Пятница , 11 сентября 2026

Сатыбалды тартып алған«БАЙСАТ» БАЗАРЫ Шамиевтің иелігіне өтті

Алма­ты қала­сын­да экс-пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың неме­ре інісі Қай­рат Саты­бал­ды­ның бақы­ла­у­ын­да болған «Бай­сат» база­ры ERG бас дирек­то­ры Құдрат Шами­ев­тің бақы­ла­у­ы­на көшті, деп хабар­ла­ды «За нами уже выеха­ли» ютуб-арнасы.

Ақпа­рат­тық тех­но­ло­гия жақ­сы дамы­ған мына заман­да көп­шілік­тің есін­де болар, 2022 жылғы Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­лып, түр­ме­ге тоғы­ты­лған Қай­рат Саты­бал­ды­ның отба­сы­нан тәр­кі­лен­ген Алма­ты қала­сын­дағы «Бай­сат» база­ры бір­не­ше рет саты­лы­мға қой­ы­лып, ешкім «бүлін­ген­нен бүл­дір­гі» алғы­сы кел­меді ме, әйте­уір өтпей тұрған еді. Алай­да 7 тамыз күні «Sauda» пор­та­лын­да өткен аук­ци­он­да аяқ асты­нан алушы табы­лып, нысан 24 772 753 285 (24,77 млрд) тең­ге­ге сатыл­ды. Үш рет ашық саудаға шыға­ры­лып, «бағы жан­баған» «Бай­сат­тың» жаңа иесі небәрі төрт ай бұрын тір­кел­ген ком­па­ния, деп хабар­ла­ды Ulysmedia.kz.

Нақты­рақ айт­сақ, бұл нысан­ды хол­динг­тік ком­па­ни­я­лар­дың қыз­меті, өз мен­ші­гін­де­гі неме­се жыл­жы­май­тын мүлік­ті жалға алу және пай­да­ла­ну­мен айна­лы­са­тын ERG бас дирек­то­ры сатып алған. БАҚ мәлі­мет­теріне сәй­кес, ресми тір­ке­уден өткеніне бар-жоғы төрт ай ғана болған бұл ком­па­ни­я­ның қазір­ше ешқан­дай салық ауда­рым­да­ры, сот­ты­лы­ғы, мем­ле­кет­тiк келiсiм­шар­тта­ры мен лицен­зи­я­ла­ры жоқ. Оның құры­л­тай­шы­сы және жетек­шісі – Құдрат Шами­ев. Ол 1990 жылы Алма­ты облы­сын­да дүни­е­ге келген.

«Алма­ты­да орта білім алып, Банк ісі ака­де­ми­я­сы­ның кол­ле­джін, содан кей­ін Малай­зи­я­ның Asia Pacific University уни­вер­си­тетін бітір­ген. 2025 жылы Қаза­қстан­дағы Alikhan Bokeikhan University-де «Қар­жы» маман­ды­ғы бой­ын­ша екін­ші жоға­ры білім алған. Ол ман­са­бын малай­зи­я­лық Hikmet Travel ком­па­ни­я­сын­да бастаған, ком­па­ния мұсыл­ман­дар­дың қаси­ет­ті жер­лер­ге сапар­ла­рын ұйым­да­сты­рған. 2015 жыл­дан бастап Altau Group-та (май­лы дақыл­дар­дың көтер­ме сауда­сы) жұмыс істе­ді, 2017 жыл­дан 2020 жылға дей­ін алма­ты­лық Mangosteen Development эли­та­лық жыл­жы­май­тын мүлік деве­ло­пе­рін басқар­ды, содан кей­ін «Най­за-Құры­лыс» кон­цер­ні бас дирек­то­ры­ның орын­ба­са­ры бол­ды. 2020 жылғы мамыр­да Шами­ев ірі мем­ле­кет­тік келісім­шар­ттар (2024–2025 жыл­да­ры Т2,8 трлн) ала­тын темір жол құры­лы­сы және жөн­деу жөнін­де­гі ірі қаза­қстан­дық ком­па­ния – Integra Construction KZ ком­па­ни­я­сы­на кел­ді. Осы сәт­тен бастап оның ман­са­бы сол кез­де ком­па­ни­я­ны бақы­ла­у­ға алған Шах­мұрат Мута­лип­пен тығыз бай­ла­ны­сты. 2024 жыл­дың қаңта­рын­да Шәми­ев Integra бақы­лау кеңесін басқар­ды», – деп хабар­лай­ды БАҚ.

