Четверг , 23 июля 2026

ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ МЕДИЦИНАСЫ ӨТКЕННІҢ САРҚЫНШАҒЫ ЕМЕС

Айна­лаңы­зға қараңыз­шы – табиғат біз­ге сан­сыз шипа­лы өсім­дік­ті еш ақы­сыз ұсы­нып отыр. Егер қазақ меди­ци­на­сы­ның дәрі­гер­лері, Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның ғалым­да­ры, кәсіп­кер­лер мен мар­ке­то­лог­тар күш бірік­тір­се, дәрілік өсім­дік­тер елі­міздің эко­но­ми­ка­сын алға сүй­рей­тін жетек­ші сала­лар­дың біріне айна­луы әбден мүм­кін.

Көп­шілік үшін бұл тосын жаңа­лық болуы мүм­кін. Бірақ қазақ меди­ци­на­сы – кей­ін­нен пай­да болған ұғым емес, ғасыр­лар қой­на­уы­нан жет­кен төл мұра. Оның ғылы­ми негіз­дері XV ғасыр­да өмір сүр­ген ғұла­ма Өтей­бой­дақ Тіле­уқа­бы­лұлы­ның еңбек­терін­де жан-жақты баян­далған. Ғалым өз зерт­те­улерін­де өсім­дік тек­тес 728, жану­ар тек­тес 318 және 60 түр­лі мине­рал­дың емдік қаси­ет­терін сипаттай­ды. Соны­мен қатар 1106 түр­лі дәрі-дәр­мек пен 4577 емдік рецепт­ті жүй­е­леп жазып қал­ды­рған. Бұл – қаза­қтың дәстүр­лі меди­ци­на­сы­ның терең тәжіри­бесі мен бай ғылы­ми мұра­сы­ның айқын дәлелі.

Қазақ меди­ци­на­сы – табиғат­тың шипа­лы мүм­кін­дік­терін тұтас қарас­ты­ра­тын ком­пле­мен­тар­лық меди­ци­на. Бұл жүй­е­де өсім­дік­тер­ден, жану­ар­лар­дан және мине­рал­дар­дан алы­на­тын табиғи емдік құрал­дар бір-бірін толы­қты­рып, кешен­ді түр­де қолданылады.

Ең басты­сы – қаза­қтың дәстүр­лі меди­ци­на­сы өткен­нің сарқын­шағы емес. Ол бүгін­ге дей­ін өзінің өмір­шеңді­гін сақтап келеді. Соның айқын дәлелі – Қытай­дың Шың­жаң өлкесі. Мұн­да қазақ меди­ци­на­сы жоға­ры оқу орын­да­ры мен кол­ле­дж­дер­де жеке пән ретін­де оқы­ты­ла­ды, қазақ тілін­де арнайы оқулы­қтар жарық көр­ген, ғылы­ми-зерт­теу орта­лы­қта­ры жұмыс істей­ді. Кей­бір зерт­те­улер­де қаза­қтың дәстүр­лі меди­ци­на­сы Қытай, Тибет секіл­ді дәстүр­лі меди­ци­на жүй­е­лері­мен қатар қарас­ты­ры­лып, әлем­де­гі ең таны­мал дәстүр­лі меди­ци­на мек­теп­терінің бірі ретін­де бағаланады.

Осы бағыт­тағы тағы бір үміт күт­тіретін жаңа­лық – өмірін емдік өсім­дік­тер мен қазақ меди­ци­на­сын зерт­те­у­ге арнаған білік­ті маман­ның бүгін­де Қаза­қстан­да еңбек етіп жүр­гені. Ол – Мұхан­бет­хан Әбі­шұ­лы. Қытай­да ұзақ жыл­дар бойы адам­дар­ды емдеп, осы сала­ны терең зерт­те­ген ол соңғы он жыл­да ата-баба­дан қалған дәстүр­лі меди­ци­на мұра­сын тари­хи Ота­ны­на қай­та әкеліп, жаңғыр­ту жолын­да еңбек етіп келеді.

