Четверг , 24 сентября 2026

БЕДЕЛДІ ЛАУАЗЫМҒА белгілі азамат САЙЛАНДЫ

Ерлан Қоша­нов Қаза­қстан Халық Кеңесінің Төраға­сы болып сай­лан­ды. Оның кан­ди­да­ту­ра­сын Халық Кеңесінің бірін­ші сес­си­я­сын­да Мем­ле­кет бас­шы­сы ұсынды.

«Бұл – кон­сти­ту­ци­я­лық мәр­те­бесі бар, бедел­ді лау­а­зым. Сон­ды­қтан бұл лау­а­зы­мға елге бел­гілі, халық пен билік­тің ара­сын­да дәне­кер бола­тын аза­мат келу­ге тиіс деп санай­мын. Осы­ның бәрін еске­ре оты­рып, мен Ерлан Жақанұ­лы Қоша­но­втың кан­ди­да­ту­ра­сын ұсы­на­мын. Бұл аза­мат­ты бәріңіз жақ­сы білесіз­дер, жау­ап­кер­шілі­гі жоға­ры, білік­ті, тәжіри­бесі мол тұлға. Ол мем­ле­кет­тік қыз­мет жүй­есін­де ұзақ жыл еңбек етті, бұл жұмысты абы­рой­мен атқар­ды. Мәжіліс Төраға­сы ретін­де ауқым­ды рефор­ма­лар­ды іске асы­руға бел­сене атса­лы­сты. Енді Халық Кеңесі Төраға­сы ретін­де табысты жұмыс істеп, қоғам­дық келісім­ді нығай­туға мол үлес қоса­ты­ны­на күмәнім жоқ. Сон­ды­қтан Ерлан Жақанұ­лы Қоша­но­втың кан­ди­да­ту­ра­сы­на мұқи­ят назар ауда­рып, қол­дай­сыздар деп сене­мін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мем­ле­кет бас­шы­сы сон­дай-ақ кон­суль­та­тив­тік меке­ме­ге кәсі­би білі­гі жоға­ры маман­дар, абы­рой-беделі зор, нағыз отан­шыл аза­мат­тар мүше болға­нын айтты.

«Олар­дың қата­рын­да жұрт­шы­лы­ққа бел­гілі тәжіри­белі тұлға­лар, мем­ле­кет және қоғам қай­рат­кер­лері, кәсіп­кер­лер мен көп­те­ген бел­сен­ді аза­мат­тар бар. Құры­л­тай­дың алға­шқы оты­ры­сын­да айтып өткенім­дей, ауқым­ды рефор­ма­лар­дың арқа­сын­да мем­ле­кет­тік басқа­ру ісіне жаңа, жасам­паз, озық ойлы аза­мат­тар­дың келуіне жол ашыл­ды. Ел мүд­десі үшін адал қыз­мет ету – зор мәр­те­бе әрі қастер­лі парыз. Осы орай­да, Сіз­дер­ге – Халық Кеңесінің әрбір мүше­сіне ерекше жау­ап­кер­шілік жүк­теліп отыр. Сіз­дер ел игілі­гі үшін табан­ды еңбек етіп, мем­ле­кет­ті­гі­мізді нығай­туға зор үлес қоса­сыздар деп сене­мін. Ыры­сты ынты­мағы­мы­зды, қоғам­дық келісім­ді күшей­ту үшін бел­сен­ді түр­де еңбек етесіз­дер деп ойлай­мын», – деді Мем­ле­кет басшысы.

Пре­зи­дент Қаза­қстан Халық Кеңесінің алдын­да тұрған мін­дет­тер­ге бүгін – алға­шқы сес­си­я­ның негіз­гі оты­ры­сын­да кеңірек тоқталады.

Дауыс беру қоры­тындысы бой­ын­ша Ерлан Қоша­нов Қаза­қстан Халық Кеңесінің Төраға­сы болып сайланды.

Қаза­қстан Халық Кеңесі – Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы халқы­ның мүд­де­лерін біл­діретін жоға­ры кон­сти­ту­ци­я­лық кон­суль­та­тив­тік орган. Оның мақ­са­ты – мем­ле­кет­тік сая­сат­ты қалып­та­сты­руға және іске асы­руға кон­суль­та­тив­тік тұрғы­дан қаты­су арқы­лы Қаза­қстан халқы­ның мем­ле­кет­тік басқа­ру сала­сын­дағы мүд­де­лерінің біл­дірілуін қам­та­ма­сыз ету. Негіз­гі мін­деті – мем­ле­кет­тің ішкі сая­са­ты­ның басты бағыт­та­ры бой­ын­ша жал­пы­ұлт­тық диа­лог­ты ұйым­да­сты­ру, қоғам­дық келісім­ді, жал­пы­ұлт­тық бір­лік пен ынты­мақты нығай­ту, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы қыз­метінің негіз құра­у­шы қағи­дат­та­рын және жал­пы­ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды ілгеріле­ту болып саналады.

Айта кетей­ік, бұған дей­ін Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың Жар­лы­ғы­мен кон­сти­ту­ци­я­лық мәр­те­бесі бар жаңа кон­суль­та­тив­тік орган­ның құра­мы бекітіл­ген еді, оған 126 аза­мат енді. Олар­дың ара­сын­да Аман­жол Әлтай, Нико­лай Арсю­тин, Мұрат Әбе­нов, Ислам Бай­ра­му­ков, Ермұрат Бапи, Еділ Жаң­быр­шин, Нұр­тө­ре Жүсіп, Ната­лья Демен­тье­ва, Роза Мұқа­но­ва, Әлия Юсу­по­ва, Шах­мұрат Мүтәліп, Ген­на­дий Шипов­ских сияқты басқа да таны­мал аза­мат­тар, қоғам қай­рат­кер­лері, ғалым­дар, жазу­шы­лар, спорт­шы­лар, кәсіп­кер­лер бар. Мем­ле­кет бас­шы­сы атап айтқан­дай, енді олар­дың әрбіріне ерекше жау­ап­кер­шілік жүк­те­леді. Осы­ны терең сезін­ген бұл аза­мат­тар ел игілі­гі жолын­да жұмы­лған жұды­ры­қтай бірі­гіп, жемісті еңбек ете­ді сенеміз!

Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн