Четверг , 8 октября 2026

БІЗДІ ҚАЙДА АПАРА ЖАТЫР?

Енді бір апта­дан соң елі­міз­де бас­пасөз­ге жазы­лу науқа­ны баста­ла­ды. Жасы­ра­ты­ны жоқ, соңғы кез­дері халы­қтың газет-жур­нал оқуға деген ынта­сы төмен­деп кет­кені шын­дық. Мұн­да қара­пай­ым жұрт­шы­лы­қтың ғана емес, қуат­ты идео­ло­ги­я­лық құрал ретін­де бас­пасөз­ге жет­кілік­ті мән бер­мей оты­рған билік­тің де кінәсі бар екені сөз­сіз. Қазір аймақтық басы­лым­дар­дың жағ­дайы қай жағы­нан да сын көтер­мей­ді деу­ге бола­ды. Әріп­тесі­міз Орал­хан Дәуіт­тің мына мақа­ла­сын­да осы­ның бәрі тәп­ті­ш­теп жазы­лып­ты. Бәрі­міздің илеп жүр­гені­міз бір терінің пұшпағы болған­ды­қтан, сол күй­ін­де оқыр­ман наза­ры­на ұсы­нған­ды жөн көрдік.

«Қазір­гі заман­да біз­ге газет керек пе, жоқ па?» деген сұраққа соңғы сай­лау нақты жау­ап бер­ді ғой деп ойлай­мын. Жасы­ра­ты­ны жоқ, «сай­лау өте­ді» десе, жур­на­ли­стер қауы­мы бір қуа­нып қала­ды. Өйт­кені сай­лау дегені­міз қып-қызыл бәсе­ке. Бәй­ге­ге ат қосқан­дар өздерінің мықты екенін дәлел­де­уі тиіс.

Ал сол мықты­лар­дың сөзін елге жет­кізіп, сай­ла­у­шы­лар­дың сені­міне ие болу­да газет пен теле­ар­на­ның атқа­рар рөлі зор. Яғни, сай­лау науқа­ны – БАҚ үшін қосым­ша табыс көзі бола­тын. Пар­ти­я­сы бар, жеке ада­мы бар, әйте­уір депу­тат­ты­қтан үміті бар­лар газет, теле­ар­на­лар­ды жаға­лап, ақша­сын төлеп, ел-жұр­тқа сай­ла­у­ал­ды бағ­дар­ла­ма­ла­рын таны­сты­рып жататын.

Ал енді сенесіз бе, тамы­зда өткен Құры­л­тай сай­ла­у­ын­да облы­стық басы­лым­дар бір тиын да табыс тапқан жоқ. Заман өзгер­ді ме, әлде адам өзгер­ді ме, дәл осы науқан­да газет­ті керек қылған пар­тия көр­медім. Әйте­уір бұл жолы сая­си күш­тер осы елде қағазға басы­лып, негізі­нен ауыл-аймаққа тарай­тын газет деген басы­лым­ның бар екенін ұмы­тып та кет­кен сияқты.

Әрине, бұл жер­де жар­на­ма бер­меді деп пар­ти­я­лар­ды, жар­на­ма тар­та алма­ды деп редак­ци­я­лар­ды кінәлау жөн­сіз. Өйт­кені бүгін­де сай­ла­у­ал­ды бағ­дар­ла­ма­ла­рын халы­ққа жет­кі­зудің сан түр­лі жол­да­ры бар. Газетің оның қасын­да жіп есе алмай қалуы мүмкін.

Бірақ қалай айт­сақ та, дәл осы жағ­дай «біздің қоға­мға газет керек пе, керек емес пе?» деген сұраққа жау­ап бер­ген­дей болып көрін­ді. Бір сай­ла­уда пар­ти­я­лар жар­на­ма бер­меді екен деп бүкіл газет­тер­дің бола­шағын белі­нен сызып тастап, қара аспан­ды төн­дір­гелі оты­рған жоқ­пын. Алай­да қазір ненің керек, ненің керек емес екенін нары­қтың өзі шешеді десек, газеті­міз тіп­тен сұра­ны­сқа ие емес екенін осы сая­си науқан дәлел­деп берді.

