Четверг , 1 октября 2026

ТОҚАЛҒА НЕ ТИЕСІЛІ?

Біздің оқыр­ман­да­ры­мыз тәу­ел­сіздік жыл­да­рын­да Қаза­қстан­дағы заң­сыз ием­деніл­ген және шетел­дер­ге жылы­ста­ты­лған актив­тер, әсіре­се бұры­нғы пре­зи­дент­ке жақын жан­дар­дың иелі­гін­де­гі мүлік­тер жай­ын­да тұрақты түр­де мате­ри­ал­дар жари­я­ла­уды жиі сұрай­ды. Осын­дай өтіні­шті аз да бол­са қанағат­тан­ды­ру мақ­са­тын­да төмен­де­гі мақа­ла­ны ұсы­нған­ды жөн көрдік.

National Business Kazakhstan жур­на­ли­стері Әсел Иса­ба­е­ва­ның бүгін­де қан­дай актив­тер­ге иелік ететінін және нені басқа­ра­ты­нын зерт­те­ді, деп хабар­лай­ды Ulysmedia.kz.

Жур­на­ли­стер ашық дереккөз­дер мен тараған мәлі­мет­тер­ді сара­лап, әр жыл­да­ры экс-пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың тоқа­лы Әсел Иса­ба­е­ва­мен бай­ла­ны­сты­ры­лған актив­тер­ді аны­қтаған. Олар­дың қата­рын­да Қаза­қстан­дағы бір­не­ше қор мен жеке кәсіп­кер­лік, шетел­де­гі жыл­жы­май­тын мүлік және 2010 жыл­дан бастау ала­тын офшор­лық мәміле­лер бар.

30 млн дол­лар қай­дан шыққан?

Бұл мәмі­ле тура­лы 2021 жылы Pandora Papers мате­ри­ал­да­ры жари­я­ланған­нан кей­ін бел­гілі болды.

OCCRP зерт­те­уіне сәй­кес, Әсел Иса­ба­е­ва Ұлы­бри­та­ни­я­лық Вир­гин арал­да­рын­да тір­кел­ген ком­па­ни­ядағы үлесі үшін 30 млн дол­лар алған. Алай­да мәмі­ле қара­пай­ым үлес сату­дан әлдеқай­да күр­делі болған. Ақша төле­нер алдын­да алты офшор­лық ком­па­ния қаты­сқан акци­я­лар­мен бір­не­ше опе­ра­ция жасалған.

Соны­мен қатар Иса­ба­е­ва үлесін сатқан ком­па­ни­я­ның нақты қан­дай қыз­мет атқарға­ны жөнін­де ашық дерек бол­маған. Ол 30 млн дол­лар­ды 2010 жылы, кәсіп­кер Вла­ди­мир Ни қай­тыс болған­нан кей­ін екі ай өткен соң алған. Төлем­ді Ни қай­тыс болған­нан кей­ін оның қызы басқарған ком­па­ния жүр­гіз­ген. Ал мәміле­ге куә ретін­де кәсіп­кер Вла­ди­мир Ким қатысқан.

Қаза­қстан­дағы активтері

National Business Kazakhstan Иса­ба­е­ва­ның Қаза­қстан­дағы актив­терін де зерт­те­ген. Басы­лым мәлі­метін­ше, ол төрт жеке қор­дың және Ballet School жеке кәсіп­кер­лі­гінің құры­л­тай­шы­сы ретін­де көр­сетіл­ген. Олар­дың қата­рын­да Көр­кем гим­на­сти­ка­ны қол­дау және дамы­ту қоры, Astana Art fund, «Тұмар healt» және жас талант­тар­ды қол­да­уға арналған «Өрлеу» қоры бар. Бұл ұйым­дар­дың кей­бірі қазір жұмыс істе­мей­ді. Салық төлем­дері бой­ын­ша ең бел­сен­дісі Astana Art fund болған. Жеті жыл ішін­де қор шама­мен 100 млн тең­ге салық төлеген.

Ballet School жеке кәсіп­кер­лі­гіне он жыл­дан асқан. Алай­да оның ресми тір­кел­ген қыз­мет бағы­ты балет­ке емес, өзіне тиесілі неме­се жалға алы­нған тұрғын үйді жалға беру мен басқа­руға байланысты.

Иса­ба­е­ва­ның 2012 жылы Назар­ба­ев­тың баста­ма­сы­мен құры­лған Astana Ballet теат­ры­мен де бай­ла­ны­сы бар. Бұған дей­ін ол театр­да бас­шы­лық қыз­мет атқарған. Қазір театр­дың топ-мене­джер­лері қата­рын­да бол­маға­ны­мен, сол жер­де жұмысын жалға­сты­рып келеді.

Шетел­де­гі жыл­жы­май­тын мүлік

Иса­ба­е­ва­ның Ресей мен Бірік­кен Араб Әмір­лік­терін­де де жыл­жы­май­тын мүл­кі бар екені көр­сетіл­ген. Тараған деректер­ге сәй­кес, 2017 жылы Мәс­ке­уде­гі Руб­ле­во тасжо­лы­ның маңы­нан оның аты­на аумағы шама­мен 300 шар­шы метр бола­тын пәтер сатып алы­нған. Пәтер­ге қоса екі авто­тұрақ орны да рәсім­дел­ген. Қазір осы үйде­гі көле­мі шама­лас пәтер­лер жүз­де­ген мил­ли­он рубль­ге саты­лып жатыр.

Тағы бір мүлік Дубай­дан аны­қталған. Иса­ба­е­ва­ның аты­на Паль­ма-Джу­мей­ра­дағы Aquamarine Residence кешені­нен аумағы шама­мен 210 шар­шы метр бола­тын үш бөл­мелі апар­та­мент рәсім­дел­ген. National Business Kazakhstan оның нары­қтық құнын шама­мен 2 млн дол­ларға бағалайды.

Иса­ба­е­ва­ның қор­ла­ры немен айна­лы­са­ты­ны және жур­на­ли­стер оның актив­тері тура­лы тағы қан­дай дерек тапқа­ны жөнін­де толы­ғы­рақ National Business Kazakhstan мате­ри­а­лы­нан оқуға болады.

Республиканский еженедельник онлайн