Четверг , 12 ноября 2026

ЖОЛДАУҒА ЖОРАЛҒЫ немесе «ПСД» ДЕГЕН НЕ ЕДІ?

Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың қазан айын­дағы (2026 ж.) халы­ққа Жол­да­уы жап­пай наси­хат­та­лып жатқан­да кез­де бұдан үш-төрт ай бұрын «Фейс­бук­та» жазған бір шағын постым есі­ме түсті. Онда науры­зда қабыл­данған Жаңа Кон­сти­ту­ция күшіне еніп, Құры­л­тай сай­ла­уы жари­я­ла­нып, ел іші тағы да азан-қазан болып жатқан еді. Жаңа Ата заңға орай Прези­дент үлкен бір жиын­да ел алдын­дағы про­грам­ма­лық бағ­дар­лар тура­сын­да кең-мол сөз сөйлеген-ді.

Сол сөз­ден біраз топ­шы түй­іп, енді­гі жер­де кеш қал­май, қаза­қстан­дық қоға­мға «ПСД» деп жазға­ным бар-ды. Бірақ күй­ік иісі қоңыр­сы­ған даб­ы­ра дақ­пырт бол­ма­са, басқа­дай бай­ып­ты тақы­рып­ты құлағы­на қыстыр­май­тын онлайн қоғам менің пай­ы­мым­дағы «ПСД»-ны елең қыл­ма­ды. «Бұл не жұм­бақ?» демеді де. Тек сона-а-ау Сыр бой­ын­дағы жор­нал­шы Саду­ақас аға­тай­ым Аңсат қана «бұл Про­ект­но-смет­ная доку­мен­та­ция деген тір­кес қой» деп, «ПСД»-ны құры­лы­сқа қаты­сты қазы­на­лық орыс тілі­нен тура тарқа­тып, ком­мент жазып­ты. Әрине, дау жоқ, бұл үш әріп­тің құлаққа сің­ген тарқа­ма­сы (рас­шиф­ров­ка) «Про­ект­ная-смет­ная доку­мен­та­ция» екені ып-рас.

Бірақ сон­дағы мен жұм­бақтаған «ПСД» не еді? Енді Пре­зи­дент Тоқа­ев «Жаңа тари­хи кезең­де­гі Қаза­қстан­ның өзек­ті мін­дет­тері» деген дүбір­лі тақы­рып­пен халы­ққа Жол­да­уын жария еткен соң, мен де өз «жұм­бағым­ды» тарқа­тып көрейін.

Ең алды­мен Жол­дау хақын­да. «Бұл ән бұры­нғы әннен өзге­рек» деп, кезін­де Шәкәрім қажы жыр­лаған­дай, бұл Жол­дау бұры­нғы жол­да­у­лар­дан өзге­рек бол­ды. «Өзге­рек» қана емес, тіп­тен басқа – жаңа­ша жоралғы­мен жол­дан­ды. Даб­ы­ра дифи­рам­бы демеңіз, Қаза­қстан­ның тәу­ел­сіздік тарихын­да дәл осын­дай Жол­дау болға­ны қоғам­дық сая­сат­тың бір пұшпағын­да 30 жыл жүр­ген тәжіри­бесі бар менің есім­де жоқ.

Ойла­нып қараңыз: бұған дей­ін­гі Назар­ба­ев­тан басталған қай Жол­дау алты жарым трил­ли­он тең­ге­ге тең­геріліп еді? Айтар ауы­зға оңай дегені­міз бол­ма­са, 6,5 трлн тең­ге 13 мил­ли­ард дол­ларға пара-пар сома! Ұлт­тық қор­дың ($65,5 млрд) бес­тен бір бөлі­гі! Қаза­қстан­ның бүгін­гі қара­жат қары­мы­м­ен салы­сты­рған­да, бұл қомағай қоғам­ды қақал­ды­рар қыру­ар қаржы!

