де ШОК-пен халы­қтың 80%-ы айна­лы­са­ды, олар ұлт­тық табыст­ың 60%-ына дей­ін береді. Ал біз­де 25–30%, онда да дәл мәлі­мет жоқ. Осы­дан-ақ ШОК-те өте үлкен резерв­тің бар екенін көру­ге бола­ды. ШОК-ті қол­дау тура­лы Пре­зи­дент әр Жол­да­уын­да айта­ды. Бірақ атқа­ру­шы билік, банк жүй­есі бұл мәсе­ле­де әлі қауқар­сыздық таны­тып отыр. Жаңа Салық кодексі де ШОК-ке пәр­мен берудің орны­на салы­қ­пен басып, кіші кәсіп­тен түсетін түсім күрт азай­ды. Біз өндірістік қаты­на­стар­ды күшей­тіп, орта тап­ты қалып­та­стыр­май, эко­но­ми­ка­мыз тұрақты өспей­ді. Шетел тәжіри­бесі­нен көріп оты­рға­ны­мы­здай, про­гре­сті тек орта тап жасайды.

Алтын­шы дін мәсе­лесі. Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша дін мем­ле­кет­тен бөлек, заң­мен рет­те­леді. Бірақ дін де қоға­мға, ада­мға қыз­мет етіп, оның жақ­сы болуы­на, ізгі­ле­ну­ге, адам­гер­шілік­ке шақы­ра­ды, Аллаға сый­ын­сын дей­ді. Бұл мем­ле­кет­тің, қоғам­ның дамуы­на қай­шы емес деп есеп­тей­мін. Иман­ды­лық деген сөз халық ұғы­мын­да тек діни мағы­на­да ғана емес, соны­мен бір­ге ол ада­ми қаси­ет, адам­гер­шілік, ар-ұят деген мағы­на­ны біл­діреді. Халы­ққа діни сау­ат­ты­лық керек, «Дін­та­ну негіз­дері» пәнін енгізіп, жастар жақ­сы мен жаман­ды ажы­ра­та білуі керек. Бір уақыт­тар­да түр­лі діни ағым­дар саны 4500-ге дей­ін өскені айтыл­ды. Әр ағы­мға ең азы 200 адам­нан тар­тыл­са, мың­даған жас сана­сы ула­ну қау­піне ұры­на­ды. Талай жастың Сири­яға және өзге өңір­лер­ге кетіп қалға­нын аңғар­май да қал­дық. Бұл – есті қоғам үшін ауыр дабыл.

Ең алды­мен халы­қтың діни білі­мін арт­ты­ру – уақыт тала­бы. Түр­кістан қала­сын­да «Дін ака­де­ми­я­сын» құрып, жүй­елі тео­ло­ги­я­лық даяр­лы­қты күшей­ту, Мұхам­мед пай­ғам­бар ұстанған бір мәз­хаб аясын­да діни сау­ат сапа­сын көте­ру – маңы­зды мін­дет. Діна­ра­лық сенім, кон­фес­си­я­лық келісім керек. Менің­ше, қан­дай жағ­дай­да да ада­мға арқасүй­ер сенім қажет: ол адам­ды жалғы­здық пен шара­сызды­қтан қорғай­ды. Қоғам­дық дең­гей­де де жұрт­тың басым көп­шілі­гі дін­ге сенетіні бай­қа­ла­ды. Біз – Қаза­қстан, дүние жүзін­де­гі 50-ге тар­та мұсыл­ман елінің бірі екені­мізді ұмыт­па­уы­мыз керек.

Руха­ни-мәде­ни даму­да дін­нің әсері тіке­лей әрі күшті. Сон­ды­қтан жаңа өрке­ни­ет құру жолын­да дін­нің бірік­тіру­ші функ­ци­я­сын күшей­тіп, дін мен ғылым­ды өза­ра толы­қты­рып, син­тез­деп түсі­ну­ге кірі­сетін шақ туды. Дін­ге сену – ол ақыл­дың, сана­ның мәсе­лесі. Тәңір­дің торы­нан ешкім де, ешнәр­се де шыға алмай­ды. Дін­ді өрке­ни­ет­ке қыз­мет еткі­зу – ең маңы­зды еңбек.

Жетін­ші – үкі­мет­тік емес ұйым­дар (ҮЕҰ). Қаза­қстан­да үкі­мет­тік емес қоғам­дық ұйым­дар саны да, сапа­сы да жет­кілік­ті дең­гей­де емес. Көп­шілі­гі тиім­сіз, қоға­мға аса ықпал ете алмай­ды, ал мем­ле­кет тара­пы­нан берілетін қол­дау көбіне әкім­шілік-идео­ло­ги­я­лық мін­дет атқа­руға жұм­са­лып, тәу­ел­сіз баста­ма­лар­дың әле­уетін шек­тей­ді. Салы­сты­ру үшін: бар-жоғы 5‑ақ млн тұрғы­ны бар Фин­лян­ди­яда 120 мың­нан астам бей­үкі­мет­тік бір­ле­стік тір­кел­ген. Біз­де бұл көр­сет­кіш есе­леп төмен – шама­мен 22 мың.

Қаза­қстан­ның ұзақ мерзім­ді дамуы қоғам­дық сана­ны жаңғыр­туға қабілет­ті үкі­мет­тік емес ұйым­дар­дың бел­сен­ділі­гіне тіке­лей тәу­ел­ді бол­мақ. Себебі біз – табиғи бай­лы­ғы мол, бірақ саны аз, шағын халы­қ­пыз. Демек, әле­умет­тік капи­тал­ды, өза­ра сенім­ді және бір­ле­се әре­кет ету мәде­ни­етін күшей­ту – эко­но­ми­ка­лық өсім­нің де, сая­си тұрақты­лы­қтың да ірге­та­сы. Аза­мат­тық қоғам­сыз инно­ва­ция да, әділ­дік те орны­қ­пай­ды. ҮЕҰ-ға грант­тар бөлу, жағ­дай жасау өте қажет. Олар қоғам­дық орта­лы­қтар құру, ой қозғау, пікір алы­су арқы­лы ҮЕҰ мен Үкі­мет­тің қаты­на­сын күшей­те­ді, этно­са­ра­лық қаты­на­стар­ды да дамы­та­ды. Жал­пы айтқан­да, қоғам­дық сана­ны көте­ру – мем­ле­кет­ті про­грес­ке итер­ме­лей­ді, аза­мат­тық қоғам­ның өзе­гіне айналады.

Сегізін­ші халы­қа­ра­лық қаты­на­стар. Кон­сти­ту­ци­я­ның 10-бабын­да «ҚР халы­қа­ра­лық құқық қағи­дат­та­ры мен нор­ма­ла­рын құр­мет­тей­ді» делін­ген. Біздің мем­ле­кет қан­дай мәсе­лені де бей­біт жол­мен шешуді көз­дей­тін сыр­тқы сая­сат жүр­гі­зеді. Мем­ле­кеті­міздің көп­по­ляр­лы, көп­век­тор­лы сая­са­ты­ның арқа­сын­да қазір елі­міз тұрақты даму­да, алыс-жақын бар­лық көр­шілер­мен де, басқа мем­ле­кет­тер­мен де қарым-қаты­на­сы­мыз бірқа­лып­ты, ойдағы­дай деу­ге бола­ды. Деген­мен, «Жау жоқ деме, жар астын­да, бөрі жоқ деме, бөрік астын­да» деген мақал елі­мізді сақ болуға, аңғал­ды­ққа салын­ба­уға шақы­ра­ды. Тәу­ел­сізді­гі­міз­ге төніп тұрған қауіп жоқ емес. Ол Ресей­дің кей­бір қисық сая­сат­кер­лерінің ойы­на қараған­да, сол  жақтан болуы мүм­кін. Қаза­қтар­дың асси­ми­ля­ци­яға ұшы­ра­уы әлі тоқта­ты­лған жоқ, өз іші­міз­де­гі сыбай­лас жемқор­лық, парақор­лық мем­ле­кеті­міздің тамы­ры­на бал­та шабу­да. Басқа да кенет­тен бола­тын нәу­бет­тен бір Жаратқан аман сақтасын!

Біз мына тари­хи шын­ды­қты ұмыт­па­уы­мыз керек. Бес мың жыл­дық тарихы бар Түр­кі тегінің түп ата қоны­сы біздің жер­де – қазір­гі Жам­был және Түр­кістан облы­сы аумағын­дағы Күр­тақ (Қара­тау) мен Үртақтың (Ала­тау) бау­рай­ла­рын­да болға­нын ескер­сек, Қазақ халқы – көшпен­ді өмір сал­ты өрке­ни­етінің құн­ды­лы­қта­рын бой­ы­на сіңір­ген Түр­кі әле­мінің қара шаңы­рағы екен­ді­гі мәлім бола­ды. Олай бол­са, біз жалғыз емес­піз, біздің арты­мы­зда 90 млн-ға жуық Түр­кі мем­ле­кеті, жал­пы саны 220 млн-нан аса­тын Түр­кі әле­мі тұрға­нын, олар­дың біз­бен руха­ни-мәде­ни, эко­но­ми­ка­лық қарым-қаты­нас жасай­ты­нын басқа елдер білуі керек.

***

Құр­мет­ті оқыр­ман! Қаза­қстан­ның Ұлт­тық идео­ло­ги­я­сы­ның арқа­уы бола­тын негіз­гі мәсе­ле­лер­ге қысқа­ша тоқтал­дық. Осы­ның бәрін жүй­е­леп қосқан­да – Ұлт­тық идео­ло­ги­я­мыз шыға­ды. Ол бар­лық ұлтқа ортақ, бір үлгі­де­гіи­део­ло­ги­я­лық тұжы­рым­да­ма ретін­де ұсы­ныл­ды. Енді осы 8 сала бой­ын­ша жол кар­та­сын және бағ­дар­ла­ма­лар жасап, олар­ды ресур­стар­мен нақты қам­та­ма­сыз етіп, іске асы­ру керек. Идео­ло­гия тақы­ры­бы өте ауқым­ды, кең, күр­делі, түбе­гей­лі мәсе­ле болған­ды­қтан, оның кем-кеті­гі толы­қты­ры­ла түсер. Мәсе­ле осы бағыт­та өз сара жолы­мы­зды ком­пас сияқты бел­гілеп алу­да дер едім. Осы­ған атса­лы­сай­ық, ағай­ын! Ақпа­рат құрал­да­ры арқы­лы қоғам­дық пікір керек. Бұған маман­дар­дың, білім­ді аза­мат­тар­дың, зия­лы қауым­ның бел­сене қаты­суын сұрай­мын. Өйт­кені біз көп ұза­май Жаңа Кон­сти­ту­ция талап­та­рын толы­ққан­ды іске асы­ра­тын Қаза­қстан­ның Ұлт­тық идео­ло­ги­я­сын қабыл­да­уы­мыз керек!

Ора­за­лы СӘБДЕН,

                            Қаза­қстан Ғалым­дар одағы­ның президенті,ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты, академик

Республиканский еженедельник онлайн