Четверг , 30 июля 2026

Саяси дода – кастинг емес: Құрылтай сайлауынан не күтеміз

Адам­зат сай­ла­уды қалай дөп ойлап тапқан! Көз­де­ген оры­нға лай­ық екеніңді халы­ққа дәлел­дей­сің, елдің мұң-мұқта­жын түсініп қана қой­май, оны шеше ала­ты­ны­ңа жұрт­тың көзін жет­кізіп, ең көп дауыс жинай­сың да – билік­ке қол жеткізесің.

Бұл жолы сай­ла­у­шы­лар­дың ықы­ла­сы­на бөле­ну үшін 545 кан­ди­дат бақ сынай­ды. Олар­дың әрқай­сысы­ның артын­да пар­тия тұр. Ал пар­тия дегені­міз – алдағы бес жыл­да Құры­л­тай­да заң шыға­рып, Үкі­мет­пен айты­сқа түсу­ге және өз сай­ла­у­шы­ла­ры­ның мүд­десін қорға­уға ұмты­лған сая­си күш. Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы сай­ла­удың ең шешу­ші кезеңін ресми түр­де бастап бер­ді: пар­ти­я­лар өз тізім­дерін тір­кеп, үгіт-наси­хат науқа­ны­на кірісті. ОСК таратқан мәлі­мет­ке сүй­ен­сек, Құры­л­тай­дағы 145 ман­дат­тың әрқай­сысы­на орта есеп­пен төрт адам­нан келеді. Заң тала­бы­на сай, кан­ди­дат­тар­дың 43 пай­ы­зын әйел­дер, жастар және мүге­дек­ті­гі бар аза­мат­тар құрайды.

Айт­пақ­шы, Тәу­ел­сіздік­тің 35 жылын­да Қаза­қстан сегіз рет пар­ла­мент сай­ла­у­ын өткізді. 23 тамы­зда өтетін сай­лау – заң шыға­ру­шы билік­ке арналған тоғы­зын­шы, ал жаңа­ша сипаттағы Құры­л­тай­ға алға­шқы сай­лау бол­мақ. Содан да болар, бұл науқан­ды бұры­нғы­лар­мен салы­сты­ру қисын­сыздау. Өйт­кені ел бұл жолы төмен­гі пала­та­ның кезек­ті құра­мын емес, жаңа кон­сти­ту­ци­я­лық үлгі­ге сай заң шыға­ру­шы орган­ды сай­лаға­лы отыр.

ЖАҢА ЕСІМДЕР  ӘЛІ ЖАҢА САЯСАТ ДЕГЕН СӨЗ ЕМЕС

Бұл ойым­мен келі­сесіз­дер ме, жоқ па, біл­мей­мін. Сау­ал­на­ма жүр­гізіп жатыр деп айып­та­мас үшін сұрай да алмай­мын. Бірақ үміт­кер­лер тізі­мін­де жаңа есім­дер­дің пай­да болға­ны көңіл қуан­та­ды. Бұл – рефор­ма­лар­дың басталға­нын, сая­си жүй­енің жаңа­ру арна­сы­на түс­кенін және шынайы пар­ти­я­лық бәсе­ке қалып­та­са­ты­нын біл­дір­се керек. Ал додаға жаңа­дан түс­кен­дер­ге жаңа Қаза­қстан­ды құра ала­тын дәл осы аза­мат­тар екенін іспен дәлел­де­у­ге тура келеді.

Сая­сат деген кастинг емес, депу­тат­тар­ды Құры­л­тай­дың сай­тын жаңар­ту үшін сай­ла­май­ды. Аза­мат­тар оларға шешім қабыл­да­сын, пікір­та­лас жүр­гіз­сін, өз ұста­ны­мын қорғай біл­сін және керек жерін­де билік­тің бетіне тура айт­сын деп дауыс береді. Осы орай­да бұл жолғы пар­ти­я­лық тізім­дер­де соңғы жыл­да­ры пар­ла­мент­те ойып тұрып орын алған Ерлан Қоша­нов пен Мәу­лен Әшім­ба­ев сияқты сал­мақты сая­сат­кер­лер­дің жоқты­ғы – өзін­дік бір көр­сет­кіш. Қаза­қстан сая­са­ты үшін бұл – өз алды­на бөлек оқиға. Біз бәз баяғы аза­мат­тар­ды көре беріп көзі­міз үйрен­гені сон­ша, олар­дың додаға түс­пе­уінің өзі бұл науқан­ның басты интри­га­сы­на айналды.

УӘЖ АЙТА АЛАТЫН ПАРЛАМЕНТ

Деген­мен, «жаңа­ру» үшін ғана жаңа­ру­дың түк­ке кере­гі жоқ. Қаза­қстанға шыны­мен де ықпал­ды пар­ла­мент керек. Төбе­ден бұй­рық түс­се, біра­уы­здан қол көтеріп, келі­се кететін емес, керісін­ше, Құры­л­тай­да ыңғай­сыз сұрақ қоя ала­тын депу­тат­тар оты­руы тиіс. Әр депу­тат­тың артын­да пар­тия тұрған­ды­қтан, олар өз пар­ти­я­сы­ның иде­я­сын ел алдын­да ашық қорға­уға, сая­си қар­сы­ла­ста­ры­мен сөз жары­сты­руға, қателі­гін мой­ын­дап, бер­ген уәдесіне жау­ап беру­ге дай­ын болуы керек.