Шынын­да қазір газет керек пе? Өте қорқы­ны­шты сұрақ. Биыл осы жур­на­ли­сти­ка­да келе жатқа­ны­ма отыз жыл толып­ты. Күн­дер­дің-күнін­де дәл осын­дай сұрақ алдым­нан шыға­ды деп ойла­мап­пын. Мен еңбек жолым­ды бастаған 1996 жылы газет­тер ұрлан­бас үшін, бас­па­ха­наға кезек­шілік­ке түсетін­біз. Яғни, бас­па­ха­на­да газет­тер қол­ды болып, базар­лар мен киос­кілер­де сауда­сы қызып жата­тын. Енді бүгін соның бәрін айт­саң, адам сенбейді.

Газет­тің мәсе­лесі ақпа­рат құрал­да­рын­да аз талқы­ланған жоқ. Бірақ біз үне­мі бір жақты кете­міз. Газет тура­лы сөз бола қал­са, біз алды­мен «газет­ке жазыл­ма­ды» деп жұрт­ты кінәлай­мыз, «газет­ті дер кезін­де жет­кіз­бей­ді, әрі баға­сын көтер­ді» деп пошта­ны, «қағаз­ды қым­бат­та­тып жібер­ді» деп бас­па­ха­на­ны кінәлай­мыз. Үнқағаз­дың бүкіл про­бле­ма­сы осы үше­уін­де ғана тұрған сияқты.

Ал енді әңгі­менің ашы­ғын айтай­ы­қ­шы, біз қазір қан­дай газет шыға­рып жүр­міз? Мен бұл жер­де бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын мем­ле­кет­тік газет­тер­ді айтып отыр­мын. Көп адам­дар «Бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын газет­тер­ге рахат, мем­ле­кет көмек­те­седі, шығы­нын көте­реді, бар­лық жағы­нан көмек­те­седі» деп ойлай­ды. Билік тара­пы­нан үлкен қол­да­удың бар екені рас. Мен басқа­рып оты­рған «Aq jol» газеті осын­дай қол­да­удың бәрін көріп отыр. Облыс әкі­мі­нен бастап, осы салаға жау­ап­ты орын­ба­са­ры­на, біздің тіке­лей жетек­ші­міз – облы­стық ақпа­рат және қоғам­дық даму басқар­ма­сы­на мың алғыс. Жағ­дай­ы­мы­зды түсініп, мүм­кін­ді­гін­ше қол ұшып созу­мен келеді.

Бірақ, менің­ше, осы ақпа­рат сала­сын­дағы мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс жүй­есі дұрыс емес. Әр нәр­сені тәп­ті­ш­теп жазып, оқыр­ман­ның миын ашыт­пай-ақ қояй­ын. Тек осы сала­ның жүй­есі дұрыс емес екенін қара­пай­ым ғана тіл­мен түсін­діріп өтейін.

Биыл елі­міз­де көк бай­рағы­мы­здың желбіре­геніне 35 жыл толып отыр. Осы уақыт­та көп нәр­се өзгер­ді. Өстік, өндік, жетіл­дік. Қай жаққа қара­саң да қала­ның да, дала­ның да жаңа­рып жатқа­нын көресің. Яғни, бар­лық сала­да өзгеріс, рефор­ма. Бірақ неғып екенін қай­дам, газет сала­сы­ның жұмысы, газет­ке деген көзқа­рас сол күйі өзгер­мей қалды.

