Четверг , 24 сентября 2026

МЕМЛЕКЕТ банктерді құтқару тәжірибесінен БІРЖОЛА БАС ТАРТТЫ

Қаза­қстан­ның қар­жы нары­ғын­да соңғы жыл­дағы ең ауқым­ды рефор­ма аяқта­лып, банк­тер­дің қыз­меті мен қара­пай­ым аза­мат­тар­дың құқы­ғын қорғау тәр­тібіне түбе­гей­лі өзгеріс енгізіл­ді. Бұл тура­лы Қар­жы нары­ғын рет­теу және дамы­ту агент­ті­гінің төраға­сы Мәди­на Әбілқа­сы­мо­ва «Казах­стан­ская прав­да» басы­лы­мы­на бер­ген сұх­ба­тын­да айтып, ел үшін ең өзек­ті сана­ла­тын бірқа­тар сау­ал­дарға жау­ап берді.

Агент­тік бас­шы­сы­ның айтуын­ша, халы­қты қарыз қамы­ты­нан қорғау үшін тұты­ну­шы­лық несие беру талап­та­ры заң жүзін­де едәуір қатай­ты­лған. Мерзі­мі өткен бере­ше­гі бар аза­мат­тарға, сон­дай-ақ соңғы үш жыл­да қары­зы сот неме­се банк арқы­лы кешіріл­ген, не соңғы бір жыл­да қай­та құры­лым­дау жаса­лып, бірақ төле­мін өтей алмаған борыш­кер­лер­ге жаңа несие беру­ге түбе­гей­лі тый­ым салы­нған. Осы­лай­ша халы­қтың шама­дан тыс қары­зда­нуы­на тосқа­уыл қойылған.

Әбілқа­сы­мо­ва аза­мат­тар­дың төлем қабілетін қорға­уға бағыт­талған жаңа талап­тар­дың алға­шқы оң нәти­же­лерін де жариялады.

«Тәу­е­келі жоға­ры қарыз алушы­лар­ды неси­е­лен­діру­ге шек­теу қой­ыл­ды. Сон­дай-ақ 2027 жыл­дан бастап қарыз алушы­ның табысы­на шаққан­дағы жиын­тық қарыз коэф­фи­ци­ен­ті енгізіледі. Қабыл­данған шара­лар­дың нәти­же­сін­де ірі банк­тер бой­ын­ша бір жыл ішін­де дефол­тқа ұшы­рай­тын неси­е­лер үлесі 5 пай­ы­здан 2,5 пай­ы­зға дей­ін қысқар­ды», – деп мәлім­деді агент­тік басшысы.

Соның арқа­сын­да кепіл­сіз тұты­ну­шы­лық қары­здар­дың өсу қарқы­ны 2024 жылғы 30 пай­ы­здан 2025 жылы 14,6 пай­ы­зға, ал биы­лғы жеті айда 3,5 пай­ы­зға дей­ін бәсеңдеген.

Сала­дағы рефор­ма­ның ең маңы­зды нәти­же­лерінің бірі – бұдан былай банк­ро­тқа ұшы­рап, қыз­меті ешкім­ге ешқан­дай пай­да әкел­мей­тін банк­ті халы­қтың ақша­сы­мен құтқа­руға тый­ым салын­ды. Мем­ле­кет банк­тер­ді салық төле­ушілер­дің есебі­нен құтқа­ру тәжіри­бесі­нен бір­жо­ла бас тарт­ты. Бұрын жеке мен­шік банк­тер күреп пай­да тауып, акци­о­нер­леріне мил­ли­ард­таған диви­денд үле­стіретін, ал қар­жы­лық қиын­дық туса, мем­ле­кет­ке қарап оты­ра­тын. Жаңа рефор­ма банк қожай­ын­да­ры мен топ-менедж­мен­тінің жау­ап­кер­шілі­гін бірін­ші оры­нға қойды.

Енді ұлт­тық рет­те­уші жыл сай­ын банк­тер­дің 85 пай­ы­зы­на толы­қтай стресс-тестілеу мен актив­тер­дің сапа­сы­на тек­се­ру жүр­гі­зеді. Егер банк­те қар­жы­лық тәу­е­кел аны­қтал­са неме­се капи­тал жет­кіліксіз бол­са, Агент­тік акци­о­нер­лер­ге диви­денд төле­у­ге тіке­лей шек­теу қояды неме­се мүл­дем тый­ым салады.

«Жеке банк­тің про­бле­ма­сын салық төле­ушілер өте­ме­уі тиіс. Шығын­ды ең алды­мен акци­о­нер­лер мен инве­стор­лар көте­реді. Мем­ле­кет­тік қол­дау тек қар­жы­лық тұрақты­лы­ққа қатер төн­ген­де­гі ең соңғы амал ретін­де ғана қарас­ты­ры­ла­ды, ал мем­ле­кет тар­тқан шығын кей­ін банк сек­то­ры есебі­нен өте­леді», – деп мәлім­деді Мәди­на Әбілқасымова.

Елі­міз­де зей­не­тақы актив­терінің көле­мі 27 трил­ли­он тең­ге­ден асқан. Ал ашы­лған бро­кер­лік шот­тар саны 5,2 мил­ли­онға жет­кен. Алай­да жинақтар әлі күн­ге дей­ін ел эко­но­ми­ка­сы­на толы­ққан­ды ұзақ мерзім­ді инве­сти­ция болып құй­ыл­май отыр. Осы олқы­лы­қты жою үшін «Капи­тал нары­ғы тура­лы» жаңа заң қабылданбақ.