Бұдан да қызы­ғы, оның ұста­зы – Қытай­дағы осы сала­ның жетек­ші маман­да­ры­ның бірі. Оның иелі­гін­де он дәрі-дәр­мек өндіретін зауыт пен ғылы­ми-зерт­теу орта­лы­ғы бар. Сол кәсі­по­рын­дар­да өндірілетін табиғи дәрілік өнім­дер бүгін­де әлем­нің 72 еліне экс­порт­та­ла­ды. Бұл – емдік өсім­дік­тер­ге негіз­дел­ген меди­ци­на­ның ғылы­ми тұрғы­дан да, эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан да зор әле­ует­ке ие екенінің нақты дәлелі.

Жапо­ния, Корея және басқа да дамы­ған мем­ле­кет­тер бүгін­де табиғи емдік өсім­дік­тер­ді әлем­нің әр түк­пірі­нен іздеп, олар­ды ғылы­ми айна­лы­мға енгізу­ге және өндіріс­ке пай­да­ла­нуға бар күшін салып отыр. Ал біз ше? Осын­дай баға жет­пес бай­лы­қтың үстін­де оты­рып-ақ, оның қадірін әлі толық баға­лай алмай келеміз.

Қор­шаған орта және табиғи ресур­стар мини­стр­лі­гіне қарас­ты Бота­ни­ка және фито­ин­тро­дук­ция инсти­ту­ты­ның мәлі­метіне сүй­ен­сек (инсти­тут­тың Өсім­дік ресур­ста­ры зерт­ха­на­сы­ның мең­ге­ру­шісі, био­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор Надеж­да Ген­на­дьев­на Гемеджи­е­ва­мен болған сұх­бат негізін­де), Қаза­қстан аумағын­да емдік өсім­дік­тер­дің 1406 түрі өседі. Соның 230 түрі ресми меди­ци­на­да, ал 900-ге жуы­ғы халық меди­ци­на­сын­да қол­да­ны­ла­ды. Бұл өсім­дік­тер­дің басым бөлі­гі әлем­нің көп­те­ген елін­де кеңі­нен пай­да­ла­ны­лып келеді. Алай­да олар­дың табиғи ота­ны сана­ла­тын Қаза­қстан­да осы бай­лы­қтың өте аз бөлі­гі ғана игілік­ке жарап отыр.

Емдік өсім­дік­тер­дің негіз­гі қоры Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Қаза­қстан өңір­лерін­де шоғыр­ланған. Бұған ең алды­мен осы аймақтар­дың табиғи-кли­мат­тық ерекшелі­гі мен тау­лы ланд­шаф­ты себеп. Мұн­дай орта өсім­дік­тер­дің сан алу­ан­ды­ғы мен емдік қаси­еті жоға­ры түр­лерінің мол өсуіне ерекше қолай­лы жағ­дай қалыптастырған.

Қаза­қстан­дағы емдік өсім­дік­тер­ді толық түген­деу соңғы рет 1990-жыл­да­ры жүр­гізіл­ген. Содан бері бұл бағыт­тағы жұмыстар негізі­нен мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс аясын­да жеке­ле­ген өңір­лер­дің өсім­дік кадаст­рын жасау және өсім­дік түр­леріне қысқа­ша сипатта­ма беру­мен ғана шек­теліп кел­ді. Ал жеке ком­па­ни­я­лар­дың сұра­ны­сы­мен көбіне мия, феру­ла, цистанх секіл­ді жеке­ле­ген дәрілік өсім­дік­тер ғана зерттелді.

Осын­дай олқы­лы­қтың орнын тол­ты­ру жолын­да 2023 жылы 2 қаңтар күні аса маңы­зды қадам жасал­ды. Сол күні Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Өсім­дік дүни­есі тура­лы» заңы қабыл­да­нып, онда елі­міздің өсім­дік дүни­есінің мем­ле­кет­тік кадаст­рын жасау мен жүр­гі­зудің құқы­қтық негіз­дері айқындалды.

