Четверг , 15 октября 2026

МӘСЛИХАТ САЙЛАУЫ ел тынысын айқындайтын МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Мемле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың 12 қа­зан­да қол қой­ған «Бар­лық дең­гей­де­гі мәс­ли­хат­тардың өкілет­тігін мерзі­мі­нен бұрын тоқ­тату тура­лы» Жар­лығына сәй­кес, елі­міз­де мәс­ли­хат депу­таттарының кезек­тен тыс сайла­уы 29 қара­шаға бел­гі­лен­ді. Бұл тура­лы Орта­лық сай­лау комис­сиясы тиісті шешім қабылдады.

Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­ның оты­ры­сын­да оның төраға­сы Нұр­лан Әбдіров: «Біз мәс­лихат депу­тат­та­ры­ның ке­­зек­тен тыс сай­ла­у­ын ұйым­­­д­астыру және өт­кі­зу жө­нін­дегі сай­лау нау­қа­ны­на кірісіп отыр­мыз. Пре­зиденттің бар­лық дең­гей­де­гі мәс­ли­хат­тар­дың өкілет­ті­гін мерзі­мі­нен бұрын тоқта­ту тура­лы Жар­лы­ғы­на сәй­кес сай­лау науқа­нын ұйым­да­сты­руға және өткізу­ге бағыт­талған тиісті жұмыстар баста­ла­ды», – деді.

Ал комис­сия төр­ағасының орын­ба­са­ры Мұх­тар Ерман заңға сәй­кес мәс­ли­хат депу­тат­та­ры­ның кезек­тен тыс сай­ла­уы олар­дың өкілет­тік­тері мерзі­мі­нен бұрын тоқта­ты­лған күн­нен бас­тап екі айдан кешікті­ріл­мей тағай­ын­да­луға тиіс екенін атап өтті.

«Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы мәс­ли­хат­тар депу­тат­тарының кезек­тен тыс сай­ла­у­ын 2026 жылғы 29 қа­рашаға тағай­ын­дау тура­лы қау­лы ете­ді. Мәс­ли­хат­тар халық тара­пы­нан жал­пы­ға бір­дей, тең және тіке­лей сай­лау құқы­ғы негізін­де жасы­рын дауыс беру арқы­лы бес жыл мерзім­ге сай­ла­на­ды. Алдағы сай­ла­уда 228 мәс­ли­хат­та 3 447 депу­тат­ты сай­лау жос­пар­ланған. Атап айтқан­да, 668 ман­дат – 20 облы­стық мәс­ли­хат­та, 626 ман­дат – 38 қала­лық мәс­ли­хат­та және 2 153 ман­дат – 170 аудан­дық мәс­ли­хат­та қарас­ты­ры­лған», – деді Мұх­тар Ерман.

  • Күн­тіз­белік жос­парға сәй­кес кан­ди­дат­тар­ды ұсы­ну мен өзін-өзі ұсы­ну ке­зеңі 14 қазан­да баста­лып, 27 қазан күні сағат 18:00-ге дей­ін жалға­са­ды. Пар­ти­я­лық тізім­дер мен кан­ди­дат­тар­ды тір­кеу 1 қара­ша күні сағат 18:00-ге дей­ін аяқта­луға тиіс. Сай­лау алдын­дағы үгіт 1 қа­раша күні сағат 18:00-де бас­талып, 28 қара­ша күні сағат 00:00-де аяқта­ла­ды. 28 қара­ша – тыны­штық күні. Сай­лау күні дауыс беру учас­ке­лерін­де да­уыс беру сағат 7:00-ден 20:00-ге дей­ін өте­ді. Соны­мен қатар аумақтық сай­лау комис­си­я­ла­ры тиiстi әкiм­нiң, учас­келiк сай­лау комис­си­я­ла­ры­ның ұсы­ны­сы­мен дауыс берудi бастап, аяқтай­тын басқа уақыт бел­гiле­у­ге құқы­лы. Сай­лау қоры­тын­ды­ла­ры 3 жел­тоқ­сан­нан кешік­тіріл­мей аны­қта­луы тиіс.

