Четверг , 27 августа 2026

ӨЗБЕКСТАН жалпытүркілік үлгіге БЕТ БҰРДЫ

1991 жыл­дың 31 тамы­зын­да Өзбек­стан Жоғарғы Кеңесінің кезек­тен тыс сес­си­я­сын­да «Өзбек­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік тәу­ел­сізді­гін жари­я­лау тура­лы» қау­лы қабыл­дан­ды. 1992 жыл­дың 3 шіл­десін­де 1 қыр­күй­ек – Тәу­ел­сіздік күні мере­кесі деп ресми түр­де заң­мен бекітіліп, содан бері тұрақты түр­де мере­ке­леніп келеді. Биыл Өзбек­стан пар­ла­мен­та­рий­лері елдің руха­ни өмірін­де үлкен сер­піліс туды­рған маңы­зды қада­мға бар­ды. Мере­ке қар­саңын­да латын гра­фи­ка­сы­на негіз­дел­ген өзбек әлі­п­биін жал­пы­түр­кілік стан­дарт­тарға жақын­да­ту тура­лы заң ресми түр­де мақұлданды.

Тіл­дік рефор­ма­ның жаңа толқы­ны­на сәй­кес, қазір­гі қол­да­ны­стағы 26 әріп пен 3 әріп тір­кесінің орны­на енді 28 әріп және 1 ғана апо­строф күшіне енбек. Ал көп­тен бері дау туды­рып кел­ген «NG» әріп тір­кесі енді әлі­п­би­ден мүл­дем сызы­лып тастал­ды. Бір қызы­ғы – қоғам өміріне тіке­лей әсер ететін бұл заң жоба­сы алдын ала ашық талқы­ла­у­ға шыға­ры­лған жоқ. Билік халық пікірі­мен ойна­май, сая­си ерік-жігер танытты.

Олий Маж­ли­стің Заң шыға­ру пала­та­сы жал­пы оты­ры­сын­да бұл құжат­ты ерекше қарқы­н­мен қара­ды. Депу­тат­тар бір­де-бір қар­сы дауыс­сыз, заң жоба­сын бір­ден үш оқы­лым­да мақұл­дап, Сенатқа жол­да­ды (көр­ші елде депу­тат­тар жаз­да да жұмысын жалғастырады).

Пер­не­тақта­дан басталған текетірес: Про­бле­ма­лы 4 әріп

Заң жоба­сын мін­бер­ге шығып таны­сты­рған Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның вице-пре­зи­ден­ті Бахром Абду­ха­ли­мов бұл өзгерісті «түбе­гей­лі өзгеріс» емес, қол­да­ны­стағы әлі­п­бидің тал­мау тұсы­на айналған 4 «про­бле­ма­лы» әріп­ті – «o», «g», «ch» және «sh» бел­гілерін жетіл­ді­ру деп түсіндірді.

Гәп мына­да: апо­строф арқы­лы таң­ба­ла­на­тын «o» және «g» әріп­терін ком­пью­тер­де теру үшін бір­не­ше артық әре­кет жасау талап етіледі. Бұл мәтін­ді теруді бір­ша­ма бая­у­ла­тып келіп­ті. Оның үстіне қол­да­ну­шы­лар­дың апо­строф­тың әртүр­лі нұсқа­сын жары­са қол­да­нуы біры­ңғай ұлт­тық стан­дарт­тың қалып­та­суы­на тұсау болған екен.

«Бұл таң­ба­лар халы­қа­ра­лық Unicode стан­дар­тын­да дер­бес әріп ретін­де ешқа­шан тір­кел­ме­ген. Сал­да­ры­нан олар ақпа­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар­да, элек­трон­ды төлем жүй­е­лерін­де, авто­мат­ты аудар­ма мен элек­трон­ды сөздік­тер­де, қысқа­сы, өзбек тілін зама­на­уи цифр­лан­ды­ру про­цесін­де үлкен тех­ни­ка­лық тосқа­уыл­дар туды­рып отыр», – деп түсін­дір­ді ғалым.

Мәсе­ле мұны­мен біт­пей­ді. «Ч» және «Ш» дыбыст­а­ры­на арналған қос таң­ба­лы «ch» мен «sh» тір­кестері де сөз ішін­де қатар кел­ген­де, мәтін­ді оқу мен қабыл­да­уды қиын­да­та­ды. Абду­ха­ли­мов мысал ретін­де shoshilinch, xushchaqchaq, achchiqtosh сөз­дерін алға тарт­ты. Ал «с» мен жұм­сақ «ҳ» (х) әріп­тері қатар келетін тұстар­дағы шата­су­лар тіп­ті сорақы: іс жүзін­де Is’hoq неме­се As’hobiddin сияқты есім­дер орфо­гра­фи­я­лық сау­ат­сызды­қтың кесірі­нен жиі қате жазы­лып, Ishoq, Ashobiddin болып өзгеріп кетіп жатады.