Иә, біз­де бұған дей­ін Ұлт­тық қор – бола­шақ ұрпаққа арналған қар­жы деген түсінік қалып­тасқан еді. Қатып қалған бұл қағи­да­ны Пре­зи­дент жаңа түй­сік­пен түсі­нуді ұсын­ды. Яғни, Ұлт­тық банк­те «өлі жүк» болып жатқан Ұлт­тық қор­дың пай­ы­здық түсі­мін місе тұтып оты­ра бер­мей, ол қор бүгін­нен бастап бола­шақ ұрпаққа жұмыс істе­уі керек: келелі келе­шек­тің құры­лы­сы – зауыт­тар мен фаб­ри­ка­лар, жол­дар мен әле­умет­тік-тұр­мыстық нысан­дар бүгін­нен бастап салы­на баста­уы тиіс деген тоқа­ев­тық тұжы­ры­мға дау айту қиын.

«Бүкіл елді құры­лыс алаңы­на айнал­ды­руы­мыз керек» деген пре­зи­дент­тік мін­дет­тің мәні де осы алты жарым трил­ли­онға тіреліп тұр. «Халы­қтық құры­лыс» деген жаңа тір­кес те осы­ған орай­лас талап­тан туады.

Инфрақұры­лым­дық бағ­дар­ла­ма­ларға үш жыл­дың ішін­де (енді бір ресми дерекке қараған­да, осы жыл­дың соңы­на дей­ін) берілуі тиіс 6,5 трил­ли­он­ның алға­шқы 1,5 трлн тең­гесі бүгін­нің өзін­де елде­гі 262 жобаға бөлініп қой­ға­ны­на қараған­да, бұл ұзақ-сонар созы­ла­тын науқан бол­ма­са керек-ті (скрин­ге қараңыз). Оның алға­шқы нәти­же­сі – арғы­сы үш жыл­дан аспай, бер­гісі бірер жыл­дың ішін­де көрініп қалуы тиіс (Бұл төңірек­те­гі топ­шы­ла­уды сөз соңы­на қал­ды­ра тұралық).

Айт­пақ­шы, «халы­қтық құры­лыс» деген­де, екі жағ­дай еске түседі. Бірін­шісі – өткен ғасыр­дың 20–30-жылдарғы АҚШ-тағы «Ұлы тоқы­рау». Сон­да эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­сқа ұшы­раған АҚШ халқын депрес­си­я­лық дағ­да­ры­стан алып шыққан – Атлант пен Тынық мұхит­та­ры­ның ара­сын, кон­ти­нент­тің баты­сы мен шығы­сын жалғаған жол құры­лы­сы еді! Сон­дағы аме­ри­ка­лық эко­но­ми­ка­ның локо­мо­тив­тік драй­веріне айналған алып құры­лыс «жаңа құр­лы­қты» сол жыл­дарғы «Ұлы депрес­си­ядан» құтқарған-ды.

Әрине, Жасағанға мың алғыс, бүгін­де біз депрес­си­ядан аулақ елміз. Бірақ ЖИ деген құдірет тақым­дай қам­шы­лап келе жатқан тех­но­ло­ги­я­лық бәй­генің көші­нен қалуға бол­май­ды. Оның үстіне әлем­дік сая­сат күн сай­ын қырық құбы­лып тұрған қазір­гі жаһан­дық күрт өзгерістер жағ­дай­ын­да елдің тәу­ел­сізді­гін эко­но­ми­ка­лық қарым-қуат­пен қым­тау қажет­ті­гі есе­леніп артты.

