Пятница , 18 сентября 2026

БІРІМІЗ ӨЛІДЕЙ,ТӨРТЕУМІЗ ТІРІДЕЙ КЕТТІК

Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кері, Халы­қа­ра­лық «Алаш» әде­би сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты, аса талант­ты ақын, пуб­ли­цист Бек­жан Әшір­ба­ев қапи­яда өле кете­мін деп ойла­маған шығар, бірақ оның: «Жур­фак­тан кет­кім келіп жүр», – деген ойын талай мәр­те есті­ген­біз. Ақыр-соңы жур­фак­пен ғана емес, жарық дүни­е­мен қошта­сып тынды.

Ал енді жур­фак­тан тірі­дей кетіп бара жатқан төр­теу кім?

1. Кәкен ҚАМЗИН – фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор, про­за­ик, 8 жеке кітап­тың авто­ры. Жур­фак­та 32 жыл дәріс бер­ген арда­гер ұстаз.

2. Темірға­ли КӨПБАЙ – ақын, жур­на­лист, бас­па­гер, ғалым. «Құр­мет» орденінің иегері, Халы­қа­ра­лық «Алаш» әде­би сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты, 15 жеке кітап­тың авто­ры, жур­фак­та 12 жыл дәріс бер­ген ұстаз.

3. Мұрат ШАЙМАРАН – ақын, әде­би­ет­та­ну­шы, пуб­ли­цист. Халы­қа­ра­лық «Алаш» әде­би сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты. 5 жеке кітап­тың авто­ры. Жур­фак­та 20 жыл дәріс бер­ген ұстаз.

4. Ерма­хан ШАЙХЫ – жазу­шы-сати­рик, Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кері, Халы­қа­ра­лық «Алаш» әде­би сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты. 16 жеке кітап­тың авто­ры. Жур­фак­та 20 жыл дәріс бер­ген ұстаз.

Осын­ша ғылым-білім, шығар­ма­шы­лық әле­ует-потен­ци­а­лын арқа­лаған про­фес­си­о­нал­дар, біз­дер неге кетіп бара жатырмыз?

ҚазҰУ-дің Жур­на­ли­сти­ка факуль­теті – елі­міз­де­гі бедел­ді медиа білім беру орта­лы­қта­ры­ның бірі, кәсі­би жур­на­лист кадр­ла­рын даяр­ла­удың негіз­гі орда­сы ретін­де елі­міз­ге таны­лған. Алай­да соңғы жыл­да­ры факуль­тет айна­ла­сын­да түр­лі келеңсіз жағ­дай­лар жиілеп, оның ішкі тұрақты­лы­ғы мен ғылы­ми-шығар­ма­шы­лық беделіне зор нұқ­сан кел­тіріл­ді. Бас­шы­лық тара­пы­нан факуль­тет дека­ны­ның қыз­метін қақ­пақыл етіп ойнау белең алды. Бес жыл ішін­де бес декан ауыстырылды.

Бұл жағ­дай факуль­тет дамуы­ның пер­спек­ти­ва­лық бағыт­та­рын ілгеріле­ту­ге сөз­сіз кесірін тигізді. Бірін­ші­ден, бұл әре­кет факуль­тет­тің қоғам­дық және ака­де­ми­я­лық беделіне нұқ­сан кел­тір­ді. Екін­ші­ден, бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры сала­сын дамы­ту стра­те­ги­я­сы­на, жур­на­ли­сти­ка ғылы­мы­ның дамуы­на және жас маман­дар­ды даяр­лау ісіне зала­лын тигізді. Үшін­ші­ден, басқа­ру жүй­есіне деген сенім­сіздік пай­да болды.

Осы­ған бай­ла­ны­сты біз, факуль­тет ұста­зда­ры басқа­ру шешім­дерінің ашы­қты­ғы мен әділ­ді­гін қам­та­ма­сыз етуді, сон­дай-ақ декан қыз­метіне кәсі­би білік­тілі­гі жоға­ры, демо­кра­тия мен жари­я­лы­лы­қты қош көретін, мем­ле­кет­тік тіл­ді жетік білетін және жұрт­шы­лық алдын­да беделі бар сау­ат­ты тұлға­ның тағай­ын­да­луын талап еттік.

Бұл тала­бы­мы­зды еске­рудің орны­на жоға­ры­дағы­лар біз­ге ере­гес­кен­дей үш жыл бұрын факуль­тет­тен қуы­лып кет­кен лай­ы­қ­сыз адам­ды қай­та­дан декан етіп қой­ды. Ішкі дау сыр­тқа шықты. Айты­сып-тар­ты­сып жүріп, ол адам­ды декан­ды­қтан кетір­дік. Бірақ осы тағай­ын­да­уға бай­ып­ты қар­сы­лық біл­діріп, пікірін ашық айтқан ұста­здар­ды қуда­лау бастал­ды. Кеңес зама­нын­дағы­дай «Қара тізім» жасал­ды. Енді, міне, сол «Қара тізім­ге» ілін­ген­дер­ге сағат бер­мей­міз деп сіресіп отыр. Жал­пақ тіл­мен айтқан­да, тіке­лей өш алуға кірісті. Кек қай­та­ру­ды өздерінің жаз­ба бұй­ры­ғы­мен емес, төмен­гі бас­шы буын­ды мәж­бүр­ле­умен жүзе­ге асы­руға жанталасты.

Осы ара­да кадр жасақтау тура­сын­да бірер ойы­мы­зды айта кетуді жөн көр­дік. Бүгін­гі күні декан­ның күні күн болу­дан, кафед­ра мең­ге­ру­шісінің сөзі сөз болу­дан қал­ды. Олар­дың ұсы­нған үміт­кер­лері көк­те оты­рған­дарға жақ­па­са, басы алтын бол­са да санатқа ілік­пей­ді. Әлем­дік прак­ти­ка­да бұл нон­сенс. Әлем­дік тәжіри­бе демек­ші, сырт елдер­де рек­тор­ды сол оқу орны­ның оқы­ту­шы-про­фес­сор­ла­ры бала­ма­лы жол­мен сай­лап ала­ды. Біз де осы демо­кра­ти­я­лық прин­ципті енгі­зуді дұрыс деп біле­міз. Бір орнын­да тап­жыл­май оты­рып қалған бас­шы­ның көзін шел баса­ды, өзін мін­сіз­бін деп есеп­тей бастайды.

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті Қ.К.Тоқаев негіз­де­ген Жаңа Қаза­қстан иде­я­сын ескір­ген, кер­тарт­па, тізе баты­ру тәсіл­дер­мен жүзе­ге асы­ра­мыз деу – ХХІ ғасыр­дың уто­пи­я­сы. Нова­тор­лық рефор­ма­ның өркені жағым­сыз-нега­тив­ті энер­ге­ти­ка­мен емес, шынайы ұғы­сты­қ­пен, «жұм­сақ күшпен» ғана өседі. Соны ұста­ным­ды тек кре­а­тив­ті тұлға­лар ғана өрге сүй­рей алады.

Біз қара шаңы­рақ – Каз­ГУ-ді қаси­ет­ті үйі­міз деп санай­мыз. Көзі­мізді ашқа­лы киелі орда­дан қол үзбедік. Біз тек өзі­міздің білім-білі­гі­міз­ге, ұлты­мы­здан дары­ған асыл өне­ге­ге ғана арқа сүйедік.

Қаза­қтың осын­дай­да айты­лар дөп фило­со­фи­я­сы бар: «Жаман­дық көр­ген жерің­нен еңбек­те де кет. Жақ­сы­лық көр­ген жеріңе еңбек­те де жет!» деген атам қазақ. Айна­лай­ын­дар-ау, көз­деріңізді ашып қара­саңы­здар­шы! Сіз­дер қан­дай маман­дар­ды ығы­сты­рып отыр­сыздар? Сіз­дер­дің мұн­дай бір­по­ляр­лық көзқа­рас­та­ры­ңыз, ашы­ғын айтай­ық, біз­ге еш ұна­май­ды. Азат пікір, еркін ой жоқ жер­де даму да жоқ. Ұлт­тық уни­вер­си­тет деген дар­дай атағы бар оқу орны­ның арзы­май­тын айлы­ғы­на бай­ла­нып оты­рған біз жоқ. Түсіне біл­сеңіз­дер, мәр­те­бе, бедел – парал­лель ағыс.

Бұдан кей­ін шақыр­саң­дар да бар­май­мыз. Осы­мен сөз біт­ті! Біз жур­фак­тан кеттік!

Кәкен ҚАМЗИН,

Темірға­ли КӨПБАЙ,

Мұрат ШАЙМАРАН,

Ерма­хан ШАЙХЫ

Республиканский еженедельник онлайн