Воскресенье , 19 июля 2026

Шәкірттері бапкер даңқын асырды

Алма­ты облы­сы­ның дене шыны­қты­ру және спорт басқар­ма­сы, облы­стық «Бұқа­ра­лық спорт клу­бы» меке­месінің ұйым­да­сты­руы­мен Талғар қала­сын­дағы № 2 бала­лар мен жасөс­пірім­дер спорт мек­тебін­де Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның еңбек сіңір­ген жат­ты­қты­ру­шы­сы, грек-рим күресі­нен КСРО спорт шебері, «Пара­сат» орденінің иегері, ере­сек­тер ара­сын­дағы КСРО Кубо­гы­ның жеңім­па­зы Боран­бек Қоңы­ра­то­втың құр­метіне арналған 2011–2013 жыл­да­ры туған кіші жасөс­пірім­дер ара­сын­да облы­стық ашық тур­нир өтті.

Балғын балу­ан­дар боз кілем­де 38 келі­ден +85 келі­ге дей­ін­гі 10 сал­мақ дәре­же­сін­де күш сына­сқан жары­сқа Қаза­қстан­ның бар­лық облы­ста­ры мен рес­пуб­ли­ка­лық маңы­зы бар қала­лар­дан, сон­дай-ақ Қырғыз­стан мен Өзбек­стан­нан – 20 коман­да, 300-ге жуық жас балу­ан қатысты.

Боран­бек Қоңы­ра­тов – грек-рим күресі­нен Қаза­қстан­дағы ең таны­мал жат­ты­қты­ру­шы­лар­дың бірі. Ол ондаған жылын осы салаға арнап, елі­міздің ең мықты балу­ан­да­ры­ның тұтас бір буы­нын тәр­би­е­леп шығар­ды. Оның жетек­шілі­гі­мен Лон­дон Олим­пи­а­да­сы­ның күміс жүл­де­гері Демеу Жады­ра­ев пен 2012 және 2016 жыл­дар­дағы Олим­пи­а­да ойын­да­ры­ның қаты­су­шы­сы Алмат Кебі­с­ба­ев­тай Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­на еңбек сіңір­ген екі спорт шебері дай­ын­дал­ды. Дарын­ды бап­кер сон­дай-ақ ҚР халы­қа­ра­лық дәре­же­де­гі спорт шебері атағын алған 13 балу­ан­ды тәр­би­е­леді. Олар­дың қата­рын­да әлем­ге таны­мал Дар­хан Баях­ме­тов, Ербол Қоңы­ра­тов, Ербол Кама­ли­ев, Олжас Сұл­тан және басқа да спорт­шы­лар бар.

Ең бір қуа­ны­шты­сы – халы­қа­ра­лық дәре­же­де өткен ашық тур­нир Боран­бек Темірға­лиұ­лы шәкірт­терінің баста­ма­сы­мен және солар­дың деме­ушілік қол­да­уы­мен ұйым­да­сты­рыл­ды. Ондағы мақ­сат – даңқты бап­кер­дің елі­міз­де грек-рим күресін дамы­туға қосқан өлше­усіз үлесіне құр­мет көр­се­ту, жас спорт­шы­лар­дың спорт­тық шебер­лі­гі мен жарыс тәжіри­бесін арт­ты­ру, бола­шағы зор балу­ан­дар­ды аны­қтау және қол­дау, әртүр­лі елдер мен өңір­лер­дің коман­да­ла­ры және спорт мек­теп­тері ара­сын­дағы спорт­тық бай­ла­ны­сты нығай­ту, жат­ты­қты­ру­шы­лар мен спорт­шы­лар ара­сын­да тәжіри­бе алмасу.

Екі күн бойы тар­ты­спен өткен жарыс қоры­тындысы бой­ын­ша жал­пы­ко­ман­да­лық есеп­те Қырғыз­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның балу­ан­да­ры бірін­ші орын­ды жеңіп алса, Ақтө­бе облы­сы­ның жасөс­пірім спорт­шы­ла­ры – екін­ші, ал тур­нир қожай­ы­ны сана­ла­тын Алма­ты облы­сы­ның грек-рим күресі­мен айна­ла­са­тын кіші жасөс­пірім­дері – үшін­ші орын­ды иемденді.