Осы орай­да ел пре­зи­ден­тінің: «Ашы­ғын айт­сақ, бүгін­де тәу­ел­сізді­гі­міз бен еге­мен­ді­гі­мізді қорға­уға қаты­сты бар­лық мәсе­ле әлі толы­қтай шеші­мін тапқан жоқ. Бұл — алды­мы­зда көп­те­ген өзек­ті мін­дет тұр деген сөз» дегені бізді қат­ты ойлан­ды­руы керек-ақ. Яғни, елдің сыр­ты­нан төн­ген тәу­е­кел­дер мен қатер­лер бар. Тәу­ел­сіздік­тің тұрақты­лы­ғы мен мем­ле­кет­тің мәң­гілік мәніне бір­ден-бір жау­ап­ты тұлға бұл қауіп­тің жай-жап­са­рын біліп отыр.

Шама­сы, біз «стра­те­ги­че­ское опе­ре­же­ние» жаса­уы­мыз керек деген сөздің аста­ры пре­зи­дент­ті ғана емес, бізді де қат­ты толған­ды­руы тиіс. Пре­зи­дент түр-түсін жұм­бақ қал­ды­рған кім­нің алдын ора­уы­мыз керек: сол­түстік пен оңтүстік­тің бе, қай­тып келу­ге ықы­ла­сты «ескілер» мен діни идео­ло­ги­я­ны ұран­даған «сақал­ды сая­сат­кер­лер­дің» бе? Біз бұл сұрақтар­дың аста­ры­на да үңі­ле жүр­гені­міз жөн шығар?

Енде­ше Еура­зи­я­лық кон­ти­нент­тің шығы­сы мен баты­сын жалғай­тын «Транс-Кас­пий дәлізін» жедел ара­да салу – шие­леніс­кен жаһан­дық гео­са­я­си жағ­дай­да біз­ге «құдай бере салған» гло­бал-логи­сти­ка­лық шанс емес пе?! Қазан Жол­да­уын­да Қасым-Жомарт Тоқа­ев осы кори­дор­дың Қаза­қстан үшін келелі келе­ше­гін осын­дай халы­қа­ра­лық қажет­тілік­тен туын­дап оты­рға­нын «соқы­рға таяқ ұстатқан­дай» қадап айтқа­ны да сондықтан.

Біз­ге «әйте­уір жанып жатқан өрт екен, бас-сирағым­ды үйтіп ала қояй­ын» деген­нің кері келіп тұр: сол­түсті­гі­міз бен оңтүсті­гі­міз соғы­сқа айна­лып жатқан­да (қаза­қтағы той мен қой­ға айна­лу­дың кері-дағы), Еуро­па мен Шығыс Ази­я­ны жалғай­тын жалғыз жолға біз ғана емес, Шығыс Азия мен Еуро­одақ елдері жаһан­дық мүд­делілік таны­тып оты­рған бүгін­гі өтпе­лі кезеңнің кебін біз неге пай­да­ла­нып қал­масқа? Біз­ге туған мүм­кін­дік – Тынық және Атлант мұхит­та­ры ара­сын Шығыс жар­ты­шар­дағы құр­лы­қтар арқы­лы жалғау!

Еске түсетін екін­ші жағ­дай – біздің елді жай­лаған жемқор­лы­қтың гәбі. Елдің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық бола­шағын айқын­дай­тын «халы­қтық құры­лы­сқа» бөлін­ген орас­ан зор қара­жат тағы да талан-тараж­дың құлқын-құр­ба­ны болып кет­пей ме деген қорқы­ныш! Әрине, 6,5 трил­ли­он­ның әр тиы­ны діт­те­ген жеріне жұм­са­луын бақы­ла­уы тиіс мем­ле­кет­тік орган­дар бар.

Бірақ бұл Жол­да­уын­да Тоқа­ев тағы да тоқ­пақтап айтқан­дай, бүгін­де бір ғана мем­ле­кет­тік бақы­лау аздық ететін сияқты. Пре­зи­дент­тің «біз қоғам­дық бақы­ла­уды күшей­туі­міз керек» дегені Жол­дау жол­да­рын жалғаған жай ғана сөз бол­ма­са керек! Яғни, жасам­паз­ды­ққа мүд­делі аза­мат­тық қоғам мен масс-меди­а­ның қырағы­лы­ғы ауа­дай қажет болып тұр.

