Пятница , 4 июля 2025

ЖЫЛ ИЕСІ – дүниелі доңыз НЕ ДЕЙДІ?

ДОҢЫЗ – 12 жыл­дық дүние уақы­ты айна­лы­мы­ның (жыл қай­ы­ру­дың) соңғы жылы. Шығыс күн­тіз­бесі бой­ын­ша, Доңыз – 2019 жыл­дың бесін­ші ақпан­да кіреді. Кей­бір түр­кі елдері, сон­дай-ақ елі­міздің кей­бір өңір­лерін­де бұл жыл­ды «қара киік жылы» деп те атайды. 

Қазақ «доңыз» деп, кəдім­гі шошқа­ны мең­зей­ді. Оның жыл ата­уы­на кіруінің өзі жыл сана­удың ислам­нан да бұрын енгенінің толық дəлелі бол­са керек-ті. Бұл жыл­ды халық пəле-жала көп бола­ды деп, жақ­сы ата­ма­са да, көбіне ол әлем­дік тарих­та жай­лы, тыны­штық жылы болған. 

Доңыз – өте еңбекқор, табан­ды әрі өжет жану­ар ретін­де сипатта­ла­ды. Жұл­ды­здар­дың айтуы бой­ын­ша, бұл жыл – ілгері басу жылы бола­ды: біре­улер үшін кәсіп ашып, оны дамы­ту­да жемісті бол­мақ, ал енді біре­у­ге жұмысын ауы­сты­руға, жаңа мүм­кін­дік­тер­ге жету­ге мүм­кін­дік береді. Жұл­дызна­ма­шы­лар­дың болжа­уын­ша, Доңыз – қай­сар­лық пен жігер­лілік таны­та­тын­дар­ды қол­дай­ды. Өзгерістер­ден қоры­қ­пай­тын адам­дар­ды қызы­қты оқиға­лар күтеді.

Ежел­ден Тәңір Құдай­ы­на табы­нған қазақ халқы­ның ұғы­мын­да әр жыл­да­ры қан­дай қиын­дық көр­се де, жыл­дың жама­ны жоқ. «Тышқан жылы – тыны­штық; Сиыр жылы – сый­лық; Барыс жылы – бір­лік; Қоян жылы – қам­ба­лы; Ұлу жылы – үлгілі; Жылан жылы – жай­лы; Жылқы жылы – жұт­сыз; Қой жылы – құт­ты; Мешін жылы – мерей­лі; Тауық жылы – табысты; Ит жылы – игілік; Доңыз жылы – дүни­елі» – деп, ежел­ден-ақ ұл-қызы­на жыл ата­у­ла­рын үйретіп, әр жылға осын­дай сипат, баға берген.

Енде­ше, Доңыз жылы­ның жора­ма­лы­на жор­та көз жүгіртейік. 

 ТЫШҚАН

  • Дәу­рен Баба­мұра­тов, Вла­ди­мир Коз­лов, Мей­ір­жан Темір­бек, Тагир Сей­сен­ба­ев, Бақты­лы Түме­но­ва, Сәкен Сыбанбай. 

Тышқан жылы туған­дар Доңы­з­бен тез тіл табы­са­ды. Осы мінезі оның жеке басы­на қажет­ті мәсе­ле­лерін шешіп алуы­на әрқа­шан көмек­те­седі. Өзге­лер­ге жана­шыр­лық таны­тқан­да, өз мүд­десін бірін­ші оры­нға қояды. Доңыз жылын­да «қап­те­сер­лер­ді» көп­те­ген мүм­кін­дік­тер күтіп тұр. Махаб­бат мен биз­не­сте және шығар­ма­шы­лы­қта табысқа жете­ді. Жаңа мүм­кін­дік­тің арқа­сын­да қосым­ша сенім­ділік пен табан­ды­лы­ққа ие болады.

Қуа­ны­шты сәт­тер­мен қатар, қиын­ды­қтар да болу мүм­кін. Қар­жы жағы­нан мұқи­ят болға­ны жөн. Себебі, осы кезең­де Тышқан­дар өте ысы­рап­шыл болуы мүм­кін. Жеке биз­несі­нен табыс күт­кен Тышқан­дар «сауда­да достық жоқ» екенін ескеріп, серік­те­стері­нен сақ болға­ны жөн. Бас­па­на­сын жаңар­тып, жаңа жиһаз­дар сатып алуға, дема­лы­сқа баруға қара­жат жұм­сай­ды. Жалғы­з­ба­сты тышқан­дар үшін биыл тапқан табысын той­ға шаша­тын жыл. 