Әрине, мұн­дай ауқым­ды жұмысты қысқа мерзім­де аяқтау мүм­кін емес. Бір ғана өңір­дің өсім­дік кадаст­рын әзір­ле­удің өзіне кемін­де үш жыл қажет. Сон­ды­қтан ең әуелі емдік өсім­дік­тер қоры мол шоғыр­ланған аймақтар­дан бастаған жөн. Оның үстіне бұл бағыт­та алға­шқы нәти­же­лер де бар. Мәсе­лен, Алма­ты облы­сын­дағы шару­а­шы­лық тұрғы­сы­нан құн­ды өсім­дік түр­лерінің кадаст­ры әзір­леніп, ғылы­ми айна­лы­мға енгізіл­ді. Бұл – елі­міздің табиғи бай­лы­ғын жүй­елі иге­ру­ге бағыт­талған маңы­зды баста­ма­лар­дың бірі.

Емдік өсім­дік­ті тиім­ді иге­ру үшін оны тауып, жинап алу жет­кіліксіз. Бұл – бір-бірі­мен тығыз бай­ла­ны­сқан күр­делі ғылы­ми үдеріс. Ең алды­мен өсім­дік­тің нақты тара­лу аймағы аны­қта­лып, оның табиғи қоры баға­ла­на­ды және мәр­те­бесі нақты­ла­на­ды: сирек кез­де­сетін түр ме, ресми меди­ци­на мой­ын­даған дәрілік өсім­дік пе, әлде халық меди­ци­на­сын­да ғана қол­да­ны­лып жүр­ген өсім­дік пе? Осы­дан кей­ін ғана оны дәрілік пре­па­ратқа айнал­ды­руға бағыт­талған жан-жақты зерт­те­улер баста­ла­ды. Бұл үдері­сте өсім­дік шикі­за­ты­на моле­ку­ла­лық-гене­ти­ка­лық және фито­хи­ми­я­лық тал­да­у­лар жүр­гізіліп, құра­мын­дағы био­ло­ги­я­лық бел­сен­ді заттар жан-жақты зерт­те­леді. Соның нәти­же­сін­де бел­гілі бір өсім­дік­тің қан­дай емдік қаси­ет­ке ие екені аны­қта­ла­ды. Мәсе­лен, оның ағза­ны бей­ім­дей­тін (адап­то­ген­дік), вирусқа қар­сы, ісік­ке қар­сы қаси­еті неме­се басқа да емдік әсер­лері ғылы­ми тұрғы­дан дәлел­де­неді. Мұн­дай ауқым­ды жұмысты бір ғана маман­ды­қтың күші­мен атқа­ру мүм­кін емес. Ол бота­ник­тер­дің, био­лог­тар­дың, фито­хи­мик­тер­дің, гене­тиктер­дің және басқа да сала маман­да­ры­ның өза­ра тығыз ынты­мақ­та­сты­ғын талап етеді.

Өкініш­ке қарай, бүгін­гі Қаза­қстан ғылы­мын­да мұн­дай ықпал­да­стық әлі де жет­кіліксіз. Көп жағ­дай­да әрбір ғылы­ми инсти­тут өз бағы­ты бой­ын­ша ғана зерт­теу жүр­гізіп, өсім­дік­тер­ді өз сала­сы­ның өлшем­дері негізін­де жеке-жеке сипатта­у­мен шек­теліп келеді. Соның сал­да­ры­нан емдік өсім­дік­тер­ді кешен­ді зерт­теу мен олар­ды өндіріс­ке енгі­зу үдерісі баяу жүруде.

Қазір елі­міз­де «Қаза­қстан­ның био­ло­ги­я­лық алу­ан түр­лілі­гін сақтау стра­те­ги­я­сы» әзір­леніп жатыр. Бұл – ғылы­ми әле­ует­ті бірік­тіріп, емдік өсім­дік­тер­ді зерт­теу ісін жаңа дең­гей­ге көте­ру­ге беріл­ген маңы­зды мүм­кін­дік. Сон­ды­қтан осы құжат­та ғылы­ми-зерт­теу инсти­тут­та­ры­ның өза­ра ықпал­да­сты­ғы мен ортақ ғылы­ми плат­фор­ма қалып­та­сты­ру мәсе­лесіне де ерекше назар аударған жөн.