Дәл осы себеп­ті ғалым­дар тобы «бір дыбыс – бір әріп» деген алтын қағи­да­ны негіз­ге алу­ды ұсын­ды. Жаңа рефор­ма бойынша:

  • G‘ әрпі Ğ‑ға,
  • O‘ әрпі Ö‑ге,
  • Sh тір­кесі Ş‑ға,
  • Ch тір­кесі Ç‑ға ауыстырылады.

Дәл осы әріп­тер­ді бүгін­де Түр­кия еркін қол­да­на­ды. Анка­ра бұл әлі­п­би­ге араб жазуы­нан көш­кені мәлім.

Мини­стр­лер каби­неті жанын­дағы Мем­ле­кет­тік тіл­ді дамы­ту депар­та­мен­тінің мең­ге­ру­шісі Нодир­жон Хол­бу­та­ев бұл мәсе­ленің тамы­ры жай ғана пер­не­тақта-кла­ви­ша­ны басу­дан әлдеқай­да терең­де жатқа­ны­на назар аудартты.

«Ең үлкен тауқы­мет – жаһан­дық Unicode таң­ба­лар кестесін­де o‘ және g‘ әріп­терінің төл, жеке коды­ның жоқты­ғын­да. Сан­дық тех­но­ло­ги­я­лар біз құсап әріп­тің әде­мі сыр­тқы пішініне қара­май­ды, олар әріп­тің артын­да тұрған код­ты оқи­ды. Біз, әрине, олар­ды ком­пью­тер­дің пер­не­тақ­та­сы­ның бір батыр­ма­сы­на күш­теп бекі­те ала­мыз. Алай­да ақпа­рат­тық жүй­е­лер оны бір­тұ­тас әріп деп таны­май­ды, бәрібір екі бөлек сим­вол ретін­де қабыл­дай береді!» – деді Холбутаев.

Шене­унік­тің бай­ла­мын­ша, бұл олқы­лық жой­ыл­ма­са, өзбек тілі зама­на­уи ақпа­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар көші­нен қалып қоя береді.

Бюд­жет­ке сал­мақ түс­пей ме?

Осы рет­те депу­тат­тар халы­қты әуре-сар­саңға сал­май, рефор­ма­ны кезең-кезеңі­мен, жұм­сақ енгі­зуді ұсын­ды. Заң толық күшіне енген­ге дей­ін, бұрын рәсім­дел­ген бар­лық оқулы­қтар, кітап­тар, құжат­тар, ұлт­тық валю­та­ның өзі және баға­лы қағаз­дар заң­дық күшін еш жоғалтпайды.

Мем­ле­кет­тік орган­дар­дың маң­дай­ша­ла­ры, ресми сим­во­ли­ка­ла­ры мен нұсқағы­шта­ры да бел­гі­лен­ген мерзім­ге дей­ін ескі нұсқа­да қол­да­ны­ла береді. Төмен­гі пала­та­ның сен­діруін­ше, мұн­дай өтпе­лі кезең мем­ле­кет­тік бюд­жет­тің негіз­сіз шығын­да­луын шек­теп, қар­жы­лық ауырт­па­лы­қты барын­ша азайтады.

Қоғам не дей­ді? Желі­де­гі пікір­та­лас пен мем­дер толқыны

Рефор­ма тура­лы хабар тара­сы­мен, өзбек­стан­дық желі қол­да­ну­шы­ла­ры­ның пікірі қақ жарыл­ды. Көп­шілік латын қар­піне баяғы­да үйреніп кет­кен­дік­тен, билік­тің бұл қада­мын құп­та­ды. Әйт­се де нақты әріп­тер төңіре­гін­де­гі пікір­та­лас әлі тола­стар емес.