ОСК қаулы­сы­на сәй­кес мәс­ли­хат депутат­та­рының сай­ла­у­ы­на «Ақ жол» Қаза­қстан­ның Демо­кратиялық пар­ти­я­сы, «Ауыл» пар­ти­я­сы, «Әділет» пар­тиясы, Жал­пы­ұлт­тық со­­ци­ал-демо­кра­ти­я­лық пар­тия, Қаза­қстан­ның «Бай­тақ» жасыл­дар пар­ти­я­сы, Қаза­қстан Халық пар­ти­я­сы мен «Respublica» пар­ти­я­сы қатысады.

Кезек­тен тыс мәс­ли­хат де­путаттарының сай­ла­уы ара­лас сай­лау жүй­есі негізін­де өте­ді. Бұл жүй­е­ге сәй­кес сай­ла­у­ға сая­си пар­ти­я­лар да, бір­ман­дат­тық сай­лау округ­тері бой­ын­ша канди­даттар да қаты­са ала­ды. Осы­ған бай­ла­ны­сты кан­ди­дат­тар сая­си пар­ти­я­лар мен қоғам­дық бір­ле­стік­тер тара­пы­нан ғана емес, өзін-өзі ұсы­ну тәр­тібі­мен де ұсы­ны­ла ала­ды. Заң­на­маға сәй­кес мәс­ли­хат депу­тат­ты­ғы­на кан­ди­дат­тар сай­лау жар­на­сын төле­у­ге міндетті.

ОСК мүше­сі Әсел Жанәбі­ло­ва­ның айтуын­ша, Кон­сти­ту­ци­я­лық заң­ның 104-бабы­на сәй­кес партия­лық тізім­дер­ді ұсы­нған сая­си пар­ти­я­лар жер­гілік­ті ат­қарушы орган­дар­дың шо­тына пар­ти­я­лық тізім­ге енгі­зілген әрбір адам үшін заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген ең төмен­гі жалақы­ның бес есе­лен­ген мөл­шерін­де, яғни 425 мың тең­ге сай­лау жар­на­сын өз қара­жа­ты есебі­нен ауда­ра­ды. Ал өзін-өзі ұсы­ну тәр­тібі­мен мәс­ли­хат де­пу­таттығына кан­ди­дат ретін­де ұсы­ны­лған аза­мат белгі­лен­ген талап­тарға сәй­кест­і­гі тек­серіл­ген­нен кей­ін, тір­ке­у­ге дей­ін жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган­дар­дың шоты­на дәл осын­дай мөл­шер­де сай­лау жар­на­сын енгізеді.

Сон­дай-ақ мәс­ли­хат депу­таттарының сай­ла­уы қар­саңында елі­міздің бар­лық өңірін­де­гі сай­лау комис­сия­ларының мүше­леріне арналған арнайы оқы­ту семи­нар­ла­ры өткізіледі.

«Қысқа мерзім ішін­де 86 мың­нан астам сай­лау комис­си­я­сы­ның мүше­сін, оның ішін­де 1 729 аумақтық сай­лау комис­си­я­сы­ның мү­ше­сін, 15 мың­нан ас­там округ­тік сай­лау комис­сия­сының мүше­сі мен 70 мың­ға жуық учас­келік сай­лау комис­си­я­сы­ның мүше­сін даяр­лауды қам­та­ма­сыз етуі­міз керек. Мұн­дай ауқым­ды жұмыс сай­лау комис­сияларының әр дең­гей­ін­де заң­нама, рәсім­дер мен іс-қимыл алго­ритмдерін бір­ыңғай түсі­нуді қам­та­ма­сыз ететін, жүй­елі әрі кезең-кезеңі­мен жүзе­ге асы­ры­ла­тын оқы­ту жүй­есін талап ете­ді», – деді ОСК хат­шы­сы Шав­хат Өтемісов.

