Четверг , 1 октября 2026

Елдің ең басты қорғаны – ТІЛІ МЕН МӘДЕНИЕТІ

Биы­лғы тамы­л­жы­ған тамы­здың аяғы мен қыр­ма­ны мол қыр­күй­ек­тің басы, шынын­да да, сая­сат­тағы тың жаңа­лы­қтарға толы күн­дер бол­ды. Елі­міздің жаңа Кон­сти­ту­ци­я­сы өмірі­міз­ге еркін ене баста­ды. Құры­л­тай сай­ла­уы өтіп, төраға­сы сай­лан­ды. Қаза­қстан­ның сая­си жүй­есін­де жаңа дәуір бастал­ды. Жаңа Кон­сти­ту­ция негізін­де Вице-пре­зи­дент инсти­ту­ты қай­та енгізіл­ді. Үкі­мет қай­та жасақтал­ды. Бір­не­ше министр мен бір облыс әкі­мі ауысты.

ЕЛ СЕНІМІ – ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

Елі­міздің сая­си өмірін­де­гі соңғы еле­улі өзгерістер­ді айтқан­да, Ерлан Қарин­ның ҚР вице-пре­зи­ден­ті болып тағай­ын­да­луын ел ерекше қоштап, әле­умет­тік желілер қол­да­у­ларға толып кет­кенін айту керек. Соны­мен қатар Арман Қыры­қ­ба­ев­тың Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стрі болуын да жұрт жақ­сы қар­сы алып, жап­пай қолдауда.

Иә, есі­мі елге бел­гілі қай­рат­кер Арман Қыры­қ­ба­ев­тың идео­ло­ги­я­лық сала­ның тіз­гінін ұста­уын қоғам жылы қабылдады.

Бірін­ші­ден – ұлт руха­ни­я­ты үшін маңы­зы зор бұл жау­ап­ты қыз­мет­ке кез­дей­соқ адам емес, жүй­ені жақ­сы білетін, сын­нан өткен кәсі­би білік­ті кадр кел­ді. Арман Ораз­бай­ұ­лы бұған дей­ін Қараған­ды облы­сы әкі­мінің орын­ба­са­ры, Мәде­ни­ет және ақпа­рат вице-мини­стрі, Алма­ты қала­сы әкі­мінің орын­ба­са­ры, Пре­зи­дент әкім­шілі­гі Ком­му­ни­ка­ци­я­лар бөлі­мінің мең­ге­ру­шісі және Пре­зи­дент көмек­шісі секіл­ді жау­ап­ты қыз­мет­тер атқарған. Яғни, оның тәжіри­бесін­де ішкі сая­сат та, мәде­ни­ет те, ақпа­рат та, мем­ле­кет­тік ком­му­ни­ка­ция да, өңір­лік басқа­ру да бар. Сон­ды­қтан Арман Қыры­қ­ба­ев­тың Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гіне келуі идео­ло­ги­я­лық және ақпа­рат­тық сая­сат­та жаңа сер­піліс бола­ды деген үміт туғызады.

Бүгін­гі Қаза­қстан­да мем­ле­кет­ті басқа­ру тек эко­но­ми­ка неме­се әкім­шілік шешім­дер­мен ғана шек­тел­мей­ді. Қоғам­ның көңіл-күй­ін түсі­ну, халы­қ­пен дұрыс сөй­ле­су, ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды қорғау, ақпа­рат­тық кеңістік­те­гі мем­ле­кет­тің ұста­ны­мын сау­ат­ты жет­кі­зу қазір бұры­нғы­дан да өзек­ті. Осы тұрғы­дан қараған­да Қыры­қ­ба­ев­тың бұл маңы­зы зор қыз­мет­ке келуін­де бел­гілі бір логи­ка бар – қоғам­мен, мәде­ни­ет­пен және ақпа­рат­пен жұмыс істей­тін негіз­гі алаңға келді.

Халық мем­ле­кет­тен бүгін бұры­нғы­дан да көп нәр­се күте­ді: ашы­қты­қты, кәсі­би­лік­ті, әділет­тілік­ті, ең басты­сы – ұлт­тық мүд­де­ге адал­ды­қты және нақты нәти­жені көбірек талап етіп келеді. Демек, Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гіне кел­ген жаңа бас­шы бұл сала­ның про­бле­ма­ла­рын, ақпа­рат­тың қалай жұмыс істей­тінін де, мем­ле­кет­тің қоғам­мен қалай сөй­ле­суі керекті­гін де жақ­сы біледі.

Міне, қоғам­ның Қыры­қ­ба­евқа деген үмітінің бір себебі осы. Ел сені­мі – кез кел­ген лау­а­зым­ның ең басты өлше­мі. Ал сенім арты­лған жер­де жау­ап­кер­шілік те есе­ле­неді. Қазір­гі заман­да мем­ле­кет­тің күші тек қабыл­данған шешім­мен өлшен­бей­ді. Оның күші – сол шешім­ді халы­ққа қан­ша­лы­қты түсінік­ті жет­кі­зе алуын­да, халы­қтың қалай қабыл­да­уын­да. Сон­ды­қтан қоғам­ның жаңа кадр­ларға қоя­тын тала­бы да жоғары.