  • Жахон­гир: «Осын­ша өзгеріс жасай тұра, „хэ“ дыбысын беретін кирил­ли­ца­ның Х әрпін неге қал­дыр­ды? Шетел­дік­тер DORIXONA-ны «Дорик­со­на» деп оқы­мауы үшін, Х және H әріп­терін бір­жо­ла біріз­ден­діру­ге мила­ры жет­пе­ді ме? Орыс тілін­де бүгін­де Е мен Ё‑нің өзі бір ғана әріп­пен жазылады».
  • Doniyor Baxtiyor Madatov: «X пен H дыбыст­а­ры бір-біріне тым ұқсас, егер олар­ды бір әріп­пен бер­ме­се, айты­луын­да қателік­тер көп болады».
  • Ergash Tursunov: «Ақыр соңын­да күт­кен заң шықты! Апо­строф­тар­дан көз ашпай­тын едік. Тек бір ескер­ту: «Ç» әрпін бір­ден тық­па­лай бер­мей, алды­мен негіз­гі «C» әрпін қол­да­нып, кей­ін қажет бол­са бел­гі қосу керек еді. Дүние жүзін­де “C” негіз­гі әріп қой, оны әлі­п­би­ден лақты­рып тастау – қисынсыздық».

Әлі­п­би­ге «Ц» әрпін кері қай­та­ру­ды сұраған­дар да бар. Желі­де «paxta titish sexi» (мақта түту цехы) деген жазу­дың шетел­дік­тер үшін күл­кілі мағы­на беріп, мем­ге айналға­ны мысал ретін­де алға тартылды.

  • Sherzod Ahmedov: «Ц әрпін кері енгі­зу керек еді. Қазір өзбек тілін­де цех (немістің zëch сөзі­нен алы­нған), цирк (латын­ның circus сөзі­нен алы­нған) сияқты кеңес дәуірі­нен қалған сөз­дер бар, ол енді SEX деп жазы­ла­ды. Кім SEX boşliği (цех басты­ғы) деген­ді қалай оқып жүр сон­да? Не «TS», не «С» әрпі Ц‑ның орнын басуы тиіс еді».
  • J.D.: «Иә, Цой тегін­де­гілер Soy болып жазы­ла береді. Өйт­кені біз­ге «Ц» не үшін керек, өзбек­ке жат дыбыс деп есеп­тей­ді ғой».
  • Еле­на Чел­но­ко­ва: «Ештеңе етпес, Tsoy, tsirk, tsunami, tsokol деп жазуға да бола­ды ғой».
  • Temur Ibragimov: «Бұрын үлкен буын латын­ша­ны, кіші буын кирил­ли­ца­ны түсін­бе­уші еді. Енді екі буын қосы­лып, түрік­ше жазуға қалай төселіп кетер екен?».
  • Albert Sharafutdinov: «Есесіне, енді Түр­ки­яға қыды­рып бару, ағай­ы­н­мен ара­ла­су оңай­ы­рақ болады».
  • Doniyor Madatov: «Бұл таза түрік тілі емес. Бұл – бар­лық түр­кі елдерінің тіл маман­да­ры бір­лесіп әзір­ле­ген, түр­кі әле­міне ортақ, әмбе­бап жал­пы­түр­кілік әлі­п­би! Өзбек алфа­ви­ті соған көшірілуде».
  • Avaz Hojakeldiyev: «Ағы­л­шын­да 26 әріп­ке 44 дыбыстан, оры­ста 33 әріп­ке 42 дыбыстан келеді. Ал өзбек тілін­де қан­ша әріп бол­са, сон­ша дыбыс бола­ды! Шама­сы, біздің ғалым­дар­дың бұл айты­сы әлі талай жылға созылады-ау».

Қоғам қан­ша жер­ден шула­са да, Олий Маж­ли­стің Заң шыға­ру пала­та­сы заң жоба­сын бір­ден үш оқы­лым­да қабыл­дап, құжат­ты жоғарғы пала­таға – Сенатқа бекіту­ге жіберді.

Бұл қадам­ның артын­да үлкен гео­са­я­си және мәде­ни мақ­сат тұр. Еске сала кетей­ік, 34 әріп­тен тұра­тын біры­ңғай жал­пы­түр­кілік әлі­п­би Түр­кі мем­ле­кет­тері ұйы­мы­ның (ТМҰ) оты­ры­сын­да, ұзақ зерт­теу мен келіс­сөз­дер­дің нәти­же­сін­де қабыл­данған бола­тын. Ал алдағы жыл­дар осы ортақ әлі­п­биді іс жүзін­де кеңі­нен наси­хат­тау, бауыр­лас халы­қтарға ортақ кітап­тар мен оқулы­қтар басып шыға­ру­дың жаңа дәуірі болуға тиіс. 

Жанат АРДАҚ

Республиканский еженедельник онлайн