2026 жылғы 30 мамыр­да Шами­ев «Қаз­хром», ССКӨБ, «Қаза­қстан алю­ми­нийі», Қаза­қстан элек­тро­лиз зауы­ты және басқа да актив­тер­ді басқа­ра­тын Eurasian Resources Group (ERG) қаза­қстан­дық бөлім­ше­сі – «Еура­зи­я­лық Топ» ЖШС бас дирек­то­ры болды.

«Тағай­ын­дау Мута­лип ERG акци­я­ла­ры­ның 40%-ын сатып алған­нан кей­ін бол­ды. БАҚ-тың мәлі­меті бой­ын­ша, соңғы айлар­да Шами­ев өзінің бақы­ла­у­ын­дағы заң­ды тұлға­лар санын күрт арт­тыр­ды: 2026 жылғы 22 мамыр­да ол АХҚО-да тір­кел­ген Central Trade Management Ltd хол­динг­тік ком­па­ни­я­сы­ның дирек­то­ры және иесі бол­ды. Ком­па­ния кар­точ­ка­сын­дағы Email Integra Construction KZ құқы­қтық мәсе­ле­лер жөнін­де­гі басқа­ру­шы дирек­то­ры Дар­хан Ести­ярға тиесілі. 25 мамыр­да жаңа­дан құры­лған тағы үш ком­па­ни­я­ны – Q‑Metals Group, Qaz Commodities Group және Prime Minerals Holding Ltd басқар­ды. Сон­дай-ақ ита­льян­дық Todini Costruzioni Generali SpA («Алма­ты – Қорғас» тас жолын салған) бақы­лау кеңесінің құра­мы­на кіреді», – делін­ген хабарламада.

Ulysmedia жур­на­ли­стері Шами­ев­ті ERG актив­терін бақы­ла­у­ға алу­мен бір мез­гіл­де ресім­дел­ген хол­динг­тер желісі тез өсіп келе жатқан, мем­ле­кет­ке адал басқа­ру­шы – Мута­лип­тің «көлең­кесі» ретін­де сипаттайды.

«Бай­сат» база­ры бұған дей­ін Қай­рат Саты­бал­ды­ның отба­сы­мен бай­ла­ны­сты құры­лым­дарға тиесілі болға­нын айта кету артық бол­мас. 2024 жылғы қаңтар­да сот актив­ті мем­ле­кет­ке қай­та­ру тура­лы шешім шығарған еді. Өйт­кені база­рды жеке­ше­лен­ді­ру кезін­де заң бұзу­шы­лы­қтар болға­ны және нысан­ның құны төмен­детіліп көр­сетіл­гені анықталды.

Мем­ле­кет база­рды бір жарым жылға жуық уақыт бойы сатуға тыры­сты. Баста­пқы баға­сы бір­не­ше рет төмен­детіліп, 28,6 млрд тең­ге­ден 24,8 млрд тең­ге­ге дей­ін түсті. Тіп­ті нысан­ды Алма­ты­ның ком­му­нал­дық мен­ші­гіне өте­усіз беру мүм­кін­ді­гі де қарас­ты­рыл­ды. Алай­да Шами­ев­ке дей­ін оны сатып алуға ниет біл­дір­ген­дер бол­ма­ды. Сірә, ешкім­нің дау­лы нысан­ды иеле­у­ге құлқы соқ­па­са керек, мүм­кін, алғы­сы кел­ген­дер­дің қар­жы­сы жет­пе­ген шығар. Енді, міне, кезек­ті аук­ци­он­да базар ақы­ры саты­лып, жаңа иесі пай­да болды.

Кей­бір сарап­шы­лар­дың айтуын­ша, соңғы жыл­да­ры алып оли­гарх­тар қата­ры­на қосы­лған Шах­мұрат Мута­лип­тің пай­да болуы кез­дей­соқтық емес. Оған кезін­де әртүр­лі заң­сыз жол­дар­мен халы­қтан тар­тып алы­нған, талан-тараж болған актив­тер­ді мем­ле­кет мен­ші­гіне қай­та­рып, ел игілі­гіне жара­ту үшін мем­ле­кет­тің өзі көмек­тесіп жатыр деген әңгі­ме де естіліп қалады.

Халқы­мы­зда «Атаң бер­ме­ген­ді базар берер» деген нақыл сөз бар. Қалай деген­де де, заң­сызды­қтарға жол бер­ген база­рдың жаңа иесі, жаңа болған­да да, мем­ле­кет мүд­десіне, демек халық мұқта­жы­на қыз­мет ететін иесі табыл­ды деп сеней­ік. Ләй­ім, «Бай­сат­тың» бағы жанып, халы­қтың жоғын тауып бере бергей!

Сар­баз ҚҰТ-МҰХАММЕД , «D»

Республиканский еженедельник онлайн