БАҒЫТЫ ҰҚСАС, БІРАҚ ҰСТАНЫМЫ БӨЛЕК

Сай­лау қар­саңын­да әр пар­тия өз сая­си бағы­тын айқын­дап алды. Мыса­лы, «Әділет» оңшыл да, сол­шыл да бол­мауға бекін­ді. Пар­тия «рефор­ма­тор­лық цен­тризм» ұғы­мын ту етіп алды – бұл бар­шаға бір­дей жаға­тын әмбе­бап сая­си фор­му­ла бол­са керек. Жаңа толқын пар­ти­я­шыл­да­ры үшін ең басты­сы – қуат­ты мем­ле­кет, еркін нарық, әле­умет­тік жау­ап­кер­шілік пен сала­у­ат­ты ақыл-ой.

Жал­пы, сай­ла­у­ал­ды бағ­дар­ла­ма­лар­ды оқып отыр­саң, әр пар­тия халық шару­а­шы­лы­ғы­ның бел­гілі бір сала­сын өз қамқор­лы­ғы­на алған­дай әсер қалдырады.

«Ақ жол» өз жолы­нан тай­май келеді. Олар­дың басты ныса­на­сы – кәсіп­кер­лер мен орта тап. Пар­тия өзінің баяғы күресін одан әрі жалға­стыр­мақ: жеке мен­шік­ті, еркін бәсе­кені қорғап, әкім­шілік кедер­гілер­ді азай­туға және отан­дық биз­не­сті қол­да­уға күш салады.

Кәсіп­кер­лер­дің жолы бол­ды деу­ге бола­ды, өйт­кені олар­дың жарқын бола­шағы үшін «Ақ жол­мен» қатар Respublica пар­ти­я­сы да тала­сып жатыр. Пар­ти­яға бұл жол­да бло­гер­лер мен өнер адам­да­ры көмек­те­седі. Деген­мен, биз­нес өкіл­дері – есеп­ке жүй­рік, праг­ма­тик халық. Олар­ды әде­мі күл­кі­мен алдай алмай­сың, олар уәде­ге емес, кіріс пен шығы­сқа сенім арта­ды. Содан да болар, Respublica үшін бұл науқан ең ауыр сынақ болға­лы тұр: осы­дан үш жыл бұрын құр уәде беру­ге болар еді, ал енді сол уәде етіл­ген асу­лар­дың ірге­та­сы бол­сын қаланға­нын дәлел­деу керек.

«Ауыл» пар­ти­я­сы, аты айтып тұрған­дай, ауыл шару­а­шы­лы­ғы­мен айна­лы­су­ды жалға­сты­ра­ды. Олар үшін бұл сала­да істей­тін жұмыс әлі бастан аса­ды: жол­дар нашар, су жоқ, ал фер­мер­лер дәл 20 жыл бұры­нғы­дай ең қара­пай­ым қажет­тілік­тер­дің өтел­ме­генін айтып, әлі шағымдануда.

«Қаза­қстан Халық пар­ти­я­сы» әле­умет­тік әділ­дік үшін жау­ап­кер­шілік­ті мой­ны­нан алған жоқ. Олар халы­қтың табысын, жал­да­ма­лы жұмыс­шы­лар­дың құқы­ғын, білім беру, меди­ци­на, жал­пы бүкіл әле­умет­тік сала­ны бақы­ла­у­ға алу­ды көздейді.

ЖСДП үшін ең басты­сы – сая­си рефор­ма­лар: қуат­ты пар­ла­мент, шынайы бәсе­ке, сыбай­лас жемқор­лы­қ­пен күрес және оли­гар­хи­я­ның ықпа­лын азайту.

Ал «Бай­тақ» эко­ло­гия мәсе­лесі­мен айна­лы­са­ды. Пар­тия өкіл­дері бұл сала­дағы түйт­кіл­дер де үлкен сая­сат­тың бір бөлі­гі екеніне сенімді.

Қысқа­сы, таң­дау бар. Енді­гі басты мін­дет – дұрыс таң­дау жасап, сенім біл­ді­ру және дауыс беру.

БАҚ-тың АЙРЫҚША РӨЛІ

Сай­лау кезін­де бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­на ерекше жүк арты­ла­ты­нын түсі­не­мін. Біз кан­ди­дат­тар өз бағ­дар­ла­ма­ла­рын таны­сты­ра­тын, сұрақтарға жау­ап беретін, өз ұста­ным­да­рын түсін­діретін ашық алаң болуға дай­ын­быз. Сай­ла­у­шы­лар тек әде­мі ролик­тер мен ұран­дар­ды емес, қызу пікір­та­ла­сты көруі тиіс.

Бұл сай­лау науқа­ны бір-бірін айып­та­у­мен, әкім­шілік хат­та­ма­лар тол­ты­ру­мен және жур­на­ли­стің жұмысы­нан «заңбұ­зу­шы­лық» ізде­умен есте қал­ма­са екен дей­мін. Біз­ге ең басты­сы – шынайы сая­си бәсе­ке, бағ­дар­ла­ма­лар мен иде­я­лар тар­ты­сы және жаңа адам­дар­ды көру. Сон­да ғана сай­лау заң жүзін­де­гі мін­дет­ті үрдіс­ке неме­се арзан цирк­ке айнал­май, бәрі­мізді маза­лай­тын «Алдағы бес жыл­да Қаза­қстан қан­дай болуы керек?» деген сұрақ төңіре­гін­де­гі ел мен билік­тің ашық диа­ло­гы болмақ.

Самал ИБРАЕВА

Республиканский еженедельник онлайн