Сонау кеңес зама­нын­да газет­ке арты­лған мін­дет қан­дай бол­са, тәу­ел­сіз ел болға­ны­мы­зға 35 жыл бол­ды, сол мін­дет әлі сол күйі тұр. Тех­но­ло­гия дамып, ақпа­рат жет­кі­зудің сан түр­лі жол­да­ры пай­да бол­са да, газет­ке арты­лған жүк сол күйі мызғы­ма­ды. Әлі күн­ге дей­ін газет­тер «бас­шы­лар анда бар­ды, мын­да бар­ды» деген ақпа­рат­тар­ды жаза­ды. Әлі күн­ге дей­ін газет­тер «әкім­дік­те мынан­дай жина­лыс бол­ды, жиын­да пәлен­ше­лер сөз сөй­леді, соңын­да пәлен­ше жина­лы­сты қорыт­ты» деген ұзақ-сонар мақа­ла­лар береді.

Мем­ле­кет­тік газет ол жина­лы­стар­ды бер­мей оты­ра алмай­ды. Сон­да қараңыз, дүй­сен­бі күні болған жина­лы­сты жари­я­лаған газет түн­де бас­па­ха­на­да басы­лып, сей­сен­бі-сәр­сен­бі күні облыс орта­лы­ғы­на тарап, бей­сен­бі-жұма күн­дері аудан орта­лы­қта­ры­на жететіні, ары қарай ауыл­дарға қашан жететіні, былай­ша айтқан­да, мұн­дай жаңа­лы­қтар­ды газет ешқа­шан да жыл­дам жет­кізіп, басқа ақпа­рат құрал­да­ры­ның алдын орай алмай­ты­нын түсі­нетін адам бар ма? Апта­сы­на үш рет емес, бес рет шық­саң да, дүй­сен­бі күні болған жина­лы­сты оқыр­ман бей­сен­бі күні оқып отыр­са, оған дей­ін бұл жаңа­лы­қты әле­умет­тік желілер, түр­лі сайт­тар әлдеқа­шан жет­кізіп тастаған бол­са, онда газет­ке мұн­дай ақпа­рат берудің не кере­гі бар?! Біз кім­ді алдай­мыз? Бұдан газет­ке де, оқыр­манға да қан­дай тиім­ділік бар?

Бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ры­ла­тын мем­ле­кет­тік газет­тер мем­ле­кет­тік сатып алу кон­кур­ста­ры­на қаты­сып, қар­жы ала­ды. Шынын айту керек, кон­курс­сыз облы­стық газет­тер күн көре алмай­ды. Бірақ дәл осы кон­кур­стар газет­тер­ге қар­жы­лық мүм­кін­дік беріп жатқа­ны­мен оның маз­мұ­нын, сапа­сын, көр­кін бұзып, жур­на­ли­стер­дің шығар­ма­шы­лық қабілетіне орас­ан зор зиян кел­тіріп жатқа­нын мой­ын­дай­тын кез келді.

Жағ­дай­ды тағы да қара­пай­ым тіл­мен түсін­діріп өтей­ін. «Aq jol» газеті бір жыл­да 1 мил­ли­он шар­шы сан­ти­метр­ден астам көлем­де мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс ала­ды. Бұл тап­сы­рыс 20 шақты тақы­ры­пқа бөлін­ген. Газет апта­сы­на үш рет шыға­ды. Жыл­дың басын­да кон­курс бір-екі ай кеші­гіп өтетінін есеп­те­сек, сон­да мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс наурыз-сәуір айла­рын­да баста­ла­ды. Сон­да жыл­дың соңы­на дей­ін үлге­ру үшін, өзі 8 бет­тік газет­тің кемін­де 6–7 бетін осы­ған арнап оты­ру керек. Амал жоқ, 12 бет болып шыға бастай­мыз. Соның өзін­де газет­тің 80–90 пай­ы­зы мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс бой­ын­ша жазы­лған мақа­ла­лар­мен жарық көреді. Қалай ойлай­сыз, бет­тері мем­тап­сы­ры­спен тол­ты­ры­лған газет оқыр­ман үшін қызы­қты бола ма?

Мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­сқа қан­дай мақа­ла­лар жата­ды? Жоға­ры­да 20 шақты тақы­рып бар деп айт­тық. Мұның бәрі оң ими­дж­дік мақа­ла­лар. Әкім­дік­те өткен жина­лы­стар­дың бар­лы­ғы, әкім­дер­дің аудан­дарға барған ісса­пар­ла­ры, басқа да іс-шара­лар – бәрі осы тап­сы­ры­сқа кіреді. Бірақ ішін­де сын жазуға, кем­шілік­ті көр­се­ту­ге бол­май­ды. Облыс әкі­мі бір ауданға барған кез­де жина­лы­ста «Атқа­ры­лған тір­лік­тер­ге көңілім тол­ма­ды» деп айт­са, мақа­ла­ның тақы­ры­бын «Облыс әкі­мінің неге көңілі тол­ма­ды?» деп қой­саң – біт­ті, бұл мақа­ла мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­сқа жат­пай­ды. Бұл оң ими­дж­дік мақа­ла емес. Тек тақы­ры­бы ғана айқай­лап, ішін­де атқа­ры­лған шару­а­лар ғана айты­лған бол­са да, мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­стың тізі­мі­нен сызып тастай­ды. Олар­дың тала­бы бой­ын­ша мақа­ла­ның тақы­ры­бы «Аудан­да атқа­ры­лған шаруа көп» деп тұруы керек. Ал осын­дай тақы­рып­пен оқыр­ман тар­та ала­мыз ба?

Мем­тап­сы­ры­стың кей­бір тақы­рып­та­ры­ның көле­мі өте үлкен болған­ды­қтан, жыл бойы жур­на­ли­стер бір жазған мәлі­метін мың мәр­те өзгер­тіп, тіп­ті абзац-абза­цы­мен қай­та­дан көшіріп, сыл­дыр сөз­бен көлем қуып, тақы­ры­бын иге­ру үшін мақа­ла­сын көпір­тіп жата­ты­ны да жасы­рын емес. Дәл осы­дан мем­ле­кет­тік ақпа­рат­тан­ды­ру сая­са­ты тиім­ді болып, бұры­нғы­дан артып кет­кенін өз басым байқамадым.

Қалай айт­сақ та, мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс газет­тің маз­мұ­нын, сапа­сын құр­тып жатыр. Осы­дан кей­ін газет­ті ашып қал­саң, қап­таған есеп­тер, атқа­ры­лған тір­лік­тер, жина­лы­стар, іс-шара­лар. Газет­тің әрбір бетін тиім­ді пай­да­лан­ба­саң, мем­тап­сы­ры­сты беріп үлге­ре алмай­сың. Сон­ды­қтан осын­дай «өркен­де­ген» мақа­ла­ларға алды­мен орын беру­ге мәжбүрсің.

Енді соңғы кез­дері мынан­дай «сұм­дық» шықты. Газет тілін­де «воз­дух» деген тер­мин бар. Бұл газет бетін­де­гі бос жер­лер. Мыса­лы, бір бет­ке тұта­сы­мен беріл­ген мақа­ла­ның тақы­ры­бын үлкен қып қоя­сың да, қасы­на үлкен сурет сала­сың. Макет әде­мі болуы үшін, сурет пен тақы­рып­тың ара­сын­да әжепте­уір бос жер қала­ды. Бұл шынын­да тыны­сы­ң­ды аша­тын жер. Газет те тау­ар сияқты ғой. Көр­ген кез­де оқыр­ман­ның көзі тоюы керек. Ашып қалған кез­де әр бет­тің әде­мі макеті көз арбап, бір­ден өзіне тар­туы керек.