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ – МЕМЛЕКЕТТІҢ РУХАНИ КАПИТАЛЫ

Мем­ле­кет­тің қуа­ты тек эко­но­ми­ка­сы­мен, әскері­мен неме­се табиғи бай­лы­ғы­мен өлшен­бей­ді. Мем­ле­кет­ті мем­ле­кет ететін ең басты күш­тер­дің бірі – Ұлт­тың руха­ни қуа­ты, тари­хи жады, тілі мен мәде­ни­еті және ақпа­рат­тық кеңістігі.

«Мәде­ни­ет­сіз даму – жаны жоқ өсім». Бұл мем­ле­кет­тік сая­сат үшін өте маңы­зды ой: эко­но­ми­ка­лық өсім­нің өзі жет­кіліксіз; мем­ле­кет­тің руха­ни маз­мұ­ны, мәде­ни негізі болуы керек. Кім өзінің мәде­ни­етін, тілін, тари­хи жадын сақтай­ды – сол өзінің ұлт­тық бол­мысын сақтайды.

Ал ақпа­рат – қоғам­ның сана­сы­на әсер ететін күш, мәде­ни­ет – сол сана­ның маз­мұ­ны. Ақпа­рат кеңісті­гін­де өз сөзін айта алған мем­ле­кет қана өз күн тәр­тібін өзі бел­гілей­ді. Бүгін­гі заман­да ақпа­рат қоғам­ның көзқа­ра­сын қалып­та­сты­ра­ды. Кім ақпа­рат кеңісті­гін қалып­та­стыр­са, сол қоғам­дық пікір­ге ықпал ете­ді. Жалған ақпа­рат, тари­хи фак­тілер­ді бұр­ма­лау, ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды әлсіре­ту неме­се сырт­тан келетін идео­ло­ги­я­лық ықпал – мем­ле­кет­тің ақпа­рат­тық қауіп­сізді­гіне тіке­лей әсер етеді.

Бүгін Қаза­қстанға мәде­ни­еті зама­на­уи, бірақ тамы­ры терең, ақпа­ра­ты ашық, ұлт­тық мүд­десі айқын сая­сат керек. Өйт­кені эко­но­ми­ка мем­ле­кет­тің мате­ри­ал­дық қуа­тын арт­тыр­са, мәде­ни­ет оның руха­ни қуа­тын қалып­та­сты­ра­ды. Ал руха­ни қуа­ты мықты мем­ле­кет қана жаһан­дық ақпа­рат­тық кеңістік­те өз сөзін айта алады.

Сон­ды­қтан мәде­ни­ет пен ақпа­ратқа сала­лық мәсе­ле емес, мем­ле­кет­тің стра­те­ги­я­лық мәсе­лесі ретін­де қара­уы­мыз керек. Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гін тек театр, кино, кітап, өнер неме­се бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­на жау­ап беретін ведом­ство деп қабыл­дау – мәсе­ленің стра­те­ги­я­лық мәнін төмендету.

Ұлт­тық мүд­дені қорға­уы тиіс Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гі – ұлт­тық сана мен руха­ни бағы­тқа, тари­хи жады­ны нығай­туға, ұлт­тық мәде­ни­ет­ті қол­да­уға, мем­ле­кет­тік тіл­ді дамы­туға, ақпа­рат­тық қауіп­сіздік­ті қам­та­ма­сыз ету­ге, қоғам­дық диа­лог пен мем­ле­кет­тік құн­ды­лы­қтар­дың наси­ха­ты­на тіке­лей жау­ап­ты стра­те­ги­я­лық маңы­зы зор мем­ле­кет­тік инсти­тут. Мәде­ни­еті әлсіз ұлт­тың рухы әлсірей­ді. Ақпа­рат­тық кеңісті­гі әлсіз мем­ле­кет­тің үні де әлсіз. Мәде­ни­етін сақтаған ұлт – өзін сақтай­ды. Ақпа­ра­тын берік қорғай алған мем­ле­кет – өз бола­шағын өзі қалыптастырады.

Арман Қыры­қ­ба­ев­тың Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стрі қыз­метіне келуі – уақыт тала­бы­нан туған маңы­зды таң­дау. Өйт­кені бүгін­гі үкі­мет­те­гі идео­ло­ги­я­лық тіз­гін­ді ұстаған мини­стр­ге тек мәде­ни­ет сала­сын басқа­ру аздық ете­ді. Ол – қоғам­ның руха­ни аху­а­лы­на, ақпа­рат­тық кеңісті­гіне, ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­дың қорға­луы­на және мем­ле­кет пен қоғам ара­сын­дағы диа­ло­гқа жау­ап­ты тұлға болуы тиіс.

Осын­дай ауыр жүк арқа­лаған Арман Қыры­қ­ба­ев­тың алдында:

– Мәде­ни­ет­ті сая­сат­тың қос­шы­сы емес, елдің алтын арқа­уы­на айнал­ды­ру, мем­ле­кет­тің руха­ни ірге­та­сы дең­гей­іне көтеру;

– Ұлт­тық идео­ло­ги­я­ны жолға қой­ып, ұлт­тық құн­ды­лы­қтар­ды мем­ле­кет­тік сая­сат­тың өзе­гі ету;

– Біре­гей ұлт сая­са­тын қоғам­дық келісім­нің негізі ретін­де қалыптастыру;

– Ақпа­рат­ты жай есеп үшін емес, қоғам­мен шынайы диа­лог құра­лы жасау сияқты зор мін­дет­тер тұр.

Халы­қтың қол­да­уы­ның қай­та­ры­мы – нақты нәти­же. Жаңа министр мәде­ни­ет пен ақпа­рат сая­са­тын қоғам­ның шынайы сұра­ны­сы­на жақын­да­та алса, бүгін­гі қоғам­дық қол­да­удың ертең нақты сенім­ге айна­ла­ры сөз­сіз. Ұлт­тық мәде­ни­ет­ке есеп-қисап­тың өлше­мі­мен қарай­тын емес, оны мем­ле­кет­тің руха­ни капи­та­лы деп түсі­нетін сая­сат керек.

Негіз­гі басым­ды­қты есі­мі елге бел­гілі Арман Қыры­қ­ба­ев­тың тек кәсі­би қабілетіне ғана емес, қоғам­дық сенім, ұлт­тық мәде­ни­ет, ақпа­рат­тық сая­сат және идео­ло­ги­я­лық тұта­стық мәсе­ле­лері тұрғы­сы­нан қараған дұрыс болар.

Өткен­де ҚР Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стрі Арман Қыры­қ­ба­ев­ты қабыл­да­ды. Кез­де­су бары­сын­да Мем­ле­кет бас­шы­сы мини­стр­лік қыз­метінің басым бағыт­та­рын айқын­дап, бірқа­тар нақты мін­дет­тер қой­ды. Мәде­ни­ет пен кре­а­тив­ті инду­стри­я­ны одан әрі дамы­ту­ды, тари­хи-мәде­ни мұра­ны сақтап, кеңі­нен наси­хат­тау жұмыста­рын күшей­туді тап­сыр­ды. Сон­дай-ақ Қаза­қстан мәде­ни­етін халы­қа­ра­лық аре­на­да дәріп­те­удің маңы­зын атап өтті. Мем­ле­кет­тік ақпа­рат­тық сая­сат мәсе­ле­леріне ерекше назар ауда­рыл­ды. Пре­зи­дент отан­дық ақпа­рат кеңісті­гін жан­дан­ды­руға, соның ішін­де заң жоба­лау жұмысын зама­на­уи цифр­лық тәу­е­кел­дер­ді еске­ре оты­рып жетіл­діру­ге күш салу қажет деп санай­ды. Бұдан бөлек, Мем­ле­кет бас­шы­сы қоғам­дық келісім­ді нығай­ту жұмыста­рын дәй­ек­ті түр­де жалға­сты­ру, жастар­дың жасам­паз әле­уетін жүзе­ге асы­руы­на жағ­дай жасау жөнін­де мін­дет жүктеді.

Иә, бүгін­гі қоғам мәде­ни­ет­тен енді тек кон­церт пен фести­валь ғана, ақпа­рат­тан жаңа­лық қана күт­пей­ді. Қоғам өзінің ұлт­тық бол­мысы­на сын көз­бен қарап, «Біз кім­біз?», «Қай­да бара жатыр­мыз?» деген бей­ма­за сұрақтарға бекем жау­ап іздей­ді. Сон­ды­қтан Арман Қыры­қ­ба­ев­тың министр ретін­де­гі басты мис­си­я­сы – мәде­ни­ет­ті сақтау ғана емес, оны жаңа Қаза­қстан­ның руха­ни қозғал­тқыш күшіне айнал­ды­ру, ақпа­рат­ты басқа­ру ғана емес, қоғам­ның сені­міне ие бола­тын ақпа­рат­тық орта қалыптастыру.

Бірін­ші­ден, ұлт­тық мәде­ни­ет­ті елдің стра­те­ги­я­лық капи­та­лы ретін­де орны­қты­ру қажет. Қазақ мәде­ни­еті – тек мұра емес, Қаза­қстан­ның халы­қа­ра­лық беделін қалып­та­сты­ра­тын сана­лық күш.