 СИЫР

  • Зәу­реш Бат­та­ло­ва, Мұх­тар Тай­жан, Қаз­бек Бей­се­ба­ев, Серға­зы Мұх­тар­бек, Асыл­хан Мама­шұ­лы, Еркін Рақы­шев, Дәу­рен Қуат, Әсет Матаев. 

Сиыр жылы туған­дар үшін, Доңыз ең қолай­лы жыл бол­мақ. Жыл иесі Зең­гі баба тұқы­мын жақты­ра бер­ме­се де, нәсібіне жазған мол ыры­зды­қтан қаға алмай­ды. Еті де, сүті де бүкіл әулет­ті асы­рап оты­рған жану­ар туған-туы­ста­ры­ның, доста­ры­ның қуа­ны­шы­на қосы­лып, қай­ғы­сы­на қат­ты күй­зеліп, кім­ге бол­сын көме­гін аямайды. 

Доңыз жылы «сүзе­ген түлік» өз отба­сы­на мүм­кін­ді­гін­ше көп көңіл бөлуі керек. Бала­ла­ры­на қамқор­лық жасап, тәр­би­есі мен білі­міне көңіл бөл­гені жөн. Отба­сын­дағы кей­бір түсініс­пе­ушілік­тер­ге қара­ма­стан, табан­ды­лы­ғы­ның арқа­сын­да, биз­нес пен қарым-қаты­на­ста мол табысқа жету мүм­кін­ді­гі бар.

 Қыз­мет­те жоға­ры ман­са­пқа қол жет­кізіп, қар­жы мәсе­лесін де оңды шешу­ге мүм­кін­дік­тер туа­ды. Сиыр жылғы­лар­ды биыл алы­сқа шыға­тын, қызы­қты сапар­лар күтіп тұр, жаңа қоны­сқа көшуі мүм­кін. Ақша таба­мын деп жүріп, ден­са­улы­қты күтуді ұмы­туға бол­май­ды, әсіре­се, жүй­кені сақтау керек. Бұл – шығар­ма­шы­лық жұмыспен айна­лы­са­тын­дар­дың нағыз өндіріп жұмыс істей­тін жылы.

БАРЫС

  • Досым Сат­па­ев, Шара Тұр­мағам­бе­то­ва, Рус­лан Түсі­п­бе­ков, Аят­жан Ахмет­жанұ­лы, Ерлан Қали­ев, Сұл­тан-Хан Аққұлы. 

Барыс жылы туған­дар еңбекқор­лы­ғы мен адал­ды­ғы және жау­ап­кер­шілі­гі үшін бар­лық сала­да табысқа қол жет­кі­зеді. Махаб­бат­та, биз­не­сте және отба­сы мәсе­лесін­де жолы бола­ды. Жаңа жыл­дың басын­да-ақ, өткен жыл­дан қалған бар­лық мәсе­ле­лер­ді шешіп, жаңа жос­пар­лар­ды жүзе­ге асы­руға дай­ын болады.

Алай­да Бары­стар аса сақ және абай болға­ны дұрыс. Қыз­ба мінезді, ашу­лан­шақ, басқаға билік жүр­гіз­ген­ді ұна­та­тын түз тағы­сы жақын­да­рын рен­жітіп алу­дан сақтан­са, Доңыз жылын шат­ты­қ­пен қар­сы ала­ды. Тек Доңы­здың сан қилы сынағы­нан сүрін­бей өту­лері қажет. Осал­дық таныт­пау, кез­дескен кедер­гілер­ге мой­ы­мау керек! 

Жыл­дың алға­шқы жар­ты­сын­да күт­пе­ген қызы­қты оқиға­лар­дың куәсі бола­ды. Күй­ге­лек­тік таныт­па­са, табысты жыл бол­мақ. Айна­ла­сын­дағы адам­дар­мен тез тіл табысып, ұрым­тал сәт­тер­ді жіберіп алмауға тыры­сқа­ны жөн. Еңбек ететін ұжы­мы­ның орта­сын­да және отба­сын­да бедел-мерейі арта түспек.

