Четверг , 12 ноября 2026

Ғалымдардың БЫЛЫҚТАРЫН аудит ашып берді

Жоға­ры ауди­тор­лық пала­та ғылым сала­сы­на бөлін­ген 262 млрд тең­генің қалай жұм­салға­нын тек­серіп, жүй­елі кем­шілік­тер­ді аны­қта­ды. Атап айтқан­да, грант бөлу кезін­де мүд­де­лер қақты­ғы­сы­на жол беріл­ген, ғылы­ми әзір­ле­ме­лер­ге қой­ы­ла­тын талап­тар төмен­детіл­ген, зерт­теу нәти­же­лерін өндіріс­ке енгі­зу жұмысы ақсап тұр. Тіп­ті ғылы­ми зерт­те­у­ге жұм­са­луы тиіс мил­ли­ард­таған тең­ге депо­зит­тер мен баға­лы қағаз­дарға салы­нған, деп хабар­лай­ды Ulysmedia.kz.

ҒЫЛЫМҒА БӨЛІНГЕН МИЛЛИАРДТАР ҚАЛАЙ ЖҰМСАЛЫП ЖАТЫР?

Жоға­ры ауди­тор­лық пала­та Қаза­қстан­да ғылы­мға бөлін­ген қара­жат­тың қан­ша­лы­қты тиім­ді жұм­салға­нын тек­сер­ді. Нәти­же­сін­де 262 млрд тең­генің 51 млрд тең­гесіне қаты­сты қар­жы­лық заңбұ­зу­шы­лы­қтар аны­қталған. Тағы 47 млрд тең­гені жос­пар­лау мен жұм­сау кезін­де тиім­сіздік­ке жол беріл­ген. Ал шығын мен алын­бай қалған пай­да көле­мі 16 млрд тең­гені құраған.

– 2022–2025 жыл­да­ры ғылым­ды қар­жы­лан­ды­ру көле­мі 122 млрд тең­ге­ден 262 млрд тең­ге­ге дей­ін өсті. Алай­да ғылым­ның эко­но­ми­ка­дағы үлесі әлі де төмен. Жал­пы ішкі өнім­нің небәрі 0,16 пай­ы­зы ғана. Ал меже­лен­ген көр­сет­кіш – 1 пай­ыз. Оның үстіне қар­жы көле­мінің өсуіне негізі­нен бюд­жет қара­жа­ты есебі­нен қол жет­кізіл­ді. Мем­ле­кет­тің үлесі 55 пай­ы­здан 82 пай­ы­зға дей­ін артқан. Бұл ғылым­ның әлі де мем­ле­кет қар­жы­сы­на тәу­ел­ді екенін, ал биз­не­стің оған сұра­ны­сы жет­кіліксіз екенін көр­се­те­ді, – деді Әли­хан Смайылов.

Соны­мен бір­ге мем­ле­кет ғылы­мға мил­ли­ард­таған тең­ге бөл­гені­мен, бұл салаға қаты­сты межелі көр­сет­кі­ш­тер­ді бір­тін­деп төмен­детіп келеді. Мәсе­лен, ғылы­ми-зерт­теу және тәжіри­белік-кон­струк­тор­лық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) жұм­са­ла­тын шығын­ның ЖІӨ-дегі үлесі 2 пай­ы­здан 0,5 пай­ы­зға дей­ін қысқарған. Ғылы­ми қыз­мет­кер­лер санын 50 пай­ы­зға арт­ты­ру жөнін­де­гі меже 7 пай­ы­зға, ал жеке сек­тор­дың бір­лесіп қар­жы­лан­ды­ру үлесі 50 пай­ы­здан 32 пай­ы­зға дей­ін төмендетілген.

Сарап­шы­лар­дың тал­да­уы да шешім қабыл­да­уда ескері­ле бер­мей­ді. Ғылым­ның жай-күйі тура­лы баян­да­ма іс жүзін­де әзір­лен­бей­тін болған. Ал Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның мате­ри­ал­да­ры мен бола­шаққа бағ­дар­ланған зерт­те­улер­ді қарас­ты­рып, іске асы­ру теті­гі жоқ.

ОРЫНДАЛМАҒАН ТАПСЫРМАЛАРҒА 67 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН

Ауди­тор­лар ғылы­ми басым­ды­қтар мен мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­стар­ды қалып­та­сты­руға да сын айт­ты. 2025–2027 жыл­дарға арналған жеті басым бағыт пен 153 маман­дан­ды­ры­лған бағыт бекітілген.

– Басым­ды­қтар­ды айқын­да­удағы мақ­сат – мем­ле­кет­тің шек­те­улі ресур­ста­рын қай мін­дет­тер­ді шешу­ге бағыт­тау кере­гін нақты бел­гілеу. Ғылы­ми-тех­ни­ка­лық тап­сыр­ма түп­кі нәти­же­сі, оны баға­лау өлшем­дері мен тәжіри­бе­ге енгі­зу теті­гі айқын көр­сетіл­ген нақты мін­дет болуы керек. Алай­да мұн­дай тап­сыр­ма­лар көбіне жал­пы­ла­ма жаса­ла­ды. Күтілетін нәти­же мен оның орын­да­луын тек­се­ру өлшем­дері нақты бел­гі­лен­бей­ді, – деді Әли­хан Смайылов.

Жоға­ры ауди­тор­лық пала­та­ның пікірін­ше, мұн­дай тәсіл ғылы­ми басым­ды­қтар­дың мәнін жояды. Өйт­кені кез кел­ген зерт­те­уді мем­ле­кет үшін маңы­зды деп көр­се­ту­ге мүм­кін­дік береді. Соның сал­да­ры­нан 2023–2025 жыл­да­ры әзір­лен­ген 393 ғылы­ми-тех­ни­ка­лық тап­сыр­ма­ның 149‑ы орын­дал­маған. Оларға 67 млрд тең­ге қарас­ты­ры­лған. Оның үстіне тап­сыр­ма­лар­дың не себеп­ті орын­дал­маға­ны да талданбайды.

Ғылы­ми жоба­лар­ды ірік­теу кезін­де де бірқа­тар кем­шілік аны­қталған. 212 заң­ды тұлға­ны аккре­дит­теу кезін­де олар­дың зерт­теу жүр­гізу­ге қажет­ті тех­но­ло­ги­я­лық дай­ын­ды­ғы баға­лан­баған. Мате­ри­ал­дар­ды ұлт­тық ғылы­ми кеңе­стер­дің сарап­та­ма­сы­на жібе­ру 93 жұмыс күніне дей­ін кешік­тіріл­ген. Ұлт­тық ғылы­ми кеңе­стер 545 жоба бой­ын­ша қар­жы­лан­ды­ру­ды шама­мен 12 млрд тең­ге­ге қысқар­ту тура­лы ұсы­ны­стар­ды ескермеген.

Аудит мүд­де­лер қақты­ғы­сы­на қаты­сты да тәу­е­кел­дер­ді аны­қта­ды. Ұлт­тық ғылы­ми кеңе­стер­дің 225 мүше­сінің 84‑і жал­пы құны 52 млрд тең­ге бола­тын 127 жоба­ның зерт­теу тобы­на кір­ген. Оның үстіне кеңе­стің 27 мүше­сі жоба­лар­дың өзіне ғылы­ми жетек­шілік еткен.

ПАТЕНТ БАР, ӨНДІРІСКЕ ЕНГІЗУ ЖОҚ

Әли­хан Смай­ы­лов ғылы­ми зерт­те­улер­дің нәти­же­сін баға­ла­уда да көбіне көз­бо­я­у­шы­лы­ққа жол берілетінін айтты.

– Жоба­лар­дың нәти­желілі­гі көбіне ғылы­ми жари­я­ла­ным­дар­мен, зият­кер­лік мен­шік құқы­ғын рас­тай­тын құжат­тар­мен және әзір­ле­мені тәжіри­бе­ге енгі­зу актілері­мен дәлел­де­неді. Алай­да бұл көр­сет­кі­ш­тер зерт­те­удің жаңа­лы­ғын, оған мен­шік құқы­ғы­ның кім­ге тиесілі екенін және нәти­же­сінің іс жүзін­де қол­да­ны­лып жатқа­нын әрдай­ым рас­тай бер­мей­ді. Грант­тық және бағ­дар­ла­ма­лық-ныса­на­лы қар­жы­лан­ды­ру аясын­дағы жоба­лар бой­ын­ша зият­кер­лік мен­шік­ке қаты­сты 4 мыңға жуық құжат есеп­ке алы­нған. Алай­да соның шама­мен 10 пай­ы­зы ғана өнер­та­бысқа беріл­ген патент­тер. Еура­зи­я­лық және халы­қа­ра­лық патент­тер­дің үлесі 1 пай­ы­зға да жет­пей­ді. Бұдан бөлек, жал­пы құны 72 млрд тең­ге бола­тын 164 жоба бой­ын­ша патент алуға беріл­ген 336 өтінім дай­ын нәти­же ретін­де есеп­ке алы­нған. Бірақ өтінім беру патент­тің беріл­генін біл­дір­мей­ді, – деп атап өтті ол.

Сон­дай-ақ оның айтуын­ша, бағ­дар­ла­ма­лық-ныса­на­лы қар­жы­лан­ды­ру аясын­дағы 18 жоба бой­ын­ша алы­нған 56 патент сол жоба­лар­ды жүзе­ге асы­руға қаты­спаған ұйым­дар­дың аты­на рәсім­дел­ген. Әзір­ле­ме­лер­ді тәжіри­бе­ге енгі­зу актілері де нақты нәти­женің бар екенін үне­мі дәлел­дей бер­мей­ді. Жал­пы құны 59 млрд тең­ге бола­тын 434 жоба бой­ын­ша осын­дай 1 200-ден астам акт ұсы­ны­лған. Бірақ олар­дың жар­ты­сы білім беру үдерісіне қаты­сты. Ал ғылы­ми әзір­ле­мені оқу бары­сын­да пай­да­ла­ну оның тех­но­ло­ги­я­лық неме­се өндірістік нәти­же бер­генін білдірмейді.

