Пятница , 13 ноября 2026

Агроөнеркәсіптегі сапалы өзгерістер

Рекордтық көрсеткіштер және технологиялық трансформация

2026 жыл­дың қоры­тындысы бой­ын­ша соңғы он бес жыл­мен салы­сты­рған­да Қаза­қстан­ның ауы­л­ша­ру­а­шы­лық сала­сы­ның нәти­же­лері ең жоғарғы көр­сет­кі­ш­тер­ге жет­ті. Мұн­дай сер­піліс терең сапа­лық транс­фор­ма­ци­я­мен сабақ­тас кел­ді. Биы­лғы аяқталған нәти­желі егін жинау науқа­ны­ның нәти­же­лері елі­міздің аграр­лық сек­то­рын­дағы жүй­елі рефор­ма­лар­дың жемісін беріп жатқа­нын айқын дәлелдейді.

Рекордтық өнім және экономикалық көрсеткіштер

Агробизнестегі цифрлық жүйелер мен топырақ құнарлылығын басқару

2026 жылғы науқан қорытындысы бойынша дәнді дақылдардың жалпы жиыны 24,3 миллион тоннаны құраса, ал майлы дақылдарды жинау жұмыстары барлық алқаптың 91%-ын қамтып, 5,1 миллион тоннаға жетті. Бұл көрсеткіштер тек қана қолайлы ауа райының нәтижесі емес, бұл салаға құйылған инвестициялар мен технологиялық жаңғыртудың нақты көрінісі деп сенімді айта аламыз. Ең маңызды жаңғыртулардың бірі ол минералды тыңайтқыштардың артуы. Биылғы жылы топыраққа енгізілген тыңайтқыштар көлемі 2,1 миллион тоннаға жетті. Одан бөлек сапалы тұөымдардың сапасы артты. Егіндік материалдағы элитті тұқымдардың үлесі 12%-ды құрады.

Сан­дық көр­сет­кі­ш­тер­дің артын­да топы­рақ ден­са­улы­ғы мен агро­ном­дар­дың күн­делік­ті тыным­сыз ғылы­ми ізденістері жатыр. Қазір­гі таң­да қаза­қстан­дық шару­а­шы­лы­қтар дәл егін­шілік (precision agriculture) эле­мент­терін жап­пай енгізілуде

Бірін­ші­ден Стел­ли­тар­лы мони­то­ринг және GPS жүйелері.Егіс алқап­та­рын ғары­штан бақы­лау, топы­рақтың ылғал­ды­лық кар­та­сын жасау және тыңай­тқы­штар­ды диф­фе­рен­ци­ал­ды түр­де енгі­зу шығын­ды айтар­лы­қтай азай­тып қана қой­май, эко­ло­ги­я­лық таза өнім алуға жол ашуда.

Оған қоса ғылым мен өндірістің инте­гра­ци­я­сы еңгізіл­ді. Отан­дық аграр­лық уни­вер­си­тет­тер мен тәжіри­белік стан­ци­я­лар­дың селек­ци­я­лық жұмыста­ры кли­мат­тың өзге­руіне төзім­ді, құрғақ­шы­лы­ққа төтеп беретін аудан­да­сты­ры­лған тұқым түр­лерін шыға­руға мүм­кін­дік беру­де. Бұл ұзақ мерзім­ді пер­спек­ти­ва­да тұрақты өнім­ділік­тің кепілі.

Технологиялық жаңғырту және техника паркінің жаңаруы

Агроө­нер­кәсіп сала­сын­дағы сапа­лы транс­фор­ма­ци­я­ның басты қозға­у­шы күші ол транс­порт және өнім маши­на­ла­ры­ның жап­пай жаңар­ты­луы. Мем­ле­кет­тік қол­да­удың, атап айтқан­да жеңіл­детіл­ген лизинг(ұзақ мерзім­ге жалға беру мен кей­ін­нен сатып алу бағ­дар­ла­ма­сы) бағ­дар­ла­ма­сы ауыл шару­а­шы­лы­ғын­дағы кәсіп­кер­лер­дің 12,7 мың­нан астам трак­тор мен 2 340 ком­байн сатып алуы­на жол ашты.

Осын­дай жаңар­ту­лар­дың нәти­же­сін­де түр­лі оң өзгерістер орын алды. Тех­ни­ка­ның тозу дең­гейі 85%-дан 65%-ға дей­ін айтар­лы­қтай төмен­десе, Тех­ни­ка­ны жыл­дық жаңар­ту қарқы­ны 8%-ға жет­ті. Бұл өзгерістер ауыр кли­мат­тық сынақтар мен күр­делі ауа райы жағ­дай­ла­рын­да егін жинау жұмыста­рын қысқа мерзім­де, шығын­сыз аяқта­уға толық мүм­кін­дік берді

Ауыл инженерлері мен механизаторлардың рөлі

Жаңа буын жоғары өнімді техникалардың келуі кадрларға қойылатын талапты да түбегейлі өзгертті. Бүгінгі механизатор немесе комбайншы ол автопилотпен, күрделі бортовой компьютерлермен және климат-бақылау жүйелерімен жұмыс істей алатын жоғары білікті оператор инженер болып табылады.