Қаза­қстан­ның емдік өсім­дік­теріне шетел­дер қызы­ғу­шы­лық таны­тып оты­рға­ны кез­дей­соқ емес. Мұны өткен жыл­дар­дың өзі дәлел­деп бер­ді. Кезін­де Қытай кәсіп­кер­лері мия тамы­рын жүк көлік­тері­мен тасып әкет­се, кей­ін кор­ди­цеп­сті заң­сыз жол­мен сыр­тқа шығар­мақ болған талай әре­кет әшке­ре­лен­ді. Ең өкіні­штісі – өз жері­міз­де өсетін сол өсім­дік­тер­ден шетел­де дай­ын­далған дәрілік өнім­дер­ді кей­ін өзі­міз бір­не­ше есе қым­бат баға­мен сатып алуға мәж­бүр болып отырмыз.

Бұл өсім­дік­тер­дің ғылы­ми және эко­но­ми­ка­лық құн­ды­лы­ғы халы­қа­ра­лық дең­гей­де де мой­ын­да­лу­да. Соның бір дәлелі – 2017 жыл­дан бері Коре­я­ның Био­ло­гия және био­тех­но­ло­гия инсти­ту­ты­ның баста­ма­сы­мен Қаза­қстан­да жүзе­ге асы­ры­лып келе жатқан бір­лес­кен ғылы­ми жоба. «Халық меди­ци­на­сын­да қол­да­ны­ла­тын Қаза­қстан­ның емдік өсім­дік­терін биоскри­нинг­тен өткі­зу» деп ата­ла­тын бұл бағ­дар­ла­ма аясын­да корей ғалым­да­ры елі­міздің дәрілік өсім­дік­терінің био­ло­ги­я­лық әле­уетін зерт­теп, олар­ды жаңа табиғи дәрілік шикі­зат көзі ретін­де баға­ла­уды мақ­сат еткен. Біз үшін бұл – маңы­зды ой сала­тын жайт. Өз бай­лы­ғы­мы­здың қадірін өзге­лер ерте­рек танып отыр. Енде­ше табиғат­тың біз­ге бер­ген осы мүм­кін­ді­гін тиім­ді пай­да­ла­нып, оны ғылым­мен, кәсіп­кер­лік­пен және өндіріспен ұшта­сты­ру – уақыт күт­тір­мей­тін міндет.

Соңғы отыз жыл­да Қаза­қстан­да емдік өсім­дік­тер­ді өңдеп, фито­пре­па­рат­тар өндіретін бірқа­тар отан­дық кәсі­по­рын­дар қалып­та­сты. Солар­дың қата­рын­да Қарағанды­дағы «Фито­хи­мия» ғылы­ми-өндірістік орта­лы­ғы, Есік қала­сын­дағы «Fitoleum» ком­па­ни­я­сы (көп­шілік­ке кеңі­нен таны­мал «Қызыл­май» өні­мінің өндіру­шісі) және талай жыл­дан бері табиғи фито­пре­па­рат­тар шыға­рып, ұрпақтан-ұрпаққа жалға­сып келе жатқан «Fito_Almaty» отба­сы­лық кәсі­пор­ны бар. Бұл кәсі­по­рын­дар­дың бар­лы­ғы өз өнім­дерін Қаза­қстан­ның табиғи шикі­за­ты негізін­де өндіреді. Олар­дың фито­пре­па­рат­та­ры ішкі нары­қта жоға­ры сұра­ны­сқа ие. Соны­мен қатар АҚШ пен Еуро­па елдері­нен де жеке тап­сы­ры­стар түсіп тұрады.