Жоға­ры ауди­тор­лық пала­та­ның бас­шы­сы айтқан­дай, есеп­тер қабыл­данған­нан кей­ін ғылы­ми нәти­же­лер­дің ары қарай қалай қол­да­ны­лып жатқа­ны жүй­елі түр­де қадаға­лан­бай­ды. Мәсе­лен, аудит­ке ілік­кен 60 патент бой­ын­ша олар­ды пай­да­ла­нуға қаты­сты лицен­зи­я­лық неме­се өзге де келісім­шар­ттар жасал­маған. Яғни, мем­ле­кет ғылы­ми зерт­те­улер­ге қар­жы бөл­гені­мен, оның елге қан­дай тех­но­ло­ги­я­лық және эко­но­ми­ка­лық пай­да әкел­генін рас­тай алмай отыр.

МИЛЛИАРДТАР ЗЕРТТЕУГЕ ЕМЕС, ДЕПОЗИТКЕ САЛЫНҒАН

Қара­жат­тың қай­да жұм­салға­ны тура­лы сұраққа Әли­хан Смай­ы­лов баян­да­ма­сы­ның соңы­на қарай жау­ап берді.

– Astana Hub-қа түс­кен 43 млрд тең­генің 23 млрд тең­гесі баға­лы қағаз­дарға салы­нған. «Самғау» бой­ын­ша түс­кен 15 млрд тең­генің 10 млрд тең­гесі депо­зит­тер­ге орна­ла­сты­ры­лып, РЕПО опе­ра­ци­я­ла­ры­на бағыт­талған. Опе­ра­тор­лар­дың инве­сти­ци­я­лық қыз­мет­тен тапқан табысы 14 млрд тең­ге­ден асқан, – деді ол.

Жоға­ры ауди­тор­лық пала­та­ның пікірін­ше, ғылы­ми әзір­ле­ме­лер­ді ком­мер­ци­я­лан­ды­ру жұмысы да тиісті дең­гей­де жүр­гізіл­мей­ді. Ғылым қоры­ның ресми есебін­де­гі бұл көр­сет­кіш 44 пай­ыз болға­ны­мен, салы­стыр­ма­лы әрі нақты есеп­теу нәти­же­сін­де есеп­ті жыл­дағы көр­сет­кіш небәрі 16 пай­ы­зды құраған.

Аяқталған 141 жоба­ның тек 38‑і неме­се 27 пай­ы­зы соңғы үш жыл­да өнім­ді тұрақты түр­де сата алған. Қалған 103 жоба жал­пы құны 22 млрд тең­ге болға­ны­на қара­ма­стан, өнім өнді­ру мен сату көле­мі бой­ын­ша күт­кен нәти­же­ге қол жет­кіз­бе­ген. Көп­те­ген жоба­да нақты ком­мер­ци­я­лық нәти­же­ге қол жет­кі­зудің орны­на, олар­ды жүзе­ге асы­ру мерзі­мі созы­ла бер­ген. Атап айтқан­да, жал­пы құны 13 млрд тең­ге бола­тын 46 келісім­шар­ттың мерзі­мі ұзартылған.

ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЕСЕБІ ЖОҚ

Ауди­тор­лар тағы бір жүй­елі мәсе­лені ата­ды. Ол – ғылы­ми жоба­лар­дың біры­ңғай есебінің бол­мауы. Жоба­лар тура­лы мәлі­мет­тер әртүр­лі меке­ме мен ақпа­рат­тық жүй­е­ге бөлініп кет­кен. Ал кей­бір жұмыс әлі күн­ге дей­ін қағаз жүзін­де жүр­гізіледі. Сон­ды­қтан мем­ле­кет жоба­ның қар­жы бөлін­ген сәті­нен бастап, түп­кі нәти­же­сі алы­нғанға және өндіріс­ке енгізіл­ген­ге дей­ін­гі бүкіл бары­сын бақы­лай алмай­ды. Жал­пы құны 32 млрд тең­ге бола­тын 159 жоба мем­ле­кет­тік есеп­ке толық енгізілмеген.

Қоры­тын­ды­лай келе, Әли­хан Смай­ы­лов ғылым сала­сын басқа­ру тәсілін түбе­гей­лі өзгер­ту қажет­ті­гін айтты.

– Мем­ле­кет ғылы­ми үдерістің өзін емес, елге тех­но­ло­ги­я­лық және эко­но­ми­ка­лық пай­да әке­летін нақты нәти­же­ге қол жет­кі­зуді қар­жы­лан­ды­руы керек, – деді Жоға­ры ауди­тор­лық пала­та­ның басшысы.

Аудит қоры­тындысы бой­ын­ша Үкі­мет­ке бес ұсы­ным, ал тек­серіл­ген меке­ме­лер­ге 66 тап­сыр­ма беріл­ді. 36 дерек бой­ын­ша мате­ри­ал­дар әкім­шілік іс қозғау үшін уәкілет­ті орган­дарға жол­данған. Тағы үш дерек бой­ын­ша мате­ри­ал­дар­ды құқық қорғау орган­да­ры­на беру тура­лы шешім қабылданды.

Іли­яс Бақыт

Республиканский еженедельник онлайн