Екін­ші­ден, ақпа­рат­тық кеңістік­те­гі мем­ле­кет пен қоғам ара­сын­дағы сенім­ді нығай­ту. Бүгін ақпа­рат­ты кім жыл­дам әрі сапа­лы жет­кіз­се, қоғам­дық пікір­ге де сол ықпал ете­ді. Сон­ды­қтан мем­ле­кет­тік ақпа­рат сая­са­ты жаңа дәуір тала­бы­на сай бей­ім­де­луі керек. Әле­умет­тік желі мен цифр­лық меди­а­ның ықпа­лы күшей­ген заман­да мем­ле­кет ақпа­рат­ты жай ғана тара­ту­шы емес, қоғам­мен ашық әрі сенім­ді ком­му­ни­ка­ция жасай­тын инсти­тут болуы тиіс.

Үшін­ші­ден, қазақ тілін­де­гі сапа­лы кон­тент­тің көле­мін ғана емес, беделін де арт­ты­ру аса маңы­зды. Ол үшін мем­ле­кет­тік тіл ең алды­мен билік­тің тілі болуы тиіс. Ұлт­тық тіл әде­би­ет­тің ғана емес, зама­на­уи кино­ның, музы­ка­ның, жасан­ды зер­де мен цифр­лық өнім­нің және жаңа меди­а­ның тіліне айна­луы керек.

Төр­тін­ші­ден, шығар­ма­шы­лық инду­стри­я­ны нақты эко­но­ми­ка­лық сек­торға айнал­ды­ру мін­деті тұр. Кино, театр, музы­ка, кітап, дизайн, ани­ма­ция, цифр­лық өнер – талант­тың ғана емес, жұмыс орны мен экс­порт­тық әле­ует­тің де көзі.

Бесін­ші­ден, қоғам­дық диа­лог­тың жаңа мәде­ни­етін қалып­та­сты­ру қажет. Мем­ле­кет қоғам­ды тек тың­дап қана қой­май, оның ұсы­ны­сын шешім қабыл­дау про­цесіне енгі­зе алған­да ғана сенім нығаяды.

Ал ең басты­сы – ұлт­тық құн­ды­лық пен зама­на­уи Қаза­қстан­ның иде­я­сын бір арнаға тоғыстыру.

ҰЛТТЫҚ ТАМЫРЫ БАР МӘДЕНИЕТ ҚАНА

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚҚА АЙНАЛАДЫ

Мәде­ни­ет пен өнер ұлт­тық құн­ды­лық болуы үшін, ең алды­мен Ұлт­тық идео­ло­гия болуы керек. Өйт­кені ұлт­тық негіз­ден тамыр тар­тқан дүние ғана ғұмыр­лы келеді. Ал тамыр­сыз дүние баян­сыз бола­ды. Ұлт­тық бол­мысты қалып­та­сты­ру үшін, ең алды­мен өз бол­мысы­мы­зды жат бол­мыстан қорғай білуі­міз керек! Бүгін­гі­дей жаһан­да­ну дәуірін­де жат бол­мыстан қорға­ну­да ұлт­тық маңы­зы бар шығар­ма­лар мен ақпа­рат­тық-руха­ни қауіп­сіздік­тің рөлі зор!

Ұлт­тық бол­мысты қалып­та­сты­ра­тын ең алды­мен ұлт­тың руха­ни­я­ты мен мәде­ни­еті. Әде­би­еті мен өнері! Білім-ғылы­мы! ҚР Пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев халы­ққа Жол­да­уын­да «Қазақ зия­лы­ла­ры­ның жаңа кезең­де­гі мін­деті – ұлт бол­мысы­ның жаңа қағи­дат­та­рын орны­қты­ру» екеніне баса назар аудар­ды. Яғни, Әділет­ті Қаза­қстан қағи­дат­та­ры ең алды­мен Ұлт­тық жаңа бол­мысты қалып­та­сты­руға қыз­мет етуі керек.

Ұлт­тық бол­мыс дегені­міздің өзі – Ұлт­тың жаны! Ұлт­тық бол­мысы­мыз – Ұлт­тық коды­мыз. Ұлт­тық идео­ло­ги­я­сы мықты елдің бола­шағы зор. Сон­ды­қтан да ең басты­сы – Ұлт­тық бол­мысы­мыз Ұлт­тық мүд­де­мізді қорға­уға лай­ық болуы үшін, мәде­ни­еті­міздің мәй­ек­ті болуы­на басты назар ауда­руға тиіспіз.

Ал біздің рей­тинг қуа­лаған теле­ар­на­лар­дағы қап­таған өзге елдің теле­се­ри­ал­да­ры­ның елге әсері үкі­мет­тің бұй­ры­қта­ры мен заң­да­ры­мы­здан да ықпал­ды болып кететінін ұмыт­пай­ық. Кей­де теріс тәр­би­е­ге, ұлт­сызды­ққа шетел­дік ақпа­рат­тық экс­пан­си­я­мен бір­ге өзі­міздің ұлт­тық ұғым­нан жұр­дай түр­лі фильм­дері­міздің де, жеңіл күл­кі­ге құры­лған сай­қы­ма­за­қтық шу мен шоулар­дың да әсері аз емес.