Алай­да осы жетістік­тер­ге қара­ма­стан, қаза­қстан­дық фито­пре­па­рат­тар әлі күн­ге дей­ін әлем­дік нары­қта Қаза­қстан­ның ұлт­тық брен­ді ретін­де лай­ы­қты дең­гей­де таны­лып үлгер­ген жоқ. Деген­мен, бұл бағыт­тағы оң өзгерістер аз емес. Мәсе­лен, Жеті­су облы­сы­ның Сарқан ауда­нын­да орна­ласқан «Azia Gold» ЖШС бүгін­де емдік қаси­еті жоға­ры он түр­лі дәрілік өсім­дік­ті арнайы өсіріп, олар­ды сыр­тқы нары­ққа экс­порт­тап келеді. Бұл – Қаза­қстан­ның табиғи бай­лы­ғын жоға­ры қосы­лған құны бар өнім­ге айнал­ды­руға толық мүм­кін­дік бар екенін көр­се­тетін нақты мысал.

Ака­де­мик Вяче­слав Нота­но­вич Лок­шин­нің айтуын­ша, түп­нұсқа дәрілік пре­па­рат жасау – орас­ан зор қар­жы мен ұзақ жыл­дарға созы­ла­тын ғылы­ми ізденісті талап ететін күр­делі үдеріс. Әлем­де­гі жетек­ші фар­ма­цев­ти­ка­лық ком­па­ни­я­лар жыл сай­ын зерт­те­улер мен инно­ва­ци­я­ларға мил­ли­ард­таған дол­лар инве­сти­ци­я­лап, табысы­ның шама­мен 20 пай­ы­зын осы бағы­тқа жұм­сай­ды. Оның үстіне қазір­гі заманғы дәрі-дәр­мек – көбіне халы­қа­ра­лық ғылы­ми ынты­мақ­та­сты­қтың жемісі. Кей­де бір ғана пре­па­рат­ты әзір­ле­у­ге оты­зға жуық елдің ғалым­да­ры бір­лесіп еңбек етеді.

Ал Қаза­қстан­дағы фар­ма­цев­ти­ка­лық кәсі­по­рын­дар­дың басым бөлі­гі әзір­ге дже­не­рик­тер­ді, яғни бұрын­нан бел­гілі дәрілік пре­па­рат­тар­дың бала­ма нұсқа­ла­рын өндіру­мен шек­теліп келеді. Оның үстіне өндірілетін өнім түр­лері де әлі көп емес.

Алай­да COVID-19 пан­де­ми­я­сы бар­ша әлем­ге маңы­зды сабақ бер­ді: стра­те­ги­я­лық маңы­зы бар дәрілік пре­па­рат­тар­ды әр мем­ле­кет мүм­кін­ді­гін­ше өз ішін­де өндіру­ге ұмты­луы тиіс. Ден­са­улық сақтау сала­сын­дағы қауіп­сіздік – ұлт­тық қауіп­сіздік­тің ажы­ра­мас бөлігі.

Соны­мен қатар Қаза­қстан­ның өзіне ғана тән тағы бір арты­қ­шы­лы­ғы бар. Біздің елі­міз­де ғана өсетін энде­ми­ка­лық өсім­дік­тер негізін­де біре­гей дәрілік пре­па­рат­тар әзір­ле­у­ге толық мүм­кін­ді­гі­міз бар. Бұл – ешбір ел қай­та­лай алмай­тын табиғи әрі ғылы­ми әлеует.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық ғылым ака­де­ми­я­сы­ның Өмір және ден­са­улық тура­лы ғылым­дар орта­лы­ғы бүгін­де елі­міз­де фито­кла­стер құру тұжы­рым­да­ма­сын әзір­леп жатыр. Бұл – емдік қаси­еті бар өсім­дік­тер­ді ғылы­ми зерт­те­уден бастап, дәрілік пре­па­рат өндіру­ге дей­ін­гі бүкіл үдерісті бір жүй­е­ге бірік­тіру­ге бағыт­талған ауқым­ды баста­ма. Жоба­ның басты ерекшелі­гі – муль­ти­дис­ци­пли­нар­лық тәсіл­ге негіз­де­луі. Яғни, фито­кла­стер аясын­да шөп­та­ну­шы­лар, бота­ник­тер, дәрі­гер­лер, химик­тер, фар­ма­ко­лог­тар, бағ­дар­ла­ма­шы­лар және кәсіп­кер­лер бір­ле­се жұмыс істей­ді. Алдын ала жос­пар бой­ын­ша, бұл орта­лық «Ала­тау» арнайы эко­но­ми­ка­лық аймағын­да орна­ла­са­ды. Ал күр­делі моле­ку­ла­лық модель­дер мен хими­я­лық қосы­лы­стар­дың сан­сыз ком­би­на­ци­я­сын тал­дау үшін Алма­ты­дағы супер­ком­пью­тер­дің есеп­теу қуа­ты пайдаланылмақ.