Енді соңғы кез­дері мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­сты қабыл­дап алушы­лар осы «воз­дух» деген­ді есеп­те­мей­тін бол­ды. «Бос жер­ге не үшін ақша төле­уі­міз керек?» деп, сызғы­шпен өлшеп, бос жер­дің бәрін есеп­тен шыға­рып тастай­ды. Онсыз да тап­сы­ры­сты иге­ре алмай жатқан біз не істей­міз? Амал жоқ, бет­тің тақы­ры­бын кіш­кен­тай қылып қоя­мыз. «Воз­дух», бос жер деген­ді мүл­дем қал­дыр­мауға тыры­са­мыз. Тағы бір айта­ры – бет­те­гі сурет интер­нет­тен алын­са, оны да есеп­те­мей­ді. Амал жоқ, интер­нет­тен алы­нған сурет­тер­ді кішірейтеміз.

Осы­лай­ша бір бет­ке тұта­сы­мен беріл­ген мақа­ла­ның тақы­ры­бын кіш­кен­тай қыла­мыз, сурет те кіш­кен­тай, бәрі бір-бірі­мен жабысып, ешқан­дай кеңістік, «воз­дух» жоқ, әйте­уір «құбы­жық» бет­тер шығып жатыр. Яғни, мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс газет­тің маз­мұ­ны мен сапа­сы­на ғана емес, көр­кі мен кел­бетіне де кері әсер етіп жатыр деген сөз.

Әрине, ақпа­рат­тық жүйе қалам ұстаған ағай­ын­дар­ды осын­дай қада­мға мәж­бүр­леп жат­са да, бәрінің мақ­са­ты – лай­ы­қты газет шыға­ру. Яғни, оқыр­ман тар­та­тын газет шыға­ру үшін, біздің тіл­шілер бар күш-жігерін салу­да. Нөмір сай­ын мәсе­ле көтер­ген мақа­ла­лар­ды алды­мен беру­ге тыры­са­мыз. Арнайы айдар­ла­ры­мыз да бар. Бірақ шынын айту керек, мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­стан тіл­шілер­дің қолы тие бер­мей­ді. Әр тіл­ші­ге тақы­рып­тар бөлініп беріл­ген. Нөмір сай­ын әр тіл­ші 2–3 бет мақа­ла беруі керек. Одан бөлек қан­ша­ма жина­лы­сы, басқа да жаза­тын дүни­е­лері бар. Қазір­гі редак­ци­яда баяғы­дай кең штат жоқ. Біраз орын­дар қысқа­рып кет­кен. Тіл­ші аз, жұмыс көп. Газет апта­сы­на үш рет шыға­ды. Яғни, тіл­шінің ізде­ну­ге, ақпа­рат жина­уға, кеңі­нен көсіліп, мақа­ла­ны құл­пыр­тып жазуға ешқан­дай мүм­кін­ді­гі де, уақы­ты да жоқ.

Мені қорқы­та­ты­ны – соңғы кез­дері тіл­шілер тек мем­тап­сы­ры­стың мақа­ла­сын жазуға ғана маман­да­нып бара жатыр ма деп ойлай­мын. Өйт­кені мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­стың көле­мі біт­пей, ешқан­дай тыны­штық жоқ екенін бәрі де біледі. Амал жоқ, бар күшті соған сала­ды. Бұл жур­на­ли­стің пси­хи­ка­сы­на да әсер ете­ді ғой дей­мін. Өйт­кені мәсе­ле көтер­се де, батыл айта алмай, нақты сынай алмай, сылап-сипап, әйте­уір жауын-жауын­ның ара­сы­мен өтіп, мей­лін­ше дау бол­май­тын тақы­рып­тар­ды қау­зап, жауыр болған дүни­е­лер­ді көте­ру­ге тыры­са­ты­нын бай­қай­мын. Яғни, мем­тап­сы­рыс тіл­шілер­дің шығар­ма­шы­лық мүм­кін­ді­гіне де тұсау салуда.

2011 жылы Жам­был облы­стық «Арай» газетінің бас редак­то­ры бол­дым. Ол кез­де үстің­нен дігір­леп тұра­тын мем­тап­сы­рыс деген аты­мен жоқ. Ішкі сая­сат басқар­ма­сы «Жылы­на 12 бет­тен 51 нөмір газет шыға­ру керек, ішін­де не жаза­сың, өзің білесің» деген талап қоя­тын. Мем­ле­кет­тік газет болған­нан кей­ін мем­ле­кет­тік сая­сатқа қар­сы кел­мей­тіні­мізді өздері де біледі. Ол кез­де де жина­лы­стар­ды қал­дыр­май жаза­тын­быз. Бірақ 6–7 бет арнайы клуб­тар бар еді. Жастар беті, құқық беті, оқыр­ман­дар беті, спорт беті, сыр­ла­су беті деген сияқты. Жур­на­ли­стер еркін тақы­ры­пқа жиі қалам тер­бей­ді. Мақа­ла­лар­дың ең жақ­сысын таң­дап сала­тын­быз. Жур­на­ли­сти­ка­ның дәуір­ле­ген кезі еді ғой. Ал қазір газет бет­терінің бәріне мем­тап­сы­рыс жатып алған.

Әрине, газет­ке жазы­лу, бас­па­ха­на, пошта мәсе­лесі – бұл да үлкен про­бле­ма. Бірақ бұл сала­да ең алды­мен мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс жүй­есін дұры­ста­уы­мыз керек. Мем­тап­сы­рыс керек, бірақ тала­бын, ере­же­сін өзгер­ту керек. Қазір­гі ере­же­ден газет көр­кей­мей­ді. Бұған облы­стық әкім­дік неме­се ақпа­рат және қоғам­дық даму басқар­ма­сы кінәлі емес. Газет жұмысы­нан түк хаба­ры жоқ реви­зор келіп тек­се­реді де: «Сон­да сен­дер интер­нет­тен алы­нған біре­удің суретіне неме­се мынау газет­тің бос тұрған жер­лері үшін редак­ци­я­ларға ақша төлеп отыр­сы­ң­дар ма?» деп шаңын қағып, айып­пұл салып кете­ді. Бұлар не істей­ді? Амал жоқ, тәр­тіп­ті қатай­тып, әр нәр­се­ге шұқ­шия түседі.

Қазір­гі аудан­дық, қала­лық газет­тер­дің бәрі жеке­ше­леніп кет­ті. О баста ниет дұрыс болған. Жеке газет­тер ізденіп, оқыр­ман тар­ту үшін сапа­сын, маз­мұ­нын кеңей­тіп, ақпа­рат айды­нын­да төр­ден орын алып, бір мықты­ның тәп-тәуір биз­несіне айна­луы керек еді. Бірақ жағ­дай мүл­дем басқа­ша бол­ды. Бәрі мем­тап­сы­ры­сқа бай­ла­нып қалған. Ешқай­сысы да заманға сай бей­ім­де­ле алма­ды. Әлі күн­ге өлме­стің күнін кешіп келеді. Жеке­ше­лен­ді­ру қау­пі облы­стық газет­тер­ге де төн­ді. Бірақ әйте­уір кей­ін­ге шегеріліп, әупірім­мен аман қалды.

Жал­пы, бүгін­гінің газеті қан­дай болуы керек? Мем­ле­кет­тік газет­тер қалай шығуы керек? Кей­де «Бюд­жет­тік меке­ме­лер­дің қыз­мет­кер­лері неге газет­ке жазыл­май­ды, газет оқы­май­тын мұғалім балаға қалай сабақ береді?» деп бай­ба­лам салуы­мыз да маған жалған ұран сияқты болып көрі­неді. Қазір ақпа­рат зама­ны, қолын­да ұялы теле­фо­ны бар­дың бәрі ақпа­рат алып жатыр. Енді өзіңіз ойлаңыз­шы, өзі нанға той­ып оты­рған ада­мға тағы да нан ал деп айту қан­ша­лы­қты дұрыс? Онсыз да теле­фо­ны­нан сәт сай­ын ақпа­рат ағы­лып жатқан­да, апта­сы­на бір мәр­те әрең келетін газет­ке жазыл деп қалай мәж­бүр­лей ала­мыз? Яғни, біз­ге газет­ке жаз­ды­ру­дың басқа жол­да­ры керек. Қазір­гі оқыр­манға басқа сапа­дағы газет керек.