Қара­пай­ым ғана күн­делік­ті мысал: тізесі жал­ты­раған жыр­тық шал­бар­лы әншілер экранға шығып жатқан­да, шолақ шал­бар­лы шоумен­дер шолақ ақы­лын күні бойы әле­ужелі­де әле­умет­ке қақ­сап айтып жатқан­да, жал­пы осы біздің ұлт­тық идео­ло­ги­я­мы­здың өзі бар ма деп ойла­у­ға тура келеді… Қазір қоғам­дағы бол­мысы­мы­зға жат қап­таған келеңсіздік­тер­ді көр­ген­де, мыл­ты­қ­сыз май­дан ұлт­тық мүд­де­міз­ге, ұлт мәде­ни­етіне қар­сы жаса­лып жатқан жоқ па деп ойла­у­ға мәж­бүр­міз. Отыз жыл­да да жолға қой­ыл­маған Ұлт­тық идео­ло­ги­я­мы­зды енді қолға алып, Ұлт­тық бол­мысы­мы­зды Ұлт­шыл­дық негіз­де қалып­та­стыр­ма­сақ, көр­ген күні­міз бұдан да кері кете береді.

Біз­де мәде­ни­ет­ке, әде­би­ет пен өнер­ге екін­ші сорт­ты сала ретін­де қарау тый­ыл­май келеді. Қан­дай жағ­дай­да да, қан­дай елдің дамуын­да да ең алды­мен мәде­ни­ет­тің маңы­зы зор! Екін­ші дүни­е­жүзілік соғыс кезін­де Англи­я­ның әйгілі пре­мьері Чер­чилль­ге қар­жы мини­стрі ел бюд­жетін көр­се­те­ді. Үкі­мет бас­шы­сы «Мәде­ни­ет­ке бөлін­ген қар­жы қай­да, жоқ қой?» – деп сұрай­ды. «Қай­дағы мәде­ни­ет, соғыс кезін­де?» деп­ті министр. Сон­да Чер­чилль: «Ал біз онда не үшін соғы­сып жатыр­мыз, егер мәде­ни­ет­ті қорғап қала алма­сақ?» – деген екен.

Қазір мем­ле­кеті­міздің халы­қа­ра­лық қарым-қаты­на­ста ұста­нып оты­рған салиқа­лы сая­са­ты­ның арқа­сын­да ешқан­дай дау-жан­жал мен қақты­ғы­стар болып жатқан жоқ, құдай­ға шүкір… Бірақ Пар­ла­мент­те жал­пы мәде­ни­ет­те­гі күр­делі жағ­дай­ды 2021 жыл­дан бер­гі уақыт­тың өзін­де бес жыл­дан бері бір­не­ше рет көтер­дік, әлі нәти­же шама­лы… Тек кино сала­сы­ның өзін­де қан­ша­ма мәсе­ле қап­тап тұр?!

Иә, «Егер Тілің мен Мәде­ни­етіңді сақтай алма­саң, шека­раң­ды аша сал, бәрібір неңді қорғай­сың? Бұл енді сенің елің емес!» – деп, Нобель сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты Нель­сон Ман­де­ла тура­сын айтқан­дай, елдің ең басты қорға­ны – Тілі мен Мәде­ни­еті. Сон­ды­қтан да ең басты­сы, Ұлт­тық бол­мысы­мыз Ұлт­тық мүд­де­мізді қорға­уға лай­ық болуы үшін, мәде­ни­еті­міз мән­ді, әде­би­еті­міз бен өнері­міз нәр­лі болуы – басты мақ­сат­та­ры­мы­здың бірі болуы тиіс.

Арман Қыры­қ­ба­ев­тың алдын­да тұрған ең маңы­зды мін­дет­тің бірі – қазақ мәде­ни­етін жаңа дең­гей­ге көте­ру. Ұлт­тық өнер­ді сақтап қана қой­май, оны зама­на­уи шығар­ма­шы­лық инду­стри­яға, жастар­дың руха­ни таң­да­уы мен Қаза­қстан­ның халы­қа­ра­лық мәде­ни брен­діне айнал­ды­ру қажет.

Ал ең басты­сы – мәде­ни­ет пен ақпа­рат­ты қоғам­ның руха­ни имму­ни­тетін күшей­тетін күш­ке айнал­ды­ру. Бұл оңай мін­дет емес. Бірақ ел сені­мі бар жер­де жау­ап­кер­шілік те бар. Ал нәти­желі іс – ең мықты жауап.

ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ЕҢ БАСТЫ МӘСЕЛЕ

Ұлт­тық бол­мысы­мы­здың негізін сақтап қалып, жаңа қыры­нан дамы­ту үшін алды­мен жат бол­мыстан қорға­на­тын ұлт­тық идео­ло­ги­я­лық, руха­ни ақпа­рат­тық қорға­ныс тетік­терін жасау керек.