Осы­ған орай, ОСК төр­ағасы элек­то­рал­дық оқыту­ды ұйым­да­сты­руға жау­ап­ты тұлға­ларға оқы­ту­дың сапа­лы өткізілуін, сай­лау үдерісіне қаты­су­шы­лар­дың барын­ша толық қам­ты­луы мен оқы­ту­дың әр кезеңіне бел­гі­лен­ген мерзім­дер­дің сақта­луын қам­та­ма­сыз ету мақ­са­тын­да бар­лық қажет­ті шара­ны қабыл­да­уды тапсырды.

«Сай­лау науқа­ны бары­сын­да комис­сия мүше­лері мен аппа­ра­ты­ның қызмет­кер­лері дәстүр­лі түр­де елі­міздің бар­лық өңіріне инс­пекциялық сапар­лар жасай­ды. Сапар­лар аясын­да сай­лау комис­си­я­ла­ры­ның да­йындығы зер­де­леніп, сай­лау үде­рісіне қаты­су­шы­ларға оқы­ту жүр­гізіледі, әдісте­мелік қол­дау көр­сетіледі. Сай­лау науқа­ны­ның ерекшелік­терін еске­ре оты­рып, тиісті оқу жос­парларын қабыл­дап, олар­дың іске асы­ры­луын ұйым­дастыру маңы­зды», – деп түй­ін­деді Нұр­лан Әбдіров.

Қаза­қстан­да соңғы жыл­да­ры жүр­гізіліп жатқан ауқым­ды сая­си рефор­ма­лар аясын­да билік тар­мақта­ры­ның тепе-теңді­гі мен жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру инсти­тут­та­рын нығай­ту басты басым­ды­ққа айнал­ды. Мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев бұл сай­ла­уды мем­ле­кет­тік басқа­ру жүй­есін­де­гі өзгерістер­дің қоры­тын­ды кезеңі деп атап өтті. Мәс­ли­хат­тар­дың тара­ты­лып, жаңа­дан сай­ла­нуы – жер­гілік­ті дең­гей­де­гі сая­си эли­та­ны жаңар­туға, халық пен аймақтық билік ара­сын­дағы сенім көпірін нығай­туға бағыт­талған заң­ды қадам.

Бұл сай­ла­удың елдің ішкі сая­си аре­на­сы­на тигі­зер әсері зор болмақ.

Бірін­ші­ден, ара­лас жүйе арқы­лы мәс­ли­хат­тарға жаңа адам­дар – кәсіп­кер­лер, заң­гер­лер, бло­гер­лер мен аймақтық бел­сен­ділер келеді. Бұл ескі кадр­лық жүй­енің сеңін бұза­ды. Екін­ші­ден, пар­ти­я­лар үшін бұл сай­лау – өздерінің өңір­лік құры­лым­да­ры­ның шынайы күшін сынай­тын алаң. Сай­лау нәти­же­сі алдағы Құры­л­тай неме­се басқа да сая­си науқан­дар алдын­дағы үлкен дай­ын­дық болып сана­ла­ды. Үшін­ші­ден, жаңа­дан сай­ланған депу­тат­тар халық алдын­да тіке­лей жау­ап­ты болған­ды­қтан, аймақтық бюд­жет­тер­дің жұм­са­луын, әкім­дік­тер­дің есеп­терін қатаң бақы­ла­у­ға ала­ды. Бұл жемқор­лық тәу­е­кел­дерін азай­туға сеп­ті­гін тигізеді.

Түй­ін­деп айт­сақ, 29 қара­шаға бел­гі­лен­ген мәс­ли­хат­тар сай­ла­уы – құрғақ сая­си рәсім емес, елдің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық тыны­сын айқын­дай­тын маңы­зды қадам. Сай­лау нәти­же­сін­де құры­ла­тын жаңа мәс­ли­хат­тар кор­пу­сы «Әділет­ті Қаза­қстан» тұжы­рым­да­ма­сы­ның аймақтар­дағы нақты көрінісіне айна­луы тиіс!

Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн