Воскресенье , 19 июля 2026

Кейінгі ұрпақ БІЛЕ ЖҮРСІН

Қаза­қстан­дық қоғам­ды сая­си сау­ат­тан­ды­руға үлкен үлесін қосқан «DAT» медиа-жоба­сы­ның шыққа­ны­на 28 жыл тол­ды. Жари­я­ла­нып оты­рған коллаж‑калей­до­скоп газет­тер тарихы­нан біраз ақпа­рат береді деп ойлаймын.

Бұл кол­ла­жға қоса­тын бірер ауыз ақпа­рат бар:

осы 28 жыл ішін­де газет редак­ци­я­сы үш рет қарақ­шы­лық шабуы­лға ұшы­рап, екі рет тұл­дай тонал­ды, бір рет өртел­ді, 19 рет мекен-жай ауыстырды;

газет жур­на­ли­стері Асхат Шәрі­п­жа­нов, Құр­ман­бек Қыбы­ра­ев, Нүри Муф­тах және Арғы­нға­зы Мади­я­нов бел­гісіз жағ­дай­да қаза тапты;

газет жур­на­ли­стері (Бақыт­гүл Мәкім­бай, Кен­же­тай Айт­ба­ки­ев, т.б.) бір­не­ше рет соққы­ға жығы­лып, ауру­ха­наға түсті;

медиа-жоба­ның жетек­шісі Ермұрат Бапи үш рет қыл­мыстық, 16 рет әкім­шілік, 8 рет аза­мат­тық сот­ты бол­ды, авто­көлі­гі жарыл­ды, сот үкі­мі­мен 5 жылға жур­на­ли­стік кәсіп­пен айна­лы­суға тый­ым салынды;

жоба газет­тері 23 рет әртүр­лі сотқа тартылды;

қуда­ла­удың сал­да­ры­нан жоба газет­терінің құры­л­тай­шы­ла­ры 18 рет ауы­сты (реті­мен):

 «DAT» – Әке­жан Қажы­гел­дин, Еркін Әбі­шев, Шәріп Құрақбаев

«DAT — Коле­со» – Сер­гей Дуванов

«DAT — Ақбо­та» – Аман­гел­ді Керімтаев

«DAT — Ертіс» – Жарқын­бек Жанбосынов

«СолDAT» – Ермұрат Бапи, Бақыт­гүл Мәкім­бай, Арғы­нға­зы Мадиянов

«DAT — Aйна плюс» – Жан­кел­ді Естен­ба­ев, Роз­ла­на Таукина

«DAT — Жұма таймс» – Жұмаш Кене­бай, Кен­же­тай Айтбакиев

«DAT Сего­дня – Бүгін» – Ермұрат Бапи, Нұрым­жан Мауытов

«DAT — Тасжарған» – Бақыт­гүл Мәкім­бай, Ермұрат Бапи, Қала­мқас Бисалиева

 «DAT — Обще­ствен­ная пози­ция» – Роз­ла­на Тау­ки­на, Ермұрат Бапи, Бақыт­гүл Мәкім­бай, Ерік Бапи­ев, Димаш Бапи.

Алға­шқы «DAT»-тан бері 9 газет жабыл­ды (соңғы «Обще­ствен­ная пози­ция» газеті 2008 жыл­дан бері тоқта­у­сыз шығып келеді);

қаза­қстан­дық бас­па­ха­на­лар қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­тқан соң, газет­тер Біш­кек (Қырғыз­стан), Руб­цовск, Бар­на­ул, Кур­ган, Ново­тро­ицк, Сара­тов, Аст­ра­хань (Ресей) қала­ла­рын­да басыл­ды. Кеден мен шека­ра арқы­лы астыр­тын тасы­мал­данған кез­дер де болды;

жоба газет­терінің тара­лым тира­жы 47 мың­нан («СолDAT») 85 мыңға («Тасжарған») жет­ті. Сая­си науқан­дар кезін­де «Жұма таймс» және «Обще­ствен­ная пози­ция» газет­тері 500 000 дана тара­лым­мен шыға­ры­лып жүрді;

осы жыл­дар ішін­де газет­те 84 жур­на­лист және қыз­мет­ші жұмыс істе­ді; рес­пуб­ли­каға газет тара­ту бөлі­мі арқы­лы 335 адам жұмыс орны­мен қамтылды.

«DAT» медиа-жоба­сы газет­терін­де 13 адам бас редак­тор болды:

Шәріп Құрақ­бай

Ермұрат Бапи (бес рет)

Арғы­нға­зы Мадиянов

Сер­гей Дуванов

Марат Қабан­бай

Жан­кел­ді Естенбаев

Серік Медет­бе­ков

Бақыт­гүл Мәкім­бай (екі рет)

Жұмаш Кене­бай

Нұрым­жан Мауытов

Кен­же­тай Айт­ба­ки­ев (екі рет)

Роз­ла­на Тау­ки­на (екі рет)

Нұр­та­за Қадырниязов

Құт­мағам­бет Қонысбай

Республиканский еженедельник онлайн