Сол себеп­ті кәсібі білім жап­пай көтерілуде.Аграрлық кәсі­по­рын­дар жаңа тех­ни­ка­ны тиім­ді иге­ру үшін өз қыз­мет­кер­лерін арнайы тре­нинг­тер­ден өткізіп, өндірістік қауіп­сіздік пен цифр­лық сау­ат­ты­лы­қты арттыруда.Күннің ысты­ғы мен аяз­да таң­нан кеш­ке дей­ін тыным тап­пай­тын дала еңбек­кер­лерінің ерен ерлі­гі  мем­ле­кет­тің азық-түлік қауіп­сізді­гін ұстап тұрған берік дің­гек. Олар­дың қажыр­лы еңбе­гінің арқа­сын­да қаза­қстан­дық астық әлем­нің ондаған еліне экс­порт­та­лып, жоға­ры бедел­ге ие болуда.

Астық сапасы және экспорттық маржаның өсуі

Бәсе­ке­ге қабілет­ті өнім­нің ең басты сипатта­ма­сы ол оның бәсе­ке­ле­стері­мен салы­сты­рған­дағы жоға­ры сапа­сы. Ал биы­лғы жиналған өнім сол кри­те­рий­ге сай келеді. Жұм­сақ бидай­дың шама­мен 72%-ы 3‑ші клас­сқа (нан пісіру­ге және ұн тар­ты­уға өте қолай­лы, сапа­сы жоға­ры санат) жата­ды, ал Ақмо­ла облы­сын­да клейковина(глютен) мөл­шері 28%-дан жоға­ры бола­тын Hi-Pro (ақуыз мөл­шері жоға­ры класс) сана­тын­дағы астық үлесі 70%-ға жетті.

Сапа­ның артуы сыр­тқы сауда көр­сет­кі­ш­теріне де тіке­лей әсер еткен болатын.Қыркүйек пен қазан айла­ры­ның орта­сы ара­лы­ғын­да темір­жол арқы­лы дән­ді дақыл­дар экс­пор­ты 9%-ға артып, 1,657 мил­ли­он тон­на­ны құра­ды. Бұл қаза­қстан­дық асты­қтың әлем­дік нары­қтағы құнын (маржа­сын) арт­ты­рып, елдің экс­порт­тық әле­уетін нығай­та түсті.

Логи­сти­ка­лық инфрақұры­лым және экс­порт­тық гео­гра­фи­я­ны әртараптандыру

Өнім­ді өндіріп қана қой­май, оны халы­қа­ра­лық нары­ққа уақы­ты­лы жет­кі­зу ол агроө­нер­кәсіп­тік кешен­нің ажы­ра­мас бөлі­гі және оның тұрақты­лы­ғы­ның тағы бір маңы­зды тіре­гі. Соңғы жыл­да­ры елі­міз­де көлік-логи­сти­ка­лық дәліз­дер­ді дамы­туға баса назар аударылуда.

  • Темір­жол және тер­ми­нал­дық қуат­ты­лы­қтар: Эле­ва­тор­лар­дың өткі­зу қабілетін арт­ты­ру, кон­тей­нер­лік тасы­мал­дар­дың үлесін көбей­ту сыр­тқы нары­қтарға шығу уақы­тын қысқартты.
  • Жаңа экс­порт­тық бағыт­тар: Дәстүр­лі нары­қтар­мен қатар, Орта­лық Азия, Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне бағыт­талған экс­порт­тық логи­сти­ка оңтай­лан­ды­ры­лып, қаза­қстан­дық асты­қтың жаһан­дық бәсе­ке­ге қабілет­тілі­гі арта түсті

Қоры­тын­ды

Ауыл шару­а­шы­лы­ғын­дағы бұл транс­фор­ма­ция тек эко­но­ми­ка­лық цифр­лар мен тон­на­лар­мен өлшен­бей­ді. Бұл елі­міздің азық-түлік қауіп­сізді­гін түбе­гей­лі нығай­ту­дың, аграр­лық сек­тор­ды инно­ва­ци­я­лық жолға көшірудің және ауыл еңбек­кер­лерінің қажыр­лы еңбе­гін қоғам­да лай­ы­қты баға­ла­удың жарқын көрінісі.

Жұма­бек Нұрсұлтан

Республиканский еженедельник онлайн