 ҚОЯН

  • Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы, Айдос Сарым, Айман Тұр­сы­н­хан, Оңғар Қаб­ден, Ғалым­жан Жақи­я­нов, Мұх­тар Әбі­ля­зов, Меру­ерт Махмұтова. 

Доңыз жылы Қоян­дар үшін – ден­са­улы­ғы бірін­ші орын­да бола­ды. Өзін күтетін уақыт кел­ді, қар­жы басты мәсе­ле болуын доға­ра­ды. Себебі, Доңыз «ұзын құлақтар» үшін, қар­жы сала­сын­да табысқа жету­ге жағ­дай жаса­са да, аман­ды­қтан артық ештеңе жоқ. Сон­дай-ақ, жақын­да­ры­на көбірек назар ауда­руға және тұр­мысын түзе­у­ге Доңыз кеңес береді.

«Қитар көзділер» жақ­сы доста­рын жолы­қты­ра­ды, думан­ды күн­дері көп бола­ды. Алай­да Қоян­дар­ды кедер­гілер де айна­лып өтпей­ді. Бірақ бір жаман­ның бір жақ­сысы бола­ты­нын еске сақтап, еңсені биік ұстаған жөн.

Кез кел­ген мәсе­ле­ге аса сақты­қ­пен қарап, маңы­зды шешім­дер­ді өз беті­мен қабыл­да­уға баты­лы жете бер­мей­тін Қоян­дар Доңыз дай­ын­даған тағ­дыр сый­ы­на қол жет­кі­зу үшін, баты­лы­рақ болған­да­ры дұрыс. Әркім­ге ақта­ры­лып, сыр айта берудің кере­гі жоқ. 

 ҰЛУ

  • Әке­жан Қажы­гел­дин, Жан­бо­лат Мамай, Мақ­пал Жүні­со­ва, Айдар Сей­да­ли­ев, Серік Аббас-Шах, Ерлан Карин, Болат Жетек­бай, Вик­тор Ковту­нов­ский, Рахым Ошақ­ба­ев, Жанар­бек Әшімжан. 

Ұлу – келер жыл­да бар­лық оқиға­лар­дың қақ орта­сын­да болу­дан қоры­қ­па­са, үлкен жетістік­тер­ге жете­ді. Доңыз жылы олар­дың беделі өсіп, өз орта­сы­ның алдын­да жүреді. 

Мате­ри­ал­дық тұрғы­дан алған­да, олар үшін бұл жыл­дың басты ерекшелі­гі — қар­жы­сы молай­ып, қоғам­дағы оры­ны нақты­ла­на­ды. Бар­лық жос­пар­лы істері ілгері баса­ды. Доңыз жылы әдет­те тұй­ық мінезді, барын­ша қара­пай­ым көрі­ну­ге тыры­са­тын, бай­сал­ды, құпи­я­ны сақтай білетін, көбі­не­се үнсіз жүруді ұна­та­тын Ұлу­лар «өсу­ге» ұмты­ла­ды. Бұл жолы Ұлу­лар­ды ешнәр­се тоқта­та алмай­ды. Себебі Ұлу жылы туған­дар­дың қолы­нан үлкен істер­ді атқа­ру келеді, қай мәсе­лені де қабы­рға­сы­мен кеңесіп, өз ақы­лы­мен өзі оңа­ша шеше біледі.

Кей­де осын­дай тұй­ық мінезді Ұлу­лар оты­ры­стар­да орта­ның сәні болып кете­ді. Оған үнсіз оты­рған­нан гөрі, әзіл айтып, адам­дар­дың көңілін көтер­ген жарасады. 

ЖЫЛАН

  • Уәли­хан Қай­са­ров, Айман Сағи­дол­лақы­зы, Төле­утай Рахым­бе­ков, Арман Сқа­бы­лұ­лы, Аман­дық Дәу­лет­бекұ­лы, Сер­гей Дува­нов, Мар­жан Аспандиярова 

Доңыз жер­ба­уыр­лаған Жылан­ды жек көр­се де, сыр­ты­нан бағып, жолы­на кесе көл­де­нең тұр­май­ды. Сон­ды­қтан Жылан­дар­ды көп жұмыс күтіп тұр. Бар мүм­кін­дік­ті жібер­меу үшін, батыл және үне­мі мұқи­ят болға­ны жөн. Әйт­пе­се дүлей Доңыз тап­тап өтеді. 