Жал­пы даңқты бап­кер Боран­бек Қоңы­ра­то­втың құр­метіне арналған ашық тур­нир жоға­ры дең­гей­де өтті. Жасөс­пірім балу­ан­дар­дың көбі нағыз спорт­шы­ға тән қай­сар мінез, жеңіс­ке деген ұмты­лу­шы­лық, жақ­сы жігер, елі­міз­ге еңбек сіңір­ген спорт қай­рат­керінің лай­ы­қты ізба­сар­ла­ры қалып­та­сып келе жатқа­нын көр­сет­ті. Жарыс қоры­тындысы бой­ын­ша әр сал­мақ дәре­же­сінің жеңім­паз­да­ры чем­пи­он­дық бел­бе­умен және 1, 2 және 3‑орын иегер­лері тиісті дәре­же­де­гі медаль, сон­дай-ақ гра­мо­та­мен марапатталды.

Әрине, грек-рим күресіне, жал­пы спор­тқа қызы­ға­тын отан­даста­ры­мыз Боран­бек Қоңы­ра­то­вты, оның бұл салаға сіңір­ген еңбе­гін жақ­сы білетіні анық. Десе де, қалың оқыр­манға тағы бір рет таны­сты­ра кет­кен артық бол­мас. Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген жат­ты­қты­ру­шы­сы – бар ғұмы­рын күрес­ке арнаған адам. Бүкіл өмірі грек-рим күресі­мен, осы орта­дағы палу­ан­дар­мен өтіп келеді. Тіп­ті өз бала­ла­ры­нан гөрі спорт­тағы бала­ла­рын көбірек ойлай­ды. Үйін көр­мей, апта­лап, айлап шәкірт­тері­мен жүреді. 2024 жылы шәкір­ті Демеу Жады­ра­ев Париж олим­пи­а­да­сы­ның күміс медалін жеңіп алған­да, оның жеке бап­кері Боран­бек Қоңы­ра­то­вты қау­ма­лап, сый-құр­метін көр­сетіп жатқан қауым­да есеп жоқ еді. Бірақ оның осы бір жеңіс үшін бес олим­пи­а­да цик­лы бойы арпа­лы­сып, таба­ны күрек­тей 20 жыл күт­кенін елдің бәрі біле бермейді.

– Менің жеке жат­ты­қты­ру­шым өзін тек күрес шебер­лерін ғана емес, жеке тұлға­лар­ды да қалып­та­сты­ра­тын тәлім­гер ретін­де көр­сет­ті. Тех­ни­ка, так­ти­ка­мен қатар, ол шың­дар­ды бағын­ды­ру жолы – өз әлсіздік­теріңді жеңу­де және өзің­мен күн­делік­ті жұмыс істе­уде жатыр деген­ді сана­мы­зға сіңі­ре оты­рып, пси­хо­ло­ги­я­лық тұрақты­лы­ққа ерекше назар ауда­ра­ды. Бүгін­гі тур­нир – ұрпақтар сабақ­та­сты­ғы­ның, ұста­зға алғыс біл­дірудің және Боран­бек Қоңы­ра­то­втың грек-рим күресіне деген шынайы сүй­іспен­шілі­гінің сим­во­лы, – деді өз сөзін­де Демеу Жадыраев.

Ал грек-рим күресі­нен халы­қа­ра­лық дәре­же­де­гі спорт шебері, Бей­жің олим­пи­а­да­сын­да 5‑орынды иеле­ген Дар­хан Баяхметов:

– Боран­бек Темірға­лиұ­лы бала кезім­нен маған тәр­тіп­ті, жау­ап­кер­шілік­ті және спор­тқа деген құр­мет­ті үйрет­ті. Ол үшін әрдай­ым мінез бен соңы­на дей­ін күре­су­ге деген ішкі дай­ын­дық өте маңы­зды. Ол ешқа­шан спорт­та табысқа жет­кен­дер­ге жеңіл­дік жасаған емес, керісін­ше, басқа­ларға қараған­да қатаңы­рақ талап ете­ді. Бұл мені шыны­қты­рып, спорт­шы ретін­де қалып­та­суға көмек­те­сті. Спорт­та қол жет­кіз­ген жетістік­терім­нің бар­лы­ғы – оның күн­делік­ті еңбе­гінің, сені­мі мен үлгісінің нәти­же­сі, – дей­ді бап­керіне деген үлкен құрметпен.

«Боран­бек – ең басты­сы, өз ұста­ны­мы бар мінезді бап­кер, керек жерін­де өз пози­ци­я­сы үшін қасқай­ып тұрып ала­ды. Үне­мі ізденіс үстін­де жүреді. Ұлт­тық әде­би­ет пен тарих­тан да қара жаяу емес. Асы­лы, шәкірт ұстаған адам­ның көкіре­гін­де сәу­ле болға­ны­на не жет­сін. Боран­бек Абай­дан бастап, Бауы­р­жан Момы­шұлын құмар­тып оқи­ды. Кез кел­ген мәсе­ле­ге ой көзі­мен, тура қараған­ды ұна­та­ды. «Тура биде туған жоқ…» демек­ші, осы мінезі­мен талай­ларға жақ­пай қала­ты­ны бар. Бірақ мінез­сіз бап­кер­дің жапы­рақ­сыз аға­штан несі артық?!» – деп жаз­ды кезін­де таны­мал спорт жур­на­лисі Қыдыр­бек Рысбекұлы.

Бұл – оған беріл­ген нақты мінез­де­ме, адам­гер­шілік қаси­етінің бір пара­сын аны­қтай­тын баға­лы пікір!

Оның шәкірт­тері Азия құр­лы­ғын­да айры­қ­ша үстем­дік таны­тып, бес мәр­те Азия чем­пи­о­ны атан­ды. Дар­хан Баях­ме­тов бір мәр­те, Алмат Кебі­с­ба­ев екі мәр­те, Ербол Қоңы­ра­тов пен Ербол Кама­ли­ев бір-бір мәр­те­ден Ази­я­ның ең биік тұғы­ры­на көтеріл­ді. Бұл жетістік­тер қазақ грек-рим күресінің құр­лы­қтағы беделін нығайт­ты. Оның шәкірт­тері әлем­дік аре­на­да да жоға­ры нәти­же көр­сет­ті. Әлем кубо­гын­да екі рет жеке есеп­те чем­пи­он атанған Дар­хан Баях­ме­тов пен Алмат Кебі­с­ба­ев қазақ балу­ан­да­ры­ның қуа­тын дәлелдеді.

Ал әлем чем­пи­о­нат­та­рын­да Боран­бек Темірға­лиұлы­ның шәкірт­тері жеті мәр­те күміс және қола жүл­дені еншіледі: Алмат Кебі­с­ба­ев бес рет күміс пен қола медаль иелен­се, Демеу Жады­ра­ев бір мәр­те әлем чем­пи­о­на­ты­ның күміс жүл­де­гері атан­ды, ал Олжас Сұл­тан U‑23 жас сана­тын­да әлем бірін­шілі­гінің қола жүл­десін жеңіп алды. Осын­дай сан жыл­дық маң­дай тер­дің, тыным­сыз ізденістің, шәкірт­ке деген адал­ды­қтың нәти­же­сін­де Боран­бек Қоңы­ра­то­вқа «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның еңбек сіңір­ген жат­ты­қты­ру­шы­сы» деген атақ беріліп, «Пара­сат» ордені­мен мара­пат­тал­ды. Бұл – бір адам­ның ғана емес, оның қолы­нан тәлім алған бар­лық спорт­шы­ла­ры­ның ортақ жеңісі екені анық.

Даңқты бап­кер­дің шәкірт­тері келе­шек­те де халы­қа­ра­лық жары­стар­да ел мерей­ін асы­рып, жоға­ры жетістік­тер­ге жететіне, талай бай­рақты бәсе­ке­лер­де Көк Туы­мы­зды желбіре­тетіне күмән жоқ!

Құт­мағам­бет ҚОНЫСБАЙ

Республиканский еженедельник онлайн