Өз басым мұн­дай Тәу­ел­сіз елдің іргесін бекем­деп, түтінін түзу ұшы­ру­да маңы­зы зор сала­ны басқа­ру­да іскер­лік дары­ны да, ары­ны да бар Арман Қыры­қ­ба­евқа сене­мін! Неге? Өйт­кені мен Арман бауы­рым­ды кемі он бес жыл­дан бері жақ­сы біле­мін. 2011 жылы қаза­қтың дауыл­паз ақы­ны Қасым Аман­жо­ло­втың 100 жыл­ды­ғы Қараған­ды мен Қарқа­ра­лы­да тағы­лым­ды да тар­тым­ды түр­де дүріл­деп өткен­де, Арман Қыры­қ­ба­ев осы рес­пуб­ли­ка­лық руха­ни ірі шараға тіке­лей жау­ап­ты қыз­мет­те – Қараған­ды облы­сы әкі­мінің орын­ба­са­ры еді.

Бүкіл рес­пуб­ли­ка­дан қан­ша­ма халық кел­ген Қасым­ның той­ын­да бар­лық шару­а­ны ұйым­да­сты­рып, басқа­рып, ең алды­мен өзі шапқы­лап жүр­ген Арман­ды әшей­ін­де бас­шы­лар­ды жақты­ра бер­мей­тін қалам­гер қауым қат­ты ұна­тып қалған еді. Сол той­да ақын-жазу­шы­лар ара­сын­да Қасым­нан кей­ін көп аталған есім Арман­ның аты болған шығар…

Кей­ін мәде­ни­ет пен өнер­дің орда­сы, ең үлкен қоғам­дық-сая­си орта – Алма­ты қала­сы әкі­мінің орын­ба­са­ры болып, елі­міз­де­гі ең үлкен мега­по­ли­стің идео­ло­ги­я­сы мен мәде­ни­етін, әле­умет­тік сала­сын екі рет басқарған­да да, іскер­лі­гі мен қабілетіне ел разы болған еді. Яғни, Арман Қыры­қ­ба­ев мәде­ни­ет пен зия­лы қауым­ның өз адамы.

Ал Мәде­ни­ет және ақпа­рат вице-мини­стрі болып, елі­міздің идео­ло­ги­я­сы мен ішкі сая­са­ты­на, мәде­ни­еті мен тіл сая­са­ты, ақпа­рат сала­сы­на жетек­шілік еткен­де ұлт­тық мүд­дені қорға­уда жүзі жарқын болға­нын жақ­сы біле­мін. Елдік мүд­де­де тізе қосып, қай­рат көр­сет­кен кезі­міз де аз емес.

Мем­ле­кет пен ұлт мүд­десін қорға­уда кім­нің кім екені білін­ген, талай қалам ұстаған қай­рат­кер­лер мен сая­сат­кер­лер сынға түс­кен, қоғам­дық орта­да көп талқы­ланған бір оқиға­дан нақты дәлел келтірейін.

Осы­дан 14 жыл бұрын, 2012 жылғы 30 қазан­да Аста­на қала­сын­да «Қаз­ме­диа орта­лы­ғы­ның» ғима­ра­тын­да Қаза­қстан жур­на­ли­стерінің Эти­ка­лық кодексі қабыл­дан­ды. Ал қалай қабыл­данға­ны, Жур­на­ли­стер­дің Эти­ка­лық кодексіне Қазы­бек Иса қосқан Ұлт­тық ақпа­рат­тық қауіп­сіздік­ті талап ету бабын кім­дер қол­дап, кім­дер қар­сы шыққа­ны тура­лы сол кез­де «Жас қазақ үні» газетіне шыққан мақа­ла сөйлесін.

