Әлеуметтік жәрдемақылар ҚАЛАЙ НАҚЫТАЛАНДЫ?

  • Парламент мәжілісінде «Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімділігі» тақырыбында үкімет сағаты өтіп, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов АӘК берудің жаңа тетіктері туралы баяндама жасады.

Министрдің сөзінше, 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап, кәмелетке толмаған 4 және одан да көп балалары бар отбасыларға жәрдемақы тағайындалғанда, отбасының табысына қарамайды. 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге беріледі.

Сонымен қатар жаңа жылдан бастап, «кепілдендірілген әлеуметтік топтама» беріле бастайды. 1 жастан 6 жасқа дейінгі табысы аз отбасы балаларына азық-түлік және гигиена құралдары, 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға мектептерде ыстық тамақ беріліп, оқу құралдарымен және мектеп киіммен қамтамасыз етіледі, мектепке дейінгі жол шығындары өтеледі. Медициналық, стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балаларға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде көрсетіледі.

Бірақ, бір қолымен халыққа жәрдем жасаған болып, екінші қолымен оны мұқтаждардың желкесінен сығып алудың қамын күйттеген үкімет атаулы әлеуметтік көмекті есептеу барысында шәкіртақыны (стипендия) отбасының кірісі ретінде ескерілмек.

«Бізде тек шәкіртақы бойынша сұрақ болды. Біз оны екі себеп бойынша (АӘК төлеу кезінде орташа жанбасылық кірісті есептеу үшін) енгізуді жоспарлап отырмыз. Біріншісі, біз тұрғындармен кездескен кезде, студенттерді де отбасы мүшесі ретінде ескеру сұралған еді. Оның қайда тіркелгеніне қарамастан. Енді басқа қалада оқып жатқан кез келген студент отбасы мүшесі ретінде есептеледі. Яғни оған да отбасының кірісі бөлінеді, соған байланысты оның шәкіртақысы АӘК төлеу барысында ескеріледі. Екіншісі, Салық кодексінің 160-бабы бойынша шәкіртақы кіріске жатқызылады», – деп мәлімдеді дүйсенбі күні Нұр-Сұлтанда мәжілістегі үкімет сағатында Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарақұсованың шәкіртақы студенттердің жақсы оқуын ынталандыру, ол кіріс емес, сондықтан оны АӘК төлеу кезінде ескермеу керек деген мәлімдемесіне, министр АӘК елімізде 18 жасқа төленетінін және бірінші кезеңде, 2002 жылы тек екі төлем ғана кіріске жатызылмаған – АӘК мен, тұрғын үй көмегі деп жауап берді.«ДАТ-ақпарат»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн