Четверг , 27 августа 2026

ЖАҢА ҚҰРЫЛТАЙ құрқылтайға АЙНАЛМАСЫН ДЕСЕК

  • Соны­мен, жаңа Ата заңы­мы­зға сәй­кес, бар­ша Қаза­қстан халқы елі­мізді жаңа­руға, жаңғы­руға, жаңа дәуір­ге бастай­ды деп үміт­терін үкіле­ген тұңғыш Құры­л­тай сай­ла­уы өтті. Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы оның қоры­тындыс­ын да жедел жария етті. Оған сәй­кес, елі­міздің ең жоға­ры заң шыға­ру­шы өкілет­ті орга­ны­на сай­ла­у­ға түс­кен 7 сая­си пар­ти­я­ның 5‑уі Сай­лау тура­лы заң­да бел­гі­лен­ген 5 пай­ы­здық межені бағындырды.

ОСК төраға­сы Нұр­лан Әбдіро­втің айтуын­ша, сай­ла­у­шы­лар­дың жал­пы саны – 12 623 289 адам. Содан 9 351 539 адам, яғни сай­ла­у­шы­лар тізі­міне енгізіл­ген аза­мат­тар­дың 74,08 пай­ы­зы сай­ла­у­ға қаты­сып, өз таң­да­уын жасаған.

Мәлі­мет­тер­ге сәй­кес, әсіре­се билік­тің өзі күт­кен­дей, «Әділет» пар­ти­я­сы ең көп дауыс жинап­ты. Сай­ла­у­шы­лар­дың басым бөлі­гі неме­се 71,17% пай­ы­зы осы жаңа пар­ти­яға дауыс бер­ген. Сөй­тіп, 6 528 948 адам қол­даған су жаңа сая­си ұйым 110 депу­тат­тық ман­датқа неме­се Құры­л­тай­дағы орын­ның 75,9 пай­ы­зы­на ие болды.

6,26% сай­ла­у­шы қол­даған неме­се 574 621 дауыс жинаған «Ауыл» пар­ти­я­сы 10 ман­дат­пен 2‑орында. 5,56% (509 631 дауыс) алған Respublica пар­ти­я­сы үшін­ші нәти­же көр­сетіп, 9 ман­дат­ты ием­ден­ген. Ал 5,21% (478 083 дауыс) және 5,11% (469 058 дауыс) алып, сәй­кесін­ше 4–5 орын­нан көрін­ген «Ақ жол» мен ЖСДП әрқай­сысы 8 ман­дат­тан алған.

«Қаза­қстан­ның халық пар­ти­я­сы» мен «Бай­тақ» өз кезе­гін­де 3,11% (285 395 дауыс) және 1,07% (97 751 дауыс алып, заң­да бел­гі­лен­ген 5 пай­ы­здық меже­ден өте алмады.

Сай­лау күні жари­я­ланған экзит-пол­дың алдын ала нәти­же­лерін көріп-ақ, мен қара­пай­ым ариф­ме­ти­ка­лық әдіспен осы пай­ы­здар­ды бүкіл депу­тат­тық ман­дат­тың 1 пай­ы­зы – 1,45-ке көбей­тіп, қай пар­ти­я­ның қан­ша орын ала­ты­нын мей­лін­ше дәл есеп­теп қой­ғам. Әрине, жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ның өз күшіне енуіне бай­ла­ны­сты тара­ты­лған бұры­нғы Мәжілісте­гі орын­дарға қараған­да, бар­лық пар­ти­я­лар­дың алған ман­дат­та­ры айтар­лы­қтай, орта­ша 1,5 есе­дей көп. Бірақ оның 98 депу­тат­тың орны­на 145 депу­тат сай­лаға­ны­мы­здан шығып оты­рған сан екенін ұмыт­па­уы­мыз керек. Шын­ды­ғын айт­сақ, бұл бір жарым есе көбей­ген депу­тат­тық орын­ның есебі­нен, құд­ды бұрын бел­гі­леніп қой­ған­дай, тура про­пор­ци­о­нал­ды көбей­ген, ариф­ме­ти­ка­лық тең­деу бұзыл­маған, соның есебі­нен дұп-дұрыс шыққан нәти­же іспетті!

Ал пай­ы­здық есеп­пен алған­да, сол бұры­нғы көр­сет­кі­шпен дер­лік бір­дей. «Әділет­тен» басқа, Құры­л­тай­ға өткен бар­лық пар­ти­я­лар­ды қосқан­да алған ман­да­ты ­– 35 орын неме­се 24,1 пайыз!

Мен бұл сан­дар­ды бекер кел­тіріп оты­рған жоқ­пын, ең дәл ғылым – мате­ма­ти­ка десек, қай сала­да да, тіп­ті сая­сат­тың өзін­де оның орны мен рөлін баға­ла­мауға бол­май­тын­ды­ғын ескер­ту үшін айтып отырмын.

Олай дей­тінім, Қасым-Жомарт Кемелұ­лы бұдан 7 жыл бұрын пре­зи­дент болып сай­ланған­нан кей­ін: «Біз­ге пар­ла­мент­тік оппо­зи­ция керек!» – деген еді. Менің ойым­ша, бұл мақ­сатқа жету үшін, ең бол­маған­да пар­ла­мент­те­гі билік пар­ти­я­сы­нан басқа пар­ти­я­лар­ды қосқан­да, олар­дың ала­тын ортақ ман­дат үлесі үштің бір бөлі­гі­нен сәл артық болып, билік пар­ти­я­сы ұсы­на­тын кей­бір шешім­дер­ді бұғат­тай­тын­дай мөл­шер­де болуы тиіс. Қазір­ше біз оған жете алмай отыр­мыз, оның үстіне бұл пар­ти­я­лар­дың өзі – билік­тің кез кел­ген шеші­мін қол­да­уға дай­ын тұра­тын сая­си ұйымдар.

Мыса­лы, 2014 жыл­дың басын­да пар­ла­мент­те Көші-қон тура­лы заңға өзгер­ту­лер мен толы­қты­ру­лар енгі­зу мәсе­лесі қара­лып, қан­дастарға, ол кез­де орал­ман­дар, ҚР аза­мат­ты­ғын 5 жыл­да беру ұсы­ныл­ды. Оған ешбір пар­тия, ешбір депу­тат қар­сы­лық біл­дір­мей, сол күй­ін­де қабыл­да­нып кет­ті. Тек Ресей билі­гі бір түн­де, бір оқ шығар­май, Қырым­ды өзіне қосып алған кез­де ғана біз­де­гілер: «Ойбай, не істеп қой­дық?!» деген­дей, қай­та тап­сыр­ма беріп, сол жылы қара­ша айын­да заң қай­та өзгер­тіл­ді. Уақыт­ты өзгер­ту мәсе­лесі көтеріл­ген­де де, пар­ти­я­лар үнсіз қал­ды, жеке­ле­ген депу­тат­тар­дың ұсы­ны­ста­ры ескерілмеді.

Мұн­дай мысал­дар жетіп арты­ла­ды. Қазір де ұлт мүд­десіне қай­шы келетін осын­дай жағ­дай­лар бола қалған­да, оған қай пар­тия, қай депу­тат қар­сы пікір айта ала­ды?! Мем­ле­кет бас­шы­сы «біз­ге пар­ла­мент­тік оппо­зи­я­ция» керек деген­де, осын­дай келеңсіз жағ­дай­лар қай­та­лан­ба­сын деген оймен айтқан жоқ па?!

Сон­ды­қтан бұл пікір орын­сыз деп ойла­май­мын және Ата заңы­мы­зға сәй­кес, Кон­сти­ту­ци­я­ның 23-бап, 1‑тармақшасында жазы­лған­дай, сөз еркін­ді­гіне, елі­мізді одан әрі дамы­ту тұрғы­сын­да өз ойым­ды біл­діру­ге хақым бар, тіп­ті ол менің аза­мат­тық мін­детім деп санаймын.

Әрине, 110 ман­дат биле­уші пар­ти­яға заң жоба­ла­рын қабыл­дау кезін­де берік сая­си басым­дық береді. Бұры­нғы Мәжілісте­гі батыл­ды­ғы, шешен­ді­гі, мем­ле­кет­шіл­ді­гі­мен таны­лып қалған бел­сен­ді депу­тат­тар­дың біра­зы, тіп­ті «ама­нат­ты­қтар­дың» өзі әртүр­лі себеп­тер­мен пар­тия тара­пы­нан депу­тат­ты­ққа үміт­кер­лер тізі­міне енгізіл­меді. Енді қалған фрак­ци­я­лар пар­ла­мент­тік азшы­лы­қта қалып, Құры­л­тай­дағы бала­ма пікір мен сая­си пікір­та­ла­стың негіз­гі жүгін тиісті дең­гей­де көте­ре ала ма?! Міне, көкей­де­гі күп­ті сұрақ осы!

Бірқа­тар сарап­шы­лар ман­дат­тар­дың төрт­тен үштен аста­мы бір пар­ти­яға тигенін, сол себеп­ті жаңа пар­ла­мент­тің сая­си кел­беті де, қабыл­да­на­тын шешім­дер­дің бағы­ты да көбіне «Әділет» фрак­ци­я­сы­ның ұста­ны­мы­на тәу­ел­ді бола­ты­нын айтып отыр.

Бұл жер­де де «төрт­тен үштен аста­мы» деген көр­сет­кі­штің үлкен мәні бар. Қаза­қы түсінік­пен қара­сақ, «төр­теу түгел бол­са, төбе­де­гі келеді». Ал Құры­л­тай құра­мын төрт бөлік деп алсақ, сол төр­теу түгел­ден­бей тұр!

Ал кей­бір пар­ти­я­лар­дың өтпей қалуы, сай­ла­удың қалай өткені, қалай өтуі тиіс деген мәсе­ле­лер­ге кел­сек, бұл тұста да сабақ алар, түй­ін түй­ер, келе­шек­те ескерілуі тиіс дүни­е­лер аз емес. Мыса­лы, сая­сат­та­ну­шы Асхат Асыл­бе­ков ҚХП-ның Құры­л­тай сай­ла­у­ын­дағы 3,11 пай­ы­здық нәти­же­сін кез­дей­соқ жеңіліс емес, пар­ти­яға қой­ы­лған «ауыр диа­гноз» деп баға­ла­ды. Оның пай­ы­мын­ша, бұл пар­тия идео­ло­ги­я­сы­нан, бедел­ді тұлға­ла­ры­нан және сай­ла­у­шы сені­мі­нен айы­ры­лға­ны үшін ауыр төлем төлеп отыр. Ол бір кез­дері ҚХП сол­шыл иде­я­ны, әле­умет­тік әділет­тілік пен еңбек ада­мы­ның мүд­десін қорғай­тын негіз­гі сая­си күш болуға тал­пы­нға­нын еске сал­ды. 2023 жылғы сай­лау қар­саңын­да пар­тия ұсы­нған бағ­дар­ла­ма­ны өзі жазға­нын да атап өтті. Алай­да пар­тия Мәжіліс­ке өткен­нен кей­ін жағ­дай күрт өзгер­ген. Сая­сат­та­ну­шы­ның айтуын­ша, сол кез­де­гі төраға Ермұ­ха­мет Ерті­с­ба­ев ҚХП-дағы бедел­ді әрі ұста­ны­мы берік адам­дар­дан ары­лып, айна­ла­сы­на жағым­паз­дар­ды жинаған.

«Пар­тия бір­тін­деп идео­ло­ги­я­сы­нан ғана емес, сол иде­я­ны шын мәнін­де қорғап жүр­ген адам­дар­дан да айы­ры­ла баста­ды. Бас­шы­лы­қтың уәдесіне сену­ден қалған аза­мат­тар көңілі қалып, пар­ти­ядан кет­ті. Олар­дың ара­сын­да қан­дастар мен көп­ба­ла­лы ана­лар ерекше көз­ге түсті», – дей­ді Асылбеков.

Оның баға­ла­у­ын­ша, ҚХП Маңғы­стау, Алма­ты облы­сы, Ұлы­тау секіл­ді қаза­қтіл­ді өңір­лер­де­гі бұры­нғы ықпа­лы­нан айы­ры­лған. Пар­ти­ядан бедел­ді, прин­ципшіл сая­сат­кер­лер­дің кетуі тек ішкі ортаға емес, тұтас қоға­мға көрін­ді. Сай­ла­у­шы ұранға ғана емес, сая­си ұйым­ның ісіне де қарай­ды. Әле­умет­тік әділет­тілік пен еңбек ада­мын қорға­уды айтқан пар­ти­я­ны ірі кәсіп­кер басқар­са, ал сол құн­ды­лы­қтар­ды тұрақты жақтаған тұлға­лар ұйым­нан шыға­рыл­са, сөз бен істің ара­сы алшақтайды.

«Сон­да сай­ла­у­шы неге сенуі керек: сөз­ге ме, іске ме? Сай­лау нәти­же­сіне қараған­да, қоғам­ның едәуір бөлі­гі жау­а­бын беріп қой­ды», – деді саясаттанушы.

Сая­са­та­ну­шы­ның пікірін­ше, 3 пай­ы­здық көр­сет­кіш Ермұ­ха­мет Ерті­с­ба­ев секіл­ді тәжіри­белі сая­сат­кер үшін толық сәт­сіздік. Ол 2022 жылы қара­пай­ым халы­қтың ықы­ла­сын қалай ауда­ру кере­гін жақ­сы түсін­гені­мен, кей­ін пар­ти­я­лық идео­ло­ги­ядан алы­стап кеткен.

«Сенім­ді жоға­ры­дан тағай­ын­дау мүм­кін емес. Оны теле­ви­зи­я­лық сұх­бат­пен де қалып­та­сты­ра алмай­сың. Сенім жыл­дар бойы орны­ға­ды. Оған прин­цип, жүй­елілік және бас­шы­лы­ққа қолай­сыз бол­са да ұста­ны­мы­на адал қала­тын адам­дар керек. Егер сенім артқан адам­дар пар­ти­ядан кет­се неме­се шыға­рыл­са, сай­ла­у­шы пар­ти­я­ның өзіне де күмән­мен қарай­ды. Капи­тал иесі еңбек ада­мын қорғай­мын десе, бұл қисын­сыз көрі­неді. Жұрт соған сене қояды деп ойлау – сай­ла­у­шы­ны мен­сін­беу әрі шек­тен шыққан өзім­шіл­дік», – дей­ді Асхат Асылбеков.

Сарап­шы сай­лау қоры­тындыс­ы­нан Пре­зи­дент әкім­шілі­гі де сабақ алуға тиіс деп санай­ды. Оның пікірін­ше, Қаза­қстанға еңбек ада­мы­ның, әле­умет­тік әлсіз топ­тар­дың және қара­пай­ым халы­қтың мүд­десін шынайы қорғай­тын қуат­ты сол­шыл пар­тия қажет. Қытай­ды қуат­ты Ком­му­ни­стік пар­тия басқа­рып оты­рға­нын еске салған Асыл­бе­ков елде қазір­гі оппор­ту­ни­стер­дің орнын басуға дай­ын иде­я­лы аза­мат­тар бар екенін айтты.

Құры­л­тай сай­ла­у­ын­да 1,07% (97 751 дауыс) алған «Бай­тақ» пар­ти­я­сы әлі жас екенін, сая­си дода­лар­да көз­ге түс­кен көш­бас­шы­сы, тәжіри­бесі жоқ екенін көр­сет­ті. Демек, жасыл­дарға жеті­лу, тәжіри­бе жинау, жақ­та­ста­рын көбей­ту қажет!

Сай­лау – демо­кра­ти­я­лық даму­дың басты теті­гі болған­ды­қтан, әртүр­лі пікір бар. Әле­умет­тік желі­де ол тура­лы өз ойын таны­мал жур­на­лист Дәу­рен Қуат былай жеткізді:

«Адам­зат тарихын­да ең алға­шқы сай­лау біздің дәуірі­міз­ге дей­ін­гі 508 жылы Афи­на­да өткен дей­ді. Содан бері халық дауы­сы көп мәсе­ленің түй­інін шешетін мүм­кін­дік­ке жетіп, қоғам бір­те-бір­те демо­кра­ти­яға бет бұра бастағанға ұқсай­ды… Сай­лау шір­кін талай­дың көзін қызар­тып, қызы­қты­рға­ны­мен, оған барып қаты­сқы­сы кел­мей­тін елдер бар. Солар­дың қата­рын­да біз де бармыз.

Сөз жоқ, сай­ла­у­ға қаты­сып, дауыс беру не бер­меу – Қаза­қстан­да әр аза­мат­тың еркі. Былай­ша айтқан­да, сай­лау күні сай­ран салып, сырт­та жүр­сеңіз де, үйіңіз­де жам­ба­стап жат­саңыз да бола­ды. Бірақ сіз Австра­ли­я­ның аза­ма­ты бол­саңыз және жасы­ңыз 18-ге тол­са, мін­дет­ті түр­де сай­ла­у­ға қаты­сып, дауыс беру­ге тиістісіз. Олай істе­ме­сеңіз, сіз­ге айып­пұл салы­на­ды. Ал егер Перу­де туып өссеңіз, сөй­те тұра сай­ла­уда қара көр­сет­пе­ңіз, онда мем­ле­кет тара­пы­нан жаса­ла­тын бар­лық игілік­тен қағы­ла­сыз. Кәме­лет­тік жасқа тол­саңыз, төлқұ­жа­ты­ңы­зды сай­ла­у­ға қаты­сып, дауыс бер­геніңізді дәлел­де­ген соң барып қал­таңы­зға баса­сыз. Көр­діңіз бе?