Менің­ше, газет­тер­ді апта­сы­на қан­ша мәр­те шығар­саң да, ақпа­рат­ты жыл­дам жет­кі­зу мүм­кін емес. Сон­ды­қтан облы­стық газет­тер апта­сы­на екі неме­се бір рет шығып, негізі­нен сарап­та­ма­лық дүни­е­лер­ге ден қоюы керек. «Әкім анда бар­ды, мын­да бар­ды» деген ақпа­рат­тар­дан гөрі әр сала­ның жұмысын сарап­тап, әкім­дік­тің әрбір жина­лы­сы мен сапа­ры­на басқа қыры­нан келуі керек деп ойлай­мын. Негізі тіл­шінің мүм­кін­ді­гі, уақы­ты бол­са, әр жина­лы­ста айты­лған дүни­е­лер­ден сарап­та­ма шыға­руға бола­ды. Сон­ды­қтан «Жина­лыс бол­ды, пәлен­ше сөз сөй­леді, түген­ше жағ­дай­ды түсін­дір­ді, соңын­да мынан­дай қоры­тын­ды қабыл­да­ды» деген жат­тан­ды мақа­ла­дан гөрі сол жиын­да көтеріл­ген мәсе­ле­ге тереңірек барып, түбін қазып жазуы керек.

Әрине, газет­тің шығу жиілі­гін редак­ци­я­ның өзі де шешім қабыл­дап, азай­та ала­ды. Бірақ мем­тап­сы­ры­сты үлге­ре алмай­тын болған­ды­қтан, амал жоқ, апта­сы­на үш мәр­те шығуға мәж­бүр болып отыр. Сон­ды­қтан тағы да айта­рым, мем­тап­сы­ры­сты, жал­пы бұл жүй­ені толы­қтай қай­та қарау керек.

Сөз соңын­да айта­рым, бюд­жет­тен қар­жы бөлініп жатыр, газет­тің бетін тол­ты­рып, бас­па­ха­наға жіберіп жатыр­мыз. Былай­ша айтқан­да, осы мәсе­лені көтер­мей-ақ, үнде­мей жүре бер­сем де болар еді. Бірақ оқыр­ман­ның да оба­лы бар. Бұл жүйе газет­ті жарға апа­ра жатыр. Мем­тап­сы­ры­стың қазір­гі жүй­есі газет­ті ақы­рын-ақы­рын мәң­гілік ұйқы­ға жібе­ретін у сияқты болып елестейді.

Қалай айт­сақ та, газет жол айы­ры­ққа кел­ді. Тағы да айта­мын, мем­ле­кет­тің қол­да­уын­сыз газет­тер күн көре алмай­ды. Егер біздің Үкі­мет газет­ті керек деп тап­са, бұған бай­ла­ны­сты нақты шешім­дер қабыл­да­уы керек. Ал егер газет­тің бола­шағы­на күмән­мен қарай­тын бол­са, онда газет­тер­ді бір­тін­деп сай­тқа көші­ру жағын қарас­ты­руы керек. «Міне, келесі жылы облы­стық газет­тер­дің 30 пай­ы­зы сай­тқа өтуі керек, арғы жылы тағы 30 пай­ы­зы, үшін­ші жылы толық көшуі керек» деген сияқты нақты жос­пар­лар керек.