«Халы­қтық құры­лыс» жол­дар мен көпір­лер салу­мен ғана шек­тел­мей­тінін, инфрақұры­лым­дық және тұрғын үй-ком­му­нал­дық құры­лыс та орас­ан зор капи­та­ли­за­ци­яға кене­летінін ескер­сек, келе­шек­тің кене­зесін кеп­тір­мей­тін жоба­лар­ды жасам­паз­ды­ққа құштар қоғам жіті бақы­ла­уда ұстаға­ны жөн. Бірақ ол бақы­лау екі­жақты даб­ы­ра мен айқай­ға айнал­май, жүй­елі және мүд­делі жұмысқа қалай ұла­са­ды – бұл енді билік пен қоғам ара­сын­дағы мәмілелі келісім­ге бай­ла­ны­сты мәсе­ле екені дау­сыз. Пре­зи­дент Тоқа­ев­тың жал­пы­ұлт­тық диа­лог­ты дамы­ту қажет­ті­гі жөнін­де­гі тала­бы дәл осы ара­да қажет-ақ…

Ал енді бұл «Халы­қтық құры­лыс» арғы­сы үш жыл­дың ішін­де жүзе­ге асуы тиіс деген ойы­мы­зды тарқа­тып көрелік. Басқа сарап­шы­лар не дерін қай­дам, менің түсіні­гім­де бұл Жол­дау 2029 жылғы пре­зи­дент­тік сай­лау қар­саңын­дағы «алыс артил­ле­ри­я­лық» дай­ын­ды­қтың про­грам­ма­лық баста­ма­сы болған сияқты! Қазан Жол­да­уы­ның мас­шта­бы мен орас­ан зор мін­дет­тері билік басын­да оты­рған­дарға оға­штау естілуі мүм­кін осын­дай жора­малға жетелейді.

Айт­пақ­шы, ол сай­лау уақы­тын­да – 2029 жылы өте ме, жоқ әлде мерзі­мі­нен бұрын, тіп­ті келесі 2027 жылы кезек­тен тыс бола ма – бір жыл­дың ішін­де бұрын-соң­ды бол­маған үш сай­ла­уды бастан кешір­ген Қаза­қстан үшін бұл бүгін­гі алмағай­ып асы­ғыс заман­ның сая­си дик­та­ты­нан туын­дап оты­рған талап сияқты (Пре­зи­дент­тің тілін­де­гі бұл талап­тың ішкі-сыр­тқы маңы­зын скрин-көшір­ме­ден оқу­ды ұсынамын).

Әрі бұл сай­ла­у­ға Қасым-Жомарт мыр­за­ның өзі түсе ме (Жаңа Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша мұн­дай мүм­кін­дік бар), жоқ әлде Пре­зи­дент­тің мұра­гері шыға ма – бұл да күнібұрын «құма­лақ ашуға» кел­мей­тін әбі­гер бола­ды! Қалай болған­да да, ішкі-сыр­тқы дипло­ма­ти­я­лық сая­сат­тың «жілік май­ын шағып ішкен» тұлға­ның біз тігісін жазып біл­мей­тін бір есебі бар.

Пре­зи­дент­тік сай­ла­удың қашан өтері­нен бұрын, біз жол­да­ры­на жора­мал жасаған бұл Жол­да­удың қоғам қапер қылар екі маңы­зы бар деп ойлаймын.

Бірін­шісі – Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың жеті жыл­дық пре­зи­дент­тік каден­ци­я­сы руби­кон­дық орта­дан асқан кез­де «не тын­дыр­дым?», «елге не қал­ды­рам?», «тарих мен тура­лы не дей­тін бола­ды?» деген сұрақтар төңіре­гін­де ел алдын­да берілуі тиіс есеп­тің мезеті тақай­ды. Әлбет­те, жоға­ры мәр­те­белі пре­зи­дент­тік лау­а­зым­ды атқарған адам ғана емес, ең алды­мен халқы­ның алдын­да пер­зент­тік жау­ап­кер­шілі­гі бар аза­мат­ты бұл сұрақтар он ойлан­дыр­май қой­ма­сы хақ.