Отба­сын­да әдеп­тілік пен әдеп­сіздік ара­сын­дағы орта­ны тапқа­ны абзал. Жыланға ықы­лас біл­діру­шілер де көп бола­ды. Еңбек­пен жиған ақша­ны шаша бер­мей, қар­жы тұрғы­сы­нан да мұқи­ят болу керек. Жылан­ның басы­на жабы­са­тын пәле — тілі, «екі елі ауы­зға –бір елі қақ­пақ». Осы жылы туған­дар­дың көп­шілі­гі үйленіп, үйлі-баран­ды болмақ.

Жаңа жос­пар­ла­ры мен жаңа мүм­кін­дік­терін пай­да­ла­на оты­рып, жетістік­ке жете­ді. Жаңа­дан таны­сқан адам­да­ры­мен жылы сөй­ле­су­ге ұмтыл­са, олар шешіл­мей жүр­ген мате­ри­ал­дық жағ­дай­ын жақ­сар­тып алуы­на себеп­ші болуы мүм­кін. Тек тағ­дыр­дың сый­ын күту­ге төз­се – болға­ны, бар­лық арман­да­ры­ның қалай орын­далға­нын өзі де сезбей қалады.

ЖЫЛҚЫ

  • Сей­ітқа­зы Мата­ев, Абзал Құс­пан, Әсел Нұрға­зи­е­ва, Әділ Той­ған­ба­ев, Ғалым Ағе­ле­уов, Дастан Қады­р­жа­нов, Талғат Айт­бай­ұ­лы.

Жылқы­лар үшін бұл жыл сәт­тілік­тер­ге, жақ­сы жаңа­лы­қтарға, соңы сәт­ті аяқта­ла­тын мүм­кін­дік­тер­ге толы бола­ды. Олар осы жақ­сы­лы­қтар­дың бәріне өз еңбе­гі­мен жете­ді. Сәт­тілік­тер­ге табан асты­нан оп-оңай қол жет­кі­зеді, ешқа­шан ерін­бей­тін, жалы­қ­пай­тын, бір тыным тап­пай­тын еңбексүй­гі­шті­гінің арқа­сын­да мол несі­бе­ге кенеледі. 

Доңыз жылы Жылқы­ға жұмыс пен биз­не­сте көп­те­ген қызы­ғар­лық ұсы­ны­стар түседі. Үйлі-баран­ды Жылқы­лар туы­ста­ры­мен жылы-жарқын ара­сып, жан тыны­шты­ғын табады.

Жылқы жылы­ның иелері қан­дай жұмыс бол­ма­сын өз қабілет­терін жарқы­ра­та көр­се­те ала­ды. Аяң желі­стен гөрі, шабысын тез­дет­се, бар­лық қиын­ды­қтар, күр­делі жағ­дай­лар арт­та қалып, тек күш-жігер, ертең­ге деген сенім­нің арқа­сын­да бәрін жеңіп шыға­ды. Сон­ды­қтан Жылқы жылы туған­дар үшін ең басты­сы — ертең­ге сенім­мен қараған абзал.

 ҚОЙ

  • Евге­ний Жовтис, Құрал Меде­уов, Аман­гел­ді Керім­та­ев, Анар Рахым­жа­но­ва, Баян Рама­за­но­ва, Жәні­бек Қожық, Әбдіра­шит Бәкірұлы.

Жаңа жыл Қой­лар үшін табысты бол­мақ. Доңыз жылы олар неғұр­лым көп кедер­гілер­ге тап бол­са, соғұр­лым шыны­ға­ды. Сон­дай-ақ, Қой үш-қуат пен бел­сен­ділік­ке ие болып, биз­не­сте табысқа жете­ді. Доңы­здар момақан Қой­ға жақ­сы көзі­мен қарай­ды. Сон­ды­қтан сәл нәр­се­ге ашу­ла­нып, қисай­ған беті­нен қайт­пай­тын Қой­лар үшін Доңыз ыры­зды­ғы­мен келеді.

Қой жылы туған­дар­ды жарға жыға­тын мінезі – шешім­ді тым асы­ғыс қабыл­дай­тын­ды­ғы. Олар ашу­ланған сәт­тер­де өзіне де, жанын­да жүр­ген­дер­ге де қауіп­ті. Доңы­здар осы мінезін бақы­ла­у­ға, өзін «тәр­тіп­ке салуға» тыры­сып, қой жылы туған­дарға жай­ма­шу­ақ болып, отба­сы­ның бере­кесіне айналады. 