Біз­де қалай? Біз­де – еркін­дік. Бәл­кім, мұның екін­ші аты – жау­ап­сыздық, немқұрай­лы­лық, нем­кет­тілік шығар… Біз­де: «Мен сай­ла­уда дауыс бер­сем де, бер­ме­сем де, сай­лау өте­ді», «Мен сай­ла­уда дауыс бер­сем де, бер­ме­сем де, билік қалаған пар­ти­я­сын жеңіс­ке жете­леп жет­кі­зеді», ­– деген түсінік бар.

Жасы­рып не қыла­мын, мен де осын­дай салғырт түсінік­тің «салқы­ны­на ұры­нған­ның» бірі едім. Бірақ осы­ны­мыз дұрыс емес екен. Сай­ла­у­ға қаты­су керек екен. Қаты­суың керек те, аза­мат­тық ұста­ны­мы­ң­ды сол сай­ла­уда біл­діруің керек. Бірақ бюл­ле­тень­ді жыр­тып, шимай­лап, жарам­сыз қыл­маға­ның жөн.

Мәсе­лен, Ита­ли­яда бюл­ле­тень­ді жарам­сыз қылған сай­ла­у­шы сай­лау үстін­де жау­а­пқа тар­ты­лып, 6 жылға бас бостан­ды­ғы­нан айы­ры­ла­ды. Мен мұн­дай қатал заң талап­та­рын Қаза­қстан билі­гі де қол­дан­сын деген ұсы­ны­стан аулақ­пын. Әйт­се де, «сай­ла­удың жау­ап­кер­шілі­гін көп болып сезініп, бел­сен­ділік таныт­сақ» деп жатқан отан­шыл аза­мат­тар­дың сөзін құптаймын.

Мен «Дат­тың» өткен санын­да ғана осы ойды айтып едім. Қоғам­да оны қол­дай­тын аза­мат­тар көп екені қуан­та­ды. Оның үстіне кеше­гі Құры­л­тай сай­ла­у­ын­да аза­мат­тар­дың бел­сен­ділі­гі 74,08 пай­ы­зды құрап­ты. Бұл дегеніңіз – Науры­зда өткен рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­дум­мен салы­сты­рған­да, сай­лау учас­кесіне кел­ген аза­мат­тар саны 224 357 ада­мға артқан. Демек, сая­си бел­сен­ділік бір­те-бір­те артып келе жатыр деген сөз. Бірақ ол да бүкіл сай­ла­у­шы­ның төрт­тен үшіне ғана жуық. Бәрібір «төр­теу түгел­ден­бей жатыр!».

Сон­ды­қтан біз­ге түп­тің-түбін­де бүкіл сай­ла­у­шы ел алдын­дағы, келе­шек ұрпақ, жарқын бола­шақ алдын­дағы жау­ап­кер­шілі­гін жақ­сы сезініп, қоғам­ды жаңар­ту, жаңғыр­ту, дамы­ту – әр аза­мат­тың жеке және бүкіл халы­қтың ортақ мін­деті екенін терең түсініп, сай­ла­у­ға сана­лы түр­де түгел қаты­са­тын­дай тетік­тер керек. Оны жоға­ры­да аталған басқа елдер­дің тәжіри­бесіне сүй­еніп, өз ерекшелік­тері­мізді ескеріп, қоғам мақұл­дай­тын үлгі­де қабыл­да­уға бола­ды. Бұл – қоғам салғырт­ты­ққа салын­бай, әрқа­шан сер­гек әрі жау­ап­ты болуы үшін қажет!

Тұңғыш рет сай­ланған Құры­л­тай­дың бірін­ші сес­си­я­сы 28 тамы­зда өтетін бол­ды. Мем­ле­кет бас­шы­сы тиісті Жар­лы­ққа қол қой­ды. Бай­қа­саңыз, Тәу­ел­сіз елі­міздің тарихын­да алғаш рет өкіл­ді орган­ның сес­си­я­сы қыр­күй­кек айы­ның басын­да емес, тамыз айы­ның соңын­да өткелі отыр. Осы жайт та Пре­зи­дент­тің елді жаңар­туға деген құл­шы­ны­сын көр­се­те­ді. Бұрын ол Құры­л­тай­дың жұмысы­на зор үміт арта­ты­нын айтқан еді. Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның пікірін­ше, жаңа пар­ла­мент­тің құры­луы ел дамуы­на тың сер­пін беру­ге тиіс!

Ләй­ім, солай болғай! Сай­лау науқа­ны өтті, енді айты­лған сөз, беріл­ген уәде үшін жау­ап­кер­шілік дәуірі жет­ті! Ең басты­сы – ел ара­сын­да Құры­л­тай құрқы­л­тай­ға айна­лып кет­ті деген пікір тудыр­маудың қамы қат­ты күйт­те­луі керек…

Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн