Четверг , 30 июля 2026

Біздің мақсатымыз – әр азамат ӨЗ ЕҢБЕГІМЕН ЛАЙЫҚТЫ Өмір сүре алатын қоғам құру!

Асыл­хан Қожахметов,«Ақ жол» демо­кра­ти­я­лық партиясы

рес­пуб­ли­ка­лық сай­ла­у­ал­ды шта­бы­ның басшысы:

– Қазір­гі сай­лау науқа­ны­ның бета­лы­сы қандай?

– Сая­си про­це­стер мен сай­лау науқан­да­ры­ның көп­жыл­дық тәжіри­бесіне сүй­ен­сек, бұл жолғы науқан­ның сая­си сал­мағы да, қарқы­ны да мүл­де бөлек. Қазір­гі сай­лау науқа­ны жоға­ры бәсе­ке­ле­стік­пен, ашы­қты­қ­пен әрі сая­си праг­ма­тизммен сипатта­ла­ды. Басты ерекшелік – қоғам­ның сая­си мәде­ни­еті мен тала­бы­ның сапа­лық жаңа дең­гей­ге көтерілуін­де. Бүгін­гі сай­ла­у­шы құрғақ уәде­ге неме­се жалаң ұран­дарға сен­бей­ді. Халық тара­пы­нан нақты заң­на­ма­лық меха­низмдер­ге, эко­но­ми­ка­лық есеп­тер­ге және про­бле­ма­лар­дың шеші­лу жол­да­ры­на негіз­дел­ген терең сұра­ныс бар.

«Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның рес­пуб­ли­ка­лық және өңір­лік шта­б­та­ры елі­міздің бар­лық аймақта­рын қам­тып, өндіріс ошақта­рын­да, ауыл­дық жер­лер­де халы­қ­пен ашық кез­де­су­лер өткізіп жатыр. Ел ішін­де­гі сая­си бел­сен­ділік пен өзгерістер­ге деген сенім өте жоға­ры. Сая­си бәсе­кенің жоға­ры дең­гей­де өтуі – елі­міз­де­гі демо­кра­ти­я­лық инсти­тут­тар­дың орны­ғуы мен мем­ле­кет­тік сая­си жүй­енің дамуын көр­се­те­ді. «Ақ жол» пар­ти­я­сы бәсе­ке­ге айқын сая­си бағ­дар­ла­ма­мен және нақты заң­на­ма­лық баста­ма­лар­мен қаты­сып отыр.

– Рефе­рен­дум­нан кей­ін елі­міз Жаңа Кон­сти­ту­ци­я­мен қадам басты. Осы орай­да бұры­нғы сай­ла­у­лар мен қазір­гі Құры­л­тай сай­ла­у­ы­ның басты айыр­ма­шы­лы­ғы мен ерекшелі­гі неде?

– Сай­ла­удың негіз­гі сая­си мәні – 2026 жылғы Халы­қтық Кон­сти­ту­ция негізін­де мем­ле­кет­тік басқа­ру­дың жаңа инсти­ту­ци­о­нал­дық үлгісін қалып­та­сты­руын­да. Бұры­нғы сай­ла­у­лар бұрын­нан қалып­тасқан жүйе шең­берін­де өтіп кел­се, бұл жолы мүл­де жаңа мем­ле­кет­тік инсти­тут­тар – Құры­л­тай мен Халық кеңесінің құқы­қтық негізі қала­нып жатыр.

Бұл орай­да үш басты сая­си аспек­тіні бөліп көр­се­ту­ге бола­ды: Бұры­нғы­дан өзге­шелі­гі – мем­ле­кет бас­шы­сы­ның пар­ти­я­лық мүшелік­тен тыс болуы бар­лық сая­си күш­тер үшін тең бәсе­ке­ле­стік пен әділ сай­лау орта­сын қалып­та­стыр­ды. Екін­ші­ден, жаңа Кон­сти­ту­ция аясын­да Құры­л­тай­дың бақы­лау функ­ци­я­ла­ры айтар­лы­қтай күшей­ді. Енді­гі жер­де пар­ла­мент­тік тер­геу жүр­гі­зу, ква­зи­мем­ле­кет­тік сек­тор мен арнайы қор­лар­дың (МӘМС, БЖЗҚ) қара­жа­тын қоғам­дық-пар­ла­мент­тік бақы­ла­у­ға алу тетік­тері көз­дел­ген. Үшін­ші­ден, Пре­зи­дент ұсы­нған «Күшті Пре­зи­дент – ықпал­ды Пар­ла­мент – есеп беретін Үкі­мет» фор­му­ла­сы толы­ққан­ды іске аса­ды. Демек, бұл сай­лау – тек ман­дат бөлінісі емес, мем­ле­кет­тің жаңа сая­си архи­тек­то­ни­ка­сын құру­дың жау­ап­ты кезеңі.

– «Ақ жол» пар­ти­я­сын жұрт­шы­лық көбіне кәсіп­кер­лер­дің мүд­десін қорғай­тын сая­си күш ретін­де тани­ды. Ал бұл жолғы сай­ла­у­ал­ды бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ңы­зды қара­сақ, қара­пай­ым еңбек ада­мы, әле­умет­тік әділет­тілік және халы­қтың тұр­мысы басты оры­нға шығып­ты. Бұл пар­тия бұры­лы­сы ма, әлде қоғам­дағы сұра­ныс па?

– Иә, біз әрқа­шан адал кәсіп­кер­лік­ті қол­дап кел­дік және қол­дай бере­міз. Бірақ мем­ле­кет­тің басты тіре­гі кім? Ол – маң­дай тері­мен нанын тауып жүр­ген қара­пай­ым еңбек ада­мы. Бағ­дар­ла­ма­да ашық жаз­дық: Қаза­қстан­дай қазы­на­сы тасы­ған, бай­лы­ғы мол елде кедей­лер мүл­дем бол­мауы керек. Шағын және орта биз­не­сті қол­дау дегені­міз тек кәсіп­кер­ге ғана жағ­дай жасау емес. Биз­неске жол ашыл­са – жаңа жұмыс орын­да­ры құры­ла­ды, халық тұрақты табыс таба­ды. Яғни, орта тап қалып­та­сып, бай мен кедей­дің ара­сын­дағы үлкен алшақтық жой­ы­ла­ды. Кәсіп­кер­лік өркен­десе, қазы­наға салық түседі.

Ал сол салы­қтың арқа­сын­да біз әле­умет­тік әділет­тілік орна­та­мыз: зей­не­тақы мен жалақы­ны құрғақ цифр­мен (АЕК) емес, нақты күн­көріс дең­гей­і­мен есеп­тей ала­мыз, жас отба­сы­лар­дың ипо­те­ка­сы­на көмек­те­се­міз, МӘМС пен БЖЗҚ қор­ла­рын халы­қтың тіке­лей бақы­ла­у­ы­на бере­міз. Шын мәнін­де, адал кәсіп­кер мен қара­пай­ым жұмыс­шы­ның мүд­десі бір. Еке­уі де әділет­тілік­ті, заң­ның үстем­ді­гін қалай­ды. Еке­уі де жемқор­лық пен оли­гарх­тар­дың үстем­ді­гі­нен шар­шаған. Сон­ды­қтан «Ақ жол» пар­ти­я­сы­ның басты мақ­са­ты – елі­міздің ұлт­тық табысы халы­ққа әділ бөлі­нетін, әр аза­мат өз еңбе­гі­мен лай­ы­қты өмір сүре ала­тын қоғам құру.

Республиканский еженедельник онлайн