Басты жаңа­лы­қтың бірі – зей­не­тақы актив­терін жеке басқа­ру­шы ком­па­ни­я­ларға беру аясы айтар­лы­қтай кеңей­тіледі. Жеке ком­па­ни­я­лар ара­сын­да бәсе­ке күшей­іп, олар халы­қтың зей­не­тақы қар­жы­сын көбей­ту үшін түр­лі инве­сти­ци­я­лық стра­те­ги­я­лар мен қор­лар­ды дамы­та­ды. Зей­не­тақы қар­жы­сы ірі кор­по­ра­тив­тік обли­га­ци­я­лар мен акци­я­ларға салы­нып, ұзақ мерзім­ді табыс көзіне айна­луы тиіс.

Соны­мен бір­ге қор нары­ғын­да қара­пай­ым инве­стор­лар­ды алдап соғуға жол бер­мей­тін «кли­ент үшін ең тиім­ді орын­дау» қағи­да­ты енгізіледі. Бұл бро­кер­дің өз пай­да­сын ойла­май, аза­мат­тың тап­сы­ры­сын нары­қтағы ең тиім­ді баға­мен орын­да­уын талап ете­ді. Ал іштен құпия ақпа­рат тара­тып, бир­жа­лық баға­ны қол­дан ойна­та­тын­дарға (инсай­дер­лік саудаға) қар­сы цифр­лық сүз­гі қойылады.

Орта биз­нес үшін де жеңіл­дік қарас­ты­ры­лған: ЖШС мен АҚ ара­сын­дағы жаңа ұйым­да­сты­ру­шы­лық-құқы­қтық фор­ма енгізіліп, ком­па­ни­я­ларға артық бюро­кра­ти­я­сыз-ақ бир­жаға шығып, инве­стор­лар­дан қара­жат тар­туға мүм­кін­дік беріледі.

Биы­лғы шіл­де айы­нан бастап қар­жы нары­ғын­да мінез-құлы­қтық қадаға­лау жүй­есі іске қосыл­ды. Осы­лай басты назар банк­тер жар­на­ма­сы­ның шынай­ы­лы­ғы­на, жасы­рын комис­си­я­ның бол­мауы­на және кли­ент­ке еркі­нен тыс қосым­ша қыз­мет­ті тық­па­ла­мауға ауда­рыл­мақ. Осы мақ­сат­та агент­тік жасан­ды интел­лект негізін­де жылы­на 180 мың шағым­ды сүз­гі­ден өткі­зетін арнайы цифр­лық жүй­ені іске қосқан. Жыл соңы­на дей­ін елі­міз­де банк­тер, мик­роқар­жы ұйым­да­ры және сақтан­ды­ру ком­па­ни­я­ла­ры­мен ара­дағы бар­лық дауды сотқа дей­ін бір орта­лы­қта шешетін Біры­ңғай қар­жы­лық омбуд­смен инсти­ту­ты құрылады.

Бұған дей­ін отан­дық банк­тер өндіріс пен шару­а­шы­лы­қты неси­е­ле­у­ге құлы­қ­сыз болып, халы­ққа тұты­ну­шы­лық қарыз тара­ту­мен ғана айна­лы­са­ды деген сын жиі айты­ла­тын. Агент­тік бас­шы­сы­ның мәлі­метін­ше, соңғы бес жыл­да осы үрдіс түбе­гей­лі өзгер­ген. 2021 жыл­дан бастап биз­неске беріл­ген несие көле­мі жыл сай­ын орта­ша есеп­пен 15,3 пай­ы­зға тұрақты өсіп оты­рған. Нәти­же­сін­де кәсіп­кер­лер­ге беріл­ген қарыз көле­мі екі есе­ден астам ұлғай­ып, 16,1 трил­ли­он тең­ге­ге жет­кен. Ең басты жетістік ­– банк­тен қарыз алып, өз ісін дөң­ге­летіп оты­рған кәсіп­кер­лер саны бұры­нғы 57 мың­нан 597 мыңға дей­ін көбей­іп, 10 есе­ден астам өсім көрсеткен.

Агент­тік төраға­сы банк сек­то­ры­ның басты басым­ды­ғы тұты­ну­шы­лық қары­здан эко­но­ми­ка­ның нақты сек­то­ры­на қарай ойы­сқа­нын атап көрсетті.

«Банк сек­то­ры жинақталған қар­жы­лық тұрақты­лық қорын биз­неске, инве­сти­ци­я­ларға және эко­но­ми­ка­лық өсім­ге әлі де көбірек жұм­са­уы қажет», – деді Мәди­на Әбілқасымова.

Бүгін­де елі­міз­де қол­ма-қол ақша­сыз төлем­дер­дің 90 пай­ы­здан аста­мы интер­нет пен мобиль­ді қосым­ша­лар арқы­лы жаса­ла­ды. Мұн­дай ауқым­ды цифр­лан­ды­ру жағ­дай­ын­да аза­мат­тар­дың шот­та­рын хакер­лік шабуыл­дар­дан қорғау үлкен мәсе­ле­ге айна­лып отыр.

Осы­ған бай­ла­ны­сты Агент­тік қар­жы сек­то­ры­ның кибер­тұрақты­лы­ғын қам­та­ма­сыз ететін «QAINAR» атты арнайы цифр­лық орта­лық құрған. Орта­лық қауіп төн­ген­нен кей­ін емес, хакер­лер кіретін саңы­ла­у­лар­ды алдын ала табу үшін банк­тер­мен жыл сай­ын тұрақты сала­лық кибер­жат­ты­ғу­лар өткі­зетін болады.

Сар­бас ӘЛІМ, «D»

Республиканский еженедельник онлайн