 Бел­сен­ділік, табан­ды­лық, еңбексүй­гі­штік таны­тқан жағ­дай­да үлкен табыст­арға қол жет­кі­зеді. Тек кеже­гесі кей­ін тар­тып, жалқа­улы­ққа салы­нған жағ­дай­да, тағ­дыр­дың сый­ы­нан құра­лақан қалуы мүмкін. 

 МЕШІН

  • Ақбе­рен Елге­зек, Қуа­ныш Еділ­хан, Таза­бек Сәм­бет­бай, Зәм­зә­гүл Тіле­убек, Асыл­бек Абду­лов, Өмір­жан Әбдіхалықұлы.

 Мешін­дер үшін, Доңыз жылы жағым­ды жаңа­лы­қтарға толы бола­ды. Жеке өмір­де­гі жетістік­тер тіп­ті кәсі­би сала­дағы мәсе­ле­лер­ді де жеңе ала­ды. Өткен жылға қараған­да, Мешін­дер Доңыз жылы өз ман­са­бы­на және басқа­ларға көбірек көңіл бөледі. Өзіне-өзі ғашық болып жүретін сәнқой Мешін Доңыз жылын­да әдет­те­гі­дей өзі ұна­та­тын басқо­су­ларға жиі барып, ырду-дыр­дуы көп көңіл­ді орта­лар­дан табы­ла­ды. Жұл­ды­зы оңы­нан туып, тағ­ды­ры көп күт­тір­ген ерекше сый жасай­ды. Доңы­зға разы болған мешін­дер­ге бақыт­тың кіл­ті табы­лып, мамы­ра­жай өмір басталады 

 Мешін жылғы­ларға жұмыс ауы­сты­руға, отба­сын құруға, үй салуға батыл кірісіп, көші-қон мәсе­лесіне бай­ла­ны­сты күр­делі жаңа­лы­қтар­дан қоры­қ­па­уы керек. Өздері үшін сәт­ті болға­лы тұрған Доңыз жылын­да қыз­метін­де жақ­сы табыст­арға, түр­лі мара­пат­та­у­ларға қол жет­кі­зеді. Олар­дың бой­ын­дағы еңбекқор­лы­ғы, ұйым­да­сты­ру­шы­лық қабілеті, істің көзін таба білер алғыр­лы­ғы отба­сы­на табыс әкеледі. 

ТАУЫҚ

  • Серік­жан Мәм­бе­та­лин, Сәния Той­кен, Роза Әлқо­жа, Ауыт Мұқи­бек, Ғаби­ден Жакей, Болат Әбі­лов, Темір­хан Медет­бек, Серік Елікбай. 

Доңыз жылы Тауы­қтар үшін жағым­ды тосын сый­ларға толы бола­ды. Қар­жы мәсе­лесін­де және жеке өмір­де де оңды өзгерістер болуы мүм­кін. Сон­дай-ақ, келесі жылы бола­шақта ман­сап­тық тұрғы­да өсу­ге көмек­те­сетін көп­те­ген жаңа адам­дар­мен танысады. 

Бірақ, табысқа және жаңа жетістік­тер­ге жету жолын­да Тауы­қтар ден­са­улы­ғы­на мән бер­гені жөн. Жара­ты­лы­сы­нан аула­дан алыс кет­пей­тін Тауы­қтар Доңыз жылын­да отба­сы­на деген адал­ды­ғын сақтайды. 

Доңыз дән теріп, күнін көріп жүр­ген­дер­ге мақ­сатқа жету­ге бет­бұрыс жасай­тын оң өзгерістер­ді мең­зей­ді. Алай­да, күн­де бір­са­рын­ды боп қай­та­ла­на беретін күй­кі тір­лік жалы­қты­рып жібер­мес үшін, Тауы­қтар өмір­лік қағи­да­ла­ры­на сәл-пәл өзгеріс енгіз­ген­дері абзал. 

 Доңыз жылын­да ірі бір ком­па­ни­я­ның көп акци­я­сын сатып алу­ла­ры неме­се лото­ре­я­дан ұты­сқа ие болуы мүм­кін. Тағ­дыр ұсы­нған тама­ша мүм­кін­дік­тер­ді жіберіп алмаңыз!

ИТ

  • Сей­дах­мет Құт­ты­қа­дам, Ерлан Сай­ы­ров, Айдар Әлі­ба­ев, Қуат Күн­бо­ла­тов, Марат Уатқан, Арман­жан Байтасов. 

 Ит – өз табиға­ты­на бай­ла­ны­сты бірқа­тар келеңсіз мәсе­ле­лер­ге тап болуы мүм­кін. Ал ондай мәсе­ле­лер­ді туы­ста­ры шешу­ге көмек­те­седі. Соған қара­ма­стан, олар­ды көп­те­ген жағым­ды оқиға­лар күтіп тұр. 

Ақкөңіл, айна­ла­сы­на ниет­тес Ит жылғы­лар Доңыз жылын жақын доста­ры­ның орта­сын­да өткі­зеді. Оның осы мінезін Доңыз да теріс көр­мей­ді, кез­дей­соқ сәт­ті оқиға­лар­ды сый­лай­ды. Жігер­лі, төзім­ді Иттер­дің жең­бей­тін қиын­ды­ғы болмайды.

Отба­сын­да бала-шаға­сы­на қамқор бола білетін адал Иттер Доңыз жылын­да мол қазы­наға кене­леді, иығы­нан көп жүк түседі. Бұл жыл­ды табысты ету үшін, Итке уақыт­пен сана­спай еңбек ету­ге, өз орта­сын­да жақ­сы қарым-қаты­нас орна­туға тура келеді.

Ит жылғы­лар­дың басы боста­ры сезім­ге ерік бер­гені жөн. Өмір­лік сері­гін таң­дар алдын­да жүрек­ті де, миды да қатар тың­дап, асы­қ­пай шешім қабыл­даған дұрыс. Сон­да ғана махаб­бат айды­нын­да жүзіп, бақыт­тан басы айна­луы бек мүмкін.

ДОҢЫЗ

  • Ермұрат Бапи, Герой­хан Қыстау­ба­ев, Жар­ма­хан Тұяқ­бай, Берік Әбдіға­ли­ев, Расул Жұма­лы, Жанат Есен­та­ев, Ринат Раф­хат, Қанат Төребай. 

Доңыз – жыл­дың, мүшел жастың иесі. Өзі­нен бар жақ­сы­лы­қты аямай­ды. Қор­сыл­дап жүріп, бір сарын­ды жұмысты азап санай­тын доңы­здарға бұл жылы ерекше бел­сен­ділік бітіп, көш­бас­шы­лық қаси­ет қона­ды. Жыл­дың төріне шыққан сәт­тен бастап, бар күшін өз мақ­са­ты­на қол жет­кізу­ге арнай­ды. Қия­лы да, арма­ны да орын­да­ла­ды. Әсірес­се, шығар­ма­шыл Доңы­здар үшін қолай­лы жағ­дай­лар көп туа­ды. Жаңа иде­я­ла­ры іске асады.

Келесі жылы қар­жы­лық жағы­нан табысты болға­ны­мен, ақша­ны бекер далаға шашпай, сақ болы тиіс. Себебі, бұл бел­гінің өкіл­дері күт­пе­ген жер­ден қомақты сома жұм­сап, үлкен заттар салып алуы мүм­кін. Сәт­тілік сенім­ді сері­гіне айна­лып, қай істе де мол табысқа кене­леді. Көп­тен күт­кен баға­лы сый­лы­ққа қолы жетеді.

 Доңыз жылы туған­дар әдет­те өмір­ді сүй­етін опти­мист жан­дар. Олар ағай­ын-туыс, доста­ры тара­пы­нан үлкен қол­дау көреді. Бірқа­та­ры­ның қыз­меті өседі, енді бірі сенім­ді ортаға жолы­ға­ды. Мүм­кін­дік­ті пай­да­ла­нып қал­са, ғылым­да, өнер­де, шығар­ма­шы­лы­қта жұл­ды­зы жанға­лы тұр. Кей­де барын ортаға сала­тын жомарт Доңы­здар абай­ла­ма­са, жиған-тер­гені ортай­ып қалуы да ғажап емес. Алай­да, жыл иесіне бәрі де жарасады! 

Республиканский еженедельник онлайн