Ал ширек ғасыр­дан асқан жеке-дара билік­тің ойра­ны­нан кей­ін ойсы­рап қалған елді бұл Пре­зи­дент жеті жыл­дың ішін­де недей үшбаққа жет­кізіп кетуі мүм­кін? Берілер есеп­тің ерені де осы бол­мақ! Тоқа­ев мыр­за­ның Жол­дау ара­сын­да жор­та айтқан, бірақ ішкі ойы мың маза­лаған «алдағы үш жыл­дағы мін­дет­тер» деген меже­сі осы жау­ап­кер­шілік­тен туын­дай­ды. «Біз елі­мізді тех­но­ло­ги­я­лық дамы­ған дең­гей­ге жет­кі­зуі­міз керек» деген сөздің аста­рын­да ала­пат арман жатыр!

Екін­шісі – қазақ қоға­мын ойлан­ды­руы тиіс, қапы қал­май қам қылуға түрт­кі болар­лық жағ­да­ят. Мен жұм­бақтаған «ПСД» деген үш әріп­тік аббре­ви­а­ту­ра­ның аста­ры да осы қамға қаты­сты. «ПСД» – «пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға дай­ын­дық» деген­ді біл­діретін тіркес.

Енді­гі жер­де бұл қоғам Тіле­ухан­ның тоқал­да­рын тіз­бек­те­уден, Баян­ның бағын күн­де­уден, онлайн ырың-жырың қырқы­стан, бол­ма­шы күй­кіл күй­бең үшін бір-бірін түй­реп-түрт­кіле­уден бұрын, уақы­ты­лы-уақыт­сыз өтер пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға дай­ын­да­лар кез кел­ді. Бұл орай­да халық бүгін­гі аль­тер­на­ти­ва­сы аз пре­зи­дент­тің төңіре­гіне топ­та­са ма, жоқ әлде өзінің басқа бәй­гесін сай­лай ма – ол сана­лы қоғам­ның өз таң­да­уы бол­мақ. Мұны мен аза­мат­тық қам­көңіл­мен айтам. Егер ертең сай­ла­удың күні туған­да, қоғам­шыл қауым: «Билік бізді тағы да «врас­плох заста­ла» демеу үшін де қам қылған түрім осы. Себебі – енді­гі пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға, елді жасам­паз бола­шаққа баста­уға біздің билік пен қоғам ғана мүд­делі емес, Қаза­қстан­ның ғалам­дық гео­са­я­си және гео­эко­но­ми­ка­лық мүм­кін­дік­терін сырт­тан мең­ге­ру­ге ынта­зар күш­тер барын қауіп қылып айт­пасқа болмайды.

Ең басты­сы – Жол­да­уда аңдалған «үш жыл­дық» мерзім-мін­дет­ке айқай-шусыз, ың-шың­сыз, салиқа­лы сабыр­мен дай­ын­далған абзал. Пре­зи­дент ел сыр­тын­дағы тәу­е­кел­ге қар­сы қоғам­дық жау­ап­кер­шілік­пен жұмы­лу қажет­ті­гін айтқан­да, осы ойды астар­лаға­ны анық. Ежел­гі қаза­қтың «Халы­қты басқарған төре­лер келер-кетер, бірақ ел мен жер қаза­ққа қала­ды» деген дана­лы­ғы бекер айтыл­маған. Осы ыры­сты ынты­мақ пен бере­ке берер бір­лік­ті бүгін­гі билік пен бұқа­ра бір­дей түсін­гені бәрі­нен де маңызды!

Ермұрат БАПИ, Қаза­қстан Халық кеңесінің мүшесі

Республиканский еженедельник онлайн