Четверг , 23 июля 2026

УӘДЕХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ АМАНАТ

Кеше­гі Мәжіліс және ертең­гі Құры­л­тай депу­тат­та­ры­на, сая­си пар­ти­я­ларға және халы­қтың сені­міне үміт­кер аза­мат­тарға ашық хат

Мен бұл жаз­ба­ны ешкім­ді қара­лау үшін жазып оты­рған жоқ­пын. Мен ешкім­ді жау көру­ден де аулақ­пын. Мен тек жау­ап іздеп отыр­мын. Өйт­кені бұл менің ғана емес, елі­міздің бола­шағы­на бей­жай қара­май­тын мың­даған аза­мат­тың көкей­ін­де­гі сұрақ. Егер осы сұрақтар­дың жау­а­бы бар бол­са – халы­ққа айты­ңы­здар. Егер жоқ бол­са – неге жоқ?

Сай­лау жақын­даған сай­ын, елде сая­си бел­сен­ділік күшей­еді. Пар­ти­я­лар бағ­дар­ла­ма­ла­рын таны­сты­ра­ды. Үміт­кер­лер халы­қ­пен кез­де­седі. Үлкен мін­бер­лер­ден әде­мі сөз­дер айтылады.

«Халы­қтың әл-ауқа­тын көтереміз».

«Баға­ны тұрақтандырамыз».

«Жұмыс орын­да­рын ашамыз».

«Ауыл­ды дамытамыз».

«Әділет­ті қоғам құрамыз».

Бұл сөз­дер­дің бәрі біз­ге баяғы­дан таныс. Өйт­кені біз олар­ды бір рет емес, бір­не­ше сай­ла­уда естідік. Бірақ бүгін мені басқа сұрақ мазалайды.

Неге біз әрбір жаңа сай­ла­уды жаңа уәде­мен бастай­мыз да, өткен сай­ла­уда беріл­ген уәде­лер­дің қоры­тындыс­ын шығар­май­мыз? 2023 жылғы Мәжіліс сай­ла­у­ын­да халық сіз­дер­ге сенім арт­ты. Өз дау­сын бер­ді. Ман­дат тап­сыр­ды. Ал ман­дат – жеңіс емес. Ман­дат – халы­қтың ама­на­ты. Ал ама­нат­тың жүгі әрқа­шан ауыр бола­ды. Сон­ды­қтан бүгін халы­қтың мына­дай сұрақ қоюға толық құқы­ғы бар.

Халы­қтың әл-ауқа­ты нақты қан­ша­лы­қты жақсарды?

Беріл­ген уәде­лер­дің қан­ша пай­ы­зы орындалды?

Жұмыс­сыздық мәсе­лесін шешу­де қан­дай нақты нәти­же­лер­ге қол жеткізілді?

Баға­ны тұрақтан­ды­ру бағы­тын­да қан­дай өзгерістер болды?

Ауыл­дар­дың жағ­дайы қан­ша­лы­қты жақсарды?

Жастар­дың бола­шағы­на қаты­сты қан­дай нақты шешім­дер жүзе­ге асты?

Егер жетістік бол­са – халы­ққа көр­сетіңіз­дер. Егер қиын­дық бол­са – ашық айты­ңы­здар. Өйт­кені халы­ққа шын­дық керек.

Мен тағы бір сұрақ қой­ғым келеді. Егер орын­да­уға мүм­кін­дік жоқ бол­са, онда неге уәде беріл­ді? Уәде – сай­лау алдын­дағы әде­мі сөз емес. Уәде – халы­қ­пен жасалған мораль­дық келісім. Сол келісім­нің артын­да мил­ли­он­даған адам­ның үміті тұр. Сон­ды­қтан орын­дал­маған әрбір уәде – жай ғана орын­дал­маған жос­пар емес. Ол – халы­қтың сені­міне түс­кен сызат.

Өкініш­ке қарай, біз­де бір нәр­се жетіс­пей­ді. Ол – сая­си жау­ап­кер­шілік мәде­ни­еті. Бір­де-бір депу­тат неме­се бір­де-бір сая­си пар­тия халы­қтың алды­на шығып: «Мына уәде­міз орын­дал­ма­ды. Себебі мына­дай. Біз осы үшін жау­ап­ты­мыз», – деп ашық айт­ты ма?

Мен ондай сая­си мәде­ни­ет­ті әлі көр­ген жоқ­пын. Ал дәл осын­дай мәде­ни­ет қалып­тас­пай­ын­ша, халы­қтың сая­сатқа деген сені­мі де толық қалып­тас­пай­ды. Өйт­кені демо­кра­тия тек дауыс беру­мен өлшенбейді.

Демо­кра­тия – уәде­ге адал­ды­қ­пен өлшенеді.

Демо­кра­тия – ашық есеп­пен өлшенеді.

Демо­кра­тия – жау­ап­кер­шілік­пен өлшенеді.

Бүгін­де әле­умет­тік желілер­де: «Бәрібір ештеңе өзгер­мей­ді…» дей­тін пікір­лер көбей­іп бара­ды. Осын­дай көңіл-күй­дің қалып­та­суы­на кім кінәлі? Халық па? Әлде халы­қтың сені­мін ақтай алмаған сая­сат па?

Бұл сұраққа әркім өз ар-ұжда­ны­ның алдын­да жау­ап беруі керек. Мен ешкім­нен мін­сіз болу­ды талап етпей­мін. Қателік болуы мүм­кін. Қиын­дық болуы мүм­кін. Әлем­дік эко­но­ми­ка­лық және гео­са­я­си жағ­дай­дың әсері де бар. Бірақ қан­дай жағ­дай­да да халы­ққа шын­дық айты­луы керек.

Егер орын­да­саңы­здар – айты­ңы­здар. Егер орын­дай алма­саңы­здар – мой­ын­даңы­здар. Егер қателік жібер­сеңіз­дер – қоры­тын­ды жасаңы­здар. Халық шын­ды­қты түсі­неді. Бірақ халық жау­ап­сызды­қты қабылдамайды.

Бір ақиқат­ты ұмыт­пай­ық. Мем­ле­кет­ті заң ғана емес, халы­қтың сені­мі де ұстап тұра­ды. Ал сенім жау­ап­кер­шілік­тен туа­ды. Халы­қтың есі қысқа деп ойлау – үлкен қателік. Халық бәрін көреді. Халық бәрін сара­лай­ды. Халық бәрін есте сақтайды.

Сон­ды­қтан ертең халы­қтың сені­міне ие болғы­сы келетін бар­лық сая­си пар­ти­я­ларға, бар­лық кан­ди­дат­тарға бүгін менің айтар бір ғана өтіні­шім бар. Жаңа уәде беру­ге асы­қ­паңы­здар. Алды­мен өткен уәде­леріңіз­ге ашық есеп беріңіз­дер. Халы­қтың сені­мін тағы сұра­мас бұрын, сол сенім­нің алдын­да қан­дай жау­ап­кер­шілік арқа­лаған­да­ры­ңы­зды көр­сетіңіз­дер. Өйт­кені сенім сұра­у­мен кел­мей­ді. Сенім – адал еңбек­пен, ашық есеп­пен және жау­ап­кер­шілік­пен ғана келеді.

Бұл мақа­ла бір пар­ти­яға неме­се бір депу­татқа ғана арнал­маған. Бұл – ертең халы­қтың алды­на шыға­тын әрбір аза­матқа қой­ы­ла­тын талап. Өйт­кені халы­қтың сені­мін сұраған адам ең алды­мен сол сенім­нің алдын­да жау­ап бере алуы керек. Сон­да ғана елі­міз­де уәде емес – нәти­же, сөз емес – іс, сая­си науқан емес – сая­си жау­ап­кер­шілік дәстүрі қалыптасады.

Уәде беру – сая­сат­тың басы. Уәдені орын­дау – сая­сат­кер­дің баға­сы. Уәде жай сөз емес. Уәде – халық алдын­дағы ама­нат. Ал ама­нат­тың сұра­уы бола­ды. Әрқа­шан болады.

Жақып МЕЙІРХАНҰЛЫ, «Жібек Жолы» Эко­но­ми­ка­лық аль­ян­сы­ның тең төрағасы

Республиканский еженедельник онлайн