«Жүз­ден аса жур­на­ли­стер қаты­сқан оты­ры­сты Қаза­қстан Жур­на­ли­стер одағы­ның төраға­сы Сей­тқа­зы Мата­ев жүр­гізіп отыр­ды. Бас редак­тор­лар клу­бы­ның пре­зи­ден­ті Кен­же­бо­лат Жол­ды­бай Қаза­қстан жур­на­ли­стерінің Эти­ка­лық кодексін ЕҚЫҰ ресми өкілі Дуня Мия­то­вич жоға­ры баға­лап, мұн­дай құжат­тың жур­на­ли­стер үшін қажет­ті­гін баса айтқа­нын жет­кізді. Бас-аяғы 8 бап­тан тұра­тын Кодексті қабыл­да­уда тар­тыс бол­май қал­ма­ды. Жарыс­сөз­ге бел­гілі қалам­гер­лер мен жур­на­ли­стер, «Қаза­қстан» РТРК төрай­ы­мы Нұр­жан Мұха­меджа­но­ва, Қаза­қстан Жазу­шы­лар одағы басқар­ма­сы төраға­сы Нұр­лан Ора­за­лин, «Еге­мен Қаза­қстан» газеті пре­зи­ден­ті Сауыт­бек Әбдірах­ма­нов, Central Asia Monitor газетінің бас редак­то­ры Бигел­ді Ғаб­дул­лин, КТК теле­ар­на­сы­ның бел­гілі жур­на­лисі Артур Пла­то­нов, «Пре­зи­дент және халық» газетінің бас редак­то­ры Марат Тоқаш­бай, «Алаш айна­сы» газетінің бас редак­то­ры Серік Жан­бо­лат, «7 арна­ның» төрай­ы­мы Бибі­гүл Жек­сен­бай, сая­сат­та­ну­шы Нұр­лан Ерім­бе­тов, «Жас қазақ үні» газеті бас дирек­то­ры Қазы­бек Иса, «Нұр Медиа» хол­дин­гі бас дирек­то­ры Ерлан Бай­жа­нов, «Жас өркен» ЖШС бас дирек­то­ры Жүсі­п­бек Қорға­с­бек, «Түр­кістан» газеті бас редак­то­ры Шәм­ші Пәт­те, Мәде­ни­ет және ақпа­рат вице-мини­стрі Арман Қыры­қ­ба­ев, «1 канал Евра­зия» арна­сы төраға­сы­ның орын­ба­са­ры Камиль Раши­дов және т.б. қатысты.

Жал­пы, жур­на­ли­стер­дің Эти­ка­лық кодексі қысқа да нұсқа, нақты тұжы­рым­дар қам­ты­лған құжат болып шыққан. Деген­мен, «Жас қазақ үні» газеті бас дирек­то­ры, ақын Қазы­бек Иса­ның жур­на­ли­стер­дің Эти­ка­лық кодексінің «Кәсі­би парыз» ата­ла­тын 1‑бабының 1‑тармағына, яғни жур­на­лист қыз­метіне «Ұлт­тық ақпа­рат­тық қауіп­сіздік­тік­ті сақтау» деген талап­ты енгіз­ген ұсы­ны­сы қат­ты тар­ты­сқа түсті.

«Мем­ле­кет­тік мүд­де мен ұлт­тық мүд­де бір ұғым, дамы­ған елдер­дің бәрін­де солай екенін жақ­сы білесіз­дер. Біз­де ұлт­тық һәм мем­ле­кет­тік мүд­де­лер тар­ты­сын­да мем­ле­кеті­міздің ақша­сы­на шығып, елі­міздің нанын жеп оты­рған бас­пасөз құрал­да­ры талай рет көр­ші елдер­дің сой­ы­лын соғып кет­кеніне куә бол­дық. Мен­ші­гіне қара­май, мем­ле­кеті­міз­де шыға­тын бар­лық бас­пасөз құрал­да­ры мем­ле­кет­тік мүд­дені қорғау керек. Енде­ше неге жур­на­ли­стің кәсі­би пары­зы­на ұлт­тық ақпа­рат­тық қауіп­сіздік жат­па­уы керек? Мен осы бапқа «Ұлт­тық ақпа­рат­тық қауіп­сіздік­ті сақтау» деген сөй­лем­ді қосу­ды ұсы­на­мын», –деді ол.

Тәу­ел­сіз ел үшін маңы­зды да ең қажет­ті, мем­ле­кет мүд­десін қорғаған бұл тар­маққа басқа-басқа емес, «Нұр Отан» билік пар­ти­я­сы­ның орга­ны – «Нұр Медиа» хол­дин­гі бас дирек­то­ры Ерлан Бай­жа­нов қар­сы шықты. Оның сон­дағы айтқан сыл­та­уы: «Ұлт­тық қауіп­сіздік­пен айна­лы­са­тын арнайы орган бар, оның жур­на­ли­стер Кодексіне қажеті жоқ», – деген­ге сай­ды. Оны заң­гер Марат Баши­мов та қолдады.

Оларға қар­сы Қазы­бек Иса: «Енде­ше бұн­да Кодекс жоба­сын­да кел­тіріл­ген «Кон­фес­си­яа­ра­лық келісім мен ішкі сая­си тұрақты­лы­қты сақта­у­мен» де арнайы айна­лы­са­тын орган­дар бар ғой. Олар Кодек­с­ке кір­ген­де, неге ең басты­сы – Ұлт­тық ақпа­рат­тық қауіп­сіздік­ті сақтау кір­ме­уі тиіс. Ұлт­тық ақпа­рат­тық қауіп­сіздік­ті ойла­май­тын ол қан­дай жур­на­лист, қан­дай бас­шы?» – деп той­та­рыс берді.

Қазы­бек Иса­ның ұсы­ны­сын Арман Қыры­қ­ба­ев, Бигел­ді Ғаб­дул­лин, Нұр­лан Ора­за­лин, Сауыт­бек Әбдірах­ма­нов, Марат Тоқаш­бай, Жүсі­п­бек Қорға­с­бек, Мәди Манат­бек­тер табан­ды түр­де қол­дап шықты. Ақы­рын­да 1‑баптың 1‑тармағы үшін­ші рет жеке дауы­сқа салы­нып, басым дауы­спен біра­уы­здан қабыл­дан­ды. Бір ғана адам – Ерлан Бай­жа­нов қар­сы бол­ды. Ақын Қазы­бек Иса­ның жур­на­ли­стер­дің Эти­ка­лық кодексіне «Ұлт­тық ақпа­рат­тық қауіп­сіздік­ті сақтау» бабын енгіз­гені, қалам ұстаған ағай­ын­дар­дың жазуын­ша, «Қазақ жур­на­ли­стерінің жеңісі» болды.

Тәу­ел­сізді­гі­міздің 21 жыл­ды­ғын­да ел жур­на­ли­стері бір шешім­ге ұйы­са біліп, біра­уы­здан қабыл­даған «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы жур­на­ли­стерінің Эти­ка­лық кодексі» мәж­бүр­лей­тін заң­ды құжат бол­маған­мен, сана­да тұра­тын мән­ді құжат ретін­де жур­на­ли­стер бас­шы­лы­ққа алып, бағ­дар ұстай­тын Эти­ка­лық кодек­с­ке айна­ла­ты­ны анық» – деп жаз­ды сон­да «Жас қазақ үні» газеті «Кодек­с­те­гі «Ұлт­тық қауіп­сіздік­ті сақтау» тала­бы­на Бай­жа­но­втар неге қар­сы шықты?!.» –деген мақа­ла­сын­да (2012 жыл, 30 қазан).

Үкі­мет­те­гі әр қада­мы, әр сөзі жау­ап­ты Мәде­ни­ет және ақпа­рат вице-мини­стрі бол­мақ түгілі, билік­ке қарай­тын газет­тер­дің редак­то­ры болғанға, әшей­ін­де ұлт­тық мәсе­ле­де ақыл айтқыш әріп­те­стері­міз ұлт мүд­десін қорға­уда жұмған ауы­зда­рын ашпай, бас­шы­ла­ры Бай­жа­но­вқа жал­тақтап оты­рған­да, вице-министр Арман Қыры­қ­ба­ев­тың жарқыл­дап сөй­леп, жарқ етіп көрін­гені, ұлт­тық мүд­дені қорғап шығып, алды­мен қол­дап дауыс бер­гені көп нәр­сені аңғартады.

Кей­ін біз Пар­ла­мент­те бір­не­ше рет көтер­ген осы Ұлт­тық ақпа­рат­тық қауіп­сіздік мәсе­лесі – қазір халы­қа­ра­лық гео­са­я­си жағ­дай қиын­дап тұрған кезең­де ең басты мәсе­ле­лер­дің бірі болып тұр.

Ал осы­дан 14 жыл бұрын мем­ле­кет­тің ұлт­тық ақпа­рат­тық қауіп­сізді­гі секіл­ді маңы­зы зор мәсе­ленің тағ­ды­ры тара­зы­ға түсіп тұрған­да қорғап, қол­даған сол кез­де­гі вице-министр Арман Қыры­қ­ба­ев – енді міне, Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стрі болып отыр. Демек, қазір бар­лық жау­ап­кер­шілік­ті арқа­лап, ақпа­рат пен мәде­ни­ет, ұлт­тық идео­ло­гия сала­сын басқа­руға кел­ді. Бұл – үлкен мін­дет. Үлкен мін­дет­ті арқа­лай ала­тын тұлғаға ел де үлкен үміт артады.

Арман Қыры­қ­ба­ев­тың Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стрі қыз­метіне лай­ы­қты тұлға екеніне ел сені­мі – ең басты дәлел. Бұл – бір ада­мға емес, тұтас сала­ның бола­шағы­на арты­лған сенім. Енді­гі мәсе­ле – сол сенім­ді нақты іспен ақтау.

Қазақ тарихын­да кеңес импе­ри­я­сы дәуірінің өзін­де ұлт­тық идео­ло­ги­я­лық ұста­ны­мы­м­ен мәде­ни өрле­у­ге ұйы­тқы болған қаны қазақ қай­рат­кер­лер­ді ата­сақ, ең алды­мен үздік үштік – Темір­бек Жүр­ге­нов, Іли­яс Ома­ров және Өзбекәлі Жәні­бек­тің есім­дері ата­ла­ды. Осы мәде­ни май­дан­ның ерлері салған жол­ды жалға­сты­ру ұлтқа қыз­мет ете ала­тын май­тал­ман марғасқа­лар­дың ғана қолы­нан келеді.

Енде­ше Қазақ елі Тәу­ел­сізді­гінің руха­ни негізі – Ұлт­тық идео­ло­гия мен мәде­ни­еті­міздің дамуы қарқын­ды болу жолын­да Арман бауы­ры­мы­зға Ақ жол тілейміз!

Қазы­бек ИСА, ақын, Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қайраткері

Республиканский еженедельник онлайн