«Газет­ті жауып, сай­тқа көші­ру керек» деген­ді айту маған да оңай емес. Бірақ газет­тің жай-күй­іне бей-жай қарап, осы­лай керіліп-созы­лып жүре бер­сін, әйте­уір өліп қал­ма­са бол­ды, сен тиме­сең, мен тимен деген ұста­ным дұрыс емес. Қазір бар­лық нәр­се­ге шынайы қарай­тын заман. Жыл өткен сай­ын газет­тер­дің тара­лы­мы азай­ып, тыны­сы тары­лып бара жатқа­нын жасы­ру­дың қажеті жоқ. Егер газет­тер­ге мем­ле­кет­тік қол­дау бол­ма­са, әлдеқа­шан жабы­лып қалар еді. Сон­ды­қтан біз­ге газет сай­тын күшей­те беру керек.

Газет­тің сайт­та­ры да өз алды­на бір мәсе­ле. Жасы­ра­ты­ны жоқ, облы­стық газет­тер­дің сайт­та­ры елі­міз­ге бел­гілі ақпа­рат­тық пор­тал­дар­мен бәсе­ке­ле­се алмай­ды. Өйт­кені бұл сайт та әкім­дік­тің жұмысын жар­на­ма­лап оты­ра­ты­ны бел­гілі. Ондай ақпа­рат­тар­мен қара­лым­ды көп қыла алмай­сың. Осы­дан кей­ін облы­стық газет­тер­дің, облы­стар­да құры­лған меди­а­лар­дың сайт­та­ры да ақпа­рат сала­сын­да еркін самғай алмай отыр. Өйт­кені сай­тқа бай­ла­ны­сты кон­курс жари­я­ла­са, оны қара­лы­мы көп басқа сайт­тар ә деген­нен жеңіп ала­ды. Облы­стық ақпа­рат және қоғам­дық даму басқар­ма­сы сайт­тарға кон­курс жари­я­ла­уда тәу­е­кел­ге бара бер­мей­ді. Яғни, бюд­жет­тік газет­тер­дің сайт­та­ры­на мем­ле­кет­тік сатып алу ісін­де бел­гілі бір жеңіл­дік­тер қарас­ты­ры­луы керек сияқты.

Әрине, газет­тің бүкіл мәсе­лесі бір мем­тап­сы­ры­спен ғана біт­пей­тіні анық. Жалақы­ның азды­ғы, кадр тап­шы­лы­ғы, газет­ке шыққан сын мақа­ла­ларға ешқан­дай меке­менің жау­ап бер­мей­тіні, мен­шік­ті тіл­шілер мек­тебінің жой­ы­лға­ны, қала­мақы мәсе­лесі – әрқай­сысы өз алды­на бір үлкен мәселе.

Әзір­ге Пре­зи­ден­ті­міз Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың жыл басын­да «Түр­кістан» газетін­де бер­ген сұх­ба­тын­да: «Газет-жур­нал­дар қай­та өрлеу дәуірінің баста­уын­да тұр. Себебі әле­умет­тік желі адам­ның ойлау (таным­дық) қабілетіне зор зиян кел­тіріп жатыр. Жасы қыры­ққа жет­се де, білі­мі мен ой-өрісі он бес жастағы жасөс­пірім­дер дең­гей­ін­де қалып қой­ған аза­мат­тар­ды қазір­дің өзін­де кез­де­стіру­ге бола­ды», – деп айтқа­ны көңіл­ге үлкен медет.

Елі­міз­де Құры­л­тай құры­лып, жұмысын баста­ды. Осы сала­ның шаруа­сын бес сау­сағын­дай білетін Арман Қыры­қ­ба­ев сияқты іскер маман Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стрі болып тағай­ын­дал­ды. Заң­ды өзгер­ту керек пе, әлде ішкі ере­же­лер­ді өзгер­ту керек пе, әйте­уір газет­ке бай­ла­ны­сты нақты рефор­ма керек. Біз Құры­л­тай мен Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гі­нен үлкен үміт күтеміз. 

Орал­хан ДӘУІТ

Республиканский еженедельник онлайн