Қазір­гі таң­да әлем­дік фар­ма­цев­ти­ка жасан­ды интел­лек­тінің мүм­кін­дік­терін кеңі­нен қол­да­на баста­ды. AI тех­но­ло­ги­я­ла­ры мил­ли­ард­таған хими­я­лық ком­би­на­ци­я­ны сана­у­лы уақыт ішін­де сара­лап, жаңа дәрілік қосы­лы­стар­ды ізде­у­ге мүм­кін­дік береді. Соны­мен қатар ол фар­ма­цев­ти­ка­лық және ғылы­ми деректер­дің орас­ан зор көле­мін өңдеп, зерт­теу үдерісін бұры­нғы­дан әлдеқай­да жыл­дам әрі тиім­ді ете­ді. Егер осын­дай зама­на­уи тех­но­ло­ги­я­лар Қаза­қстан­ның табиғи өсім­дік қоры­мен және отан­дық ғылы­ми әле­ует­пен ұштас­са, елі­міз­де бәсе­ке­ге қабілет­ті жаңа фито­пре­па­рат­тар өндірісін дамы­туға толық мүм­кін­дік туады.

Деген­мен, жасан­ды интел­лект қан­ша­лы­қты қуат­ты болға­ны­мен, ол тек әлем­дік ғылы­ми кеңістік­те жинақталған деректер­ге сүй­е­неді. Ал Қаза­қстан­ның басты арты­қ­шы­лы­ғы – ешбір дере­кқор­дан табы­ла бер­мей­тін төл мұра­сы. Ол – ғасыр­лар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан қаза­қтың халық меди­ци­на­сы, емшілік тәжіри­бесі және табиғат­тың өзі сый­лаған бай дәрілік өсім­дік­тер мен мине­рал­дар қоры.

Енде­ше бүгін­гі ең маңы­зды мін­дет – қазақ меди­ци­на­сы­ның ғылы­ми және прак­ти­ка­лық дәстүрін заман тала­бы­на сай жаңғыр­ту. Ол үшін халық емшілерінің тәжіри­бесін зама­на­уи ғылым­мен ұшта­сты­рып, ғалым­дар­дың, фито­те­ра­пия маман­да­ры­ның, дәрі­гер­лер­дің, кәсіп­кер­лер­дің және мем­ле­кет­тің күш-жігерін бір арнаға тоғы­сты­ра­тын жүй­елі эко­жүйе қалып­та­сты­ру қажет.

Қаза­қстан табиғат бер­ген осы баға жет­пес бай­лы­қты тиім­ді иге­ре алса, бұл тек халық ден­са­улы­ғы­на қыз­мет ететін жаңа фито­пре­па­рат­тар­дың дүни­е­ге келуіне ғана емес, әлем­дік нары­қта таны­ла­тын қуат­ты ұлт­тық бренд­тің қалып­та­суы­на да жол ашады.

Сон­ды­қтан бұл баста­маға Үкі­мет, жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар, ғылы­ми қауым­да­стық пен кәсіп­кер­лер ерекше көңіл бөліп, нақты қол­дау көр­сет­се деген үміт бар.

Анар Мешимбаева,«ДАТ» сарапшысы

Республиканский еженедельник онлайн